Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарлары және сабақта ойын элементтерін пайдаланудың әдіс-тәсілдері.
Орындаған: Шаяз Жанерке
Тексерген: Құламанова Зиба
ТАРАЗ 2020
МАЗМҰНЫ
І.Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ.Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
2.1.Қысқа мерзімді сабақ жоспары қандай болуы тиіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2. Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлаудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІІ. Ойын элементтерін қазақ тілі пәнінен тиімді пайдалану жолдары.
3.1.Ойын технологиясы арқылы қазақ тілі пәнінен оқушылардың қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3.2. Сабақта ойын элементтерін пайдаланудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану ... ... ... ... ...12
3.3. Қазақ тілі пәнінен ойын түрлерін қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кiрiспе
Қазіргі таңда, мұғалімдер үшін ең маңыздысы ең өзектілігі болып отырған мәселе - XXI ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды қалай қандай тәсілмен дайындайды? Біз өзімізге Өзгеріс не үшін қажет? Неліктен? Қалай істейміз? Одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді тереңдетуден, шыңдаудан, ізденістен, толықтырудан басталады.
Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі жасап келе жатқан Күнтізбелік -- тақырыптық жоспары - ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар - бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар - ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету - қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзімді жоспар - жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті -- оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін. Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз - оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде не үйренетіндігіне болжау жасайды.
Оқушылардың әрекеттері, деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс. Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндіруге болады.
Зерттеудің мақсат- міндеттері:
Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту;
Оқушының оқуына деген жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;
Қазақ тілі пәнінен ойын элементтерін қолданудың маңызы туралы түсінік беру;
Ойын элементтерінің ерекшеліктеріне сипаттама беру;
Зерттеудің өзектілігі:
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануSа болады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Ойын элементтерін тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. Ойыннан басталады, - десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі -- ойын. Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары қандай болуы тиіс
Кез - келген адам әр түрлі саладағы іс-әрекетті түрлендірілген сипатта орындауы мақсатқа бағытталған жоспардың түзілуімен жүреді. Жоспар конструктивті мақсат пен міндеттерді көздейді. Оның жүзеге асырылуына ықпал ететін құрал ретінде интеллектуалды және еңбек ресурстары анықталады. Іс- әрекеттің жүру барысы мен оның нәтижесінде мақсаттың баянды орындалуы жаңа сипаттағы материалды өнім алу немесе рухани - танымдық сәттерге ие болуды меңзейді.Олай болса, дәстүрлі және қазіргі педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту әдістемесінің заңдылықтарын ашу мен жасау аясында білім беру мазмүнын оқу пәндері бойынша білім алушыларды үйретуге бағытталған дәстүрлі және қазіргі оқыту әдістемесінің жоспарлы мазмұнын пән мұғалімдерінің тәжірибесіне үздіксіз жетілдіріліп ұсынуда. Соның бір үлгісі, жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту әдістемесі - қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспары) болып табылады.Міне, біздің зерттеу жұмысымыз осы қысқа мерзімді жоспарда анықталған тұжырымдамалық және әдістемелік бөлім элементтерінің қисынды, бірізді, жүйелі және пән мұғалімдеріне қолайлы, тиімді түзілуіне әдіснамалық талдау жасап көруді орынды көрдік.
Дидактикада мақсат бірнеше бағытта сипат алады. Солардың бірі - қоғамдық, мемлекеттік, педагогикалық, білім беру мазмұны, танымдық және тұлғалық. Дәстүрлі оқытудың сабақ мақсатында алғашқы төрт түрі кеңінен орын алып келсе, жаңартылған педагогикалық процестің оқу үдерісінде сабақ мақсатында жетекші орын алатын танымдық және тұлғалық мақсат болып көзделуде. Осыған қарамастан аталған соңғы мақсаттардың өзінде мемлекет тарапынан қатаң түрде пәннің оқу бағдарламасында жүйелі мақсат түзіп, оқушылардың қандай танымдық және тұлғалық қасиеттерін дамыту керектігін нұсқаулықпен көздеп отыр. Осы арада мемлекет жүктеуі мен оқушының өз еркімен даму арасында қайшылықтың қалыпасуына алып келеді. Мемлекет тарапынан білім беру мазмұнын өздері анықтап, оны жүзеге асыруға бағытталған оқыту процесінде білім берудің жаңа тұрғыларын, соның ішінде іс-әрекеттік және тұлғалық бағдарлы білім беру моделдерінің тәжірибелерін мұғалімдерге ұсынып отыр. Бұл білім беру тұрғылары жалпы орта мектептің білім беру стандарты мен жаңартылған білім беру мазмұнын білім алушыларға үйрету әдістемесінде анықталған.Олай болса, тұлғалық бағдарлы тұрғыда білім беру моделінің басты идеясы мен принциптерінің жаңартылған білім беру мазмұнында жүзеге аспауы білім беру мазмұнының игеруіне кедергі болуы ықтимал.
Тіл және оның салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі немесе лингвистика тілдің дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы мен гармматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің салаларында өз ара тығыз байланысты.
Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан құрастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны тілді шығуы мен тарих бойында дмуы тұрғысына зерттейтін тіл білімі бар.
Алдындағы сипттама тарихи тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрниялық лингвистика деп аталады.
Жеке бір тілдің жүйесімен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар деп, ғылым ретінде тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі туралы немесе оның дамуының жалпы заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл білімі мен жалқы жеке, нақты тіл білімі бір емес. Алайда, бұл екуінің жалпы т.б мен т.б арасында өзара байланыс пен қарым қатнас әрқашан сақталады.
Тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, оларды тілдерді ғылыми тұрғыдан зертеудің нәтижелерін сүйеніш етеді. Және осылардың бәрән жинақтай келіп, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.
Тіл білімінің жалпы теориялық санасы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдеттебір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректердің, олардың ғылыми тұрғыдан зерттееудің нәтижелерін сүйеніш етеді. Осылардың барлығын жинақтай отырып, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.
Тұлғалық бағдарлы білім беру мен іс-әрекеттік тұрғыда пәннің оқу үдерісін жоспарлау барысында мұғалім білім алушыны субъект ретінде қабылдап, сабаққа тән барлық оқу-танымдық іс-әрекеттерді, пән мұғалімі оқушылармен біріге отырып сабақ мақсаты мен басқа да оқыту құралдарын, іс-әрекеттің түрлерін анықтап шешуді көздейді.Пән сабақтарында білім алушылардың танымдық және тұлғалық қасиеттері дерексіз ақпараттар аясында қалыптасып дамымайды. Оқушылардың бұл қасиеттері нақты оқу пәнінің білім беру мазмұны аясында қалыптасып дамиды. Сондықтан, сабақтың мақсатын қысқа мерзімді жоспарда бірнеше түрге дараламай, оларды бір мақсат шеңберінде шоғырландыра отырып, ықшам, анық, дәл нәтиже алуға бағытталуы абзал. Пән мұғалімі бір сабақтың барысында оқыту мақсатын, сабақ мақсатын, тілдік мақсаттарды және құндылықтарға баулу мақсаттарын толық жүзеге асыру мүмкін емес. Оған себеп, мұғалімінің сабақ барысында аталған мақсаттарды арнайы құралдардың көмегімен тексеріп бақылауға уақыттың жеткіліксіздігі болып табылады.
Тіл - қоғамдық құбылыс сондықтан оны зерттейтін ғылым - тіл білімі де қоғамдық қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады. Қазіргі заманда бір жағынан ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып ғылымды диференция процесі жүріп жатса, екінші жағынан, 2 немесе бірнеше жағынан өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәрәне бірдей қатысты проблемаларды зерттейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.
Ғылым атаулының бәрі даму барысында тіл білімде басқа көптеген ғылымдармен байланысты. Ол ең алдымен қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Себебі тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуы мен бірге дамитын қоғадық құбылыс ретінде қарастырады. Тіл білімі тілдің шығуы мен жасаллуы, дамуын зерттегенде тарих ғылымының деректерін пайдаланады. Ал тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін пайдаланады. Содай - ақ тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланысты. Себебі тіл - талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал архиология болса, ол халықтардың ежелгі кездегі тұрмысы мен әдет - ғұрыпын зерттейді. Содықтан архиология мен этнографияның деректері тіл тарихына қатысты мәселелердізерттеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.
Қысқа мерзімді жоспардың тұжырымдамалық бөлімнің соңғы құрылымдық элементі алдыңғы білім болып көзделген. Алдыңғы білім ұғымы пән мұғалімінің оқыту әдістемесінде өткен сабақтың тақырыбының оқу материалын еске түсіріп, жаңа оқу материалымен байланысын ұштастыруды көздемейді, тақырыптың оқу материалына тән білім алушылардың алдыңғы сыныпта немесе аталған тақырыпқа ұқсас жалпыламалы білім көздерін еске алу, ол білім көзін оқушылардың бойында тереңдетуге және кеңейтуге бағытталады. Өйткені, оқу пәндерінің білім беру бағдарламасы шиыршық тәсілімен құрылуына байланысты нақты білім көздері оқушылардың бойында сыныптан сыныпқа көшу барысында тереңдеп, кеңейіп дамып отыруын меңзейді. Бұл құрылымдық элементті қысқа мерзімді жоспарда белгілеудің қажеттілігі орынсыз деп шешуге болады. Пән мұғалімдері өздерінің сабақ жоспарын құру барысында тақырыптың өзектілігін анықтау кезеңінде білім алушылардың тақырып бойынша түсініктері мен білім көздері бойынша деңгейлерін анықтау оқытудың әдістемелік ережелері талап ететіні белгілі.
Қысқа мерзімді жоспардың әдістемелік бөліміне сабақтың барысы кіреді. Бұл жоспарда сабақтың барысы дәстүрлі сабақ жоспарына ұқсас(кіріспе, негізгі және қорытынды) үш кезеңнен құралған: сабақтың басы, ортасы және соңғы. Сабақ барысының кезеңді атаулары әрине дидактикалық, әдістемелік тұрғыда түзетулер қажет етеді. Педагогика ғылымында оқыту процесіне басқа ғылым, өндіріс, техника, технология, экономика және т.б. салаларынан тасымалданған ұғымдар, терминдер дидактикалық немесе әдістемелік тұрғыда сарапталына өзіне үйлесімді сипатта, бейімді мазмұнда бейнеге, құралға айналып қызмет атақаруы қажет. Осыған байланысты сабақтың басы, ортасы, соңы деген атауларды дәстүрлі сабақ барысының атауларына ұқсас атауларды құру абзал болып табылады.
Қысқа мерзімді жоспардың әдістемелік бөлімі тұлғаға бағдарлы және іс-әрекеттік тұрғыда білім берудің қағидалары мен оқыту әдістемееріне негізделе отырып анықталғаны байқалады. Сабақтың басында білім алушылардың өз беттерімен мұғалімнің көмегімен жаңа білім көздерін меңгеруге бағытталған мақсат пен құралдарды анықтап алуға мүмкіндік көзделсе, сабақтың ортасында іс-әрекеттік тұрғыда білім берудің оқыту әдістемелері орынды айқындалған. Бұл мезетте білім алушылар өзбетімен танымдық іс-әрекеттің қиындықтарын анықтау, оны шешудің идеясын ұсыну, жоспарлау, материалдар мен құралдарды таңдау, тәсілдерді іріктеу, іс-әрекетті репродуктивті немесе продуктивті орындау, орындалған тапсырмаларды бағалау сияқты белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерді орындау анықталған.
Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлаудың тиімді жолдары
Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу - барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті. Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады. Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған орта мерзімді жоспар бойынша мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын дайындайды.
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн.
Тіл ойлау мен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен ойлаудың заңдары туралы ғылым - логикамен, ойлау процестері және олардың тілде көрінуі туралы ғылым - психологиямен байланысты. Тіл білімі философиямен де тығыз байланысты.
Тіл білімі қоғамдықғылымдармен де байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстардың атау және тіл дыбыстарын қабылдау мен тікелей байланысты. Ал бұл процесті дыбыстардың арикуляциясы сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зерттейді. Тілдің күрмелу себептерін медицина ғылымының мамандары, атап айтқанда психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зерттейді. Электронды машинамен аударма жасаудың, информация теориясының және кибернетиканың бірсыпыры мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.Тіл білімі мен әдебиетану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді. Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын - жазушының шығармашылығын зерттеу, оның шығармасының тілі мен стилін зертеуді де қамтиды, өйткені тіл - әдебиеттің бірінші элементі Горкий. Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармй тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып табылады.Тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты.
Біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан, екіншіден, зерттелетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.
Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара қатнасы және т.б проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл біліміне бағыт бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принціпін белгілейді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, философия адамның ойлау процесі, тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Бұл мәселе таяныш етілетін негізгі философиялық позиция тұрғысынан шешілуі тиіс: диалектикалық материализм материя алғашқыда, сана екінші туынды деп есептейді.Тіл білімі логикамен тығыз байланысты.
Логика - ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа шығады. Адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті бола алды. Логикада ойлаудың заңдары, формасы, құрылысы зерттелінсе, тіл білімінде тілдің заңдары мен құбылысы, формалары мен құрылымдық элементтері зерттеледі.Тілдік единицалар сөз, сөйлем ойлау категориялары - ұғым және байымдаумен байланысты болады. Осыдан, сөзді ұғыммен, сөйлемді байымдаумен байланыснда зерттеу міндеті келіп туады.Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология психикалық құбылыстарды зерттейді. Ал, түйсік пен қабылдау, елес пен ойдың, сөйлеу поцесінде және оны қабылдап түсіну процесінде тікелей қатысы бар. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау, пікір алысу, біреудің сөзін қабылдау, оны ұғыну процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді.
Сөздің семантикалық жақтарына, сөз мағынасының ауысуына қатысты құбылыстар да психикалық құбылыстармен астарласып жатады. Мысалы, метафора, метонимия, синекдоха тәсілдері арқылы сөз мағынасының ауысуы ассоциация деп аталатын психикалық құбылысқа негізделеді. Тіл ойды білдірудің құралы ретінде емес, сонымен бірге сезмді де білдірудің құралы ретінде қызмет тқара алады. Эмоцияны білдіру тілдегі сөздерге де, сөйлемге де тән.Психология тілдік құбылыстардың мазмұнын ашып айқындауға көмектесуі мүмкін.
Тіл білімі физиология ғылымдарымен де байланысты. Адам баласының сөйлеуі неліктен? деген мәселе социологиялық проблема ғана емес, физиологиялық проблема ретінде де қаралады.Биолог ғалымдар И.М.Сеченев пен И.П.Павловтың зерттеулерінің арқасында ми мен сөйлеудің әрекеттерін танып білуде қазіргі заманғы ғылым елеулі табыстарға жетті. Жоғарғы нерв қызметінің теориясы шындықты сәулелендірудің адамға тән формасыекіші сигнал жүйесіне негізделетінін көрсетеді.Естілетін және оқылатын сөздер екіші сигнал жүйесін құрайды. Олар сөздер сырттан болатын басқа да тітіркендіргіштер тәрізді әсер етуді де, шартты рефлекстерді тудырады. Сөздердің басқа тітіркендіргіштерденерекшелігі мынада: сөздер бірінші сигнал жүйесін құрайтын нақтылы заттар мен құбылыстардың белгілері, сигналдары болып есептеледі. Демек сөз сигналдардың сигналы ретінде әрекет етеді.Сөйлеу поцесінде жоғары нерв жүйесінде, сезім мүшелері мен дыбыстау мүшелері де бірдей қатысады. Сөйлеу жоғары нерв жүйесінің қызметімен байланысты болса, адамдарда болатын афазия тілдің күрмеленуі ауруы мидың зақымдануымен байланысты. Осылай болғандықтан медицина ғылымының уәкілдері- психиаторлар, дефектологтар, логопедтер сөйлеуді реч жоғары нерв жүйесінің қызметі және мидың қызметімен байланысында қарастырады. Психиотрия, логопедия ғылымдары. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа
алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу
мақсаттарын басшылыққа алу қажет;
-сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы
мақсаттар қою;
-орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді,
ресурстарды мұқият зерделеу;
-мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін.
Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз бола алады, ал олардағы сабақ мақсаттары
әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті,
белсенділігімінезқұлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс деп есептелінеді. Алайда сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмайды. Дегенмен оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз да керек. Оқушылардың басым бөлігі мен кейбір оқушылардың сабақта қандай нәтижеге жететіндігін көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін ҚМЖ құрастыру ережесі қабылданып, ереже педагогикалық кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай жасалынатындығы хақ.
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:
Оқушылар нені білу керек?
Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:
сабақтың тақырыбын анықтау;
әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады. Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді. Тапсырманы орындау барысында мұғалім қалыптастырушы бағалау жасайды: сыныпты аралайды, оқушылардың қалай үйреніп отырғандығын бақылайды, сұрақ қояды, әңгімелеседі, кері байланыс ұсынады, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, оқушылардың үйрену деңгейлері бойынша өзі үшін қорытындылар жасайды, сыныптопжұп жұмысын үйлестіреді.
Тапсырманы орындаудың нәтижелерін жариялау, тексеру және орындалу сапасын бағалау.Қандай әдіс - тәсілді қолданып өткізсек те әрбір сабақтың соңында сабаққа талдау жасап, жақсы жақтары мен кемшік тұстарын анықтап отырудың маңызы зор.
Ойын технологиясы арқылы қазақ тілі пәнінен оқушылардың қызығушылығын арттыру
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор.Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.Ойынның мақсаты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz