Дамыта отырып оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФакультетИнститут: Ұстаз институты

Кафедра:Химия-география

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Химияны оқыту әдістемсі

Тақырыбы: 8-сынып химияны оқытуда ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып оқыту

Студент Шәкір Бекзат__ Тобы ХБ-18-1 _______________
аты-жөні қолы

Жетекші Химия-география кафедрасының
аға оқытушысы___________________ Менлибекова А.Т.
қызметі аты-жөні

Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __ ____________________
қолы

Жұмыс қорғалды ____________________20____ж. бағасы ___________

Комиссия мүшелері: Таубаева Р.С.PhD, доц. _________
(аты-жөні, қызметі) (қолы )
Айдарова А. аға оқыт., химия магистрі _________
(аты-жөні, қызметі) (қолы )
Сарыбаева Ж. аға оқыт., химия магистрі _________
(аты-жөні, қызметі) (қолы )

Тараз 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Химия-география

Тапсырма
курстық жоба (жұмыс) студенттер тобы үшін Шәкір Бекзат
аты-жөні
1.Тақырыбы:8-сынып химияны оқытуда ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып оқыту
2.Тапсырма бойынша арнайы нұсқау:

3. Есеп айырысудың негізгі бөлімдері және түсіндірме жазба (жұмыс)
Орындау кестесі

% кестесі
Орындау уақыты
Кіріспе
5%
қыркүйек,2020 ж.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
10%
қыркүйек, 2020 ж.
Ойын технологиясы, мақсаты, ерекшелігі
15%
қазан, 2020 ж.
Ойын арқылы оқыту технологиясының сапалылығы
10%
қазан, 2020 ж.
В.В.Николина жүргізген зерттеу технологиясы
10%
қазан, 2020 ж
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
Оқытуда қолданылатын ойын түрлері
20%
қараша, 2020 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
8-сыныпқа химияны оқытуда ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып, Химиялық көңілді тапқырлар кеші атты ойын сабағын оқыту әдістемесі
20%
қараша, 2020 ж.
Қорытынды
5%
қараша, 2020 ж
5. Жобаны (жұмысты) құжаттау
5%
қараша, 2020 ж.
6. Қорғау
100%
қараша, 2020 ж.

Тапсырма ___ ____2020ж. Кафедра мәжілісінде бекітіліді. Хаттама №__
Жетекшісі: Менлибекова А.Т. _______________
(аты-жөні) (қолы)
Тапсырма орындауға қабылданды: ______ 2020 ж. _______________
(студенттің қолы)

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-6
1.1 Ойын технологиясы, мақсаты, ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..6-7
1.2 Ойын арқылы оқыту технологиясының сапалылығы ... ... ... ... ... ... . ...7
1.3 В.В.Николина жүргізген зерттеу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... .7-8
1.4 Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-10
1.5 Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.6 Ойын арқылы оқушы нені меңгереді? ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 11-12
1.7 Оқытуда қолданылатын ойын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-14
2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 8-сыныпқа химияны оқытуда ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып, Химиялық көңілді тапқырлар кеші атты ойын сабағын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...22

КІРІСПЕ
Ойын -- балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады -- А. С. Макаренко
Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -- білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Олай болса, ескі сүрлеуден арылып, жаңа жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау:
-- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу
-- деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау
-- оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Әрбір ұстаздың мақсаты -- сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл -- ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта -- ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана, әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады.
Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өткен жөн. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Ойын түрлері: ұлттық, дидактикалық, грамматикалық, логикалық. Ақсүйек, Көкпар, Ханталапай, Арқан тартыс, Мың бір мақал, Сергіту сәті, Сөз құрау, Жұмбақ есеп, Әріпті кубиктер.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады [1].
Курстық жұмыстың мақсаты -- сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мен өз іс - тәжірибемде химия сабағын ойын түрінде оқыту технологиясынсын қолдандым. Себебі қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді жан-жақты тереңдетіп беру. Мұндай жағдайда мұғалімнің алдында үлкен мәселе: оқушыны қалай шашаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл -- ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта -- ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Ойын - артық күштен арылу жолы. (Ж.Шиллер)
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - Экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту [2].
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар:
* Дамыта отырып оқыту әдістемесі;
* Тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту;
* Деңгейлеп оқыту технологиясы;
* Тесттік жүйемен оқыту;
* Мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту;
* Ойын технологияларын қолдану;
* дискуссия сабақтары;
* топпен жұмыс;
* лекция-семинар сабақтары;
* проблемалық оқыту әдісі;
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқытудың әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.
1. Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
2. Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.
3. Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймын.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі - сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету - адамның негізгі іскерлік қасиеттері. Ойын - әрқашан шағын білім, ол шағын білім бола отырып, баланы білім алуға еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш немесе көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әрқилылық нәр береді, сабақты қызықты етеді, оған эмоциялық бояу береді.
1.1 Ойын технологиясы, мақсаты, ерекшелігі
Ойын технологиясы дегеніміз - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория болып табылады.
Ойын түрінде оқытудың мақсаты: жеке - қызмет түрінде білімді, біліктілікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.
Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:
Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.
Іске асыру құралы: Оқушылардың шығармашылық қызметін ойын әдістері арқылы қызықтыру.
Қазіргі таңда ойын - қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады.
Жеке технология ретінде;
Оқу пәнінің бөлімін, тақырыбын ұғып меңгеру үшін;
Кең көлемді технология бөлігі ретінде ;
Сабақ ретінде, не болмаса оның кезеңдері кіріспе, түсіндіру , бекіту, жаттығу орындау, бақылау;
Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы.
Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі;
Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;
Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, оқыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;
Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.
Ойындарды дене (қозғалыс), ой-өрісі (ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.
1.2 Ойын арқылы оқыту технологиясының сапалылығы
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті - оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да, адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгі ғасыр, ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтарға бөлінеді:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту.
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
3. Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық;
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету.
Ойын әдістемесі бойынша пәндік, сюжеттік, іскерлік, рольдік, имитациялық, драмалық болады.
1.3 В.В.Николина жүргізген зерттеу нәтижесі негізіндегі ойын технологиясы
В.В.Николина жүргізген зерттеу нәтижелері негізінде ойын технологиясының бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен:г
-Мотивациялық. Балалардың іс-әрекеттің мазмұнына, үрдіске деген қатынасымен байланысты олардың ойынға қатысу мотивін, қызығушылығы мен қажеттілігін көрсетеді.
-Бағдарлаушылық. Балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттің, адамгершіліктің, құндылықтың мақсатын түсініп, қабылдауымен байланысты болып келеді.
-Мақсаттылық.
-Мазмұндық-тәсілдік. Балалардың күнделікті мектепте оқытылатын оқу материалының мазмұнын меңгеруін, сонымен қатар, олардың өздерінде бұрыннан бар білімді және іс-әрекет тәсілдерін тірек ете білу қабілетін көрсетеді.
-Құндылық-еріктік. Танымдық белсенділіктің нақты мақсатқа бағытталуын қамтамасыз ете отырып, зейінді шоғырландырады және ойынға эмоциялық өң береді.
-Бағалаушылық. Ойын нәтижесінің ойынның мақсатымен үйлесіп келуін қамтамасыз етеді. Яғни, баланың танымдық іс-әрекет барысында тиісті ақпараттарды (білім, іскерлік, дағды) жүйелі меңгеруі жатады [3].
Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді. Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.
Ойын еңбекпен, біліммен қатар адамның болмысының негізгі түрлерінің бірі, ойын бұл ынтамен өзін-өзі басқару қаланып, жетілетін қоғамдық тәжірибені жандандыруға және меңгеруге бағытталған жағдайлар шартындағы қарекет түрі.
Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық (оқытушылық), тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді.
Дидактикалық (оқытушылық) - оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, өтілген материалды қорыту және бекіту;
Тәрбиелік - ойын барысында дүниеге эмоциялық - құндылықтық қарым - қатынасын қалыптастыру;
Дамытушылық - бітірушінің барабар әлеуметтік өзін - өзі бағалауын қалыптастыру үшін жалпы адамзаттық қабілеттерін дамыту.
Педагогикалық ойындар қарекет бойынша: физикалық, интеллектуалдық, еңбектік, психологиялық, әлеуметтік болып бөлінеді.
1.4 Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады.
Дидиктикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында - көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуда бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта-ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі - сергіту сәті. Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: Ұзын құлақ сұр қоян, Тербеледі ағаштар, Сырғанақ тебу, Алып атам күрегін т.б. сергіту ойындары. Мұндай сергіту сәттері баланың мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.
Қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да, мақсаты біреу - ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді, ойнай отырып білім көрсеткішіне өз үлесін қосады.
Ойын сабақтың 15 уақытын қамтиды. Оқыту үрдісінде - көзбен көрген (тәжірибе,оқу): есте сақтау ақпараты - 50%.Құлақпен естіген ақпарат - 10% ғана есте қалады, оқушының өзі қызығып, қатысқан (ойын) жағдайда - 90% ақпарат жадында қалады екен.
Ойында барлық сезім мүшелері күштеусіз, ерікті түрде іске қосылады. Бала шығармашылықпен жұмыс істейді. Оқушы белсенділігі 100%-ға артады. Білімді ширақ оқушылар белсенді көшбасшы ретінде әрекет етеді. Басқа балаларға оның сөзі маңызды болып, соларға бағынады. Жарысу, уақыттың қысқалығы, бір-бірімен ақылдасу-барлығы пәнге қызығушылықты арттырады.
Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций: Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін дейді. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: Ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше: Ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік--мотив--мақсат--ойын іс-әрекеті--нәтиже [4].
Егер химия сабағында: ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса; берілген уақытты тиімді пайдаланса, тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, күтілетін нәтиже: сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. Оқушылардың химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады.
Ойын әрекеті балалардың өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ маңызы зор. А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Қазақтың ұлттық ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, химия пәнін оқыту барысында (Сақина тастау, Ақ сүйек, Теңге алу, Көрші-көрші т.б.), баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Химия пәні бойынша ойын типтері: жаттығу, танымдық, сюжеттік-рөлдік, шығармашылық т.б. болып бөлінеді, қолдану мақсатына қарай: білімді қабылдау мен бекіту кезінде, білімді белсенді меңгеруге оқушыларды ынталандыру үшін, білімді үйлестіру, өз бетінше білім алуға және оларды шығармашылықпен қолдануға ынталандыру үшін қолдануға болады.
Химия пәнін оқытуда жиі қолданылып жүрген рөлдік ойын түрлері:
(іскер-ойын сабақ, КВН, сот-сабақ, интеллектуалдық ойындар т.б.), тренажер - ойындар (логикалық тізбек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Алгебра элементтерін дамыта оқыту (4-сынып)
Пәндер