ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАР



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ГРАММАТИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1. Қазақ тілі грамматикасы және оның маңызы
1.2. Грамматикалық тапсырмалардың оқушыға әсері
2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГРАММАТИКАЛЫҚ - ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАР
2.1. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану және оның тиімділігі
2.2. Грамматикалық ойын-жаттығуларын тәжірибе барысында қолдану
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Оқушылар қазақ тілі грамматикасын оқу арқылы қазақ халқының ана тіліндегі сөз байлығын меңгереді, сөздерді түрлендіріп, олардан алуан түрлі ұғым беретін мағыналарды туғызады. Ал сабақта тапсырмаларды ойын түрінде орындату арқылы оқушылардың бәсекелестігін тудыру, ұйымшылдық пен топтық жұмысқа жауапкершілігін арттыруға болады.
Зерттеудің болжамы. Сабақ барысында грамматикалық ойын -жаттығуларды үнемі қолданса, білімдері терең балалардың тежелмеуіне, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мұмкіндік жасар еді.
Зерттеу мақсаты. Қазақ тілінде қолданылатын грамматикалық ойын жаттығулардың маңызын ашу.
Зерттеу міндеттері.
oo Қазақ тілі грамматикасы және оның маңызына тоқталу;
oo Грамматикалық тапсырмалардың оқушыға әсерін анықтау;
oo Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану және оның тиімділігін қарастыру;
oo Грамматикалық ойын-жаттығуларын тәжірибе барысында қолдану.
Зерттеу әдістері. Анализ жасау, салыстыру, талдау.
Зерттеу пәні. Грамматикалық ойын-жаттығулар арқылы оқушылардың белсенділігінің даму үрдісі.
Зерттеу нысаны. Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ГРАММАТИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1. Қазақ тілі грамматикасы және оның маңызы
Қазақ тілі грамматикасының оқушыларға білім тәрбие берудегі маңызы ерекше зор.
Оқушылар мектеп бағдарламасынан грамматиканың құрылысымен, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі өзгерісін және қазақ тілі грамматикасының ғылыми жүйесі мен оның әр алуан фактілерін зерттеп біледі.
Соның нәтижесінде оқушылар өздерінің тілден алған білімін молайтады, жазу мен сөйлеу тілін дамытады, дұрыс оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін жетілдіреді, грамматикалық, орфографиялық ережелерді үйренеді, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын қалыптастырады.
Оқушылар қазақ тілі грамматикасын оқу арқылы қазақ халқының ана тіліндегі сөз байлығын меңгереді, сөздерді түрлендіріп, олардан алуан түрлі ұғым беретін мағыналарды туғызады, нәтижесінде грамматикалық категориялар мен оның қызметін талдап білетін болады.
Мысалы ақыл, айып, аз, адам, ел, сыйла деген сөздерді грамматикалық байланысқа енгізбей, осы қалпында атайты болсақ, оқушылар ондағы сөз мағыналарын түсінгенмен, олардан тиянақты ой түсін алмайды.
Егер осы сөздерді грамматикалық байланысқа енгізіп:
Болат әкесінің ақылын тыңдады.
Арсыз адамды ел сыйламайды, десек, белгілі бір тиянақты ойды білдіреді. Бұдан оқушылар грамматиканың қызметін түсінеді.
Грамматиканың осындай қызметтерін оқушылар мектеп жасына дейін ана тілінің сөйлеу нормасында практикалық тұрғыда білетін болса, мектепке келгенде, оны ғылыми тұрғыда оқып үйренеді, өздері ізденіп, грамматиканың ішкі заңдылықтарын түсінеді.
Ондай ғылыми жүйеге келген грамматикалық заңдылық қазақ тілінің тарихи дәуірлер бойында қалыптасқан өзіндік белгілеріне және соған негіздей отырып, қазақ тілі грамматикасының ережелері қалыптасқан.
Қазақ тілі пәнінен сабақ беретін ұстаздар оқушыларға грамматиканың ғылыми жүйесін жаттанды түрде оқытпай, оның тілдегі нақтылы қызметін көрсете отырып, оған оқушылардың өздерін іздендіру жолымен байқата үйретсе және оқушылар шығармашылық тұрғыда біліп, практикада қолдана білсе, сонда ғана оқушылар грамматиканы саналы түсіне алады.
Бұл талаптарға сай болу үшін, мұғалім қазақ тілін оқытудың әдістемесін терең біле отырып, оларды бір ғана әдіспен түсіндірмей, әр түрлі әдістерді қолданып, сабақ барысында грамматикалық ойын жаттығулар өткізу арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа баули алады.
Мысалы, мұғалім грамматикасының қызметін оқушыларға сұрақ жауап әдісі арқылы түсіндіретін болса, сыныпқа сұрақ қояды да, олардан жауап ала отырып түсіндіреді, осы әдіспен мұғалім Сөз не үшін керек? деген сұрағына мынадай жауап алуы тиіс.
- Сөз заттарды тану үшін, ой құрау үшін, адамдар қатынас жасау үшін, бірінің айтқанын бірі түсінуі үшін керек.
Бұған мұғалім өзінің пікірін ұштастыра отырып, грамматиканың анықтамасы мен қызметін түсіндіреді т.б
Қорыта келгенде, грамматиканың оқушыларға жалпы білім беруде олардың ақыл ойын дамытып, дұрыс сөйлей білуге және сауатты жазуға үйрену жағынан маңызы ерекше зор. Сондықтан да грамматиканы оқытуға ірі ғалымдар, белгілі педагогтар және мектеп мұғалімдері ерекше мән береді.
Қазақ тілінің грамматикасы өзінің ғылыми мазмұны мен теориялық жүйесі жағынан морфология және синтаксис болып екіге бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысының ғылыми мазмұны мен оқылатын жеке тақырыптарына қойылатын мақсаттарына қарай, оқыту әдістемесі де әр түрлі болып келеді. Ондай әдістерді қашан да мұғалім белгілеп, оқушылардың пайдалануына басшылық етіп отырады.
1.2. Грамматикалық тапсырмалардың оқушыға әсері
Оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа жетелейтін осы пәнге қызығушылығын аттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойындардың түрлері.
Мұғалім барлық оқушыны білімге жетелеуі үшін әр оқушының қабылдау мүмкіндігіне сәйкес тапсырма түрлерін береді, сонымен қатар оқушылардың ой өрісін дамытатын, шығармашылыққа жетелейтін, өзіндік ойын айтуға жағдай жасайтын әдістердің бірі - грамматикалық тапсырма түрлерін қолданады.
Грамматикалық тапсырмалардың оқушылар үшін маңызы зор. Грамматикалық ойындар арқылыоқушылар әр түрлі жағдайларды түсініп салыстырады, оны шешу жолдарын қарастырады.
Грамматика оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады, оның заңдарына, барлық бөлімдердің ең қиын ережелерін меңгеріп, дұрыс қолдануға үйретеді.
Сонымен қатар өткен материалды қайталап, тілдерін дамытады, орфографиялық дағдыларын бекітіп, сөздік қорларын байытып, осының бәрін өз өмірлерінде шебер қолдануға үйретеді.
Грамматикалық тапсырмалардың көмегімен қазақ тілі сабағында оқушылар қанатты сөздер әлеміне, халық шығармашылығына, мәдениетіне, елтануға саяхат жасап, қазақ халқының адамгершілік және этикалық құндылығын, фразеологизмдер мен мақал мәтелдердің халықтық үлгісін таниды.
Сабақта қолданған ойын тапсырмалары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Кейбір баяу қозғалатын оқушылар ойын кезінде белсенділік танытады, ойын кезінде жеңіске жетуге тырысады. Грамматикалық ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі ойындарды дұрыс қолдана білген жөн. Сонда ғана ойын қызықты да нәтижелі болады. Ол үшін ойын түрлерін де дұрыс таңдап алу қажет. Бұл оқушыларды жалықтырып, шаршатып алмау мақсатында қолданылады.
Сабақта алған білімдерін одан әрі дамыту, ізденімпаздығын арттыру, ой өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында қолданылады.
Қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа сәйкес әртүрлі әдіс тәсілдермен ойын түрлерін енгізуге болады.
Мысалы Кім тапқыр? ойыны.
Бірдей дыбысталатын жеміс атауларын (олардың адамға қандай пайдасы бар? деген тәрізді қосымша сұрақтар қоюға болады) немесе қала атауларын, кісі аттарын т.с.с. атауға болады.
Мысалы жеміс атаулары: алма, алмұрт, анар, ананас т.б.
Қала атаулары: Жезқазған, Жетісай, Жаңатас т.б.
Бірдей дыбыстар ойыны. Бастапқы дыбыстары бірдей дыбыспен дыбысталатын сөздерден сөйлем құрап жазады. Мысалы: Аралдың ақылды азаматтарының алар асулары алда. (сөз санына, сөздердің байланысуына қарай оқушы жеңімпаз болып саналады)
Кім көп біледі? ойыны. Тақтаға бірнеше заттардың суреттері ілінеді, сол суреттерге қатысты мақалдар жазады. Кім көп мақал білсе, сол жеңімпаз болады)
Жылдам жауап ойыны. Оқушыларға әзілмен срақ қойылады, оқушылар оған мақалдармен, тұрақты тіркестермен жылдам жауап қайтарады.
Адамның қай жеріне нан пісіруге болады?
Кеудесіне нан піскен.
Кімнің клті аспанда болады?
Кісінің кілті аспанда.
Елдің қанша құлағы бар?
Ел құлағы елу.
Қандай баланы сүйкімді бала дейді?
Күлшелі бала сүйкімді, т.б.
Сыңарын тап ойыны. Ойынның шарты бойынша сызбада берілген өздерден біріккен сөз жасап, мағынасын түсіндіреді.
Теле
қосақ
Ақ
құмалақ
Алты
сақал
Кемпір
жүргізуші
тоғыз
бақан

Кім тез оқиды? ойыны. Берілген сөйлемдердегі сөздердің орындары ауысып жазылған. Соларды орын тәртібімен тез оқып береді.
Әдебиет жазды оқушылар сабағында шығарма бүгін.
Жеттік автобусқа үйге отырып біз.
Жеңімпаз оқушылары мектеп жарыста атанды.
Грамматикалық ойындар оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, тапқырлыққа, жылдамдыққа, байқағыштыққа баулиды. Ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, шығармашылық қабілетін ұштайды.

2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАР
2.1. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану және оның тиімділігі
Ойын - оқытудың ең тиді тәсілі. Оқыту мақсатында қолданылатын ойынның түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс - әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады.
Ойын - оқушылардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік менін қалыптастыруға және шығармашылыққа, беленділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен ойын арқылы келесі маңызды міндеттер: оқушының қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар, оқушының шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін іс әректтердің көрініс табуы жүзеге асырылады.
Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кірікте отырып, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің міндеті.
Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жазуға үйретуге түрлері грамматикалық жаттығулардың түрлері және оларды қолдану
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Сөз тіркесі
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
Сөзді айта білу
Пәндер