Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Хайруллина Алина Кайратқызы
Инновациялық педагогикалық технологиялар арқылы
шет тілін оқытуда шығармашылық қызмет
оқушыларының құзіреттілігін дамытудың негізі ретінде
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Шет тілі мұғалімдер даярлау 5В011900 «Шет тілі: екі шетел тілі»
Орал 2021 ж.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Қорғауға жіберілді
Каф. Меңгерушісі
Л. Ж. Кажыгереева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы :
«Инновациялық педагогикалық технологиялар арқылы шет тілін оқытуда шығармашылық қызмет оқушыларының құзіреттілігін дамытудың негізі ретінде»
«Шет тілі: екі шетел тілі» 5В011900 Шет тілі мұғалімдер даярлау
Орындаған : Хайруллина Алина Кайратқызы
Ғылыми жетекшісі : Чечётко Маргарита Владимировна
Орал 2021 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . . 6
1. 1 Инновациялық педагогикалық технологиялардың классификациясы . . . 6
1. 2 Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар . . . 11
1. 3 Оқыту технологиясындағы инновациялық педагогикалық технология -ларының негізгі қызметтері . . . 17
2. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 22
2. 1 Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы . . . 22
2. 2 Дамыта оқыту технологиялары . . . 30
2. 3 Шет тілін оқушыларының құзыреттілігін дамыту кезіндегі инновациялық педагогикалық технологияларының маңызы . . . 37
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . . 83
КІРІСПЕ
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.
«Технология» термині сол тəсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.
С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме»
түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау
технологиясы, қарым-қатынас технологиясы) ;
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т. б. ) Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т. б. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология - кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялықнегізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко
жəне т. б. ), екіншісі - тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина,
С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т. б. ) . Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды
қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», - делінген. Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т. б. ) . Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушының педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» -дейді. Ендеше «инновация» ұғымы - педагогикалық сөздік қорнына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.
«Инновация» деген сөз - латынның «novis» жаңалық жəне «іп» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет
түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде,
ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация,
инновациялық үдеріс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық
қамтитын) .
«Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең жəне анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инновациялық педагогикалық технологиялардың классификациясы
Оқытудың инновациялық əдістерінің классификациясы мынадай топтарға бөлінеді:
1. Қатысушы саны бойынша;
2. Ұйымдастыру жері бойынша;
3. Оқу-танымдық қызметі бойынша;
4. Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша;
5. Компьютерді қолдану принципі бойынша.
Енді осылардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.
- Қатысушы саны бойынша:
- жеке
- топтық
- ұжымдық
- триада жəне диада болып бөлінедіҰйымдастыру жері бойынша:
- Аудиториялық
- Аудиториялық емес:
- жоспарлы,
- экскурсиялықОқу-танымдық қызметі бойынша:
- Имитациялық
- Ойын
- оқуіскерлік
- ойының жағдайы
- белсенді режимдегі тренинг
- ойын рәсімдері және әдістері
- Ойын емес
- case-study
- ТРИЗ
- Имитациялық емес
- мәселе бойынша дәріс, дәріс-пресс-конференция
- іскерлік ойын
- ойынның жағдайы
- белсенді режимдегі тренинг
- ойын рәсімдері және іс-әрекеттерінің үлгілері бойынша:
- Әрекеттердің және пәндердің әртүрлі белгілері бойынша сараптама жасау
- Әлеуметтік-психологиялық, басқару, зерттеу және инженерлік-жобалау есептерін шығару
- Келіспеушілік, басқару жағдайларындағы әрекеттердің тактикасын талау
- Көңіл қабілеттілігінің, ойлау тездігінің демонстрациясы және тренинг арқылы дамыту
- Нысандарды жобалау және конструкциясын жасау
- Құрылымдарды және үдерістерді қолдану принципі бойынша:
- Дербес компьютерсіз
- Компьютерлік ойындар
- Компьютерлік бағдарламалар негізінде
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Əрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жəне өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті əдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар - əрбір оқушының жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Бір технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде əдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мəлім. Сондықтан білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.
- Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту;
- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі
- Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу;
- Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату;
- Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту
- Дидактикалық
- Тәрбиелік
- Дамытушылық
- әлеуметтендірушілік
- білім, білік, дағдыға ие қылу;
- өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру;
- танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту
- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- жеке мәліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау)
- білім, білік, дағдыну меңгерту;
- мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
- барлық баланы табысты оқыту
- әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
- оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау
- әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
- оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекщелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау
- ғылыми негізіде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру
- баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту;
- ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту;
- жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау
- барлық оқушыны стандарт деңгейіне оқыту;
- балалардың бойында дарындыларды тәрбиелеу;
- жан-жақты дамыту;
- дербестікке тәрбиелеу;
- бала санасындағы нәрселер әлем мен ойлау әрекетінің бірлігі
- бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т. б. қасиеттерді дамыту.
Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі
Д. В. Эльконин - В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы
- жеке адамының жоғары дәрежеде дамуы;
- жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасау;
- теориялық ой мен сана қалыптастыру;
- балаларда білім, білік, дағдыны ғана қалыптастырып қоймай, ой-әрекеттерінің әдістерін де қалыптастыру;
- балалардың оқу әрекетіне ғылыми таным логикасын енгізу.
- оқытудың тұтас технологиясын жобалау;
- алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үдеріс туғызу;
- мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру
Педагогикалық технология - педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары;
ə) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, əлеуметтік жəне табиғатқа сəйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984. )
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуальды білім беру жəне кибернетика элементтерінен тұратын пəнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр.
Педагогикалық технология саласындағы теориялық жəне практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі - педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминологиялық тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік, эвристикалық, креативтік деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз.
Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты. Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады. Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дəуірге дейін жиналған білім атаулының бəрі, оқушыға жетерлік дəрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға əкелу мəселесі назарға алынады.
«Жаңа педагогикалық технология» - əрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тəсілі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту
формасын, əдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үдерісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
«Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сəйкестендірілген. Осы заңның 8 бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кəсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық келбеттерінің қалыптасуына əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
1. 2 Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық қарым-қатынас
достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға əділдігіне;
- білім көрсетудің əділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқытудың басты сипаты - мақсатты нəтиже. Қоғам талабы да - нəтижелі оқушы даярлауда болып отыр. Деңгейлеп оқыту түрлері. Қараевтің деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне жəне оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей - мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) эвристикалық деңгей - оқушы өзі ізденіп, қосымша əдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) шығармашылық деңгей - оқушының таза өзіндік шығарма- шылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту əр оқушының белсенділігін оятады.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау əдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тəсілдеріне талдау жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп, мұғалмнен, сыныптастарынан қосымша материалдардан білім жинайды.
Өзіндік əдісті жүзеге асыруда мына мəселелер көзделеді:
1) бастауыш сынып оқушыларының жеке ерекшеліктерін
зерттеп, типтік топтарға бөлу;
2) бастауыш мектептің оқу үдерісінің барлық сатыларында əр
түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тəрбиелеу жəне дамытудың
əдістемелігін жасау;
3) əр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың
жүйесін құру;
4) білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz