Химияны оқыту әдістері
Мазмұны
Кіріспе
1. Химияны оқыту әдістері
0.1 Оқыту әдістерінің классификациясы ... ... ... ... ... .
0.2 Химияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары ... ... ... ... ... .
0.3 Қазіргі кезеңдегі химияны оқыту әдістемесі
0.4
1. Химияны оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану
0.1 Органикалық химия курсында белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін анықтау
0.2 Органикалық химия қурсында оттекті органикалық қосылыстарды оқып- үйренуде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Химияны оқыту әдістері
1.1 Оқыту әдістерінің классификациясы
Оқу-тәрбиелік процесс - мұғалімнің оқыту қызметінің және оқушының оқу қызметінің екі жақты үйлестірілген процесі. Сондықтан оқыту тәсілі деп оқушының танымдық және практикалық қызметін ұйымдастыратын, олардың білім мазмұнын игеруі мен оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатты іс-әрекеттер жүйесін айтамыз.
Дидактика мен жеке әдістемелер тарихы көрсеткендей, оқыту әдістемелері оқыту мақсаттары мен білім мазмұнына тәуелді болып келеді.
Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері - бұл мұғалім мен оқушылардың оқутәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекет тәсілі.
Оқыту әдісі - бұл қоғамның білім беру мекемесіне деген әлеуметтік тапсырысына тәуелді әлеуметтік категория. Себебі ол қоғамның білім беру ұйымдарының алдына қойған әлеуметтік сұранысына байланысты. Оқыту әдістерінің жүйесі білім мазмұнына да байланысты. Білім мазмұнының кезкелген өзгерісі оқыту әдісін таңдауға әсер етеді. Бәрімізге белгілі, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мақсаттары үстем еткен қоғам дүниетанымының әлеуметтік мақсаттрына сәйкес өзгеріп, толықтырылып отырды. Оқушыларда білімдер, іскерлік мен дағдыларды қалыптастырумен қатар, мектеп алдында өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр.
Педагогикада әдіс ұғымынан басқа әдістемелік тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл - бұл әдіс бөлшегі, әдіске қатысты жеке түсінік. Әдіс пен әдістемелік тәсіл ұғымдарын бөлу салыстырмалы түрде қолданылады. Іс-әрекеттің сол немесе басқа бір түрі бір жағдайларда оқыту әдістері болып есептелсе, екінші 69 бір жағдайда - тәсіл ретінде қарастырылады. Егер мұғалім сабақтың дидактикалық мақсаты болып табылатын аспап жұмысының ұстанымын түсіндірсе, онда ол көрсету әдісін қолдануда, ал мұғалімнің көрсетуді сүйемелдейтін әңгімесі - әдістемелік тәсіл болып табылады.
Оқыту әдістерін топтастыру.
Дидактика мен жеке әдістерде оқытудың әдістерінің әртүрлі жіктелінуі бар. Қазіргі уақытта дидактикада біршама қабылданған топтастырулардың бірі - И.Я.Лернер ұсынған танымдық іс-әрекет сипаты бойынша әдістерді топтастыру болып табылады. Мұнда оқытудың бес әдісі бөлініп көрсетіледі:
1) Түсіндермелік-иллюстративтік;
2) Репродуктивтік;
3) Проблемалық оқыту әдісі;
4) Эвристикалық;
5) Зерттеушілік.
Көрсетілген оқытудың жалпы дидактикалық әдістерін екі топқа жіктеуге болады:
1. репродуктивтік (1-ші және 2-ші әдістер) бұл әдістерде оқушы білімді меңгеріп, оны таныс іс әрекеттер арқылы қайталап береді.
2. Продуктивтік(өнімді) (4-ші және 5-ші әдістер)бұл әдісте оқушы жаңа білімді өз бетімен ізденісте шығармашылық іс әрекеттер нәтижесінде меңгереді. Проблематылық оқытуда әзір ақпаратты меңгерумен қатар шығармашылық іс әрекеттің элементтеріде жатады. Сондықтан бұл әдіс екі топқада жатады.
Оқу-педагогикалық қызметтегі іс-әркет тұрғысы негізінде Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін үш топқа бөледі:
1. оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері;
2. оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері;
3. іс-әрекетті бақылау әдістері.
Әдістердің бірінші тобына сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер енеді. Ынталандыру әдістерінің тобына осы топқа тән әдістер: танымдық ойындар, пікірталас, мадақтау т.б. енеді. Бақылау әдістері тобына ауызша және жазбаша тексерудің әралуан әдістері - жеке және фронтальды сұрау, бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, дидактикалық карточкалармен жұмыс т.б. жатады.
Танымдық іс-әрекет сипаты, білім көзі, оқу-педагогикалық іс-әрекетті, ғылымның әдіснамалық тұрғыларының негізінде оқыту әдістерін 5-кестеден көрсетілгендей топтастыруға болады:
Кесте 5.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін топтап, жіктеудің басқа да түрлері көрсетілген. Топтап жіктеудің негізіне оқу үдерісінің кезеңдері, оқушылардың танымдылық белсенділігі мен материалды меңгеру деңгейлері, білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін.
Оқушылар ақпаратты әртүрлі білім көздерінен алады (Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық іс-әрекет нәтижесінде). Осы тұрғыдан білім көзіне байланысты барлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады:
1. Сөздік
2. Көрнекілік
3. Практикалық
Сөздік әдісте басты білім көзі-сөз. Әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция-сөздік әдістер. Сөздік әдіске оқушылардың кітаппен(оқулық, анықтамалықтар, ғылыми әдебиеттер) жұмыс істеуі де жатады.
Көрнекілік әдістер тобына білім көзі-бақылап, зерделеу болатын әдістер жатады. Оқушылар бақылап қарап, оның нәтижесіне эксперименттік фактыларға ой жүгіртіп, талдап, қорытынды жасап, жаңа білімге жетеді. Көрнекілік әдістер тобына демонстрациялық эксперимент пен иллюстрациалық әдіс (суреттер, сызбаларды, кестелерді, механикалық модельдерді, диапозитивтерді, кино-, теле-, видеофильмдерді т.б. көрсету) жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады.
Практикалық әдіс - есеп шығару мен оқушылардың жұмыстары (зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар, үй эксперименті) Осы әдісті қолдану барысында оқушыларда білімдерін есеп шығару үдерісінде қолдана білу білігі мен белгілі-бір экспериментальдық білім мен дағдылар (өлшеу жүргізе білу, өлшеуіш құралдың шкаласының құнын анықтау, электрлік тізбектерді оқып оны құру т.б.) қалыптасады. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің негізгі көз болып табылады.
Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқытудың басқа да әдістері көрсетілген. Әдістерді топтастыру негізінде оқыту үдерісінің этаптары, оқушылардың танымдылық іс-әрекетімен оқу материалын меңгеру деңгейі білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін. Көптеген әдістер бұрыннан белгілі әдістердің бірігіп қолданылатын әдісін береді. Бұның бәрі оқытудың әр әдісінің көп қырлы екенін көрсетеді.
Сонымен оқушылардың білмеуден білуге өтуі мұғалімнің оқытудың әр түрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты.
Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде химияны оқыту әдістемесінің мақсаты - химия мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау.
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Химия сабақтарында көбінесе оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.
Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы.
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:
1) физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон зандары) түсіндіріледі;
2) физикалық құбылыстардың (диффузия, электромагниітік индукция) мәні ашылып, көрсетіледі;
3) физикалық ұғымдар (үдеу, қуат, ішкі энергия) қалыптастырылады;
4) оқу матриалдары қайталанып, бекітіледі (қозғалыс мөлшерінің, энергияның сақталу заңдары);
5) оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері, дағдылары тексеріледі (Архимед күші, динамометрмен өлшеу).
Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, оқу жадыхатын меңгеру процесіне өздері де қатынасады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылайды, мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, бұл тәсіл оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытуға қажетті жағдай туғызбайды.
Әңгімелеу - оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады:
1) физикалық заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) ашылу тарихымен, физик-ғалымдардың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда (бүкіл әлемдік тартылыс заңы, радионы ойлап табу);
2) ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен мектеп оқушыларын таныстырғанда (фотоэффект, атом электр стансасы);
Физикалық заңдар мен кұбылыстардың ғылымда, техникада, өмірде қолданылуын түсіндіргенде (спектр анализі, Архимед күші, капиллярлық); табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын физикалық құбылыстарды баяндағанда (конвекция, шала өткізгіштер).
Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеу және ауызша түсіндіру кездеріңде оқу материалдары әр түрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып керсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет.
Жоғары сыныптарда оқу материалын түсіндіру кейде лекциялық тәсілмен өткізіледі ("Электромагниттік толқындар", физика және техникалық прогресс"). Лекцияның ғылыми мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл, оқушылардың дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді. Мектеп физикасынан лекцияны кез келген тақырыпта және сыныптарда оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың белсенділігін көтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек, оны ірі ғалым-мамандардың оқығаны жөн, оны проблемалық формада құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс. Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де маңызды, әрі қызықгы болады.
Оқушылардың логикалық-танымдық және шығармашылық ойлауы мен қабілеттерін дамытуда сабақтарды проблемалық оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні - оқу материалын түсіндіру үстінде проблемалық жағдай (ситуациялар) туғыза білу. Негізінен, физикадан проблемалық оқытудың формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар:
1)проблемалық баяндау - мүғалімнің проблеманы тұжырымдап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін көрсету (атомның және ядроның құрылысы);
2)проблемалық жағдаят туғызып, оны оқушыларды қатыстырып, бірге шешу (сұйықтардағы беттік керілу);
3)проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін оқушылардың өздеріне ұсыну (сұйық жөне газ тәрізді денелердің диффузясы);
4)проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушылардың өздеріне беру (денелердің суда жүзуі және батуы). Бұл тәсілді көбінесе факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында пайдаланған да орынды.
Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов оқыту әдістерінің жүйесі 10 түрге бөлінеді: 1) ақпараттық; 2) орындаушылық; 3) түсіндірушілік; 4) репрадуктивтілік; 5) нұсқаулық-практикалық; 6) нәтижелік-практикалық; 7) түсіндірмелі-оқытушылық; 8) ойланушылық; 9) жартылай ізденушілік; 10) ізденушілік.
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Даниловтың классикасы бойынша оқыту әдістерінің 4 түрін көрсетеді: білім алу әдісі; оқушылардың ебедейлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; оқушылардың алған білімдерін практикада және шығармашылық істе пайдалану әдісі; оқушылардың білімдерін, ебдейлігін,дағдыларын тексеру әдісі.
Физика сабақтары бағдарламалап оқыту жолымен де жетілдіріліп кіледі. Бағдарламалап оқыту принципінде, оқу материалы жеке элементтерге (порцияларға) бөлініп, сыныптағы оқушылардың қабілетіне қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат алып тұрарлықтай арнаулы бағдарламамен (алгоритм) оқытылуы көзделеді. Программаланған оқулықтар мен тапсырмалар сызықтық, және тармақтық, принцип негізінде дайындалады. Мұндай тәсілді пайдаланудың нәтижесінде оқу жадыхатын бір оқушы шапшаң, ал басқа біреуі баяу меңгереді, оқушылардың өз бетінше оқуына қолайлы жағдай туғызылады, олардың білімдері машинамен объективті тексеріледі және мұғалімге деген жеке басының наразылығы-күдігі болмайды, сабақта электроникалық техника қолданылады.
Бағдарламалап оқыту мен оқушылардың білімін тексеру арнаулы бағдарлама, тапсырма, программаланған оқулық, "оқытатын" және "тексеретін" машиналар арқылы жүзеге асырылады. Өкінішке орай, бұл тәсілдің оқушыларды сөйлетіп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz