МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Жоспар
КІРІСПЕ
І. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
1. 1 Мағжан Жұмабаев шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны
1. 2 Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы туған жер тақырыбы ... ... ... ... ...
ІІ. АРХЕТИП - ШЫҒАРМАЛАРДА ӨЗІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРА АЛАТЫН МОДЕЛЬ
2. 1 Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы архетиптік бейнелер көрінісі ... ...
2. 2 Батыр Баян поэмасындағы архетипік бейнелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егеменді еліміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларына айналды. Бұл ұлт - азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беруі еді. Бірақ ұлт - азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяси айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған еркіндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді. Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы эстетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады.
Мағжан Жұмабаев - поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: Мағжан - мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін деп жазды [1, 14 б.].
Мағжан шығармашылығы туралы алғашқы жылы лебіздер мен толғаныстар XX ғасырдың бас кезінде Жүсіпбек Аймауытов, Қошке Кемеңгерұлы, Смағұл Садуақасов, Мұхтар Əуезов сияқты ұлт зиялыларының есімдерімен байланысты болды. Ал Кеңес өкіметінің саяси дəуірлеу уақытына Мағжан шығармашылығы туралы кең көлемде зерттеулер жүргізілмеді.
Бірақ, сол жылдардың өзінде Мағжанның ерекше ақындық болмысына қамқор, көңілмен қараған Ілияс Омаров, Хайролла Махмұдов, Сəйфи Құдаш секілді көрнекті тұлғалардың еңбегін атап өтуіміз қажет.
Мағжантанудың шын мəнінде дамып, қанат жайған уақыты - бұл Қазақстанның тəуелсіздік алғанынан кейінгі кезең болды. Бұл кезеңдегі Мағжантанудың бастапқы ерекшелігі - оның шығармашылығы əдебиет танудан басқа да гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысанына айналып ұғымдық, мағыналық аясының кең көлемде анықтала бастауы.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетіндегі орны бөлек айтулы ақын, ерен талант, құдіретті сөз өнерінің майталманы екендігіне назар аудару, Мағжанның поэзияға, ақындыққа қойған талаптарының нағыз иегері болғандығын таныту. Өмір құбылысы мен жекелеген суреттердің, образдардың көркемдік сипатын ашудағы ерекшеліктерін көрсете отырып, суреткерлік шеберлігінің, ақындық мәдениетінің өз кезінде теңдессіз озық болғандығын таныту.
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы архетиптік бейнелер көріністерін көрсету.
Белгіленген жұмыс өз алдына мынадай мақсат қояды:
1.М.Жұмабаевтың шығармалар жинағымен толықтай танысу, қажетті материалдарды сұрыптау.
2.Ақын шығармашылығы жайлы жазылған басқа да қосымша ғылыми еңбектерді, баспасөз материалдарын оқу, қажетті материалдарды жинақтау және жүйелеу.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар әдеби қазынасының терең бір арнасы - ақындық өнері. Бұл өнер заманалардың қатал сын-дауылдарынан мүдірместен өтіп, өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпелілердің биік руханияты мен мәдениетінің сарқылмас бұлағына айналды. Қазақ өлеңдері о баста ауызекі түрде шығып, тарап, өз тыңдаушыларының жүрегіне биік орнығып, әр заманда сұрыпталып, сан түрлі реңі-бояуларымен, міне XXI ғасырға да жетіп отыр. Осы орайда М.Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін арнайы әдебиет теориясы бойынша талдап, өлең құрылысы бойынша жіктеп бөлу.
Зерттеу жұмысы мынадай жолдармен жүргізілді (Зерттеу аппараты):
1.Біз мағжантанушы ғалымдардың еңбегін басты назарға алып, ақынның ерекшелігін қарастырдық, бұл - іздену әректі;
2. Ақын шығармашылығы, оның шығармашылығының негізгі кезеңдерін жіктеп, арнайы қарау-практикалық жұмыс нәтижесі;
3 Мағжан жайлы айтылған пікірлерді жинау- сұрыптау, саралау әдіс-тәсіліне жатады.
Жұмыс нәтижесі: Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиеті, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.
Жұмыс жаңалығы: Бұрын-соңды Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы архетиптік бейнелер кешенді түрде талданып, қаралған емес. Біз барлық мағжантанушы ғалымдардың еңбегін қарастырып, арнайы қорытынды жасадық. М.Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиеті, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні:
Жұмысты қазақ тілі мен әдебиеті, арнайы Мағжантану курсында қолданып, оның поэзиясы мен ақындық ерекшелігін жас оқырмандар мен мектеп оқушыларына кеңінен насихаттауды көздейді.
Ақындық қасиет екі адамның бірінде кездеспейтін ғажайып асыл М.Жұмабаев поэзиясы- қазақ поэзиясындағы ерен құбылыс. Ұлы Абайдың ақындыққа, сөз өнеріне қойған талаптарының биігіне шығып, толық жауап бере білген ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі айтулы ақындарымыздың бірі. Бүгінде оның поэзиясы жан-жақты зерттелуде, алайда оның ақындық ерекшелігі, қазақ поэзиясына қосқан үлесі толық ашыла қойды деуге болмайды.

Қазақ халқы қазіргі азаттығына жету жолында небір нəубеттерді, есепсіз қиянат, мехнат- азаптарды басынан өткерді. Азаттық жолы ауыр болды. Қазақ елі талай ұлыларынан айырылды. Солардың бірі -- поэзия əлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен қолтаңбасы бар, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесімен азаттықты кейінгіге аманат етіп қалдырған кемеңгер ақын, жалынды қоғам қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаев.
Данышпан Абайдан кейінгі дəуірдің дарынды ақындарының бірі -- Мағжан Жұмабаевтың жиырмасыншы ғасырда алар орны алабөтен екені елге аян. Мағжан поэзиясындағы рухшыл əуен қазақ халқының ой-санасында ғана шектеліп қоймай, бүкіл Түркі дүниесіне жол тартқаны көңілімізге əдемі мақтаныш сезімін құяды. Өйткені Түркі поэзиясында рухтық космосты, ғалам отын біріктірген ақын жалғыз Мағжан болғаны ақиқат. Бұны біз, əсіресе, оның Пайғамбар деген тамаша өлеңінен [1; 51,52] айқын аңғарамыз:
Ерте күнде отты Күннен Гун туған,
Отты Гұннен от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен -- Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, Гұннен туған пайғамбар.
Əлем əдебиетінде айшықты орын алғандар: А.Пушкин, Л.Толстой, Н.Рерих, Е.Бловацкая, У.Шекспир, Гете, Гейне, Данте, А.Бизинт, А.Хооф, Ш.Биндо жəне т.б. Бойларына рухтың отын зілдеген бұлардың қатарында Мағжан Жұмабаевтың да орны бар. Қасиетті Түркіге, өзі сүйген Қазақ халқына ақиық ақын рухшыл поэзияны көркем түрде жеткізе білді. Ол өзінің отты, патриоттық жырларымен сол кездегі елін, оның бүгінгі ұрпағын үгіт-насихат өлеңдерімен өткен ғасырда-ақ бүгінгі бостандыққа дайындап кетті.
Ақын өнерін сан қырлы дарын иесі Жүсіпбек Аймауытов былай бағалайды: Қазақ әдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес, орыстың символизмін қазаққа аударды, өлеңді күйге айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер шығарды. Романтизмді күшейтті, тілді ұстартты. Мағжан тек қазақ әдебиеті тарихында емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үлкен де ерен құбылыс. Сыршыл, суретші, сөз ұстасы, түршіл ақынның кез келген шығармаларын оқысаң не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқандай боласың, еріксіз сезім туғызады.
Ақын-жазушы, педагог-ағартушы, философ, аудармашы, фольклорист, журналист, аса ірі қоғам қайраткері - Мағжан Жұмабаевтың артында қалдырған мұралары қазақ әдебиетінің үлкен бір тарихы. Мағжан шығармашылығының биік деңгейге көтерілуінде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор болған. Поэтикасының пайда болуы, көркемдік стилінің тууы, образ жасау принциптерінің дамуын, шығармасындағы халық тілінің айшықты кестелерінен дәстүрлі фольклордың элементтерін кездестіруге болады, фольклордағы көркемдеуші құралдарды пайдалануда да өзіндік стиль ерекшелігі болған [1,208]. Мағжан туралы академик Әлкей Марғұлан: Қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабаевтың маңыздылығы ағылшындар үшін - Шекспирдің, орыстар үшін - Пушкиннің маңыздылығынан кем емес деп баға берген.
Мағжан халқымыздың аса бағалы рухани байлығы деп ежелгі сақ, ғұн, түрік, қыпшақ дәуірінің ауыз әдебиетін бағалаған. Бұл ойымызды ақынның мына пікірлері дәлелдейді: Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің бізге бұл күнде адасқан ұшқындары, тентіреген тамшылары ғана жетіп отыр. Көбі, көбі болғанда ең сұлулары ұмытылған, желдей ескен жыраулармен бірге топыраққа айналған. Баяғыда отыз күн, отыз түн айтылатын Қобыландылардың ауызда адасып, азғантайы ғана қалған. Талай күндерге созылған ертегілердің басы қайырылып, аяғына жетіп, шоп-шолақ болып қалған. Талай жүйріктердің тұңғиық таза толғаулары - араб, парсы, сарт-сауанның сөздері араласып, балдыр-батпаққа айналған...
Бірақ, талайлар ұмытылып қалды деп қанша өкінгенмен, әлде болса да ауызда аман қалған әдебиетіміз талай елдердің ауыз әдебиетінен бай. Әлі де болса ауыз әдебиетіміз, бір елдің жазба әдебиетіне негіз болуға жарарлық. Өзінің ауыз әдебиетін негіз қылмай ешбір елдің жазба әдебиеті өркендемек емес. Біздің де жазба әдебиетіміз ауыз әдебиетін негіз қылуға міндетті. Алдымен сабақты шеттен емес, өзінен алуға міндетті. Негізі берік өз еліміздің әдебиеті боламын десе, өзіміздің ауыз әдебиетімізге қайтуға міндетті [2,340-341].
Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік пен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын - Мағжан Жұмабаев. Ақын 1893 жылы Қызылжар уезінің Сарыайғыр болысында дүниеге келген. Үлкен атасы Қажы атанған Жұмабай болса, өз әкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс болып ел тізгінін ұстаған жан.
Мағжан - өз жерін де, өз тегін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, асыл маржанға теңелген сұлу лирикалық жырларымен оқырманын еліткен халқының дара перзенті. Мағжан поэзиясының тіл кестесі, лирикасындағы нәзік сезім мен терең ой тоғысы ерекше ілтипатқа бөленген ақын. Мағжан поэзиясы - одан рухани азық алып, жандүниеңді байытып, өмір құбылыстарына деген көзқарасыңды кеңейтіп, қоршаған ортаның қыр-сырын түсінуге көмектесетін көркем дүние. Мағжан - сыршыл да өршіл маржан жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын. Құбылмалы өмір күйінен өз әуезін таба білген ақын қашанда тек ұлтының керегін іздеп, мұңы мен зарын жоқтауға, қуанышын көркейтуге, жаманын жасырмай, жақсысын асырмай жырлауға берік бекінген. Мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болған ұлы ұстазы Абайша бар мақсаты ұлтының азаттық пен бостандыққа қол жеткізуі болған. Мағжанның алғаш жарық көрген өлеңінің өзінен-ақ ақынның кейінгі ұлы мақсаттары көзге шалынды. Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа дүние. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың, терең эстетикалық талғамды сезінесің. Біз Мағжанды сыршыл ақын дегенімізде, көбіне оның махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазылған өлеңдері төңірегінде ой қозғап келеміз. Бірақ азамат ақын бұл тақырыптағы өлеңдерінде де азаматтық жүкті алға қояды. Біршама өлеңдерінде ол махаббат, сезіміне тән азығы емес, жан азығы ретінде қарайды. Ұлы күрестер жолында бойға қуат күш берер рухани азық деп біледі. Ұлы сезімнен жаны гүлденген ақын ұлты үшін күреске нық сеніммен қадам жасайды.
Мағжан поэзиясы қалай айтсақ та, қай қырынан алсақ та қайталанбайтын құбылыс. Қара қордалы қазақ ауылында туып-өскен халқымыздың қасиетті қара шалы -ұлы Абайдың қуатты поэзиясынан кейінгі кестесі келіскен көркем жыр, нәзік сырдың, көркем бейнелі, тың образдардың шалқар көліндей,асқар беліндей болған поэзия- Мағжан поэзиясы. Елдік қасиетіміздің,ана тіліміздің қиспасыз мол байлығын келістіре жырлаған халқымыздың талай ұл-қыздарының алдыңғы сапында болған Мағжанға бүгінгі қазақ халқы, қазақ әдебиеті мәңгі қарыздар.
Жиырмасыншы ғасырдың басы -- қазақ философиясының даму тарихы тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең. Бұл кезеңде әйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды алыптар өмір сүрді. Олардың бізге жеткен шығармашылық мұрасын қайта жүйелі зерделеу кезінде бұл ойшылдардың сол заманда-ақ көтерген мәселелерінің мәні өте терең екенін және айтқан ойларының мағынасын енді ғана толық түсіне бастағанымызды байқаймыз. Шын мәнінде олар өз заманынан озық туған тұлғалар еді.
Жалпы, Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық ойы Батыстағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлемді, адамды, оның өзін-өзі тануын, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы -- шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия.
"Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем, -- деп атап көрсетті Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында, -- тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады".
Қазақ халқының философиялық және әлеуметтік ойын зерттеуші ғалымдар осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұлттық әдебиетті ұлттық философияның өмір сүру формасы ретінде түсінгені, көркем әдебиет туындыларын салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып зерделегені, жеке тұлғалардың поэтикалық мұрасындағы философиялық мазмұнды ашып көрсету үшін оны герменевтикалық тәсілдің көмегімен қайта саралағаны дұрыс болар еді.
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының көзқарастары терең демократиялық және гуманистік сипатта болды. Олардың шығармаларында жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер -- адамның болмысы мен еркіндігі, өмірдің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б. мәселелердің де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас жаратылыс жұмбағы ретінде қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді. Философиялық мәселелерді ізгілік пен қараулық аясында қарастырып, дүниетанымдық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі.
Дәл осы кезеңде ғұмыр кешкен ең көрнекті қазақ ақындарының бірі Мағжан Жұмабаев поэзия аспанын өзінің құдай берген жарқын талантымен ерекше шұғылаға бөледі. "Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген, -- деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы "Мағжанның ақындығы туралы" деген мақаласында, -- Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ".
Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезов 1927 жылы "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің сауалдарына қайтарған жауабында "Мағжан -- культурасы зор ақын... заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын болады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін" деп жазады.
Бұдан біз көзі тірісінде-ақ Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы, тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының санасы мен сезімін жаулап алып, аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі ерекше құбылысқа айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларында айтылатын қағидалар мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, уақыт озған сайын ұлттық, ұлыстық, жалпыадамзаттық философиялық-әлеуметтік проблемалар қатарында алдымыздан қайта шығып отыр.
Бұл пәнидегі қырық бес жылдық ғұмыры халқымыз тарихындағы атыс-шабысқа толы, зұлмат кезеңге тұспа-тұс келсе де, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, артында сан ғасыр бойы ұмытылмайтын мұра қалдырған Мағжан Жұмабаев шығармашылығы соңғы 10-15 жыл шегінде егжей-тегжейлі зерттеле бастады. Көрнекті ғалым Ш. Елеукеновтің "Мағжан" монографиясы бұл бағыттағы елеулі еңбек болып танылып, лайықты бағасын алды. Алайда бүгінге дейін жарық көрген зерттеулердің көпшілігінде, негізінен, Мағжан Жұмабаев шығармашылығы әдеби-көркемдік тұрғыдан талданып келді. Ал оның жырларындағы терең толғаныстардың философиялық-дүниетанымдық астары, ақынды сан түрлі сезімге түсірген жағдайлардың әлеуметтік мәні зерттеушілер назарынан тыс қалып келеді.
Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, "Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті". Оның өлеңдері "әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді".
Біздің бұған қосарымыз, ақын жырларындағы әлгі "нәзік үнді күйдің" де, "шерлі, мұңды зардың" да астарында қорғасындай ой жатыр, тұлғаның таңды таңға ұрған толғаныстары жатыр. Ол қандай ой, қандай толғаныстар?!
Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдениетінің, жалпыадамзаттың тағдыры толғандырады. Ес білгеннен көкжиекке дейін керілген кең байтақ даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл ұлттық рух кемерінен асып төгіледі:
"Шынында менің өзім де -- от,
Қысылған қара көзім де -- от.
Мен оттанмын, от -- менен
Жалынмын мен жанамын
Оттан туған баламын".
Ақынның "от" деп отырғаны -- халықтың ұлттық рухы. Ұлттың тарихи және философиялық зердесін оятып, рухын көтеру арқылы ғана бодандықтан құтылуға, ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге, тіпті, әлем халқына өз өркениетіңді танытуға болады деп есептейді.
"Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен -- Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар".
Жоқ, бұл -- кезінде Еуразия құрлығын ат тұяғымен дүбірлеткен, алыс-жақын ұлыстарға мәдениет пен шаруашылықтың жаңа тәсілдерін үйреткен, бірақ кейін тағдырдың жазуымен әлемдік өркениет көшінен кенжелеп қалған өлке перзентінің аспандағы айды алам деп секірген тарпаңдығы емес. Бұл -- өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе, армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне қайта қосылуға болады деп үміттенген азаматтың парасатты да мақсатты әрекеті. Жалпы, біз -- марксшілдердің "сананы тұрмыс билейді" деген қағидасын Құран аятындай жаттап өскен ғалымдар күні кешеге дейін философиядағы "рух" категориясын, оның әлеуметті топтастырып, рухани және экономиялық табыстарға бастар ықпалын зерттемей келдік. Тұлға немесе тұтас халық бойындағы рухтың осындай қуатты әлеуметтік күшке айналу ықтималдығын мойындау "идеализм" деген бәлеге апарып соқтырады деп қорықтық. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Шығыс философиясын, оның ішінде қазақ-түрік философиясының өзіне тән ұлттық ұғымдары мен категорияларын жүйелеуге бет бұрсақ та, әлі бұл бағытта істелер ғылыми жұмыс ұшан-теңіз.
Ал Мағжан ақын болса, халықтың тарихи зердесін оятып, ұлттық намысы мен ұлттық рухын сілкіндірудің қажеттігін, ортақ мүдде жолында топтасқан ұлттың ғана азаттық алып, әлемдік өркениеттік қауымдастық қатарына бәсекеге қабілетті болып қосыла алатынын осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын-ақ түйсініп, өршіл жырға айналдырып, айта алған. Және туған халқының сол замандағы қиын халін, кенжелеп қалған тұрмыс-тіршілігін көре отырып, осылай жасаған:
"Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен,
Бірге жусап, бірге өрген.
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін --
Сол елімді сүйемін!", --
деп суреттейді ақын сол замандағы ұлтының болмысы мен тұрмыс-тіршілігі туралы. Ақын әлемде не болып жатқанымен шаруасы жоқ, "алдындағы малымен", "ескі заңымен" қоңырқай тіршілік кешіп жатқан халқын сүйіп қана қоймайды, оның ертеңгі болашағының жарқын болатынына сенеді. Оның сол жарқын болашаққа тезірек жетуі үшін жанын да, қанын да аямайтынын паш етеді.
Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік -- Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған "Педагогика" оқулығында ол: "Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді" әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының ұлы шоғырын топтастырған ортақ мұрат -- бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан құтқару, жаңа ұлттық сананы қалыптастыру, өзге өркениетті елдер қатарына қосу болғаны белгілі. Мағжан да осы мұратты жүзеге асырудың жолдарын іздеп, басын тауға да, тасқа да соққан.
"Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,
Отырайық жиылып, оңдалайық.
Мың жылғы өткен қумай ата заңды,
Өнерден кем қалмайық, ойланайық,
Жер қалар, біз жиылып қала салсақ,
Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ", --
деп, отырықшы тұрмысқа көшіп, қала салуды елді, жерді ешкімге бермей, сақтап қалудың бірден бір жолы ретінде ұсынады. Сондай-ақ:
"Ескіше тұрып егеспе,
Заман -- түлкі, тазы бол
Базарша дүкен құр енді", --
деп халықты сауданың тілін білуге, қазіргі тілмен айтқанда, нарықтық экономика заңдарын меңгеруге шақырады. Ал мына өлеңінде ақын:
"Кітап әпер, оқысын, балаң қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей азаматтың тобына!" --
деп, қазақ ұлтының әлемдік өркениет көшіне қосылуының жолын өнер-білімнен, жас ұрпақты өзге елдердегі замандастарымен бәсекеге түсе алатындай етіп тәрбиелеу ісінен іздейді.
Мағжан Жұмабаев -- тек бір ұлттың ішкі әлеуметтік проблемаларымен шектеліп қалмаған ойшыл. Дана ақын ойы қазақтың кең даласынан жоғары көтеріліп, бүкіл әлемді шарлап кетеді:
"Адамзат баласына енді көштім:
Япыр-ай, осындай-ау адам-дағы
Бірі күшті, біреуі жаман-дағы
Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң,
Дүние де жақсылықтан аман-дағы".
Иә, адамзат қауымындағы Мағжан заманында болған негізгі қайшылықтар бір ғасыр өтсе де шешімін тапқан жоқ. Керісінше, жиырма бірінші ғасырдың басында олар әлдеқайда күрделене түскен сыңайлы. Бұл әлемде күшті мен әлсіз, бай мен кедей қалай бейбіт қатар өмір сүре алады? Күштінің әлсізді жем қылуы, өз мүддесіне пайдалануы, өз ықпалында ұстауы өзгермейтін заң ба әлде? Бүгінгі жаһандану заманында талай елдің алдында тұрған осынау сауалдардың жауабы кезінде Мағжан ақынды да толғандырыпты. Қандай жауап тапқан дейсіздер ғой. Ол, міне, мынау:
"Күшсіздер де тырысып, қатар болсын!
Дедім де жөнелдім мен қолым сермей!"
Қалай "тырысады", қалай "қатар болады"? Әрине, өзін-өзі дамыту, содан соң бір-бірімен бірігу арқылы. Мағжанның жұрттың бәрі айтып жүрген "түркішілдік" идеясы, яғни түркі халықтарының рухани және мәдени бірлігін жырлауы, міне, осыдан шыққан.
"Қарашы төңірекке мойның бұрып,
Алтай, Орал бойында тұрған түрік.
Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,
Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп..." -- деп, сонау замандарда ықпалымен жарты әлемді қалтыратқан түркі халықтарының бір-бірінен іргесі ажырағаннан соң, әркімге бодан болып кеткенін күйіне жырлаған ақын, ендігі әлемдегі күштілермен теңесудің бірден-бір жолы сол бірлікті қалпына келтіру деп біледі:
"Япыр-ай, айырылдық па қалың топтан,
Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан?!
Түріктің жолбарыстай жүрегінен,
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан?!
Шарқ ұрып ерікке ұмтылған түрік жаны,
Шынымен ауырды ма, бітіп халы?!
От сөніп жүректегі құрыды ма
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта
Қайғыдан қан жұтамыз.
Біздің атқа лайық па құл боп тұру?
Жүр, кетелік Алтайға, ата мирас алтын таққа".
Алтай - түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, "күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік" деп жар салады.
Ақынның бұл ұлы арманы Кеңес одағы ыдырап, әлем картасында түркі халықтарының жаңа тәуелсіз мемлекеттері пайда болғаннан кейін ғана жүзеге аса бастағаны белгілі. Түркі халықтарының бүгінгі өзара саяси, экономикалық және мәдени-рухани қарым-қатынастарының даму қарқыны жаман емес, тек тіл-көзден сақтасын дейік.
Қазір қырықтан аса халық болып қалыптасқан барлық түркі жұртының әрбір баласы үшін жер бетінде ыстық та, қастерлі екі мекені бар. Оның бірі -- жоғарыда өзіміз айтқан Алтай, екіншісі -- Түркістан. Мағжан өзінің "Түркістан" поэмасында былай дейді:
"Түркістан -- екі дүние есігі ғой,
Түркістан -- ер түріктің бесігі ғой,
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой".
Шынында да, Түркістан екі дүниенің -- Шығыс пен Батыстың рухани есігі ғой. Бұл тек қана ақынның жеке тұжырымы емес, барша түркі баласының санасына мықтап орныққан түсінігі. Себебі, дәл осы қалада жеке үлгі-өнегесімен барша түркі жұртын ислам біліміне, сопылық іліміне ұйытқан, бұдан кейінгі танымы мен түсінігін қалыптастырған, алпыс үш жасында өз еркімен қылуетке түсіп, Хақ дидарын көруді, яғни дүниенің ақиқатына жетуді мұрат тұтқан ұлы піріміз Қожа Ахмет Ясауи тұрған. Себебі, дәл осы қалада ақтық аманаттары орындалған аруақты ата-бабаларымыз жерленген. Мұнда ақыл-парасатымен болашақты болжаған даналарымыз, қаһарымен алыс-жақын көршілерін қалтыратқан әміршілеріміз, кең байтақ еліне көз алартқан дұшпандардан қаһармандығымен қорғап қалған атақты батырларымыз бақилық орнын тапқан. Түркістанның пәни жалғаннан бақи дүниені жалғар қасиетті рухани қақпа аталатыны, міне, осыдан.
Ұлт тағдыры, ұлыс бірлігі туралы "он ойланып, жүз толғанған" қазақ ақыны бірте-бірте әлемдік ойшылдар қатарына көтеріліп, жалпыадамзаттық проблемаларға өзінше үн қатады. Адамдардың жаппай пайда қууы, өнер-білімнің өзін пайда табудың, біреуге зорлық жасаудың құралына айналдыру -- адамзатты апатқа соқтыратын жол екенін Мағжан сол кезде-ақ сезінген. Пайдакүнемдік рационалдық ойлауға негізделген Батыс өркениеті ақынды қатты шошындырады. Шығыс философиясындағы сезімдік таным әдісі, пайдалылыққа емес, руханилыққа басымдық беру дәстүрі Мағжанды қатты қызықтырған. Әлемді апаттан құтқаратын Шығыстағы дәл осы руханилық нұры деп есептейді ақын.
"Көп білем деп бөлуге,
Көп күлем деп өлуге
Жақын қалды Күнбатыс...
Қысық көзді Күншығыс,
Болсын соңғы бұл жүріс.
Күнбатысқа жүрелік...
Гүл қылайық қаласын,
Ұл қылайық баласын,
Мейірім есігін ашалық.
Мұндарларды адасқан,
Айырылып естен шатасқан
Күншығыстың жолына
Салайық, шетсің демейік,
Аямайық көмейік
Күншығыстың нұрына..."
"Таспен атқанды, аспен ат" деп, қатігез адамның өзін мейірім шуағымен қайта тәрбиелеп алуға болатынына сенетін қазақ халқының ұлы гуманистік рухын бойына сіңіріп өскен Мағжан әлемді меңдеген "өзімшілдік" дертін де мейіріммен, руханилық нұрымен ғана жеңу қажет дейді.
Біз қазір төрткүл дүниенің Батысы мен Шығысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы тайталастың тым өршіп кеткенінің куәсі болып отырмыз. Не жасаса да пайдалылық принципін ғана ұстанған АҚШ пен Батыс әлем байлығының басым бөлігін бауырына басып қана қоймай, ғылым мен техниканың барша жетістіктерімен мұздай жарақтанып алып, енді жұмыр жер бетіндегі адамзатты бірегейлендіруді көздеген жаһандану процесін бастап кетті.
Әрине, жер бетіндегі адамзат қауымы біртұтас. Бірақ олардың ұстанатын діни сенімі де, ділі де, дүниетанымы да, ойлау машығы да сан алуан. Әрбір ұлт пен ұлыс жаһанданудың аранында жұтылып кетпей, өзіндік ерекшелігін сақтап қалғысы келеді. Оған ықпалды да өзімшіл АҚШ пен Батыс бой берер емес. Бүкіл әлемге әлеуметтік құрылым туралы өз түсінігін, өзіндік ойлау машығын таңғысы келеді. Мұндай тегеурінге қарсы тұрар қауқары жоқ Шығыс не істей алады? Біреулер күрестің тым ұшқары түрі -- жанкештілік (шаһиттік) пен лаңкестікті (терроршылдық) таңдап алуда. Бұған біздер қарсымыз. Ал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев осыдан бір ғасыр бұрын-ақ бұл тайталастың басты қаруы -- Батысты Шығыстың "мейіріміне, руханилық нұрына" бөлеу деп айтып кеткен. Мағжан ақынның бүгінгі тәуелсіз Отаны -- Қазақстан дәл осы бағыттың, Батыс пен Шығыс арасында өркениеттік сұхбат арқылы рухани келісім мен татулық орнату ісінің бірден-бір орталығына айналып келеді.
Ұлт -- ұлыс -- жалпы адамзат қауымындағы саяси-әлеуметтік мәселелер туралы тереңнен ой толғаған Мағжан ақын әлемдегі барлық дау-жанжал мен қайшылықтардың түп тамыры жеке адамда, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдықтықтың арақатынасында жатыр деген тұжырымға келеді.
Ойшыл ақын адам болмысына жақсылық жасауға деген ұмтылыс пен жамандықтан бойын аулақ салу тән, "ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе" деп есептейді. Мағжанның пікірі бойынша, "махаббат" және "ізгілік" сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты -- біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай-күйіне тәуелді. Адам өз заманы мен мәдениетінің перзенті, ол өзінің қызметінде өз ұлты мен адамзаттың мүддесін басшылыққа алады. Ой еркіндігі Мағжан дүниетанымының басты принциптерінің бірі. Еркіндік адамның өз ойы мен ісі үшін жауапкершілікте екенін білдіреді. Жауапкершілік сезімі адамның басқалармен бірге өмір сүру қажеттілігінен туындайды. Адамның ақылы мен ойы неғұрлым терең болса, соғұрлым оның жауапкершілік сезімі де жоғары.
Мағжан қазақ халқының шынайы өкілі ретінде әлемді, тарихты, кеңістікті "адам мен адам", "адам мен қоғам" және "адам мен табиғат" арасындағы үйлесім арқылы бейнелейді. Ұлы ойшыл адамның жандүниесіне керекті бірден-бір қасиет -- қиялдың қалыптасуына жағдай тудыратын оның қоршаған ортасы деп санаған. Адам халықтың мүддесі тұрғысынан шынайы қиялдай білуге тәрбиеленуі керек, сонда ғана арман мен қиял адамды жақсылыққа, ізгілікке жетелейді.
Мағжанның көзқарасы бойынша, адамның әдемі пішіндерді, табиғаттың сұлулығын көру қабілеті, терең ойлау мен қиялдың ұшқырлығы күрделі таным процесі арқылы жүреді. Ақын жалпы "таным" деген ұғымды әртүрлі әдемі түстерден рақат алу, табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың сан алуандылығынан ерекше әсер алу деп ұғады. Сұлулықты сезіну адамның өмірге деген қызығушылығын арттырады. Ол эстетикалық талғамы бар адамның барлық уақытта жамандықтан жиреніп, ізгіліктің, жақсылықтың қажеттілігін сезіне білетіндігін баса айтады: "Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді".
Ақын табиғат жайлы былай толғанады: "Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара-көк теңіз... Міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз... адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады".
Мағжанның философиялық көзқарасы бойынша, жан дегеніміз әлемді тануға бейім әрі адамның ерік күш-жігерін өзіне аудару, әдемі буын, тамаша дыбыс, ғажап түрмен (пішінмен) ләззаттану. Жан жамандыққа жиіркеніш сезіммен қарап, жақсылыққа, ізгілікке қарай талпынады. Философ-ақын адам үшін жанның қаншалықты мәнді екені жайында: "Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен тұрады, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі болады, дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен адам деген атты осы жанға береді" деп жазады.
Мағжанның ойынша, жан дегеніміз оның көріну формаларының жиынтығы емес, ол құпия қалпында қалады. Тек тіл ғана жан құпиясына жақындай түсуге мүмкіндік береді.
Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы арнасында Мағжан жанды, көбінесе, жүрек бейнесінде жырлайды:
"Өзгеріссіз өмір сорға айналмақ,
Жүйрік жүрек сұр өмірде байланбақ.
Шын адам сол -- ылғи шаттық жырымен,
Жүрек қалай қуса, солай айдалмақ".
Өз жүрегінің қалауымен, жан-дүниесінің тілегімен ғұмыр кешкен адам ғана бақытты дейді ақын. Бірақ Мағжан ғұмыр кешкен заман ақынның өз жүрек қалауымен өмір сүруіне мүмкіндік бермеп еді. Содан да ол:
"Уланды жүрек, жан күйді,
Ішім толған қызыл шоқ.
Не себептен, тәңірі ие,
Денеге ем бар, жанға -- жоқ", -- деп күңіренеді, бұл пәнидегі өз ғұмырының, жалпы адамзат тіршілігінің мәніне ой жібереді.
Жалпы, адам өмірінің мәні, өмір мен өлім проблемасы -- философиядағы мәңгілік тақырыптардың бірі. Әсіресе, қазақ философиясында бұл тақырып терең зерделенген. Мысалға, өлімді өнердің күшімен кідірткен Қорқыт Ата ұлағатының өзі әлемдік философиядағы мәңгілік проблеманың өзгеше шешімі болып табылады.
Ал, Мағжан "Қорқыт" поэмасын жазып, философиядағы өмір мен өлім тақырыбын өзінше қозғайды:
"Әншейін өмір деген ермек үшін,
Күні ертең соғар жүрек өлмек үшін.
Ойланып қалай ғана уланбассың,
Берілсе адамға өмір өлмек үшін".
Иә, адам -- жер бетінің қонағы. Қазақ халқы бұл ақиқатты "өзекті жанға бір өлім" деп қысқа да нұсқа тұжырымдаған. Ал Мағжан болса, өлімді -- адамның жер бетіндегі ғұмырының аяқталуы деп қана емес, мәңгілік мекеніне аттануы деп бағалайды. Ажал адамның:
"Өлгені емес, жерді тастап кеткені,
Шын бақытқа ерте бастан жеткені".
Содан да ақын бір сәт:
"Жел күңіренбе, жасың тый
Өлім күйі -- тәтті күй
Балқиды жаным бұл күйге
Мені де, өлім, әлдиле
Әлдиле, өлім әлдиле", -- деп, жер бетіндегі азап пен қасіреттен құтылып, мәңгілік тыныштық табуды аңсайды?.
Жалпы, Шығыс философиясында, оның ішінде қазақ философиясында да, адам баласының ертеңгі "бір өлім" туралы ойлануы оның имандылыққа, ізгілікке бет бұруының өлшемі ретінде қарастырылады. Өлім туралы ойланған адам сатқындық пен арамдық жасамайды, бұл пәнидегі ғұмырын мәнді өткізуге ұмтылады. Мағжан да өлім туралы ойлана отырып, бұл пәнидегі өз өмірінің мәні туралы тебіренеді:
"Ақылға кеш айналдым, қайран күнім,
Бір күні құшағына алар өлім.
Қара жерді құшақтап мен жатармын,
Сол кезде не деп мені сынар елім?"
Кешегі кеңестік құқықтық саясат ұзақ уақыт бойы осынау кемеңгер ақынның есімін де айтқызбай, халық жадынан ұмыттыруға тырысып бақса да, Мағжан жырлары қара түнектің өзін жарып шықты, сөйтіп, өзі армандаған тәуелсіз қазақ елінің еркін ойлы азаматтарына мәңгілік рухани азыққа айналды.
"Жібердің басқа жұртқа жолбасшылар,
Әр жұрттың жолбасшымен көзі ашылар.
Не елші, не жол сілтер кітабы жоқ,
Алашқа әлде жазғаны бар да шығар?" -- деп, бүгінгі күнді болжап кеткен ақынның сұңғылалығына тәнті бола отырып, нағыз сын сағатта елімізді тәуелсіздікке бастаған Жолбасшының да болғанына, жол сілтер кітаптардан да кенде қалмағанымызға мың да бір шүкіршілік етеміз.
Шынайы поэзия туындысының қадір-қасиеті уақыт өткен сайын бедерлене түсетіні белгілі. Тарихи тұлға Мағжанның туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай -- ғасырдан ғасыр озған сайын өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Мағжан поэзиясы келер ғасырлардағы толқын-толқын талай ұрпаққа ата-бабаларының мұңы мен шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болары анық. Жер бетінде Қазақ елі мәңгі тұрғанда, осынау мәңгілік сарын да ешуақытта үзілмейді және сөнбейді. Оған ешкімнің ешқандай күмәні болмас. Сонымен қатар, оның рухани мұрасында өз халқының жарқын болашағына мол сенімі, жалпы сенім құндылық ретінде тереңірек қарастырылған.
Мағжан поэзиясындағы адам құқы мен бостандығы ұлттық пен жалпыадамзаттық құндылықтар, поэзия мен философияның арақатынасы, ой еркіндігі, адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz