Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тасмахамбет Наргиза Махамбетқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультетінің 3-курс студенті
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Түйін: Баяндамада Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер туралы баяндалып, қазақ даласындағы қазіргі таңдағы музейлер орны туралы жаңа сипаттама берілген. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы музейлер тарихы мен музейлердің даму үрдісі ұсынылған. Сонымен қатар, қазіргі музейлердің даму қарқыны мен қазіргі музейлер туралы тың ақпарат берілген.
Кілт сөздер: Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер, Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі.
Кіріспе
Баяндаманың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер туралы баяндалып, қазақ даласындағы қазіргі таңдағы музейлер орны туралы жаңа сипаттама беріліп, айқындалады.
Баяндаманың өзектілігі. Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлерінің бірі - "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі. Музей, 1089 жылдың 28 тамызында "Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешен музейі" ашылып, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы бойынша 1978 жылы құрылған "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылған болатын. 1978 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық музейінің құрамында сегіз музей жұмыс атқарады. Күн сайын көптеген адамдар саны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат ете келіп, көне тарихымыздың куәсі болып табылатын жәдігерлермен танысып, мәдени-рухани өсіп отыратыны белгілі. Сегіз музейде өздерінің тақырыбына сай экспозиция залдары бойынша жан-жақты зерттелген материалдар көрсетуге қойылған.
1990 жылдар Қазақстан музейлерінің тарихында музейтанушылардың ойымен Г.Ш.Файзуллина екі түрлі жағдайды көрсетті.
біріншісі - музейдің қаржы жағдайын көрсететін күрделі экономикалық ахуал жылдары,
екіншісі - музейлердің жаңа үрдістерінің пайда болуы және тәжірибе жинау жылдары.
1991-2005 жылдар аралығында Қазақстан музейлерінде интерактивтік және виртуальдік әдістерге қызығушылық арта түсіп, авторлық балалар музейлері, үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуы, ерекше бағалы топтамаларға рұқсат ету арқылы музей мәртебесін көтеруге ұмтылумен ерекшеленді. Сонымен қатар, елімізде соңғы жылдары көне қоныстар мен калашық орындарында қорық-музейлер ашуға және тарих пен мәдениет ескерткіштерін, археологиялық жерлерді, туристік жолмен пайдалану, музей ісі мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады.
Елімізде 2002 жылдары маманданған музей журналдары шығарыла бастады. Ол журнал Қазақстан музейлері деп аталды, алғашқы саны 2002 жылы желтоқсанда жарық көрген болатын. 18 мамыр - Халықаралық музей күні, музей қызметкерлері үшін, мамандар үшін келушілерге музей әлемін жаңа қырынан көрсетудің мүмкіндігін береді. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы музей үшін ежелден келе жатқан ата дәстүрін насихаттаудың бір көрінісі. Бұл күні бүлдіршіндер үшін, төменгі сынып оқушыларына, Қыдыр Ата, Алдар Көсе, Жиренше, Тазша бала ертегілердегі батырлар болып киінген музей қызметкерлері құнды жәдігерлермен таныстырып, музейге келген баланың ерекше бір ертегілер әлеміне кіріп, өз елінің жыр, ертегілеріндегі кейіпкерлермен кездесуіне жағдай жасайды. Мұны музей педагогикасындағы ойын әдісі десек, бұл әдістің арнайы экскурсияларды жүргізуде орны ерекше.
Баяндаманың зерттелу деңгейі. Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі-тарихи архитектуралық кешен. Ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, Түркістан пірі атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап Әмір Темір кезінде салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1991 жылы ашылған. Бүкіл түркі жұртының, мұсылман қауымының қадір тұтатын киелі орны. Қожа Аҳмет Ясауи кесенесі - Қазақстандағы бүкіл әлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш.
Қорық музей Түркістан қаласында көне Жібек Жолы бойында орналасқан. Қорық музейдің құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Осы аймақта 8 тарихи ескерткіш музейлендіріліп, халыққа өз қызметін көрсетіп жатыр. Күн сайын көптеген адамдар саны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат ете келіп, көне тарихымыздың заттай куәсі болып табылатын құнды жәдігерлермен танысып, мәдени-рухани өсіп отыратыны белгілі. Аталған сегіз музейде өздерінің тақырыбына сай экспозиция залдары бойынша жан-жакты зерттелген материалдар көрсетуге қойылған.
Келушілер "Қылует" жер асты мешітін, "Жұма мешіт", "Шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Музей менеджменті
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Қазақстан музейлерінің дамуы
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Ақтөбе облыстық музейлердің бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі
ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайының ақпараттар жүйесін құру
Алматы қаласы тарихының музейі
Пәндер