Философия сериясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
Әлеуметтік пәндер кафедрасы


СӨЖ

Пәні:Философия
Тақырып: Пифагордың адам туралы көзқарасы

Мамандығы:5В071800- Электроэнергетика
Орындаған: Траисов Р.С.
Тобы: ЭЭк 19-16
Тексерген:Джаркинбаев Е.Е

______________ _____________ _____________________2020ж

Алматы 2020

Жоспары:

1)Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2)Негізгі бөлім:
1. Антропология - адам туралы ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Философиядағы адамның негізгі бейнелері ... ... ... ... ... ... .. ... .7
3. Адам адам болуға ұмтылушы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3)Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Кіріспе

Адам туралы ілімнің мән-мағынасын ашпастан бұрын, антропология сөзінің мағынасын ашып алған дұрыс. Сонымен, anthropos-адам және logos-ілім, сөз деген мағынаны білдіреді.Табиатттың жоғары және ең жетілген перзенті ретіндегі адамға көз-қарас, адамды тану табиғаттың құпия сырларын ашуға мүмкіндік береді, өйткені адам атқаратын қызметтердің табиғи бірлігіне табиғаттың барлық күштері қатысады.
Антропология адамды оның бастапқы мәні ретінде көріп шұғылданады. Оның мақсаты-жалпы адамзаттық психология емес,жекелік сипаттағы адамың ерекше болмысы сияқты адамның әдеттегі болмысы. Антропология өмірдің қайталанбас белгілерін - дененің құрылымын,нәсілін,мінезін,рухани өмір мәдениетінайқындайтын тәсілдердің біріне айналды.
Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі, ол текті ұғым болып табылады, сондықтан адамзат тегіне қатысты барлық белгілер бейнеленеді. Бірақ мұндай көз-қарас адам мәнін анықтау үшін жеткіліксіз. Адам-қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан - денесі, екінші жағынан, сана, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену , ұрпақ жалғастыру т.с.с.қажет. сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. егер жануарды оның инстинктері итермелесе, адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол -- өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те, адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әртүрі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды.

Антропология - адам туралы ілім

Философия тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі , оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған.
Философияның көп мәселелерінің ішінде ең өзектілерінің бірі-адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғылымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да антроптық принциптіқолдап отыр. Осыдан 13 млрд.жыл бұрын Ұлы жарылыстың негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырған екен. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар берілді. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны Homo Sapiens -саналы адам, Homo Faber-құралданған адам деп Д.Франклин айтқан. Zoon Politicon-қоғами жануар деп айтқан Аристотель. Нomo Morales деген атты И.Кант берген, Абай оны Нұрлы жүрек, Шәкәрім үш анықтың біреуіне жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса , ол жануарлардан құлық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік сайтанға айналар еді . Homo Aesteticus-сұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да адамның бізге ғажап жағын көрсетеді. Адам-дүниедегі жекелген нәрсенің әсем жағын байқап, одан ляззат алатын пенде. Біз тек ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені , өкінішкі орай , бүгінігі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сай келмейтін сұлулық жиі кездеседі.
Голландия ойшылы адамға Homo Ludens -ойнайтын адам деген ұғым берген. Адам өз өмірінде жүздеген ролдерді ойнайды. Шекспирдің айтуынша, Наша жизнь-театр, а мы в нем актеры,- дегендей... Homo Erectus- тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мағынасы бар. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа- ешқандай теңдесі жоқ адамның қолына айналды. Адам өз қолдарымен 2000-нан астам әртүрлі нәрселерді жасай алады екен (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Француз ойшылы Э.Кассирер адамға Homo Simbolicus-нышан, белгі жасайтын адам деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда, символ қайсібір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын неше түрлі өмірде кездесетін белгілерді жатқызамыз. Қайсыбір көркем әдебиеттегі салыстырма , нақыл сөздер , бейне мысалдардың , т.с.с. ар жағында неше түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы , Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүю (гуманизм), ал Сизиф болса, нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек , Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу -- мөлдір махаббаттың символдары ретінде көрінеді. Ф.Ницше адамға уәде беретін жануар, Ж.Ж.Руссо бұзылған жануар деген анықтама берген болатын.
Сонда адам деген не? Былай қарағанда, бұл аса қарапайым сұрақ сияқты: адам дегеннің не және кім екенін кім білмейді? Ересек адам түгіл бала да адамның не екенін біледі, ал оның ішкі мәніне үңіле қарасақ,одан күрделі ұғымдар шамалы.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды.Бірақ жеке ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса салғаннан ол жүйелі біртұтас білім шықпайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын , өз тағдырын жасау мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты.Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: Өзіңді-өзің танып біл-деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың жан мен тәннің іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді. Сондықтан, мысалы, Августин адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтн жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен тәнінің бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінді. Тән өледі , жан өлмейді, о дүниеде Құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінен тазару үшін Құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады діншілдер.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған (негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукциализмді келтіруге болар еді.
Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік табиғаты мойындалды . Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін байқауға оңай болады. Адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді. әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық ерекшелігінде жатқанын мойындамасқа болмайды. Мұндай деректер шексіз көп.
Сонымен қатар адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік факторлардың орасан зор ролін көрсетпесе болмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамдық адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді.
Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға, индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген өкілі ретінде индивид түрінде қарастырылады. Бүкіл адамзат тегіне тән жалпы белгілерімен қатар , оның өзгелерден ерекшеленетін өз қасиеттері бар. Бұл табиғи - бойы, көзінің түсі, дене құрылысы және әлеуметтік-дамуының интеллектуалдық дамуының деңгейі, психологиялық қатпары , рухани мәдениетінің әр-түрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады. Индивидуалдық күрделірек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ең алдымен адамның табиғи және психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен , мінез-құлқынан , эмоционалдылығынан көрінеді. Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекекттерінен де , оның пікірінен, қылығынан, мәдени қажеттіліктерінен де байқалады. Бір әлеуметтік топтың өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшін өзгеше нәрселер тән болады, оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның биологиялық табиғатына негізделетін индивидпен, индивидуалдықпен салыстырғанда тұлға мәнінің ерекшелігі оның әлуметтік қасиеттерге негізделетіндігінде. Бірақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз әсерін тигізетінін ескеру керек.
Әлеуметтік индивидуалдық, әрине, бос жерде пайда болмайды. Адам нақты тарихи уақытта және әлеуметтік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет барысында қалыптасады. Сондықтан да тұлға әлеуметтік индивидуалдық ретінде - бұл әрқашан да нақты нәтиже, өте әр-алуан факторлардың әрекеті мен синтезі. Адам неғұрлым үлкен деңгейде әлеуметтік-мәдени тәжірибені бойына жинақтаса, соғұрлым тұлға маңыздырақ және ол өз кезегінде , оның дамуына өзінің индивидуалды үлесін қосады.
Енді индивид (дара адам,жеке адам), индивидуальность(ерекшелікті адам), личность (кісі, тұлға) ұғымдарын қысқаша талдай кетсек, индивид (латын сөзі) - бөлінбейтін, тұтас, өзіндік деген мағына береді екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл ұғымды индивид деген күйі алған немесе дара адам деп аударған дұрыс сияқты.
Дара адам (индивид) - көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы - жеке-дара адам.
Ерекшелікті адам (индивидуальность). Ол- өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, тұр-сипаты, азаматтық қасиеті, т.б.бар адам. Ерекшелікті адам - сол қасиеттермен қайталанбас феномен. Ол дүниеге бір ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Сондықтан бір заманда қағаз-құжаттарға бармақты басу мөр орнына жүрген. Сол сияқты әрбір адам болу үшін оның мінезі бар ма , жоқ па, көзі көк пе, әлде қара ма, бойы ұзын ба, жоқ па-бұлардың еш қажеті жоқ, ал ерекшелікті адамға мұның бәрі қажет. Жоғарыда келтірілген Әл-Фараби айтқан адамдағы 3 қасиет те осыған жатады. Әрбір адамда әр қилы қабілет, бейімділік бар. Ол да сондай ерекшелік.

Философиядағы адамның негізгі бейнелері

Сонымен философияда ежелгі заманнан бастап адам туралы түсініктер қалыптаса бастады.
Ежелгі заманның шығыстық, сондай-ақ батыстық философиясы да қайырымдылық пен жауыздық; әдемілік пен сұрықсыздық; әділеттілік пен әділетсіздік; достық, сүйіспеншілік пен жеккөрініш; бақыт, ләззаттану мен қайғы-қасірет және басқа проблемаларға қызығушылық білдірді.
Философияның бүкіл дамуы ұлылардың ойларын бейнелейтін нақыл сөздерге толы:
Лао-цзы: Адамдарға қарым-қатынаста жоғары ізгілікті меңгерген адам достық пейілді болуы тиіс; сөздері шын жүректен шығуы тиіс; басқаруда (елді) дәйекті болуы тиіс; істерінде мүмкіншіліктерді есепке алуы керек; іс-әрекеттерінде уақытпен санасуы тиіс.
Конфуций: Адамдардың сені білмейтініне алаңдама, өзіңнің адамдарды білмейтініңе алаңда.
Дмокрит: Ақымақтарға оларды мақтайтындар көп зиян келтіреді.
Платон: Кеңпейілділік - мән-жайларды шеберлікпен пайдалану: жанның зердемен біріккен асқақтығы.
Аристотель: Достық дегеніміз - бірлесіп өмір сүру үшін қажетті шарт.
Философияда біртіндеп адам бейнесі мен адам табиғатына деген негізгі ойлар қалыптаса бастады.
1. Антикалық философтар, әсіресе натурфилософтар адамды ғарыш бейнесі, шағын дүние, микроғарыш ретінде қарастырды.
2. Сократтан бастап антикалық философтар адамды дене мен жаннан құралатын қосарлы жаратылыс деп есептеді.
3. Батыстың ортағасырлық философиясында басты межелеу адам денесі мен жанының арасында ғана емес, тәндік адам мен рухани адам арасында орын тепті. Адам табиғаты үш бөліктен: дене-жан - рухтан құралады деп түсінілді. Батыстың ортағасырлық діни философтары адамның руханилығы оның ар-ұжданынан, құдаймен байланысынан құралады деп есептеді.
4. Жаңа уақытта адам ерекшелігі зердеде, ойлауда, рационалдылықта деп қарастырылды. Жанның айқын мазмұны - бұл сана. Декарттың (1596-1650) көзқарасы осындай болды, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Польшаның кітап басу ісі және қазіргі жағдайы
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы Тәуке хан және Жеті жарғы
Әл – Фарабидің қоғам туралы философиялық, әлеуметтік - саяси тұжырымдамалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністері
Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)
Ғылыми-техникалық революция мен ақпараттық қоғам жағдайындағы адам мен қоғам өмірін философиялық тұрғыдан қарастыру
Пәндер