Сауда - экономикалық қатынастар


КІРІСПЕ3
І-ТАРАУ. АБЫЛАЙ ЗАМАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ6
1. 1Абылай ханның жорықтары. 6
1. 2. Абылайдың Қытаймен саяси-дипломатиялық қарым-қатынастары. 8
1. 3. Сауда-экономикалық қатынастар. 12
2. 1. ХІХ ғ. Орталық Азиядағы геосаяси жағдай. Ресей саяси ықпалының өсуі. Қытай ықпалының әлсіреуі. 19
2. 2. ХІХ ғ. қазақ-қытай байланыстары. 26
ҚОРЫТЫНДЫ37
Пайдаланылған әдебиеттер39
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Отан тарихында методологиялық және фактілік тұрғыдан жаңа талдауға алуға лайық тақырыптар аз емес. Мұндай қатынасқа әсіресе көршілес елдермен саяси байланыстар тарихы жатады. Сондай-ақ бүгінгі зерттеу жұмыстарының ерекшелігі осы уақытқа дейін біршама зерттелген тарихи процестер мен фактілік материалдарды қайталау емес, мәселенің төменгі, астыңғы астарларына бойлап енуде. Сондай ғылыми мәселенің бірі қазақ-қытай қарым-қатынастары және Орталық Азиядағы геосаяси жағдай кезеңі, яғни ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ-қытай қатынастары барысын анықтау болып табылады. Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі және ортағасырлардағы түркі тілдес тайпалар мен Қытай мемлекеті арасындағы қарым-қатынастар өте ерте замандардан бастау алатыны белгілі. Ертедегі ғұндар, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері, ортағасырлық Батыс Түрік, Түркеш қағанаттары көршілес қытай билеушілерімен тығыз саяси-дипломатиялық және сауда-экономикалық байланыстар орнатқан болатын.
Тікелей қазақ-қытай қарым-қатынастары Абылай заманында, XVIII ғ. екінші жартысында қалыптаса бастады. Бұған бірқатар факторлар, соның ішінде Жоңғария мемлекетіндегі ішкі-сыртқы жағдайлар тікелей себеп болған еді. XVIII ғ. ортасында Жоңғарияда орын алған жағдайлар маньчжур-қытайлық Цин империясының жаулап алушылық саясатының жүзеге асырылуына жақсы мүмкіндіктер сыйлады. 1745 ж. жоңғардың мықты билеушісі болған Галдан Церен өлген соң оның мұрагерлері арасында тақ үшін талас-тартыстар басталады. Тақтан үміткерлер қолдауды тек ішкі рулардан ғана емес, сырт мемлекеттерден де іздейді. Осы кезде қазақтың бірқатар билеушілері, әсіресе Абылай сұлтан Жоңғарияның ішкі істеріне белсене араласады. Олар көрші мемлекеттегі тұрақсыз жағдайларды пайдаланып жоңғарлар иелігінде болған шығыс өңірлерді өздеріне қаратуға тырысқан еді.
Зерттеу жұмысың нысаны - жаңа деректер негізінде қазақ-қытай қарым-қатынастарының ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдағы даму үрдісін қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда патшалық қазақ-қытай қатынастарына байланысты зерттеулер біршама бар болғанымен, оның кейбір қырларына көп көңіл бөлінбеген. Оның басты себебі қазақ жерін отарлап алғаннан кейін қытай мен арадағы байланыстарды Ресей империясы тек өз мүддесі тұрғысынан шешті. Патша өкіметі өзінің империялық саясатының «көлеңкелі» тұстарын көпшілікке жария етпеуге тырысып бақты. Қазақ-қытай қатынастарына байланысты жазылған еңбектер революцияға дейінгі кезеңдерде жарық көрді. Қазақ елінің көршілес елдермен саяси және сауда қатынастарының тарихнамасы өзінің даму барысында ұзақ және күрделі жолдардан өтті. Соған қарамастан, осы күрделі мәселеге қызығушылық пен ықылас білдіру Қазақстан азаттық алғаннан бері күшейе түсті.
ХІХ ғасырда отарлық шет аймақтардың байлықтарын игеру, олардың ресурстарын анықтау және түбегейлі зерттеу мәселелері қойылды. Мұнда Орыс географиялық қоғамына едәуір мән берілді. Отаршылдық пиғылды көздеген патша өкіметі ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдарының алдарына бодан болған елдерге ғылыми экспедицияларды жарақтандырып, олар туралы географиялық, статистикалық, этнографиялық және жаратылыс-тарихи материалдар жинап, оларды өндеу және тарату міндеттерін қояды.
Зерттеу жұмысының деректік көзі ретінде алынған материалдарды бірнеше топтарға жіктеуге болады. XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ-қытай қарым-қатынастарының тарихын талдауда осы кезеңге жататын орыс тіліндегі құжаттары - Ресей әкімшілігі шенеуніктерінің күнделіктері, есептері, хаттары және т. б. құжаттар болып табылады. Міне, осы деректер тақырыбымызға қатысты жазба деректердің бірінші тобын құрайды. «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках» [1], «Казахско-русские отношения в XVIII-ХІХ веках» [2], «Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII-первая треть XIX в. » [3], 1998 жылы Қытай деректері негізінде жарияланған «100 құжат» [4] және соңғы кездегі Қазақстан Республикасы үкіметінің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2005 жылы жарияланған «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері» [5], «Абылай хан өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар» [6] атты еңбектерде қазақ-қытай қатынастарының саяси және әлеуметтік, елшілік қызметтері жөнініде нақты деректер топтастырылған.
Зерттеу барысында қазақ-қытай қарым-қатынастарына қатысты мәліметтерді басылым беттерінен кездестіреміз. Мысалға: «Военный сборник», «Вестник Европы», «Русская старина», «Русский архив», «Туркестанские ведомости», «Вопросы колонизаций» сияқты баспасөз басылымдарында қазақ-қытай қатынастарына қатысты аса маңызды деректер келтірілген. Бұлардан басқа ХІХ ғасырда орыс мерзімдік басылымдардағы деректердің «Царское колонизация в Казахстане» атты еңбекте біршама жинақталған түрі келтірілген. Онда «Руский вестник», «Отечественные записки» және басқа да журналдар. Осы мерзімді басылымдарда Шығыс Түркістандағы 1864 жылы көтеріліс жайлы және Жақыпбек құрған Жетішар мемлекетіндегі қазақтар туралы мәліметтер көтерілген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдағы қазақ-қытай қарым-қатынастарының тарихын жарық көрген құжаттар жинағының материалдарымен және осы бағыттағы зерттеу еңбектерінің тұжырымдарын дерек ретінде кеңінен ғылыми айналымға тарта отырып зерттеу, оны объективті түрде ашып көрсету зерттеу жұмысына басты мақсат етіліп қойылды. Осыған орай мынадай міндеттерді шешу назарға алынды:
- қазақ-қытай қарым-қатынастарының ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырда өрбуінің тарихнамасын және теориялық-методологиялық мәселелері мен деректік негіздерін қарастыру;
- Жоңғар хандығы құлағаннан соң қалыптасқан геосаяси ахуал жағдайында қазақ-қытай байланыстарының өрбу ерекшеліктерін, Абылай ханның қытайларға байланысты ұстанған саясатын айқындау;
- Абылайдың Қытаймен саяси-дипломатиялық қарым-қатынастарын ашып көрсету;
- сауда-экономикалық қатынастарын зерделеу;
- ХІХ ғ. Орталық Азиядағы геосаяси жағдайды, Ресей саяси ықпалының өсуін және Қытай ықпалының әлсіреуін нақтылы мәліметтер негізінде баяндау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі ХVІІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды. Осы аралықтағы қазақ-қытай қарым-қатынастарының тарихын ХVІІІ ғ. жоңғар шапқыншылығы кезіндегі және ХІХ ғ. патшалық Ресейдің экспансиялық саясаты тұсындағы кезең деп екіге бөліп қарастыруға болады Алғашқы кезеңде екі халықтың өзара байланыстары шиеленісті жүруімен ерекшеленсе, одан кейінгі кезеңдерде қазақтар мен қытайдың қатынастары тек Ресей империясының мүдде тұрғысынан жүргізіліп, екі арадағы шекара сызығын белгілеуде жергілікті ұлт ерекшеліктері ескерілмеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Кең көлемдегі деректік материалдар негізінде ХVІІІ - ХІХ ғасырдағы қазақ-қытай қарым-қатынастарының тарихы тұтастай қарастырылуы зерттеу жұмысының негізгі жаңалығы болып табылады. Нақтылай айтқанда, төмендегідей жаңалықтар бар:
- ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ-қытай саяси қарым-қатынастарының тарихнамасы сараланып, мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі мен деректік негізіне талдау жасалынған;
- ХVІІІ ғ. қазақ-қытай саяси байланыстарының шиеленісті жүруінің себептері айқындалып, Абылай ханның қытайларға байланысты ұстанған саясатына объективті ғылыми баға берілген;
- патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына ХІХ ғ. 60-70 жж. қарсыластық барысында орын алған қазақтардың Шығыс Түркістандағы Жақыпбек Бадаулет мемлекетімен байланысы талданып, осы байланыстағы Тазабек Пұсырманұлы секілді т. б. қазақ қайраткерлерінің орны ғылыми тұрғыдан сараланған;
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер, деректер тізімінен тұрады.
Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі және ортағасырлардағы түркі тілдес тайпалар мен Қытай мемлекеті арасындағы қарым-қатынастар өте ерте замандардан бастау алатыны белгілі. Ертедегі ғұндар, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері, ортағасырлық Батыс Түрік, Түркеш қағанаттары көршілес қытай билеушілерімен тығыз саяси-дипломатиялық және сауда-экономикалық байланыстар орнатқан болатын.
Тікелей қазақ-қытай қарым-қатынастары Абылай заманында, XVIII ғ. екінші жартысында қалыптаса бастады. Бұған бірқатар факторлар, соның ішінде Жоңғария мемлекетіндегі ішкі-сыртқы жағдайлар тікелей себеп болған еді. Қытайдың Цин патшалығы (1644-1912) жоңғарлармен үздіксіз соғыстар жүргізе отырып, бастапқыда осы күресте қазақтарды өз тараптарына тартуға тырысқан болатын. XVIII ғ. ортасында Жоңғарияда орын алған жағдайлар маньчжур-қытайлық Цин империясының жаулап алушылық саясатының жүзеге асырылуына жақсы мүмкіндіктер сыйлайды. 1745 ж. жоңғардың мықты билеушісі болған Галдан Церен өлген соң оның мұрагерлері арасында тақ үшін талас-тартыстар басталады. Тақтан үміткерлер қолдауды тек ішкі рулардан ғана емес, сырт мемлекеттерден де іздейді. Осы кезде қазақтың бірқатар билеушілері, әсіресе Абылай сұлтан Жоңғарияның ішкі істеріне белсене араласады. Олар көрші мемлекеттегі тұрақсыз жағдайларды пайдаланып жоңғарлар иелігінде болған шығыс өңірлерді өздеріне қаратуға тырысқан еді.
Орта жүздің белгілі сұлтаны болған Абылайдың ата қоныстары Орталық Қазақстан аумағында орналасқан болатын. Алайда, өз билігін шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерге де таратуға талпынған ол көшіп-қону аймақтары Қазақстанның шығыс өңірімен шектесетін жоңғар ұлыстарының ішкі-сыртқы істеріне, ондағы оқиғаларға бел шеше кіріседі. Абылай бұл саясатында жоңғар тағынан үміткерлер - Даваци (Дауаши) мен оның одақтасы Әмірсананы қолдайды. Ішкі ойрат мәселелеріндегі өз ықпалын күшейту үшін Абылай сұлтан 1751 ж. Давациге және билік үшін таласта басқа үміткер Лама-Доржиден жеңіліс тауып Жоңғариядан қашқан Әмірсанаға өз ауыл-аймақтарынан пана береді. Ортақ қарсыластары Лама-Доржи өлтірілген соң Әмірсана кенеттен Давациге қарсы шығады, Абылай бұл жағдайда алдыңғысын қолдайды. Тек Абылай бастаған қазақ феодалдары ғана емес, бұл кезде Моңғолиядағы Цин империясының уәкілдері де Жоңғарияда болып жатқан оқиғаларды, олардың ортаазиялық елдермен байланыстарын мұқият бақылап отырған болатын.
1754 ж. Әмірсана Давациден жеңіліп Қытайға қашып барып, Цин үкіметінен көмек сұрайды. Әмірсананың келуі Қытай үкіметіне Жоңғарияға басып кіріп, оларды біржолата бағындыруға жақсы себеп болып табылады. 1754 ж. жазында император Цяньлун: «Әмірсана өте қажетті адам. Егер ол бізге келсе, бұл келесі жылы жорыққа шығуға үлкен пайда әкеледі» деп жазған [3, 18] . Император Әмірсананың келуінің түпкі мақсатын бастапқыдан білетін. Оның мақсаты қытайлықтарға бағыну емес, билікке қол жеткізу үшін солардың қолдауын алу еді. 1754 ж. Цин империясы Жоңғарияға өз әскерін енгізіп, осы мақсатта Әмірсананы пайдалану туралы жоспар құрады.
1755 ж. ақпан айында Цин үкіметі Жоңғарияға өз әскерлерін енгізеді. Маньчжур-қытай әскерлерінің алдында Әмірсананың жасағы орналасады. Оның туын көрген ойраттар көп жағдайда ұрыссыз-ақ беріліп отырған. Цин әскери басшылығы Жоңғарияға ішкерілеп енген сайын Әмірсанаға одақтас қазақ жасақтарының Давациге қарсы іс-әрекеттері туралы барлау мәліметтерін алып отырады. Мысалы, Еміл өзенінің бойындағы Цибахан есімді адамның ұлысындағы 10 мың түтіннен қазақ жасақтарының шабуылынан соң 6-7 мың түтін қалған [3, 55, 11-құжат] . Іле өзенінің бойындағы ұлыстардағы жағдай бұдан да ауыр болған, қытай деректері бойынша мұнда Давацидің жақтастары «бір күн де тыныштық көрмеген». 1755 ж. наурыз айында, жоңғар жорығының басында-ақ император Цяньлун әскери кеңеске әскерлерді тез жылжыту туралы берген жарлығында: «Батма-Церен қазақтармен бірігіп Давацидің ұлысын шабуда. Давацидің күші мүлдем сарқылды, жоңғар істері толық күйзеліске ұшырауда. Егер әскерді тез жүргізбесек, бүкіл пайда қазақтардың қолында қалады. Егер Даваци қазақтардың немесе Әмірсананың, не Батма-Цереннің қолына түссе бұл жақсы болмайды, одан да оның қолға түспегенінің өзі жақсы» деп хабарлаған [3, 50, 7-құжат] .
Цин империясының Жоңғарияға екі бағытпен аттандырылған 200 мың әскері Баркөл мен Улиастайдан аттанып, сәуір айында Бұратала алқабында қосылған еді. Деректерге қарағанда, цин әскері Тянь-Шань өңіріндегі жоңғарларды «толығымен құртып, артында арамза тұқым қалдырмау» ниетімен шығарылған [5, 7] . Қытай үкіметі Жоңғарияға жорық жасардан бұрын, осы жорық барысында қазақтардың өздеріне қандай позиция ұстайтынына байланысты біраз ойланған. Оларды өздеріне пайдалану мәселесі де күн тәртібінде тұрған.
Цин әскері 1755 ж. маусым айында Давациді Іле бойындағы Моңғолкүре деген жерде қолға түсіріп, Жоңғар хандығын біржолата жояды. Жоңғар ұлысының аман қалған тұрғындарын төрт тайшының басқаруына бөліп беріп, оларды жоғарыдан өздері басқаратын қылады. Тайшыларды да Цин үкіметі өздері тағайындайтын басқару жүйесі енгізіледі. Бұл Әмірсананың тұтас жоңғар ханы болу мақсатының іске аспағанын көрсететін. Сол себепті ол Цин патшалығына қарсы жасырын түрде даярлық жасай бастайды. Ол астыртын қазақтарға жаушылар жіберіп байланыс жасаумен бірге, Іле бойында әскер жинайды. Өзінің бұл әрекетін ол қытайлықтарға қазақтардан қорғану үшін жасап жатқан шаралары ретінде түсіндіреді. Бірақ қазақтардың оларға шабуыл жасау ниеттерінің жоқ екендігін білетін Цин ордасы оның бұл сөзіне сенбеген. Сол себепті де 1755 ж. маусым айында Цин үкіметі қазақтармен тікелей өздері байланыс орнату үшін Абылай сұлтан ордасына жоғарыда аталған ресми елшілік жіберген еді.
Қытай тарапы елшілікке: «сендер қазақ шекарасына барғанда талас-тартыс шығаруларыңа болмайды. Бірақ өздерің сақ болыңдар. Ол жақтың әскерлері сендерге шабуыл жасаған жағдайда да сендер оларға жөн айтып кері қайтарыңдар. Егер олар сөзге көнбесе ғана оларды тұтқындап жойсаңдар болады», - деген тәртіп белгілеген [1, 49] . Іс жүзінде қазақтарға Шуньдэна бастап барған елшілік жол үстінде ешқандай қарсылық шабуылға тап болмаған. Олар аман-есен Абылай сұлтанның қабылдауында болып қайтады. Бұл елшілік қазақтарға Жоңғар хандығының Қытай империясының құрамына енгені туралы хабарлауы тиіс болатын. Осыған орай қазақтардан ойраттардың істеріне араласуды тоқтату талап етіледі. Абылай Цин патшалығының жіберген елшісін жылы қарсы алады. Ол шығыста Әмірсанадан гөрі Цин патшалығымен байланыс жасаудың пайдалы екенін түсінген. Сонымен қатар, Абылай өзінің Бөлебай бастаған елшілерін Цин елшілерімен бірге Іле бойындағы олардың әскери шебімен байланыс жасап, барлап қайтуға жібереді. Бұл қазақтар мен Цин үкіметі арасындағы ресми қарым-қатынастардың басталуы болатын.
Қорыта келгенде, XVIII ғ. ортасында қазақтардың, әсіресе Абылай сұлтанның тікелей қатысуымен Орталық Азиядағы ірі геосаяси іс-әрекеттер орын алды. Абылайдың жүргізген саясаты мен ұйымдастырған жорықтары алып көрші мемлекеттердің ықпалына түсе бастаған қазақ елі үшін маңызы зор болды. Абылай сұлтанның қатысуымен және жорықтарының нәтижесінде ғасырлар бойы қазақтар үшін мазасыз әрі қауіпті көрші болып табылған Жоңғария мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Оның әскери іс-қимылдары қазақ жерін шығыста кеңейтіп қана қоймай, Қытай елімен дипломатиялық байланыстардың негізін қалады.
1. 2. Абылайдың Қытаймен саяси-дипломатиялық қарым-қатынастары.Абылайдың саяси және дипломатиялық қызметінде Қытай мемлекетімен қарым-қатынастары ерекше орын алады. Оның Цин империясымен қарым-қатынастары, дипломатиялық тактикалары мен ұстанған саясаты соңғы жылдары біршама зерттелу үстінде. Көрші Қытай мемлекетімен қазіргі таңда да тығыз саяси-дипломатиялық және сауда қарым-қатынастарын орнатқан Қазақстан елі үшін де сонау XVIII ғ. негізі қалана бастаған екі ел арасындағы байланыстарды зерттеп, талдау бүгінгі күнде де маңызын жойған жоқ. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың жолға қойылуы Абылай заманында орын алып, оның бастауында осы аталған билеуші тұрған еді.
1755 ж. Цин империясының Жоңғар хандығын жоюына байланысты Абылай Қытаймен дипломатиялық байланыс орнатып, өмірінің соңына дейін олармен қарым-қатынаста болды. Әрине, Абылай солтүстіктегі Ресей империясымен де, оңтүстіктегі ортаазиялық хандықтармен де күрделі байланыстар жасады. Дегенмен, оның саяси қызметінің айтарлықтай бөлігі шығыстағы Қытай мемлекетімен қарым-қатынастарға арналған болатын.
Абылай билікке келісімен қазақтардың бастапқы жер аумағын қалпына келтіруге тырысқан еді. 1745 ж. Жоңғарияда Галдан Церен өліп, ойрат билеушілері өз іштерінен бөлініп, бір-бірімен билікке таласа бастаған кезде ол жоңғардың өзара жауласқан топтарын кезек-кезек қолдап, оларды әлсірету арқылы кезінде жау қолында қалып кеткен қазақтың біраз жерін қайтаруға әрекет жасайды. Бұл саясаттың кейіннен Цин империясының жоңғарларды толықтай жер бетінен жойып, Абылай және басқа билеушілер бастаған қазақтармен саяси-дипломатиялық байланыстар орнатуымен аяқталғаны белгілі. Бұл байланыстар әлбетте бірден бейбіт жолмен келген жоқ, екі ел арасындағы қарым-қатынастар алдымен біраз қақтығыстар, саяси оқиғалар арқылы орнады. Абылайға қатысуымен орын алған екі ел арасындағы біраз оқиғалар алдыңғы тараушада атап өтілді.
Цин патшалығы 1755 ж. ақпан айында жоңғарларға қарсы 200 мың әскерін аттандыра отырып, өздерінің қазақтар жөнінде қабылдаған саясаттық принциптерін де жариялаған еді. Онда: «Бан Ди мен Әмірсанаға айтылсын, ұлы іс орындалған соң, қазақтар өздері келіп бізге ел боламыз десе, олардың басшыларын лайығымен астанаға ертіп келіп, патшамен кездестіріп, оларға шен беру керек. Ал олардың қол астындағы халық сол бұрынғы орындарында отыра берулері керек. Оларды көшірудің қажеті жоқ. Егер олардың бізге ел болғылары келмесе, оларды әскери күшпен бағындыруға болмайды . . . ». Ал Цин империясы Жоңғарияны жойған соң, 1755 ж. 17 маусымда Абылай сұлтанға хат жолдап: «Жоңғарлар ежелден қазақтарға өш еді, патша оларды тыныштандырған соң, оларға жарлық түсіріп, жоңғарлардың өз бетімен қазақтарды барымталауына тиым салды. Ал сен қазақтардың бізге ел болу-болмау еріктерің өздеріңде, бірақ шекараны тыныш сақтауларың керек. Өз беттеріңмен шекарадан өтіп жоңғарларды тонауларыңа болмайды. Егер осы жарлыққа бой ұсынбасаңдар, сендерге сөзсіз қалың қол аттандырып шабуыл жасаймыз, сонда өкініп жүрмеңдер», - делінген [5, 33] .
Бірақ сәл кейіннен Қытай тарапы қазақтармен тым қатаңдыққа бармауды ойластырып, Абылайға тағы бір хат жолдаған. Онда жоңғарлардың тыныштандырылғаны, егер ел болуды қаласа қазақтардың еселенген сый-құрметтерге бөленетіндігі, шекараны тыныш ұстау, шабуыл жасап оларды әуре-сарсаңға салмау туралы айтылған болатын. Осы хаттардан Цин үкіметінің қазақтарға бірде сес көрсетіп, бірде майда саясат ұстау арқылы тыныштықты сақтауға міндеттеу мақсаттарын іске асырмақ болғандықтары байқалады. Абылай олардың іс-әрекетін, ниеттерін байқау үшін бірден жауаптар бермеген, үнсіздік әдісін қолданған.
Қытай империясы Абылайға Шуньдэна бастаған алғашқы елшілігін 1755 ж. маусым айында жібергені жоғарыда аталды. Өз кезегінде Абылай да өз елшілерін цин тарапына аттандырған еді. Бұл елшілік цин сарайында ілтипатпен қарсы алынып, император қабылдауында болады. Цин билеушісі Цяньлун Абылай бастаған қазақтарға ойраттардың сөзіне толық сенуге болмайтындығын, Әмірсананы ұстауға бұйрық берілгенін, егер ол қазақтар жеріне қашып барса, оны ұстап әкеліп берулерін, бұлай болған жағдайда олардың мол сыйлықпен жарылқанатындықтарын мәлімдеген. Осымен қатар Абылайға күміс тиындардан сыйлық та жолданған. Бұл сыйлықты қазақ жеріне ала келген цин елшісі Шуньдэна Абылайдың оларға риза екендігін айтқан. Бірақ Абылай Әмірсананы ұстап беруге асықпаған еді. Ол тек Әмірсанаға бұрынғыдай ашық көмектеспейді, осы арқылы екі жаққа да бірдей мәмілегерлік саясат ұстанады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz