Жарамсыз мәміленің ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанда экономикалық универсиеті
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні : Азаматтық құқық

Тақырыбы: Мәмілелердің жарамсыздығы

Орындаған:
Ю19-2к тобының студенті Теміртай Н.Е.

Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы, заңтану магистрі Амантай А.А

Қарағанды 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3
I. ЖАРАМСЫЗ МӘМІЛЕЛЕР ТҮСІНІГІ
1.1 Жарамсыз мәміленің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ерікті ақауы бар мәмілелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары ... ... 10
1.4 Мәміле жарамдылық шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.5 Мәміленің жазбаша нысанын сақтамау салдары ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері болып табылады. Мәміле келесі белгілермен сипатталады:
1) адамның (адамдардың) ерік білдіруі (тілегі немесе тілегі);
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет ету;
3) қандай да бір заң құқығын жасауға бағытталған азаматтық құқықтық қатынастардың туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы; 4) мәміленің құқықтық салдарының туындауы жатады.
Мәміленің мәні тараптардың ерік-жігері мен ерік-жігерінде (ниет, тілек) жатыр. Ерік білдіру жазбаша (қарапайым немесе нотариалдық) және үнсіздік арқылы ауызша, нақты әрекет арқылы көрінеді.
Мәмілеге қатысушылардың еркі, әдіс мәміле тақырыбы деп аталады. Егер мәмілеге қатысушылар өз еріктерін ауызша білдірсе, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефон арқылы мәміле ауызша жасалған деп саналады. Сонымен, ауызша жасалған мәміленің орындалғанын растайтын жазбаша құжат (тауарлық чек, заттың сатып алынғанын куәландыратын құжат және т.б.), сондай-ақ жетон, билет сияқты белгілерді растайтын құжат берілуі мүмкін. Бірақ бұл туралы ештеңе жоқ.
Азаматтық кодекстің 157-бабында:"мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда, мәміле мүдделі тұлғалардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талап етуі бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін" делінген.
Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыздығы келесі түрлерге бөлінеді: А) субъект құрамының ақауы бар мәміле; б) ЭРИПКЕ қатысты ақауы бар мәміле; в) нысанның ақауы бар мәміле; в) мазмұнның ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін кез келген мәміленің жарамсыз екендігі туралы жалпы норма бар (АК-нің 158-бабы).

ЖАРАМСЫЗ МӘМІЛЕЛЕР ТҮСІНІГІ
1.1 Жарамсыз мәмілелер ұғымы
Мәміленің нысана, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін
Жарамсыз мәмілердің түрлері.Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді: а) субъект құрамының ақауы болатын мәміле; ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанның ақауы бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар. Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).[1,5-8]
Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетгілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы);
ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 4-тармағы);
б) есуастық немеск ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет қабілетгілі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәміле (АК-тін 26-бабы),егер мәмілені жасау кезінің өзінде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, онын қорғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 5-тармағы);
в) сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тін 159-бабының 6-тармағы);
г) әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасған кезде өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін(АК-тің 154-бабының 7-тармағы).
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша жарамсыз дкп танулуы мүмкін(АК-тің 154-бабының 7-тармағы).
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет қабілеттілігі бар тарап жарамсыз мәміленің Азаматтық кодекстін 157-бабынын 3-6 тармақтарында көздклген салдармен қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін.Мұндай міндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екңнші жақтың әрекет қабілеттілігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті болса ғана жүктеледі.
Азаматтық кодекстің 159-бабында заңды тұғалардың жарамсыз мәмілесін жарамсыз деп тануға мынадай негіздер қарастырылған: а) заңды тұлғаның заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп не онын органының жарғылық қүзыретін бұза отырып жасаған мәміле жасауы; ә) қажетті лицензия алмай не лицензияның қолдану күшінің біткеннен кейін жасанған мәміле; б) теріс пиғылдағы бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзған мәміле.

1.2 Ерікті ақауы бар мәмілелер

Ерікті ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді: 1) мәміле жасауға іштей келіспей жасалған мәміле; 2) ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.
Бірінші топқа бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасаған мәмілелер жатады ( АК-тің 159-бабының 9,10- тармақтары).
Ерік ақауы бар жоғарыда аталған мәміллердің жарамсыз болуының себебі мәмілені жасауда сол тұлғаның еркі болмайды, әрі еік білдірудің мәмілеге қатысушының еркі емес, әлде біреудін ықпалымен болған ерік болып табылады.
Зорлап мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп онын өзіне, не жақындарына күш қолдану (ұрып-соғу, жақын адамдарымен қатыстырмау, бостандығын шектеу және т.б.) немесе жан-дүниесін жаралап мәміле жасауға кендіру болып табылады. Зорлық заңсыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту міндет емес.[2,11-14]
Қорқыту - тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда онын өзінк немесе жақын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдық зиянкелтіретіретіндігін ескертіп, қоқан-лоққы жасау. Қорқыту зорлықтан мынадай бергілер бойынша ерекшеленеді: а) қорқыту - зиян келтірмекшіболғанымен әлі жүзеге аса қоймаған әрекет; ә) қорқыту құқыққа сай келетін уедемен (мысалы , мүлікке тыйым салуды қолданвмын, жасаған қылмысын хабарлаймын деген тәрізді) көрінуі мүмкін, сондай-ақ құқыққа сай емес әрекетпен(мүлікті жою, адамның өмірі мен денсаулығына залал келтіру) жасалады.
Қорқудың салдарынан мәмілені байланысты кемшілікті айтып қоймауын өтініп, келісімге келеді.
Алдау арқылы және жаңылысу немесе кіріптарлықпен жасалатын мәмілелермен келісушілерге тән нәрсе (АК-тін 159-бабының 8,9-тармақтары)
жарамсыз деп тану үшін қорқыту құр сөзбен емес, шын мәнінде болуы керек. Атаған жағдайлардың бәрі сот істі қарағанда есепке алынады.
Бір тараптың екіншісімен зұлымдық ниетте келісімге келуі ерік білдіруде айтканға көне салмаушылықтан туындайды. Зұлымдық ниеттегімәмілеге мынадай мысал келтіруге болады,саяжайды сатушы сатып алушынын өкіліне саяжайдың болашақ иесіне саяжайға бағытынан айырып қалуы дер едік. Алдау дегеніміз мәмілеге қатысушының көрер көзге адастырып, қатысушы жақтың бірі жаққа мәміленін тиімділігін асыра мақтап немесе тиімсіз жағын бүгіп қалып(мәселен,сатылғалы тұрған заттын, кемшілігін жасыру немесе сатылмақ үйдін кешесінде трамвай жолы салынған жатыр деп) мәміле жағдайлары жөнінде жалған айтса, міне, бұл алдау болады.
Алдакудың жаналысудан айырмасына келетін болсақ, алдауда мәміле туралы теріс ұғым саналы түрде болады.
Азаматтық кодекстің 159-бабының 8-тармағына сәйкес елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз дептануы мүмкін. Мәміленің табиғатына, ұқсастығына немесе оның өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін айтарлықтай төмендететін мәнінің сапасына қатысты жанылысудың елеулі мәні болады. Дәлелдегі жаңылысу кейінге қалдыру немесе күшін жою шарты ретінде, мәміленің мазмұнына осындай дәлелді енгізген кездеғана мәміле жарамсыздығының негізі бола алады (АК-тің 150-бабы).Егер жаңылысу мәмілеге қатысушы екінші жақтын, мүдделерін ескере отырып, мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тарту құқылы.
Жарамсыз мәміленің тағы бір түрі кіріптарлық мәміле (ФК-тің 159-бабының 9- тармағы). Кіріптарлық мәміленің үш белгісі болады : а) өзі үшін тиімсіз ауыр мәе- жайлардың орын алуы салдарынан жасалуы; б) мәжбүрлік яғни тұлғаның еркінен тыс жасалуы.Мұндайда сот жәбірленушінің ақауы бар мәмілелер. Азаматтық кодекстің 153- бабына орай мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тарптарды мәіленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәлгерлік айғактармен растау құқығынан айырады.Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немес орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.
Азаматтық кодекстін 153-бабынын, 2- тармағында заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленіңжай көрсетілген. Егер мәміленін жай жазба түрі сақталмаса сыртқы экономикалық мәміле (АК-тің 153-бабның 3-тармағы), айып төлеу келісімі (294-бап), кепілдік немесе кепіл болушылық шарты(331-баптың 2-тармағы),кепіл туралы шарт(307-баптың 2 және 3-тармақтары )жарамсыз болып қалатыны Азаматтық кодексте айтылған.
Азаматтық кодекстің 154-бабына сәйкес мәміле нотариатпен куәландыру тәртібін сақтамац жасалса, онда жарамсыз деп есептеледі.Дейтұрғанмен мұндай мәмілелердің бәрін бірдей заң жарамсыз дей бермейді. Айтарлық нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілені тараптардың бірі іс жүзінде орындаған болса, ол өзінің мазмұны жағынан заңдарға бірі іс жүзінде орындаған болса, ол өзінің мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшінші жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүдделі тараптың арызы бойынша мәмілені жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмілені кейіннен нотариаттың куәландыруы талап етілмейді.
Енді мазмұнында ақауы бар мәмілеге келейіқ мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне не адамгершілікке көрінеу қайшы келетін келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады(АК-тің 158-бабы). Демек заңдарға оның немес басқа да құқықтық құжаттарға сәйкес келмеуі белгіленген талаптарды бұзу деп есептеледі. Бұл орайда азаматтық құқық пен міндет заңға сәйкес жасалған мәміледен ғанатуындап қоймайды, сонымен бірге заңда қаралмаған, бірақ оған қайшы мәміленің екі түрі болады: а) құқықтық тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мәміле (АК-тін 158-бабы), ә) сондай-ақ жалған немесе қулықпен жасалған мәмілелер (АК-тің 160-бабы). Мұндай мәмілерге мемлекеттің белгілі бір қызмет түріне монополиялық құқықты бұзатын, азаматтардың құқық қабілеттілігін шектейтін немесе мүліктің жекелеген түріне меншік құқығын шектейтңн мәмілелер жатады.
Азаматтық кодекстің 160-бабында жалған немесе қулықпен жасалған мәмілелердің қандай болатыны келтірілген. Сондықтан да заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған жалған мәміле жарамсыз болады. Азаматтық кодекстің аталған бабының 2-тармағына сәйкес егер мәміле екінші бір мәмілені бүркемеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ереджелер қолданады. Мысалы, автомашинаны сату-сатып алу мәмілесін әлгі көлікті уақытша ақысыз пайдалану немесе сенімхат беру жолымен рәсімдеу мейлінше кеңінен тараған.
Мәмілелердің жарамсыздығының салдары Азаматтық кодекстің 157- бабында қарастырылған. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғаның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда онын құнын ақшалай өтөуге міндетті. Мұндай жақтардың қайтаруы бастапқы ережеде екі жақты реституция деп аталады.
Егер мәміле қылмыстық мақсатта бағытталып, екі тарпта да қылмысты ниет болған жайдайда олардын мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркілеуге жатады. Мұндай мәмілені бір тарап орындаған ретте, екінші тараптан алғандардың бәрі және одан мәміле бойынша бірінші тарапқа тиесілінің бәрі және одан мәміле бойынша бірнші тарапқа тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардын ешқайсысы да орындауға кіріспеген болса, мәміледе орындалуы көзделгеннін, бәрі тәркіленуі тиіс.
Қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі қылмыстық ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда оның мәміле боцынша алғандарының бәрі екінші тарпқа қайтарылуы тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісң тәркіленуге тиіс.
Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 4 және 5 тармақтарындағы көзделген салдарды, жарамсыз мәміле бойынша алынған, не алынуға тиісті мүлікті тәртілеуге қатысты белігінде ішінара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөліктң осы баптың 3- тармағында көзделген салдар басталады.
Сотқа әрекетті жасаған кінәлі жақтардан залалды өндіріп алу құқығы берілген, нәтижесінде мәміленің жарамсыздығы залал көрген жақтын пайдасы шешіледі.
Азаматтық кодекстің 161-бабында мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы белгіленеді. Сонымен қатар мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы оның басқа бөліктерінін, жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.
Мәмілені жарамсыз деп тану кезіндегі талап қою мерзімі іс жүзінде маңызға ие. Азаматтық кодекстің 162-бабы 159-баптың 9 және 10- тармақтарында көзделген негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар көзделген негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша заңды талап мерзімі зорлыө немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жацларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады. Бұдан басқа жағдайда мәміленің жарамсыздығына жалпы үш жылдық заңды талап мерзімі қолданылады

1.3 Жарамсыз мәмілер және жарамсыздықтың салдары
Мәміленің нысаны мазмұнына және қатысушыларын сондай олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талап-тар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2. Мәміле жарамсыздығының негіздемелері сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тізбесі осы Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгіленеді.
3. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ар затты қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құның ақшалай өтуге міндетті [3,15-18]
4.Егер мәміле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып екі тарапта да жұмысқа ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарынын немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс.Мұндай мәмілені бір тарп орындаған ретте, екінші тараптан алғандарының бәрі және одан мәміле бойынша бірінші тарапқа тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардың ешқайссы да орындауга кіріспеген болса, мәміледе орындалуы көзделгеннің бәрі тәркіленуге тиіс.
5. Қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі қылмыстық ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарпқа қайтарылуға тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісі тәркіленуге тиіс.
6. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптын 4 және 5 тармақтарында көзделген салдарды, жарамсыз мәміле бойынша алынған, не алынуға тиіс мүлікті тәркілеуге қатысты бөлігіңде ішінара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлікте осы баптын, 3-тармағында көзделшен салдар басталады.
7.Осы баптың 3-6 тармақтарында көзделген салдармен қоса сот мәміленің жарамсыз болуын туғызған әрекеттерді жасауға кінәлі тараптан мәмілені жарамсыз деп тануға байланысты екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін.
8. Жарамсыз мәміле заңдық салдарға әкеліп соқтырмайды. Бұған мәмілкнің жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жармсыз мәмілелер кірмейді.
9.Мәмілені жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мәе-жайларлы ескеру арқылы оның одан әрі орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы.
158-бап. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін мәмілені жарамсыздығы
1. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады.
2. Заң талаптарын, заңды тұлғалын жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын мәмілені қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдік себептерден немесе жауапкершілікпен жалтару ниетінен туындаса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
3.Егер мәмілеге қатысушылардың бірі оны міндеттемесін орындаудан немесе үшінші жақ не мемлекет адлдындағы жауапкершіліктен жалтару ниетімен жасаған ретте ал мәміленің басқа қатысушылары бұл ниет туралы білген болса немесе білуге тиіс болса, мүдделі жоқ мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
159-бап.Мәмілелер жарамсыз негіздері
1, Қажетті лицензия алмай не лицензияның қолданылу күшінің мерзім біткен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.
2.Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле жарамсыз болады.
3.Осы Кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады.[4,14-17]
4. Онтерг жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының, асырап алушыларынын немее қамқоршыларың келісімсіз жасағанмәмілесін, заң бойнша оның өзі дербесжасауға құқығы бар мәмілеперді қоспағанды сот ата-анасының асырап алушыларының немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
5. Есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп тпнылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады, Кейіннен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азамат жасасқан мәміле (осы Кодекстің 26-бабы), егер мәмілені жасау кезінің-өзіндік бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін.
6.Сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
7.Әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтің жағдайда болған азамат жасасқн мәмілені со сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғанан кейін басқа мүдделі адасдарадың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
8. Еңеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Мәмңленін табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін айтарлықтай төмендететін мәнінің сапасына қатысты жаңылысудың елеулі мәні болады. Дәлелдердегі жаңылсу кейінге қалдыру немесе күшін жою шарты ретінде, мәміленің мазмұнына осындай дәлелді енгізіп кезде ғана мәміле жарамсыздығының негізі бола алады(осы Кодекстің 150-бабы )
Егер жаңылысу мәмілеге қатысушның өрескел бейқалдығының салдары болса не оны кәсіпкерлік тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмілеге қатысушы екінші жақтың мүдделерің ескере отырып мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптвн бас тартуға құқылы.
9. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілені сондай - ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені(кіріптарлық мәміле) сот жәбірленушінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
10. Бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені сот жәбіренуші тарап шекке залалды жәрдем беру тәртібімен өтеу (осы Кодекстің 9-бабның 4-тармағы) теріс пиғылды өкілге жүктелуі мүмкін
11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтац құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгенк немесе күн ілгері білуге тиіс болғаны дәлелдесе, заңды тұлғаның мүлік иесінің қауынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
12. Осы баптың 3,5-тармақтарында көзделген мәмілелер жас балалардың немесе әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың ата-анасының асырап алушыларының немесе қорғаншыларының талабы бойынша, егер олар аталған адамдардың пайдасына жасалған болса, сот шешімінен жарамды деп танылуы мүмкін.
160-бап. Жалған немесе қулықпен жасалған мәмілелер
Заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған жасалған жалған мәміле жарамсыз болады.
2.Егер мәміле екінші бір мәмілені қулықпен мақсатымен жасалса, тараптар
Шын мәнінде ойлаған мәмлеге қатысты ережелер қолданылады.
161-бап. Мәміленің бір бөлігі жарамсыздығының салдары
Егер мәмілені оның жарамсыз бөлігінің жарамсыздығы оның басқа бөліктерінің жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды.
162 - бап. Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімдері
1.Осы Кодекстің 159-бабының 9 және 10- тармақтарында көзделген негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығына байланысты даула бойынша талап қою мерзімі зорлық немесе қорқыту ықпалы мен мәміле жасажып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюышы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларда білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады.[5,19-23]

Мәміленің жарамдылық шарты
Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалалды.Мәміленің жарамды болуы шарттарын жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатыстысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілердің нысвны сақтау. Мәміле шын мәнінже заңға келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып танылады (АК-тің18-бабы )
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнай қабілеттілігі болғандықтан мәмілеге жасауға қабілетті деп саналады.
Мәміле жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір-бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді.[6,33-37]
Мәміле еріктің мәлімдеуінен туындайтын құқықтық мәнге заңмен бекітілген нысанда болып қабылдануы мүмкін. Мәмілеге қатысушыларының ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп айтады.
Мәміле ауызша және жазбаша нысанда жасалады. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы телефонмен жасалған мәміле, ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындалғанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін ( тауар чегі, затты сатып алғаннан кейін анықтайтын құжат және т.б) сондай-ақ жетонг, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп кетер ештеңе жоқ.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге де белгілі нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылытын мәмілердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай мәміле адамның мінез-құлқына оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзгеде растайтын белгілер арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып танылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле, жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша түрде жасалған шарттыорындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін. Заңға қарсы және тараптардың келісілген реттерден басқа ауызша нысандар жасалуы мүмкін.
Конклугентті әрекет (латынша concludere-жасау ) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміле туралы ақпарат
Мәміленің жарамдық шарттары
Мәміленің жарамсыздығы
Жарамсыз мәмілелердің ұғымы
Мәміле ұғымы
Жазбаша мәмілелер
Мәмілелер
Мәміленің ұғымы
Жарамсыз мәміленің түсінігі
Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
Пәндер