Ютем туристік фирмасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
БАЗАЛЫҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБИЕДЕН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
ЖШС Роза Ветров
___________________________________ _______________
Жоғары базалық білім факультеті,
Туризм мамандығының
4 курс студенті
Бейбитова Гаухар

Университет тарапынан тәжірибе жетекшісі
Токбура Айдана Батырханқызы
(лауазымы) (қолы) (тегі)
"____________"2021ж.

Кәсіпорын (ұйым) тарапынан тәжірибе жетекшісі
Бабий Галина Васильевна
(лауазымы) (қолы) (тегі)
"____________"2021ж.

Алматы, 2021 ж.
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. КӘСІПОРЫН СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ..4-11
1.1.Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы;
1.2. Кәсіпорынның мақсаттары;
1.3. Басқару құрылымы.
2. ПРАКТИКА ӨТУ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..12-22
2.1.Практика өту барысында жасалған жұмыстар;
2.2.Турпакет ұйымдастыру, жолдама сату;
2.3. Кәсіпорынның қаржылық есебі.
3. ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 23-24
3.1. Туризм кластері;
3.2. Ұсыныстар мен пікірлер.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ..26

Кіріспе
Адамдар интеллектуалды жұмыспен айналысатын заманауи кеңседе әр қызметкердің рөлі, айталық, конвейерге қарағанда едәуір маңызды. Жеке тұлғаның бизнеске қосқан үлесі оның компания үшін құнын анықтайды. Менеджменттің мақсаты - бизнес-процестер мен бизнес нәтижелерін жақсарту үшін белсенділік пен кәсіби шеберлікті ынталандыру.
Біздің әлемде экономика барлық жерде бар. Адамдар бәрін үнемдейді, кейде өздеріне, атап айтқанда денсаулығына қандай зиян келтіретінін білмей де қалады. Жұмыс берушілер туралы айтудың қажеті жоқ: жалпы, белгілі айырмашылықты есептеу арқылы есептеу өте оңай болатын нарықтық қатынастар мен пайда болған заманда, жоғарыдан қалыпты қатынасқа үміттенуге негіз жоқ. Тек жеткілікті ақылды менеджерлер жұмыс істейтін адам ақша табудың әдісі ғана емес екенін түсінеді. Бизнесте ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Әрбір қызметкердің нәтижесі тек дұрыс ұйымдастырылған жұмыс процесіне және ұжымдағы ішкі қатынастарға байланысты емес, сонымен қатар кеңсе жалпы қалай ұйымдастырылғанына және дәл осы қызметкердің жұмыс орнына байланысты. Эргономика талаптарын сақтай отырып және жұмыс орындарының жайлылығына көңіл бөле отырып, кеңсені әр қызметкер үшін жағымды орынға айналдыру оңай - адам тек жалақы үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа қызықты жұмысты күту.
Бұл жұмыстың мақсаты - Роза Ветров ЖШС тур сату менеджерінің жұмыс орнын талдау. Тапсырмалар:
- ұйымның құрылымын анықтау;
- жұмыс орнын талдаудың мақсаты мен міндеттерін анықтау;
- талдау үшін типтік жұмыс орындарын таңдау;
- талдау.
Менің практикадан алған тәжірибемнің алдыға қойған мақсаттары мынандай:
1. Ұйымның қандай бағытта жұмыс істейтінін анықтау,ұйымдастырушылығының негіздерін зерттеу және ұйымға тиісті құрылымын қарастыру.
2. Ұйымның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастыру және талдау.
3. 3 Мен өз тәжірибеме тағы бір кәсіпорынның сыртқы жағдайын ,бәсекелес компаниялармен қарым қатынасын,осы кәсіпорынның қызметін реттейтін нормативтік актілердің жағдайын білу және даму динамикасы туралы мәліметтермен танысу
4.Кәсіпорынның негізгі мәселелерін анықтай отырып,өзімнің білімдік деңгейімді нығайту мақсатында көбірек информация алып,тәжірибе жинау.
1.1. 1.2 Кәсіпорын сипаттамасы; Кәсіпорынның мақсаттары.
Мен дипломалды практиканы Алматы қаласының Сатпаев көшесі 55үйінде 18 офисында орналасқан "Роза Ветров" туристік фирмасында өткіздім. Бұл туристік фирма 2000 жылдан бастап жұмыс істейді екен. Бұл фирма халыққа элиттік турлар жасайды, ішкі және сыртқы туризммен айналысады, ТМД елдері бойынша турлар, шоп турлар ұйымдастырады, визалар жасайды, қонақ үйлерді брондау ,т.б. қызметтермен айналысады. Практика барысында мен бұл фирма ның барлық жұмыс түрлерімен танысып қана қоймай ,өзімнің университетте алған білімімді практика жүзінде тексеруге мүмкіншілік алдым.
Фирмада басқару құрылымы мен қаржылық қызметтерімен танысып қана қоймай мен туристермен тілдесіп,оларды ақпараттермен таныстырып, қандай ұсыныстар оларға ыңғайлы екенін түсіндіруге мүмкіншілік алдым.
Практика барысында осы фирма жайлы бүкіл информацияны қамтуға тырыстым. Бұл туристік формасында заманға сай өзінің туристерге арналған брошюралары, каталогтары, буклеттері, дискілері, журналдары бар екен. Және де бұл фирма басқа да фирмалармен ынтымақтастық қарым-қатынаста.
Мен интернет арқылы тапсырыстар қабылдауға, жолдамалар жасауға, туристерге баруға ұсынылатын жерлер туралы бағыт бағдарлама беруге үйрендім.
Бұл жерде алынған білімімізді қолдануға тура келді.Қай жаққа баруға болатынын сұрап, дұрыс бағыт бағдарлама беруімізді өтінетін туристер де болды. Ол үшін әрине информация көп жиналған тура келді.
Менің өндірістік практикам үш бөлімнен тұрады деп есептесек те болады. Ал енді әрқайсысына тоқталып өтетін болсақ.
"Роза Ветров" кәсіпорыны Қазақстанның туризм нарығындағы, Қазақстан Республикасының бүкіл заңнамасына сәйкес және оның Конституциясын қатал орындайтын кәсіпорын деп есептеймін. Шеңбер шегінде өз міндеттерін орындап қана қоймай, өздерінің клиенттеріне де биязы қабақ танытып,басқаларға үлгі болатындай кәсіпорын.
Заң актілерінен басқа жағдайларда, кәсіпорын өз мүлкінен басқа жерде жауап бермейді. Бірақ серіктестікке қатысты жағдайда шығындарды өтеп беруге міндетті.
Туристік фирмада директор, менеджерлер, туроператорлар, бухгалтер қызмет атқарды.
Мен бұл туристік фирмасында туристік менеджер қызметін атқардым.Бұл туристік фирма мынандай қызметтер түрін көрсетеді:
Сыртқы және ішкі туризм;
Элиттік турлар ұйымдастырады;
Ішкі туризм (оның ішінде санаториялық, курорттық демалыс үйлері,Қазақстан бойынша балаларға да арналған лагерьлер;
КХР бойынша визалар түрін жасайды(жеке,топтық,1жылға,жарты жылға);
ТМД елдері бойынша турлар;
КХР на шоп турлар ұйымдастырады (Мысалы Үрімші қаласына бір жетіге автобуспен күндік саяхат).
Бұл туристік фирмасында әуежай және темір жол билеттерін брондауға болады.
Және де айта кететін бір жағдай-бұл кәсіпорын қалада өте қолайлы жерде орналасқан ,қазіргі заманның талабына сай интернет жүйесі қосылған, халық интернеттен осы фирма туралы бүкіл информацияны ала алады.Өздерінің дискілері,әдебиеті,бейне фильмдері бар.Менеджерге жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалынған. Клиенттердің
талабын ескере отырып, мен оларға брошюралар,буклеттер ,бейне фильмдер ұсына аламын.Бұл информациялар жыл сайын жаңартылады, оны қадағалау мақсатында интернет жүйесі мен көрмелер бақылаудан тыс қалған емес.
Біз білетіндей Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі жылына екі рет жәрмеңке өткізеді. Бұл жәрмеңкеге бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша туристік фирмалар,ТМД елдері бойынша және шетелдік фирмалар қатысады. Бұл жәрмеңкенің біздің ел үшін маңызы өте зор.

Осы жәрмеңкеде бірлестік ынтымақтастыққа қол қойылып,өздерінің брошюраларымен,диск кассеталарымен алмасып қана қоймай, өздерінің ойларын ортаға салып, пікір алмасады.Әртүрлі келісім шарттарға қол қойылып, өздерінің бағалары қойылған папкалармен,журналдармен алмасады. Әр журналдарда демалу бағаларымен қатар ,көру материалдарыда бар.
Міне осындай шаралардың арқасында кәсіпорын басқа да көптеген туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім шарт жасаған Мысалы :
Хайнань Солнечный туристік фирма;
Voyage Tours Араб Эмиратындағы ;
ЖШС КазТур Алматы қаласының туристік фирмасы;
Al Khalidiah Tourism президенті Мурадиян;
Гульнар Тур Алматы қаласы;
ЖШС Сплинтер Өскемен қаласы;
ЖШС Орлёнок Щучинск қаласы;
ТауТұран емдік ағарту кешені;
Park Hotel Kokshetau Щучинск қаласында орналасқан;
Ульбинские горы Өскемен қаласы;
ЖШС Жемчужина Алтая Өскемен қаласы;
Қаратал санаториялық орны;
ЖШС Жеке батыр Көкшетау қаласы т.б.
Кәсіпорын бұнымен қатар балаларға да арналған лагерьлер мен демалыс орындары мен келісім шартта:
Континент балаларға арналған сауықтыру орталығы;
Огонёк балаларға арналған демалыс орындары;
Морские львы су қойнауындағы лагерь;
Альбатрос тур жастардың ақпараттық орталығы;
Морячок сауықтыру орталығы;
Саят демалыс орны;
Ютем туристік фирмасы.
Келісім шарттарда әркімнің міндеттері мен қызметі ашық көрсетілген.Келісім шарттың мезгілі, мерзімі де көрсетілген.Мен бұл келісім шарттармен танысуға мүмкіндік алдым. Мысалы бұрын Қытайдағы Үрімші қаласына жиі шоп турлар ұйымдастырылған. Ал қазіргі індетке байланысты біраз уақыт тоқтатылды.
Үрімші (қытайдың Дихуа) - Ұйғыр автономды ауданы - Синьцзянның әкімшілік, экономикалық және мәдениет орталығы. Тань - Шань тауының солтүстік етегінде, Үрімші өзенігің алқабында орналасқан. Үрімші көне монғол тілінде джунгар, яғни ғажайып өріс деген мағынаны береді. Жалпы аумағы - 11,9 мың шаршы шақырым. Үрімші туристік ресурстарға бай. Көне Жібек жолында мұнда маңызды елді жер болған. Үрімші - нағыз туристік қала. Ол өзіндік табиғатымен және ұлттық дәстүрлерімен ерекшеленеді. Үрімшіде мыңдаған базарлар бар, бірақ кейбіреулері ғана сапалы заттар сатады. Үрімші арзан бағаларымен туристерді өзіне тартады, оған қоса бағалары қаншалықты арзан болғанымен бағаларын төмендетуге тырысса, сатушылар тіпті кейде екі есеге төмендетулері мүмкін.
Үрімші кеденінің статистикалық мәліметі бойынша сыртқа шығарылатын тауарлардың жалпы көлемі 3,45 млрд. долларды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 90,4 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштердің өсу қарқынына қарағанда Синьцзян мемлекетте бірінші орынға ие болған.
Кедендіктердің айтуы бойынша қаңтар - наурыз айларында экспорттың жалпы көлемі 2,99 млрд. долларды құрап, екі есеге өсті. Импорттың көлемі - 460 млн. доллар, яғни 21,2 пайызға өскен. Сауда балансының активті сальдосының жалпы көлемі 2,54 млрд. долларға жетті, яғни ана жылмен салыстырғанда 2,4 есеге өскен.

1.3. Кәсіпорынның басқару құрылымы.

Кәсіпорынның басқару құрылымы

Туристік фирма қызметскерлері 3 адамнан тұрады, олар: директор: Капарова Галятай Елеусызовна, туризм менеджері: Бектасова Сәуле Бауыржановна және бухгалтер: Ибраева Санымгүл Сержановна.

Директордың қызметі

Директор - басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскер.
Басқару кадрларын әр түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша - жоғарғы, орташа және төменгі буындар.
Директор - бұл ұжымға басшылық етуші адам, басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестіруші, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бағалауды және реттеуді жүзеге асыруышы. Басшыға алуан түрлі, бірін бірі толықтыратын қызметтерді орындауына тура келеді.
Басшы әкімшілік рөлінде өз билігін пайдалана отырып, қолданылып жүрген нормативтік актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз етеді, ұйымда тиісінше тәртіп орнатады. Өзіндегі қызметкерлермен бірлесе отырып кадр саясатын ойластырады және жүзеге асырады, штатты жинақтайды, кадрларды іріктеуді, баулуды, орналастыруды және ауыстыруды жүзеге асырады.
Басшы ұйымдастырушылық қызметті орындай отырып, бірлесе жемісті еңбек ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару процесінде және өндірісте жұмыс істейтіндерге бағыт сілтеп, іс әрекеттерін үйлестіреді. Басшы кәсібі даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда - мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан жақты талдауы және тиімді бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктермен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.
Басшы өзінің тікелей міндетімен қоса, алуан түрлі өндірістік қызметтерді орындайтын қоғам қайраткерлері болып та саналады. Өйткені онсыз ұйымшыл ұжым құру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ол қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әр түрлі мәжілістерге, конференцияларға және басқадай қоғамдық шараларға, сайланатын жергілікті және орталық органдардың жұмыстарына қатысады. Соның нәтижесінде басшы толып жатқан мәліметтер алады, ал оны тиімді қолданғанда ұжымның психологиялық ахуалына және шаруашылық қызметіне елеулі ықпал ете алады.
Басшының тәрбиешілік қызметінің де мағызы зор. Жақсы жолға қойылған тәрбие жұмысы жеке адамдар мен ұжымның ауыз бірлігін, ынта жігерін арттыра түседі, экономикалық және әлеуметтік прогресті жеделдетуге ықпал етеді. Тәрбие жұмысына соншалықты жоғары баға берілетін себебі, басқару, бұл әрдайым адамдарға басшылық ету және де оны ойдағыдай жүзеге асыруға, басшының қол астындағыларға өктем бұйрықпен емес, сендіру, әділдікке көзін жеткізу арқылы ықпал етуінің зор мәні бар.
Басқару тәсілдері. Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына ықпал етуге негізделген.

Бухгалтердің қызметі

Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы заң бойынша (15-бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001ж. №1213 Туристік қызметті лицензиялау тәртібі қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар және турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізілімге енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 09.01.2002 ж. №06-2-23 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттарының формалары бекітілген.
Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық - құқық сақтандыру келісім-шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішімен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.
Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыруы керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақтылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақтылы алу.
Туризм - Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен-жайы мен азаматтығы жоқт тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби-іскерлік және тағы басқа сапарлары.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13-ші маусымындағы №211-II (22.02.02. ж. №296-II өзгертулермен) Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңында реттемеленген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралық стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:
Негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);
Ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы).
Бұған қоса олар БЕС 30 Қаржылық есеп берулерді табыс ету реттемеленіп, Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы Заңына белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъектілер әзірлеп, пайдаланатын кәсіпорындарындағы Есептік саясатқа қабылданады.
Есептік саясатта мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операцияларын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы - материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпараттарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Есептік саясатты субъект басшысы бекітеді. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы заңының 7-бабына сәйкес субъект басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісім шартпен мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығын Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрлігі аудитта жүзеге асырылады.

Туризм менеджерінің қызметі

Негізі менеджмент деген басқару деген мағынаны береді, яғни туризм менеджері ол директордан кейінгі басқарушы адам. Туризм менеджері дегеніміз басшының қабылдаған әрекеттері мен шешімдерін жүзеге асырып, орындалуын қадағалауы тиіс. Ұйымның (турфирма) басты мақсаты түсетін пайда мен шығындар белгілі тауарлармен қызмет жасау.
Мақсаттары:
басты мақсат құраушыларға бөлінеді
өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру
өндірісті жан жақты интенсификациялау
ғылыми техникалық процесті жылдамдату
еңбек өнімділігн арттыру
ресурстарды үнемдеу, өңдеу
пайданы ұлғайту
ұжымның әлеуметтік дамуы
ұйымның жаңару, даму негізін қамтамасыз ету
Менеджер ұйым қызметін басқару және басқару процесін қалыптастыруы тиіс. Ұйымдастыру қызметін жоспарлап және жұмысқа байланысты барлық функцияларды анықтап орындауы керек, ұйымдастыру құрылымын толық жүйе ретінде әрбір ұйымның тиімді қызметін және пайда табуын, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы арқылы бизнесті дамыту және басқаруы тиіс. Басқару адамның кәсіптік қызметі. Ұйымның, ұйымдағы әр адамның, жеке адамның біріккен еңбек жұмысындағы процесіндегі мақсатына жүйелі ықпал етуі. Ұйымдастыру кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының процесі.
Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы орта факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу. Ең қолайлы құрылым бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш жігері өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым. Менеджер ұйымдастырып қана қоймай бақылап та отыруы керек. Бақылау бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі. Бақылау қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, өызметкерлердің ынта жігерін арттырудың басты құралы.
Бақылаудың басты принциптерінің бірі бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджерлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес. Әрбір басшы, қызмет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей жауапты мәндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Істің анық қанығын жете білетін, соған білім өрісі жететін, әрі басқаларға үлгі өнеге көрсете алатын адамдар ғана бақылай алады.

2.1, 2.2. Кәсіпорында практика өту барысы: жолдама сату.

Практика өту барысында демалыс орындары жайлы, туризм жайлы көптеген ақпарат алдым. Ол мәліметтермен мен интернеттен, каталогтардан, журналдардан, брошюралардан қарап таныстым. Сөйтіп телефон арқылы қоңырау шалған туристерге, офиске келген туристерге көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, кеңес беріп, оларға көптеген ақпарат бердім. Практикамның соңғы күндерінде бірнеше жолдама жасауға жолым болды. Сәуле апай Жолдамаларды өзің жасап көр дегенде өте қатты шошып кеттім, қорқынышты еді. Алдында тек Сәуле апайға жолдамаларды толтыруға көмектескенмін, енді міне өзіме тапсырыс қабылдауға рұқсат етілді.
23-маусым күні күндегідей телефон қоңырауларына жауап беріп, келген туристердің сұрақтарына жауап беріп отырдым. Түске таман бір турист келіп Павлодар облысының Баянауыл ауданына барғасы келетіндігін айтты. Мен ол кісіге Баянауыл жайлы айтып бердім.
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрлігі № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл мемлекеттік парк Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68452,8 га құрайды. Орман және аңшылық комитетінің шешімімен Қызылтау қорығы БҰМТП қорғауға бекітілді, жалпы аумағы 60000 га құрайды.
Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.
Баянауыл орманшылығы - 19188 га,
Жасыбай орманшылығы - 22904га,
Далба орманшылығы - 8 596га.
Кенейтілген парк аумағы-17764,8 га
Жалпы паркте 108 мемлекеттік инспектор қызмет атқарады. Ұлттық парк директоры - Қасен Темірболат Мұбаракұлы 2003 жылдан бастап мемлекеттік табиғи паркті басқарып келеді. Білімі жоғары, Целиноград ауыл шаруашылық институты мамандығы бойынша - ғылыми агроном.
Баянауылдың қатпарлы, текшелеп жинағандай сандық тастардан құралған шоқыларына, сұлу Ақбет тауына, мөлдіреген, қысы-жазы қатпайтын Жасыбай көліне, суы шипалы Әулиебұлаққа қарасаң көзің тоймайды.
Баянауылдың тауларында Бөгенбай, Олжабай батырлар бекініс құрып, осы жерде Баян, Жасыбай батырлардың Халден-Сереннің алдыңғы қолына үлкен тойтарыс берген, жоңғарларды жеңген жеңіс тойын өткізген Сабындыкөлдің Абылайдай бабамыздың табаны тиген қасиетті жер.
Ертеден халық аузында келе жатқан Кемпіртас атты тас мүсіннің биіктігі соншалық, бас киімің түскенше шалқайып, тастың құпиялы шыңына көз саласың. Тіссіз кемиек аузы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, өзің қоса күлесің. Тасқа айналып қалмауың үшін көп күлуге, қасында ұзақ тұруға болмайды. Одан әрі, Торайғыр көлінің түстік жиегінде найзадай үшкір басты биік шың - Найзатас тұр.
Ашық беті көлге қараған су үстіне асыла біткен үлкен Үңгіртас үңірейеді. Ақбет тауының түбінен сарқырап ағып жатқан Әулиебұлақтың суынан үш рет ұрттаған адам бойындағы аурудан сауығып кетеді деседі. Бұлақ суының құрамында қажетті мөлшердегі йод, фтор, натрий бар көрінеді.
ЖШС Роза Ветров Баянауылдағы Баянтау және Ата-Баян демалыс үйлерімен ынтымақтастық келісім шартында тұр. Сол себепті мен туристке осы екі демалыс үйінің бағаларымен таныстырдым.

Баянтау демалыс үйі сіздерге тамаша демалыс орны - Жасыбай көлінің жағажайында демалуды ұсынады:

2009 жылдың жаз айларына арналған 3 реттік тағамды қоса есептегендегі бір күндік бағасы:

Жаңа (люкс) үйлер:

Тұрғын үйлер - 15000 теңге 2 адамға (1 номер);
Люкс - 13000 теңге 2 адамға (6 номер);
Полу люкс - 10000 теңге 2 адамға (2 номер);
Қарапайым номер 4 адамға арналған - 4000 теңге бір орын.

Тұрғын үйлер екі бөлмеден тұрады (ұйықтайтын бөлме және демалатын бөлме). Жақсы жиһаздамен жабдықталған. Екі орындық кереует. Сонымен қатар спутниктік антеннасы бар теледидар, тоңазытқыш, дәретхана және жуынатын бөлме бар.
Люкс екі бөлмеден тұрады (ұйықтайтын бөлме және демалатын бөлме). Жиһазбен жабдықталған. Номерде екі орындық кереует, спутниктік антеннасы бар теледидар, тоңазытқыш, дәретхана және жуынатын бөлме бар.
Полу люкс жиһазбен жабдықталған. Бөлмеде спутниктік антеннасы бар теледидар, тоңазытқыш, дәретхана және жуынатын бөлме бар.

Бөренелі люкс класты екі орындық үй (дәлізімен) - 15000 теңге. Екі бөлмеден тұрады (ұйықтайтын бөлме және демалатын бөлме). Толық жиһазбен жабдықталған. Номерде спутниктік антеннасы бар теледидар, тоңазытқыш, дәретхана және жуынатын бөлме бар.

Ағаш үйлер (жақсартылған бөлмелер) 4,3 орындық
бөлмелер - 4000 теңге (бір орын үшін)
Демалыс бөлмесінен тұрады: диван, тоңазытқыш бар және тек қол жуатын бөлмесі бар. Ұйықтайтын бөлме 4 немесе 3 кереуеттен, теледидардан тұрады. Жазғы дәлізі бар. Барлығы 19 орын.

Екі қабатты ұйықтайтын корпус (1;2;3;4 орындық бөлмелер)
3300 теңге (бір орын үшін)
Жөндеу жасалған. Жаңа жиһазбен жабдықталған, тоңазытқышы бар. Дәретхана мен қол жуатын бөлме корпустың бірінші қабатында. Теледидар холда. Барлығы 49 орын.

Қарапайым коттедждер 2;3;4 орындық - 3000 теңге (бір орын үшін)
Кірпіштен және ағаштан жасалған (кішігірім дәлізі бар). Кереует, үстел, орындықтар бар. Қолайлылықтың бәрі далада. Барлығы 81 орын.

Ұсынылатын қызметтер

Ортақ душ, гид қызметі, теннис және тағы басқа спорттық ойындарға керекті нәрселер жолдама құнына кіреді.

Сонымен қатар
- - Орыс моншасы;
- - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік практика есебі ЖШС «Райс – Стар» туристік фирмасы
Scythian Land туристік фирманың қызметіне аналитикалық баға беру
Туризм индустриясы. Ren- tour
Дипломалды есеп беру жұмысы - «MIT Travel Group» ЖШС
Туристік фирманың жұмысы
Жолымбет өндірістік аясындағы шығындар құрылымы
Туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау диплом жұмысы
Туризм инновациясы
“TOUR TRAVEL” туристік фирманың “бизнез-жоспары”
Туристік қызметтің аспектілері
Пәндер