АУДАРМАШЫ - КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА


Тұран-Астана Университеті
«Тұран-Астана» университетінің
Оқу-әдістемелік кеңес
отырысында «бекітіліп»
Қорғауға жіберілді
Карипжанова Г. Т.
Хаттама №___ «___» ___ 2021 ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: « АУДАРМАШЫ - КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА. ТІЛДІК ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОМПЕТЕНЦИЯСЫ »
5B020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша
Орындаған: Ибаш Назерке Сәдуақасқызы
студенттің қолы
Ғылыми жетекшісі: Абишева К. М.
Ф. ғ. д., профессор
жетекшінің қолы
Нұр-Сұлтан
2021
МАЗМҰНЫ
- АУДАРМАШЫНЫҢ ҚОСТІЛДІЛІГІ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІЛІГІ, МУЛЬТИ МӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ЖОЛДАРЫ
1. 1 Аудармашы - қостілді тұлға және оның қабілеттілігінің сипаты. 4
1. 2 Аудармашы - көптілді тұлға және оның көп тілдегі қабілеттілігінің түрі. . 20
1. 3 Аудармашы - мульти мәдениетті тұлға және оның мәдениетаралық, кросс мәдениеттік құзыреттіліктері 35
- ҚОСТІЛДІ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ АУДАРМАШЫНЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ МӘТІНДІ АУДАРУДАҒЫ КӨРІНІСІ
2. 1 Ы. Алтынсарин мен Абайдың қостілділік аудармашылық әрекетінің сипаты50
2. 2 Көптілділік тұлғаның ағылшын тіліндегі мәтінді аударудағы қабілеттілігі60
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мәдениеттер мен тілдер тоғысқанда, міндетті түрде аударма ортаға келеді. Екі мәдениет өкілінің бір-біріне риясыз сеніп, қарым-қатынас жасай алуы мақсатында аудармашылық үдерісі пайда болды. Бұл бір халық мəдениетінің басқа халықтар мəдениетімен, біртілдің басқа елдер тілімен дəнекерлесуі, жақындасуы, ықпалдасуына себепкер болатын процесс. Ал, аудармашы - мəдениетті алға жылжытушы, мəдениетті енгізуші». Аудармашы жеке басының мəдениетін сақтаумен бірге, басқа ұлттың əдебиетіне, тіліне деген мəдениеті биік болуы керек. Нағыз сапалы, баламалы жоғары дəрежелі, құнды, шынайы, сəйкес аударма - халықтар мəдениетінің жоғары жетістігі, олардың өзара рухани жақындасуына негіз қалайды, басқа ұлт тілін меңгеруге, үйренуге, құрметтеуге деген қызығушылык сезімді оятады [1] .
Қазіргі заманда өзекті тақырыптардың біріне айналып, зерттеу жұмыстарына негіз болған осы аудармашының тұлғасы болып отыр.
Билингвалды және полилингвалды аудармашы қандай болуы керек, аудармашы кәсібінің қазіргі қоғамдағы рөлі мен функцияларын, мәдениет және мәдениетаралық өзара әрекеттесу ұғымдарын, мәдениетаралық коммуникацияның мәнін, аудармашының мәдениетаралық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұнын, мәдениетаралық байланыстағы рөлі деген мəселелер осы зерттеу жұмысында қарастырылған. Билингвалды және мультимәдениетті аудармашының халықаралық компетенциясының көрінісі сипатталады. Шетелдік жəне ТМД елдері аударма зерттеуші ғалымдарының, аудармашы ақын-жазушылардың ой-пікір, тұжырымдары осы дипломдық жұмыста жинақталып көрсетілетін болады.
Абай мен Ыбырайдың аудармашылық ісіне, билингвалды тұлғасына сипаттама беріп, талдау жасалады. Көптілді аудармашының шет тіліндегі мәтіндерге аударма жасау қабілеттілігі сараланады. Мәдени құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін тренингтер әзірленеді, сонымен қатар болашақ аудармашылар арасында мультимәдениетті тұлғаның мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша сұрақ-жауап арқылы сауалнама жүргізіледі.
Қосымшада болашақ аудармашының қостілділік, көптілділік, мәдениетаралық құзыреттіліктерінің даму деңгейін талдауға және зерттеуге пайдалы болатын әдістер, сауалнамалар, диагностикалық карталар қамтылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Аудармашылық - ХХ ғасырда кең етек жайып, дами бастаған жас мамандықтың бірі. Ана тілден өзге тілге аудару барысында аудармашының кәсібилігі, шеберлігі, тілдік және мәдениетаралық құзыреттілігі ерекше орын алады. Түрлі тілдер тасымалдаушылары арасында қабылданған сөйлеу нормалары туралы көзқарастардың бір-біріне сәйкес келмеуі де аудармашы үшін қиынға соғады.
Осыған орай, зерттеу жұмысының өзектілігі, бәсекеге қабілетті, кәсіби шебер, өз ісінің таптырмас маманы бола алатын аудармашының билингвалды, полилингвалды және мультимәдениетті тұлға ретіндегі моделін жасау болып табылады.
Зерттеудің нысаны . Бұл зерттеу жұмысында көптілді және қостілді, мультимәдениетті аудармашының және оның халықаралық компетенциясының сипаты, аудармадағы орны мен бейнесі сипатталады. Аудармашының құзыреттілігі және шеберлігі жайлы теориялар мен түсініктер қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: Аудармашыны көптілді және мультимәдениетті тұлға ретінде көрсету, және халықаралық компетенцияларын зерделеу.
Бұл мақсатты қолжетімді ету үшін келесі міндеттерді орындауға тура келеді:
- Аудармашыны қостілді және көптілді тұлға ретінде сипаттау;
- Аудармашының мультимәдениеттілік сипатын көрсету;
- Аудармашының халықаралық компетенцияларын зерделеп, оларға назар аудару;
- Қостілді тұлғалардың (Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың аудармашылық іс әрекетін зерттеп, билингвалды компетенцияларын айқындау)
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі .
Зерттеудің теориялық маңызы . Зерттеу аудармашыны тек қаған екі тілдегі сөздердің бірліктерін аударушы ғана емес, қоғамда, халықаралық қатынаста ерекше орын алатын мультимәдениетті, полилингвалды тұлға ретінде тануға болатындығын көрсетті.
Зерттеудің практикалық құндылығы . Жұмыстың практикалық құндылығы, оның ережелерін, аударма теориясының, мәдениетаралық коммуникация теориясының, сондай-ақ дәйекті аударма және көркем аударма теориясының, коммуникация теориясының университеттік курстарында, оқулықта, семинар өткізгенде, аударма теориясы, көркем аударма жасау дәрістерінде қолдануға болатындығымен түйінделеді.
Зерттеуде қолданылатын тәсілдердің сипаты . Зерттеу жұмысында ғылыми зерттеу әдістерінің теориялық және эмпирикалық әдіс-тәсілдері қолданылады.
Теориялық әдісінде: аудармашы жайлы түсінік, белгілі лингвист-аудармашылардың тұжырымдар мен еңбектерінен алынған мәліметтер, кәсіби әрі шебер аудармашының моделі қарастырылады.
Эмпирикалық әдісінде: Филология ғылымдарының докторы, профессормен сұхбаттасу, аудармашылыққа байланысты сұрақтарға жауап алу, студенттер арасында сауалнама жүргізу қамтылады.
Абай Құнанбаев пен Алтынсарин аударма мәтіндерін талдағанда аударманың бірнеше әдістері пайдаланылды (транскрипция, транслитерация, калькалау, трансформациялау, олардың ішінде семантикалық, лексикалық, синтаксистік тәсілдері, баламаларды табу тәсілдері т. б)
Зерттеудің жаңалығы
Зерттеудің құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
- Аудармашы - қостілді тұлға және оның қабілеттілігінің сипаты
Аудармашының тілдік тұлғасын зерделеу гуманитарлық лингвистиканың жеткілікті зерттелмеген мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі тіл білімінде тілдік тұлғаны зерттеуге қызығушылық адамзат қызметіндегі тілдің элементтердің рольдері мен функцияларын зерделеу қажеттілігінен туындап отыр, бұл антропоцентристік жолдың өткерілуін талап етеді. Антропоцентристік бағыт адамды тілдік және сөйлеу қызметін жүзеге асыратын субъект ретінде сипаттайды [2] .
Тілдік делдалдық екітілді коммуникацияның орталық бөлімі болып табылады. Тілдік делдалдық ұғымын атақты неміс ғалымы Отто Каде (O. Kade) енгізген. Бұл ұғым әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың тілдік қарым-қатынасын қамтамасыз етуші екі тілді де меңгерген адамдардың іс-әрекеті деп анықталады. [3]
Қарым-қатынас құралы болып табылатын көптілділік (полилингвизм) және қостілділік (билингвизм) жайында алыс-жақын шетел ғалымдары болсын, отандық ғалымдарымыз болсын өзекті мәселе ретінде қарастырып, әрқилы пікірлер айтуда. Зерттеуші ғалымдардың бір тобы қостілділік және көптілділіктің ұлттық тілді дамуына кедергі келтіретінін, мемлекеттік тілде сөйлеушінің әлеуметтік белсенділігінің әлсірейтінінайтып дабыл қақса, ғалымдарымыздың енді бірі қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамып жатқан кезеңінде бірнеше тілдерді білудің аса қажет екендігін алға тартады.
Әдетте қостілділік дегеніміз екі тілді бір уақытта еркін меңгеруді білдіреді. Алайда билингвизмнің анықтамасын әр түрлі авторлардың жазған көптеген түсініктемелері бар. Америкалық лингвист У. Вайнрайх: “The practise of alternately using two languages will be called bilingualism, and the person involved, bilingual. ” «Біз екі тілді кезек-кезек қолдануды қостілділік, ал оны жүзеге асырушыларды қостілді деп атаймыз» деп жазады [4, 22] . Осыған ұқсас анықтаманы В. Ю. Розенцвейгте берген болатын: «Билингвизм дегеніміз - екі тілді білу және қарым-қатынас жағдайына байланысты үнемі бірінен екіншісіне ауысу»[5, 67] . Психолингвистика тұрғысынан қостілділік дегеніміз - бұл қарым-қатынас үшін екі тілдік жүйені қолдану мүмкіндігі [6] .
Жоғарыда келтірілген тұжырымдар мен ойлар, анықтамалардың түйіні: қостілділік (билингвизм) - бұл екі тілді бір уақытта еркін меңгеру болып табылады.
Қостілділік пен көптілділік жеке тұлғаның әлеуметтік статусына (ресейлік ғалым В. И. Карасиктің термині) әсері зор екені сөзсіз [69] және оны зерттеу қазіргі таңда, үштұғырлы тіл бағытына сай, қажетттілігі өсіп, сұранысқа ие деген ойдамыз . Э. Д. Сүлейменова, Н. Ж. Шәймерденова, Ж. С. Смағұлова, Д. Х. Ақанованың «Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігінде» қостілділіктің мынадай түрлері берілген:
- жеке қостілділік - белгілі бір халықтың жеке мүшелерінің екі тілді білу әрі қолдануы және жаппай қостілділік ‒ халықтың көпшілігінің екі тілді білуі әрі қолдануы;
- аймақтық қостілділік - елдің белгілі бір аймағындағы тұрғындардың екі тілді білуі әрі қолдануы және ұлттық қостілділік - сол ел халқының екі тілді білуі әрі қолдануы;
- табиғи қостілділік - осы тілдерді қолдаушылардың тікелей өзара әрекетінің салдары ретінде екі тілді білуі әрі қолдануы және жасанды қостілділік - екінші тілді үйренуге арнайы және әдейі жасалған шарттардың салдары ретінде екі тілді білуі әрі қолдануы;
- таза немесе үйлестірілген қостілділік - екі тілдің әрқайсысы билингвте бөлек жүйе ретінде болады, аралас қостілділік - екі тіл бір жүйеде бірігеді, - субординативті қостілділік - екінші тілді меңгерудің бастапқы сатысы, оның бірліктері өзінің мағыналық базасын азайтып, бірінші тілдің бірліктерімен арақатынаста болады.
- қосымша қостілділік - билингв біріншідегі тілдік құзыретті жоғалтпай, екінші тілді қолданады және орнын басатын қостілділік - билингв екінші тілді меңгергеніне қарай біріншідегі құзыретті жоғалтады;
- функционалды (мәдени) қостілділік - екі тілді бір халық қолданады, сонымен бірге біреуі - этностық тіл, басқасы - арнайы қызметтерде немесе қарым-қатынастың ерекше жағдайларында қолданылатын этнос үстіндегі тіл және этникалық қостілділік - бір социумда екі тілдің қолданылуы сол тілдерде сөйлейтін екі халықтың арақатынасымен немесе бір халықтың екі тілді қолдануымен байланысты болады [70] .
Б. Хасанұлының 1987 жылы «Казахско-русское двуязычие (социолингвистический аспект) », 1989 жылы «Нациолнальные языки: пойски и перспективы» атты еңбектері жарық көрді. Осы еңбектерде қазақ-орыс қостілтілдігінің пайда болу жолдары, қазақтардың екі тілді меңгеру ерекшелігі нақты сөз болады. Сондай-ақ Қазақстандағы этностардың тіл меңгеру деңгейлері мен тәжірибелері нақты статистикалық зерттеулерге сүйене отырып талданды. Мұнда біртілділік, қостілділік, үштілділік, төрттілділік ұғымдарына анықтамалар беріліп, олардың әлеуметтік лингвистикалық сипаттамалары көрсетілді. Қазақстандық тәжірибеде қостілді, үштілді және төрттілді этнос өкілдерін нақты мысалдармен дәлелдеп берді. 1990 жылдары қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың біршама кең түрде қарастырған проблемасы - қостілділік, көптілділік және диглоссия мәселелерін жан-жақты талдаған тағы да басқа зертеу еңбектері жарық көре бастады. Олардың қатарына төмендегі еңбектерді жатқызуға болады. 1990 жылы жарық көрген А. Е. Карлинскийдің «Основы теории взаимодействие языков» деген еңбегінде тілдердің бір-біріне әсер ету мәселесі, қостілділік, оның пайда болуы және қоғамдағы орны, табиғи және жасанды билингвизм, тілдік ұжым, интерференция, оның типтері, интеркаляция типологиясы т. б. мәселелер қамтылған. Қазақстандағы тіл саясаты мәселесіне қатысты 1990 жылы «Языковая политика в Казахстане и пути ее реализации» атты жинақ жарық көрсе, 1991 жылы қостілділік мәселесін талдаған М. М. Копыленко мен З. К. Ахметжанованың «Психолингвистический аспект двуязычия. Проблемы национально-русского двуязычие» деген зерттеулері қостілділік теориясына қосылған қомақты еңбек болды.
Отандық ғалым, профессор Хасанұлы Б. «Қостілділік - белгілі бір территория көлеміндегі ұлтаралық (этносаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этникалық қауымдастық өкілдеріне, бүкіл қоғамның (социумның) әр түрлі жағдайда екі тілді (әдетте, ана тілі мен екінші бір тілді) алма кезек немесе қатар қолдануы», - деген анықтама береді [71, 132. ] .
Е. М. Верещагин билингвизмнің үш деңгейін ажыратып көрсетеді: рецептивті (екінші тілдік жүйеге жататын сөйлеу туындыларын түсіну), репродуктивтік (оқылған және естігенді қайта жасау мүмкіндігі) және өнімді (түсіну және қайта жасау ғана емес, сонымен қатар «толық мағыналы пікір құру қабілеті». [14] .
Сонымен, билингвизм - бұл «жүйелі түрде екі тілдік жүйеге жататын сөйлеу туындыларын қайта жасауға және қалыптастыруға мүмкіндік беретін психикалық механизм», ал «билингвизмнің лингвистикалық типтері . . . «аккультурацияның» кейбір түрлеріне сәйкес келеді, ал«екі тілдік жүйеге сәйкес келетін дұрыс сөйлеу өндірісін қамтамасыз ету толық аккультурациялық үйлестіру билингвизміне сәйкес келеді . . . » [15] .
Бірақ үйлестіруші билингвизмнен басқа аралас тіл де ажыратылады (бір-бірімен қиылыспайтын екі тілдік жүйені бірдей меңгеру), мұнда екінші тіл ана (бірінші) тілдің бұрыннан қалыптасқан жүйесімен қалыптасады. Осыған байланысты Л. В. Щербаның аралас қостілділікте қалыптасқан тіл әрдайым бірінші тілдің ықпалына түседі, демек, ана тілімен тоқтаусыз күресу керек, сол кезде ғана біз барлық зерттелетін тілдердің өзіндік ерекшелігін түсінеміз деп үміттене аламыз [16] . Л. В. Щерба билингвизмнің бұл түрі туралы айтқанда, қостілділер екі тілді емес, тек біреуін білетіндігін, бірақ оны екі түрлі тәсіл арқылы жеткізетінін түсіндіреді [17] . Бұдан анағұрлым кесімді пікір бар: «Адам өзінің ана тілін жетік білместен басқа тілдерді игеруге қабілетті бола алмайды»[18] . Осы дилемманы шешу үшін «тіл» дегенді қалай түсінетінімізді және «тілдің» нақты әлеммен қандай байланысы бар екенін білу керек?
Тіл үйренушінің жеке тұлға ретіндегі келбеті оның тілдік тұлға келбетімен толыға түседі. Тіл үйренуші екінші тілдің табиғатын таныған сайын, тілдік таңба арқылы санасына жинақтай береді, сөйтіп, санасы да, ойлауы да, тілі де дамиды. «Толық адам» проблемасын көтерген ұлы Абай: «Әлдебіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді», - деп жазады өзінің қарасөздерінде [56] . Атақты ақын М. Жұмабаев та: « . . . адамның толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында», - деп, толық адамның дара тұлғасын қалыптастырудағы тілдің маңызын баса көрсетеді [57] . Р. Сыздық: «Тіл - адамды тұлға ретінде тәрбиелейтін күш, ана тілі - адамды белгілі бір ұлттың, халықтың өкілі етіп шығаратын құрал”, - деп жазады [58] .
Тілдік тұлға ұғымын алғаш рет орыс тіл біліміне белгілі тілші Ю. Н. Караулов [Караулов: 1981, 1987] енгізген.
Лингвистикада тілдік тұлғаның болу мәртебесі, олардың өз дискурсын қалай актуалды етуіне, қандай тілдерді, қандай құндылық бағдарларды, ұстанымдарды ұстауына, қандай өнерлік тұжырымдарды өткеруіне, қоғамда қандай страттардың өкілі екендігіне, этностық топтардың мүшесі болу-болмауына және басқаларына қарай әр түрлі тұлға түрі анықталады, сондықтан зертеушілер тілдік тұлғаның әр түрлі типтерін зерделейді: тілдік (Ю. Ю. Караулов), коммуникативтік В. П. Конецкая), билингвалды тілдік тұлға (К. М. Әбішева), ұлттық тілдік тұлға (В. В. Воровьев), мемлекеттік қызметшінің тұлғасы (Б. Хасанұлы), кәсіби тұлға (А. Г. Баранов), сөйлеу ойлау қызметінде, мінезінде, дискурста, мінез құлқында байқалатын жеке қасиеттерге ие тұлға. Бұл - сөйлеу мәнері басқалардан өзгеше, жеке қасиетке ие тұлға. Лингвистикада осы көзқарас тұрғысынан Ұлы Петрдің (Н. И. Гайнуллина), В. В. Радловтың (К. Ш. Құсайынов), К. И. Бендердің (Т. В. Кочеткова), Катуллдың (Т. Е. Пшенина), Х. Қ. Жұбановтың (А. А. Жұбанова, Ф. Е. Терекова), М. Олбрайттың, (Н. Т. Қаратаева), саясаткердің (Б. С. Кәрімова) және басқалардың тұлғасы қарастырылады. [32]
Ғалымдар «тілдік тұлға» ұғымын түрлі аспектілерде зерттейді:
1) лингводидактикалық (мұнда тілдік тұлғаның екінші тілді менгеру, екінші тіл бірліктерін икемді және қарқынды пайдалану) тұрғысында зерделенеді;
2) психолингвистикалық (тілдік тұлғаның екінші тілде сөз тудыру және қабылдау тетіктері зерттеледі),
3) Стилистикалық (тілдік тұлға тілдің бірліктерін шығармашылықпен пайдалану, оларды функционалды стильдерге сәйкес айту, көркем мәтінді тудыру барысында, түрлі композициялық амалдарды үйлестіре білу тұрғысында қарастырылады) ;
4) лингвистикалық (мұнда тілдік тұлғаның қатынас нормаларын қабылдайтынын не қабылдамайтынын көрсетіп, ой тақырыбына өз бағасын білдіре отырып, мақсатына, ниетіне орай қолданады, сөйлеуші өз дискурсын құрастырады, дискурсын әлеуметтік мәртебесіне, әлеуметтік роліне орай пайдаланады) .
«Аудармашының тілдік тұлғасы» терминін сипаттау барысында біз тек қана нақты тұлға туралы айтпаймыз, себебі «аудармашының тілдік тұлғасы» ұғымы - жиынтық ұғым, ол аудармашылық қызметпен айналысатын тұлғаға ғана тән бірқатар қасиеттерді сипаттайды. Аудармашы тұлғасының жиынтық бейнесін сипаттайтын мұндай қасиеттерге жататындар: біріншіден, екі-үш тілдік кодты менгеруі; екіншіден, белгілі бір тілдік қабілетінің болуы; үшіншіден, екінші тілдік санаға ие болуы; төртіншіден, әлеуметтік мәдени біліктілігінің деңгейі жоғары болуы; бесіншіден, қостілділіктің мәдени және толық типтерін меңгерген тұлға; алтыншыдан, белгілі бір құрылымның болуы; жетіншіден, басқа мәдениетті түсініп, төзетін, оны меңгеру кезінде нормалары мен құндылықтарын игеруі; сегізіншіден, бірнеше қоғамдардың мүшесі болуы; тоғызыншыдан, аудармашылық кәсіби біліктілікті, шеберлік пен білімді меңгеруі; оныншыдан, мәтінді ұғып, оны басқа тілде жеткізу; он біріншіден, ірі мәтін үзінділеріне байланысты репродукциялық қызметті жүзеге асыра білу.
Ең алдымен аудармашыны бірнеше тілді меңгерген тұлға ретінде қарастыратын болсақ, бұл оны билингвалды немесе үшлингвалды тұлға ретінде сипаттайды. К. М. Әбішева билингвалды тілдік тұлғаға мынадай анықтама береді: «Бұл тұлғаның бір көрінісі. Осындай тұлғаның қасиеттері мен мінез-сипаты келесі факторлармен байланысты: а) коммуникативтік-тілдік мұқтаждығымен; б) мәдени-ұлттық және когнитивтік диапазонымен; в) бірінші, екінші коммуникативтік кодтардан дұрыс, жағдаятқа сай тілдік біліктерді таңдай білу қабілеттілігімен» [36] .
Аудармашы билингвалды тұлға ретінде бір-бірінен мүлде бөлек, әрқайсысында өз ұғымдар жиынтығы бар қостілділіктің координатты түрін меңгеруімен сипатталады. Бұл қостілділік түрінде екі тіл бір-бірінен бөлектенеді, әр тілдің өзінің ұғымдарының терімі бар. Екі тілдің грамматикалық категориялары да байланыссыз. Осындай қостілдікті «толық қостілдік» деп атауға болады. Е. Д. Сулейменованың пайымдауынша, «толық қостілділік екі тілді меңгеруді қажет етеді. Бұндай қостілділік өте сирек кездеседі» [72] .
Толық қос тілдік кәсіби шеберліктің жоғары деңгейі ретінде белгілі бір адамдар тобына-жазушыларға, аудармашыларға тән, сондықтан С. Талжанов аудармашының толық, координатты қос тілді меңгеруінің қажеттілігіне назар аударады: «Дәлін айтқанда, қиындықтың ең зоры-екі халықтың әдет-ғұрыпына, өмір түйген тәжірибесіне, қалыптасқан ұғымына байланысты болады. Солардың арасын білдірмей біріктіріп, тігісін жаттықтыру - аудармашының шеберлігінен туады. Оны істеу үшін аударушы оригиналды оқығанда өз тілін, ал соны аударуға бастағанда оригинал тілін ұмытып отыру керек» [73] .
Осындай координатты толық қостілдікті меңгеру аудармашының кәсіби біліктілік талаптарына сай, себебі екінші тілді толық білмеу (екінші тілді ана тілінің сүзгісі арқылы қабылданғанда), аралас қос тілділікте екі тіл жүйесін араластырғанда (сөзді талдау мен синтездердің бірыңғай тетігі болғанда, екі тілдің тек қана үстіңгі қабаттың құрылымдары ғана бір-бірінен ерекшеленеді), екінші тілді дұрыс, толық білмегендіктен интерференциялық қателер пайда болады.
Аудармашы-билингвтің ерекше қасиеті - қостілділіктің мәдени типін меңгеру. Қостілділіктің бұл типі - тоғыспайтын билингвизмнің нәтижесі, онда қоғамның жекелеген жіктері мәдени қызығушылығының, кәсіби қажеттіліктің, беделі мен қажеттіліктен туатын екінші тілді саналы таңдаудың салдарынан мәтіндермен екінші тілде танысады, екінші тілді менгереді.
Қостілділіктің осындай типін меңгеру қос тілді коммуникация жағдайында делдалды қажет ететін қоғамның өзекті сұраныстарынан туады, онда жеке адамның қос тілді білуі қоғамның аудармашыларға сұранысын қанағаттандыруға, сол сияқты кітаптарды, ғылыми мақалаларды, басылымдарды, техникалық әдебиетті бір тілден басқасына аудару жолымен басқа халықтардың мәдени жетістіктері жөніндегі қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz