Қазақстандағы урбанизация мәселесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті « Философия және Саясаттану»

Кафедрасы «Саясаттану және Саяси технологиялар»

СӨЖ

Тақырыбы : Қазақстандағы урбанизация мәселесі (мақала)

Орындаған:Жолаушыбай А. Е

Тексерген: Абдигалиева Г. К

Алматы 2021ж

Қазақстандағы урбанизация мәселесі

Аңдатпа. Мақалада Қазақстанның урбанизация мәселесі бойынша ішкі көші-қон үрдісінің еңбек нарығы мен халықтың өмір сүру деңгейіне ықпалы қарастырылған. Қала тұрғындары санының өзгеруі талқыланып, мигранттар ағымы мен еңбек нарығы және рецепиент-қалалардағы өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс нақтыланған.

Түйінді сөздер: урбанизация, ішкі көші-қон, жұмыссыздық, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар, халықтың өмір сүру деңгейі.

Аннотация. В статье рассматривается влияние процесса внутренней миграции Казахстана на рынок труда и уровень жизни населения по вопросам урбанизации. Анализируются процессы изменения численности городского населения, выявляются взаимосвязи между притоком мигрантов и состоянием рынка труда, а также ключевыми показателями уровня жизни в городах-реципиентах.

Ключевые слова: урбанизация, внутренняя миграция, безработица, самозанятое население, уровень жизни населения.

Abstract. The article examines the impact of the internal migration process in Kazakhstan on the labor market and the standard of living of the population on the issues of urbanization. The article analyzes the processes of changes in the urban population, identifies the relationship between the influx of migrants and the state of the labor market, as well as key indicators of the standard of living in recipient cities.

Key words: urbanization, internal migration, unemployment, self-employed population, living standards.

Кіріспе

Урбaнизация - қaлaлaрдың, қaлa хaлқының өсуінің, олaрдың қоғaм дaмуындaғы рөлінің aртуы және ірі қaлaлaрғa, бaсқa дa халыққa тән белгілердің, ерекшіліктердің, өмір сaлтының тaрaлуының әлеуметтік процесі.

Урбaндaлу - лaтынның urbs - қaлa сөзінен шыққaн. Негізінен қaлa хaлқы сaнының өсуін aйтaды.

Урбaнизaция процесі мынaлaрғa бaйлaнысты:

- aуылдық елді мекендердің қaлaғa aйнaлуы;

- aуқымды қaлa мaңы aймaқтaрының қaлыптaстыруы;

- aуылдық жерден (провинциядaн) қaлaлaрғa мигрaцияның aртуынaн.

2050 жылға қарай Жер шарындағы халықтың үштен екісі қалаларда өмір сүреді. Қазір күн сайын шаһарларға 180 мыңдай адам көшіп жатыр. Дамыған мемлекеттерде қалалықтардың саны жылма-жыл 60 млн адамға көбеюде. Мұндай деректі БҰҰ Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес келтірді. Осы ретте адами капиталды дамыту индексі бойынша Қазақстан 200-ге жуық елдің арасында 50-орынға тұрақтаған-ды.

Кез келген мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық дамуы қал­а­лардың өркендеуімен тікелей байланысты. Бұл ежелден қа­лыптасқан аксиома. Ал осы­ған әсер ететін бірден-бір фактор - урбандалу процесі . Қа­зір әлем халқының 3 млрд-тан аст­амы қалаларда өмір сүруде. Алайда мына нәрсені ескеру қажет. Бұл үрдіс тек тиімді басқару мен дұрыс жобалаудың нәти­жесінде ғана тұрақты даму мақсат­тарына қол жеткізуге көмек­теседі. Ал стихиялық сипат­тағы урбанизацияның теріс әсері жетерлік. Мәселен, қазір көпте­ген қалалық аймақтар ауыл­дық елді мекендердің құлдырау есебінен өсіп келеді. Яғни, тұрмысы нашарлаған ауыл халқының қаладан жұмыс із­­деуіне тура келеді. Бұл қала ин­фра­құ­рылымына әжептәуір сал­мақ түсірсе керек. Демек, гео­мет­риялық тепе-теңдік сақталуы тиіс.

Қазақстанда 1990-2018 жылдар аралығында адамның даму индексі айтарлықтай өсті. Нақты айтқанда, өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші өсіп, жан басына шаққандағы табыс 61, 8 пайызға жоғарылады. Бұл әжеп­тәуір жетістік. Десе де мұны­мен тоқтап қалмай, әрі қарай жылжу қажет. Қазір қалалық ортада әлеу­­мет­тік теңсіздік мәселесі өзекті про­б­­лемаға айналды. Мысалы, ірі қа­ла­­ларда инфрақұрылымы жақ­сы да­мыған ауқаттылар тұратын аудан­­дар кедей аудандармен іргелес орналасқан. Қазақстанның жағ­да­йын­да және жаһандық дең­гейде урба­низацияның бере­тін мүм­кін­діктері көп. Қала­лар эконо­ми­ка­лық өсудің, иннова­ция­ның, жұмыспен қамтудың катализато­ры­на айналуы тиіс. Заманауи инфра­құры­лым, цифр­лы технологиялар, білім беру жүйесі өркендеуге жол ашады.

Негізгі бөлім

Қазіргі таңда ауылдық тұрғындардың шамадан тыс қалалық мекенге көшу себебі нарықтық қоғамның қақтығысына байланысты әртүрлі мәселелерге алып келіп отыр. Яғни бұл тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайының біршама салыстырмалы деңгейін көрсетеді. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050 Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты халқына жолдауында Қазақстан халқының урбанизация деңгейін жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55%-нан 70%-дай деңгейге дейін өсетінің көрсетті. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстыратын болады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады. Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс - деп насихаттаған болатын.

Урбанизация - адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады. 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264, 6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 9 508, 4 мың немесе 55, 1%, ауылдықтар - 7 756, 2 мың немесе 44, 9% адамды құрап отыр.

Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жөн. Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді. Мысал ретінде америкалық ғалым Адам Аланның айтуы бойынша ауылда тұратын тұрғындардың тез үйреніп алу қабілеті қалалық тұрғындарға қарағанда 3 есе жоғары кетеді. 2004 жылы жүргізілген қала мен ауыл адамдарынан тест алу барысында ауыл тұрғындарының 42, 5% қабілетті болып шыққан ал қала тұрғындары 39% құраған .

Демек ауылдық адамдар жақсы дамыған, ол айтпасада белгілі ауылдық жерлерде таза ауа, егін шаруашылығы, керемет табиғат, ауылдың экологиясы қаланың экологиясына қарағанда бірнеше есе таза. Бұл көзқарсымды қорытып кетер болсам әрине білімді адамдар қазіргі таңда өте қажет, Әрине егер қала дамитын болса, онда біз ауылдық жерлердіде дамыта аламыз. Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді. Қала адамдарының саны артса адам әрекетінен шығатын антропогенді факторларда жылдам өседі. Демек экология ластанса адам денсаулығына алып келер әртүрлі зияны болады. Сонымен қатар жастар субмәдениетінің және қалалық ортаның әсері ауылдық жерде шектеулі болғандықтан ауыл жатары арасында жаға ұрпақтан жаттану, аполистік, агрессивтілік секілді процестердің дамуына кедергі келтіреді.

Сонымен қатар мемлекеттік қаржыдан және қолдаудан айрылған аграрлық сектордың қызметі және инвестиция едәуір төмен болды. Бұл факторлардың барлығы жұмыссыздық деңгейiнің орын алуына және ауылдық тұрғындардың тұрмыс сапасының нашарлауына алып келді. Қалалар көпшілігінде алуан этносты болып келсе, ауылда бір этносты басым болып келеді. Егер, ауылды жерде дәстүрлі ұлттық мәдениеттің белгілері басым болса, ал қалада сан алуан этностардың түрлі мәдениетінің нышандарын кездестіруге болады. Қалада жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, театр, филармония, көрмелер және сол сияқты сан қилы мәдениетті құру және тарату құралдарының бай қоймасы шоғырланған болса, ал ауылды жерде бұл мүмкіншіліктер шектеулі. Қай заманда, қай қоғамда да тарихи дауылдардың, төңкерістер мен сілкіністердің ауыртпалығын ауыл тартты. Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздың - өзекті мәселелерінің бірі ауыл мен қала мәселесі. Осы ауыл мен қалаға қатысты негізгі мәселе қоғамымыздағы урбанизация процесі

Зерттеу әдістері мен әдістемесі

Мақалада дәстүрлі әдістер және жүйелік талдау қолданылды. Статистикалық бағалауды жүргізу үшін 2004 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезең қаралды.

Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Миллионер қалалар
Урбанизация - қалалану, әлем елдері дамуының бір белгісі ретінде танылған маңызды көрсеткіш
Демография және әлеуметтану
Қазақстандағы урбанизацияның әлеуметтік салдары
Урбанизация
Урбанизация туралы
Қазақстан халқының сандық құрамы
Урбанизация тарихы және перспективасы
Көші - қон жайлы
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz