Ұлттық ойындарға анықтама


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе бөлім

1. Ұлттық ойындарға анықтама

1. 1. Ұлттық ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері

1. 2. Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі

1. 3. Ғалымдардың ұлттық ойындар туралы ой-пікірлері

2. Іс-тәжірибеде қолданылуы.

2. 1. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі

2. 2. Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолданылуы

2. 3. Ғалымдардың ой-пікірлері

ІІІ. Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл-күйі, баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады. Физика, химия, тарих т. б. пәндерімен байланысып білім - білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.

Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.

Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Педагог әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуім ше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

«Аламан бәйге», «Алтыбақан», «Арқан тарту», «Ақ сүйек», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Жамбы ату» . . . Санамалай берсеңіз, қазақтың ұлттық ойындары осылай жалғаса береді. Біздің алға қойған мақсатымыз халқымызға тән осынау ұлттық ойындарымызды тізіп шығу емес. Керісінше, ата-бабаларымыз бұдан сан ғасыр бұрын ойлап тауып, уақыт өте ұрпағына қалдырған ұлттық ойын түрлерінің маңызы мен мәнін саралап, дәл осы ойындарды жаңа ғасырда жаңаша пайдалануды бұлжымас дәстүрге айналдырсақ деген ой-пікірді иісі қазақ басшылардың есіне салсақ деген ниеттен туындап отыр. Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады. Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша дарынды һәм білімді болғанының дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, жасөспірім балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен «өрнектеліп» те отырған. Өлең-жыр арқылы ата-бабаларымыз ойынның эстетикалық әсерін арттырып қана қоймай, бүлдіршіндердің өлең-жырға деген ықылысын оятып, дүниетанымын арттыра білген. Тіпті қайсыбір ойын арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып, шынықтыруды мұрат еткен. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.

Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал енді бір ойын қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің таптырмас құралы екендігін дәлелдейді. Өкінішке қарай, қазіргі күні біз маңызы зор ұлттық ойындарымыздың тек бірен-саранын («Аламан бәйге», «Көкпар», «Алтыбақан») ғана игере алдық. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «Тоғызқұмалақ», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Хан дойбысы» секілді түрлерін спартакиада, олимпиада ойындарына қысылмай-ақ қосуға болады. Мысалы, қазақтың ұлттық ойыны «Жамбы ату» бүгінгі күні олимпиада құрамындағы биатлоннан еш кем емес. Тек біздің Спорт және туризм министрлігі дәл осы «Жамбы ату» тәрізді ұлттық ойынымыздың мән-мағынасын терең түсініп, оны шетелдіктерге жеткізе білсе болғаны. Әйтпесе, біздің қаншама ұлттық ойындарымыз әлемдік додалы жарыстар өткізуге сұранып-ақ тұр. Ең бастысы, өзге ұлттың ойындарына өзеуремей, өзіміздің ұлттық төл ойындарымыздың беделін көтере білсек болғаны. Амал не? Бұл тұста әлі күнге қимылымыз шабан. Бізді бәрінен бұрын мәселенің осы жағы толғандырады, - дейді тарихшы - этнограф ғалым Бабақұмар Ғинаят.

Жастардың ұлттық сана-сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша. Оның ішінде қазақтың ұлттық спорт түрлерiнiң қатарына жақында қосылған қазақтың «хан дойбысы» ойынын атап өтуге болады. «Хан дойбысы» - мемлекет тiзгiнiн ұстаған хандардың, билердiң арасында кең тараған ойын түрi. Хан, би секiлдi лауазымды билікте болған бабаларымыз өздері өмір сүрген кезеңде бұл ойынды тек ойын тұрғысынан емес, ел басқарудағы саяси құрал ретiнде де пайдалана білген. Табылғанына көп уақыт болмаса да, «Хан дойбысы» ойыны қазақы «мiнезiмен» бiраз жанның жүрегiн жаулап алды. Бір қуантарлығы, қазіргі уақытта ойынның осы түрiн насихаттауға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жастары атсалыса бастады. Үстіміздегі жылы "Азиада-2011» ойындары шеңберінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай қазақтың ұлттық ойыны «Хан дойбысынан» тұңғыш рет турнир өткізілмекші. Бұл әрине, дүйім жұрт болып құптайтын бастама! Қазақ халқы ежелден жылқы малын айрықша қастерлей білген. Ал олардың сәйгүліктерге деген ынта-ықыласы ат ойындарына сүйіспеншілікті арттыра түскені даусыз. Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде ат ойындарының ерекшелігі мен маңызын айтып жеткізу тіпті де мүмкін емес. Бір таңданарлығы, ертеректе әр жігіт, тым болмағанда, ат сайыстарының бір түріне қатысып, жүзден жүйрік шығуды аңсаған. Халқымыздың жер тарпыған сәйгүліктерді жақсы көргені соншалық, оларға «тіл-көз тиеді» деп қорыққан. Сондықтан бәле-жаладан сақтану үшін бәйгеге қосатын тұлпарларды ешкімге көрсетпей, үстіне жабу жауып, жануардың құйрық-жалын өріп, әр жеріне үкінің қауырсындары мен тіл-көзден сақтайтын тұмар таққан. Әдетте, шабандоздыққа 8-14 жас аралығындағы жасөспірім балаларды дайындаған. Тіпті қазақ қыздары да жорға жарыстарына қатысып, шабандоздықты өздеріне серік еткен. Өкініштісі, әзірге той-томалақтарда ат шаптырып, бәйге ұйымдастырып, жеңімпаздарға сый-сияпат жасағанға, Ұлттық банктің 2008 жылы 6 қыркүйекте номиналы 500 теңгелік «Қыз қуу» теңгесін айналысқа енгізгеніне мәзбіз. Сонда ежелден халқымыздың қанына сіңген, сонау ғасырлар қойнауынан жаңа заманға жеткен ұлттық ойындарымызды өзіміз түгендемесек, кім түгендейді? Тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындарымызды бүгінгі ұрпақтың бойына неліктен сіңірмеске?! Ұрпағының ұлт болып қалыптасуын ұмытпаған елдің ғана көсегесі көгеретінін ұмытпайық, ағайын!

Ұлттық ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері

Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т. б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. [4]

Қазіргі кезеңде математиканы оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер мен тәсілдер мектепте математика пәнін оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», В. В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері», «Блум таксономиясы» т. б[7]

Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану

- бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады.

Сондықтан сабақты ойын тәсілімен өткізу - математиканы сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі.

Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым.

Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С. Л. Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды. [14]

К. Г. Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:

Қажеттілік - мотив -мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже.

Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:

а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:

ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;

б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;

в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.

Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынандай пікір айтады.

Белгілі педагог Ю. К. Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А. С. Гуревич, А. В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н. Н. Скатова,

Р. И. Половникова, В. К. Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.

Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады.

Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:

1) мақсат қою;

2) жоспарлау;

3) мақсатты жүзеге асыру;

4) адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.

С. А. Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:

1) еркін дамыйтын әрекет;

2) шығармашылық әрекет;

3) тікелей немесе жанама ережелер.

Ойынның дидактикалық үрдісте атқаратын көптеген функциялары бар. Олар:

1. Әлеуметтену.

2. Ұлтаралық араласушылық функциясы.

3. Ойында өзін ұстай алу функциясы.

4. Ойынның коммуникативті функциясы.

5. Ойынның диагностикалық функциясы.

6. Терапевтік функциясы.

7. Жөндеу функциясы.

8. Сауықтық-ойын функциясы.

Ойын-бұл да әрекеттін бір түрі оны қолдану барысында оқу міндеттері ашылады. Ептілік пен дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз ету шешімі, оқу жағдайы немесе мұғалімнің құрастырған жағдайы белгілі мәселе қою арқылы оқу тапсырмаларында түсіндіріледі.

Ойын- әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.

Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан, бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі.

Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы жарыста өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін жақсартуға тырысады. [6]

Ойын мектептегі білімнің жеке бағыт алу негізі болып табылады. Ойынның атқаратын міндеттері:

-психологиялық; эмоциялық дәрежесінің мүмкіндігін арттырады және шаршағанды басып, сергітеді.

-психотерапиялық; баланың өзіне және басқаларға деген қатынасы өзгереді, психологиялық көңіл-күйі, қатынас тәсілдерін өзгертуге көмектеседі.

-технологиялық; тиімді ойлау өрісінен біртіндеп шығаруға рұқсат ете отырып қиал өрісіне шынайы әрекетті қайта енгізу.

Оқушы ойнағанда өзін қауіпсіз, қолайлы және дамуына қажетті психологиялық еркіндікті сезінеді

Ойын технологиясының мүмкіндіктерін талдау кезінде жалпы көрсеткіштерге бөлуге болады: танымдық әрекетке белсенді қатысуға деген оқушы ұмтылысы; әрекет субьектісі ретінде өзінің жеке қайталанбас тұлға, өте сиректігін жете түсіну; оның әрекетті түрлерін тандау мүмкіндіктерін қабылдау

Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы; ойын қойылымдары; рольдікпозициялар; альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері; жобаланған нәтижелер; бағалау критерилері; сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әр түрлі ыңғайы бар: өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің мінезіне қарай; ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т. б. ойындар қолданылады.

Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

  1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
  2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
  3. Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық
  4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т. б

Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.

Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді) . Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.

Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.

Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:

-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту

-жағымды ойлай білу ептілігі

-өзара әрекет етуді ұйымдастыру

- шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру

Ойын технологиясының оқытудың сатылары:

  1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу
  2. Баяндалған дайын обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу
  3. Топ жобаларын бағалау:ұсынылған жобаларды талқыға салу
  4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау. [6]

Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. [1]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер - адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі
Компьютердің бала денсаулығына кері әсері
Компьютерлік ойындардың бала психикасына кері әсері
Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану
Компьютерлік ойындардың мінез - құлыққа агрессивті әсер ету проблемалары
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Халық ойындар теориясы мен проблемасының педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі
Тұрақты сөз тіркестері
Компьютерлік ойындармен әуестенетін жеткіншектердің агрессивтілік мәселесі
Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz