Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Әдістемелік құрал
Астана
2017
Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған (2017 жылғы № 1хаттама) .
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі. Әдістемелік құрал. -, 2017. -
бет.
Әдістемелік құралда «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқытудың» дидактикалық, тәрбиелік және әдістемелік мәселелері қарастырылды. Болашақта кең арнада сөз етілетін дидактикалық мәселелер мен қазақ драматургиясының жаңа кезеңдегі туындыларының тәрбиелік қуаты әдістемелік негіздермен бір арнада жүйеленіп берілді.
Әдістемелік құрал қазақ драматургиясын оқыту мәселелерін зерттеуші ғалым-әдіскерлерге, оқытушыдерге, магистранттарға, докторанттарға, студенттерге арналады.
Дүниеге тәуелсіздік көзімен қарайтын драмалық шығарма керек.
Нұрсұлтан Назарбаев
Драматургия - қабырғасының бәрі айналы үй сияқты,
өзіңді де, басқаны да, жан-жағынды көріп отырасың,
сондықтан да көрермен құмарта, ынтыға зер салып көреді.
М. Б. Бүйімбаев.
Кіріспе
Әдістемелік құрал тақырыбының өзектілігі. Қазақ драматургиясын жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінде «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі» мәселелерінің терең талдаулар негізінде жүйеленуі маңызды болып табылады.
Тәуелсіздік - ғасырлар бойы аңсап келген ата-бабамыздың мұң-шері болып қазақ драматургиясында таңбаланып қалса, ендігі кезекте сол арман болған уақытты драматургтер мақтанышпен сөз етсе, ол мазмұн жас ұрпақтың рухани дүниесінде дер кезінде өз орнын алуы керек.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Сонымен біз тәуелсіз мемлекет құрдық. Өз тарихымызда тұңғыш рет осындай қалыпта, осындай аумақта құрдық. Біздің уақытымыздың бұлжымас фактісі, міне, осы!» [1], - деген сөздері ғалам кеңістігінде уақыт бейнесінде таңбаланып қалған тарихи сөздер. Осылай паш етілген Тәуелсіздіктің бейнесі қазақ драматургиясында суреттеліп, ол құндылық дүние өз кезегінде әрбір қазақтың, оның ішінде жас ұрпақтың рухани қазынасына айналуы - тек ақын-жазушылар мен драматургтердің ғана міндеті емес, көп ретте, драманы жастарға оқытатын оқытушылар мен оқытуды ұйымдастырушыларға да тікелей байланысты.
Қазақ драматургиясының қазіргі дамыған болмысында тарихи тақырыптар да, қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар да, дүние жүзіне тереземізді тең еткен Елбасымыз Н. Назарбаевтың тұлғасы да, Ата Заңымыз, қазақ деген ұлттың «мәдени формуласына» айналған Мемлекеттік рәміздеріміз, Астана, Бәйтерек бейнелері де жақсы дәрежеде өз орнын алып келеді.
Отаншылдық сезім, атамекенді қастерлеу - қазақтың тарихты сүю ( историясофизм ) ерекшелігінен туындайтын қасиет. Тарихты сүю (историясофизм) - белгілі бір дүниетанымдық негіздегі тарихтың тұтастық тұжырымдамасы [2. ? б ] .
Өз Отанының, туған елінің тарихы мен мәдениетін, дәстүрін, ұлттық құндылықтарын, қуанышы мен қасіретін бейнелейтін драматургтердің ерен еңбектері назар аударуға лайық.
Қазақ драматургиясындағы еркін, тәуелсіз елде өмір сүріп отырған азаматтың, адамның бейнесі суреттелуін қазақ драматургиясын оқыту әдістемесінде сол еркіндікті танытатын әдістермен оқыту жүйесін анықтау керек.
Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келіп жатқан көркем драмалық туындылар қазіргі заман келбетін бейнелеп, замандастарымыздың жасампаздық ерлігін паш етуде деп бағалаймыз. Жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ драматургиясының қазіргі кезеңдегі қазынасын меңгерту үшін қолда бар әдістемелік құралдарды және жаңашыл бағыттағы инновациялық технологияларды танып-талдап, мектептегі білім мазмұнына енгізу жолдарын айқындау керек.
«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі» атты әдістемелік құралы - болашақта үлкен монографиялық зерттеулерге ұласатын күрделі тақырып. Бұл тақырыптың сан қырлы мәселелері драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі саласындағы әдіскер-ғалымдардың, профессор-оқытушылардың, болашақ жас ғалымдардың етене араласуымен шешілетіні белгілі. Сондықтан тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесінің болашағы зор деп санаймыз.
Әдістемелік құралды әзірлеудің мақсаты - Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін анықтап, қазіргі қазақ драматургиясын ЖОО-да оқытудың негізгі ұстанымдарын айқындау;
Әдістемелік құралды әзірлеудің міндеттері:
- Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқытудың дидактикалық негіздерін сипаттау;
- тәрбиелік аспектісін сипаттау;
- әдістемелік жүйесін сипаттау.
Әдістемелік құрал кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының оқытушыларына, қазақ драматургиясын оқыту мәселелерін зерттеуші ғалым-әдіскерлерге, магистранттарға, докторанттарға, студенттерге арналады.
1 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 1991 жылдан бергі тарихын, қазақ драматургиясының дамуы мен кемелденуінің ширек ғасырға жуық кезеңін ЖОО білім алушыларына меңгертудің жаңа әдістемесінің қалыптастырылуы - уақыт талабы. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесін зерделеуде, ең алдымен, бұл үдерістің жалпыпедагогикалық және жеке әдістемелік негіздерін жаңа инновациялық оқыту талаптары негізінде жүйелеп қалыптастыру керек.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқытудың сапалы негіздемесін анықтау жалпыдидактикалық және әдістемелік заңдылықтарына сүйене отырып жүйеленеді. Дидактикалық және әдістемелік заңдылықтар тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының қалыптасу және даму бағыттарын, қазіргі қазақ драматургиясы, драмалық сын салаларындағы жетістіктерді ЖОО білім алушыларына меңгертудің тиімді жолдарын жүйелейді.
1991 жылдан бергі кезеңде қазақ драматургиясын оқытудың жаңа технологиялары қалыптасып келеді. Дегенмен, осы практикалық қордың теориялық тұрғыдан жүйеленіп қарастырылуы кешеуілдеп, Жоғары оқу орындарының оқытушыларына қазақ драматургиясын оқытуда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбетін танытатын драмалық туындыларды студенттерге сабақтастықпен, бірізділікпен жинақталған әдістемесін қолдана алмай келе жатқаны белгілі.
Бұл олқылықтың орнын толтыру және Қазақстанның жаңа дәуірі драматургиясын ЖОО-да оқытудың толыққанды болмысын қалыптастыру - кезек күттірмейтін және уақыты озыңқырап бара жатқан маңызды мәселе болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздерін анықтауда жалпыдидактикалық мына ұстанымдар басшылыққа алынады:
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын ;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқытудыңжүйелілігі және жоспарлылығыұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқытудыңбілім алушылардың саналылығы мен белсенділігіұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын ;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқытудыңпәнаралық байланысыұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын ;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын ;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын .
Бұл жалпыдидактикалық ұстанымдар - тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын жоғары оқу орындарында т. б. оқу орындарында оқыту үдерісінің басты қағидалары ретінде танылады.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқытудың жалпыдидактикалық ұстанымдарына қоса, драмалық шығармалардың жоғары оқу орындарында оқытудың жеке ұстанымдары да басшылыққа алынады:
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драмалық туындыларын Қазақстанның жаңғыруы, ата-бабалар аңсаған еркіндік пен бостандық, патриоттық идея бағытындаоқыту ұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясынқазақ ұлттық сөз өнері мен оның дамуының, қарыштап қанат қағуының жаңа дәуірібағытында оқыту ұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ орнағаннан бергі кезең тарихы және тұтас «Тәуелсіздік идеясымен» тығыз оқыту ұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігітарихы мен елдің мәдени даму барысы туралы ақпараттарды бірліктеұстана отырып оқыту ұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясынқазақ ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік-эстетикалық құндылықтарбағытында оқыту ұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясыннақты бір драматургтің шығармашылығындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты меңгертубағытында оқыту ұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясынпән ішіндегі проза, поэзия, драматургия, сын салаларының өзара тығыз байланыстылығын сақтау бағытындаоқыту ұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясынпән тарихы мен теориясына байланысты негізгі ұғымдарды меңгертубағытында оқыту ұстанымы;
- Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясынжаңа оқыту технологияларын кең арнада қолданаотырып оқыту ұстанымы.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту мазмұны қазақ драматургиясын ЖОО-да оқыту бағдарламасымен анықталады. Ол бағдарлама оқытушылардың Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясынан білім берудің жетекші құралы болып табылады.
Осы ретте әдіскерлер шешуі тиіс маңызды мәселе бой көтереді. Ол - қазақ драматургиясынан берілетін білім мазмұнын түбегейлі жаңа Тұжырымдамалық негізде қайта жүйелеу. Осы кезге дейін мұндай маңызды мәселе шешімін таппай келе жатыр.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын, оның ішкі қалыптасу үрдістері мен даму үдерістері тәуелсіздік идеясына қалай негізделгендігі де жеткілікті деңгейде зерттелмей келеді. Бұл мәселенің алдағы уақытта қарастырылуы тиіс.
Дидактиканың үлкен саласы - білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптау.
Сондықтан, қазақ драматургиясының тәуелсіздік жылдарындағы жинақталып келе жатқан қазынасын меңгерту, сұрыптау, ЖОО бағдарламасына енгізу, талдау - әдіскерлік шеберлікті, мол тәжірибені қажет етеді.
Бұл мәселені драматанушы ғалымдардың өздері де баса атап көрсеткені белгілі. «Әрине, жаңа кезең көркем кітабының бәрі бірдей қалам ұшына іліккен жоқ. Кейбір татымды туынды әртүрлі себеппен назарға түспей қалды да. Түспей қалуының бір себебі, драмалық туындылардың тарихы баспа жүзін көрген шығарманың құнын айырмай, шетінен тықпалай беруді көтермейді. Қазір не көп - қағаз топаны көп.
Драматургиямен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шалажансар шимайлардың бүгіндері қаптап кеткені жасырын емес. Қара нөпірім басылым арасынан ауыз тұшырлық кісі қызығарлық дүниені айырып алудың өзі бірталай жұмыс.
Дәмі жоқ, татуы жоқ сүреңсіздіктің насихатталуы бос әурешілдік. Сондықтан кітапта бүгінгі тәуелсіздік драматургиясының әжетке жарайтыны, жілігі татиды дегендері ғана іріктеліп талданды» [3] .
Мемлекет білім беру орындарына өзіне керекті азамат тұлғасын қалыптастыруға тапсырыс береді. Пәннің оқу бағдарламасы мемлекеттің сол тапсырысына сүйене отырып қажетті білім мазмұнын сұрыптайды. Осы бағдарлама негізінде іріктелген драмалық туындыларды оқыту арқылы студентлардың саналы азаматтық тұлғасы мен эстетикалық талғамын қалыптастырып дамыту - қазақ драматургиясын оқыту әдіскерлері мен оқытушыларының басты міндеті.
Әдебиеттанушы ғалымдардың « қазақ халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңдайы жарқырап, тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үстем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталған» [4] деп анықтаған тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын ЖОО-да оқыту осындай биік пафосты, қазақ халқының терең де нәзік әрі шиыршық атқан иірімдері мол көркем қазынасын меңгерту деген жоғары рухтағы әдістемелік тіректен тұруы тиіс.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының салаларынан берілетін білім мазмұнын анықтау және оны оқыту әдістемесі бойынша алда тұрған екі міндет бар:
- біріншіден, қазақ драматургиясының 1991 жылдан бергі кезеңде дүниеге келген озық идеялық және эстетикалық құндылығы мен тілдік-танымдық қуаты зор көркем туындыларды сұрыптау; сол арқылы студенттерге Тәуелсіз Қазақстанның айқын бейнесі мен болмысын таныту, тәуелсіздік мазмұндағы таңбаланған қазақтық әлеуметтік мәдени кодтарды меңгерту;
- екіншіден, тәуелсіздік мазмұнындағы қазақ драматургиясын меңгерту арқылы білім алушыларға көркем драмалық талдаудың жаңа тұжырымдамасын, драмалық шығармаларды талдаудың жаңа ұғымдық аппараттарын қалыптастыру.
Кеңестік дәуірдегі қазақ драмалық туындылары сол кездегі негізгі әдіс - социалистиік реализм әдісі арқылы талданып келгені белгілі. «Жағымды» және «жағымсыз» кейіпкерлердің оппозициялық талдануы арқылы кеңес заманының геройы туындап шығатын әдіс сол кездегі ең тиімді әдіс болып саналды. Ал қазіргі барынша шынайы, мүмкіндігінше өмірдің өзі алға қойып отырған тұрмыс күрмеулерінен шыға алатындай амал-тәсілдердің мектептегі қазақ драматургиясын оқыту әдістемесіне кешеуілдеп келуі - әдіскерлер тарапынан уақыт оздырып алып жатқаны айқын да ашынарлық жағдай.
Қазіргі қазақ драмалық туындылары мен оқырман арасында кеңес дәуіріндегідей авторитарлық пікір орын алмауы керек.
Сондықтан студентның оқырман ретіндегі өзіндік көзқарасы, білім алушы субъект ретіндегі өзіндік ізденіс арқылы білім алу әдістері, жеке тұлға ретіндегі дүниетанымдық ұстанымдары қалыптасуына және олардың адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тұрғыдан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ардақ тұтатын болмысына лайық болуын қамтамасыз ету - қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі әдіскерлері мен ғалымдардың парызы болып табылады.
Бұл ретте драма теориясы бойынша меңгертілетін ғылыми аппараттар - терминдердің де жүйесі айқындалуы керек. Өйткені «социалистік реализм» әдісі арқылы талданып келген М. Әуезовтің «Хан-Кене»драмасын ендігі ретте қалай талдау керек? Бұл жерде М. Қаратаевтан бастап барлық ғалымдардың талдауына сүйенетін болсақ, Тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа қырынан танылып жатқан Хан-Кене т. б. бейнелері студентларға қалай меңгертілгені дұрыс?
Белгілі драматургтер Дулат Исабеков, Әкім Тарази, Серік Асылбекұлы, Қалихан Ысқақов, Иранбек Оразбаев, Роза Мұқанова, Исраил Сапарбай, Жолтай Әлмашұлы сынды қаламгерлер соңғы кездегі қазақ драма жанрының дамуына үлкен үлес қосып, көрерменнің көңілінен шығатын, ой салатын, жақсылыққа тәрбиелейтін драмалық шығармаларын ұсынды.
Қалихан Ысқақовтың «Қазақтар», «Қараша қаздар қайтқанда», «Есеней - Ұлпан», «Сайқының тұқымдары», «Жан қимақ», «Сабатаж!», «Ерліктің екі сағаты», «Мазар», «Апатай», «Жәке-Жәкетай», «Қылкөпір», «Таңғы жаңғырық» (Шахимарденмен бірлесіп жазған) барлығы жиырмаға жуық пьесасы бар.
Дулат Исабековтің пьесалары да әдебиетіміздің драматургия саласының даму қорын байытты. Драматургтің «Тор», «Ректордың қабылдау күндері», «Ертеңді күту», «Әпке», «Мұрагерлер», «Кішкентай ауыл», «Алыстан келген ананас», «Анасын аңсаған қыз», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Ескерткіш операциясы», «Алтын тордағы тоты» пьесалары театрлар сахналарында үлкен жетістіктермен қойылуда.
Иранбек Оразбаевтың (Иранғайып) «Былыққа батқан қала», «Хайуандық комедия», «Естайдың Қорланы», «Махамбет», «Алтын адам», «Мауглидің оралуы», «Қорқыттың көрі», «Шоқан», «Мен ішпеген у бар ма?. . » пьесалары бар.
Нұрлан Оразалиннің «Қара қазан ғасыры», «Шырақ жанған түн», «Ақ құс туралы аңыз», «Тас киіктер» пьесалары лирикалық, психологиялық сарындылығымен ерекшеленеді.
Молдахмет Қаназдың еліміз егемендігін алғаннан кейінгі шығармашылығы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өнегелі өмірі мен өшпес ерлігіне арналды. «Жанқожа» атты үш актілі тарихи драмасы, сондай-ақ, «Ел қорғаны - Ер Жәкем» атты іргелі еңбегі (С. Қалауовпен бірге) жарияланған.
Думан Рамазанның «Кенесары-Күнімжан», «Абылай ханның арманы», «Керей-Жәнібек», «Бала Қазыбек» пьесалары көпшілік көңілінен шығып өз бағасын алды.
Қазіргі казақ әдебиетіндегі көрнекті драматург-қаламгер Сұлтанәлі Балғабаевтың қаламынан туындаған «Біз де ғашық болғанбыз», «Ғашықсыз ғасыр», «Ең әдемі келіншек», «Қазақша күрес», «Қыз жиырмаға толғанда», «Ғашықсыз ғасыр», «Әйелдер әлемі», «Жамбала, Мико және қасқыр», «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесаларында өмірдің сан түрлі мәселелері мен шындығы қамтылған.
Жолтай Әлмашұлы - қазіргі кезде драматургия саласында табысты пьесалар жазып жүрген қаламгерлердің бірі. Жазушының 2012 жылы жарық көрген «Жеті жебе» атты жинағында жеті драмалық хикаяты топтастырылған. «Ай астындағы алтын шаһар», «Мұңмен алысқан адам», «Жеңіс мерекесіндегі жеңіліс», «Жапон аруының арманы», «Күзгі бақтағы кездесу», «Дос-жүрек дос», «Қайраткердің құпиясы» пьесалары жазушының драматургия саласына қосқан үлкен үлесі болды. Драматургтің бұл көркем дүниелеріңде әртүрлі тақырыпта тіршіліктің әрқилы сәттері әңгімеленеді. «Дос-жүрек дос» пьесасында қазақтың кемеңгер жазушысы М. Әуезовтің күреске толы өмірінің бір сәті көрсетілсе, ал «Қайраткердің құпиясы» пьесасы - халқымыздың біртуар ұлы Ілияс Омаров өмірінен алынып жазылған тарихи-философиялық пьеса. Қаламгер «Жапон аруының арманы» драмасында жаңа заман мен жаңа адамдар өмірін арқау етсе, «Ай астындағы алтын шаһар» пьесасында бүгінгі Ана бейнесін жан-жақты сомдаған, келін мен ене арасындағы сыйластық пен тайталасты әдемі бере білген. «Мұңмен алысқан адам» атты философиялық драмада адамдар арасындағы алауыздық пен түсініспеушілік секілді жат мінездер сынға алынады. Драматургтің 2008 жылы жарық көрген «Тірі жан» кітабына енген драмалық шығармаларының ішінде ерекше аталып өтетін «Сана дерті», «Абақты - ғұмыр» пьесалары ерекше аталып өтетін дүниелер. Себебі, драматургтің бұл шығармаларында белгілі Алаш қайраткерлері Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұловтардың өмірінің ең соңғы шешуші сәттері баяндалады. Қазіргі қазақ драматургиясы өсіп-өркендеген ұлттық әдебиетіміздің ең негізгі жанрларының бірі деп айтуға болады. Ал драматургияның дамуы, өсіп-өркендеуі, ең алдымен, театрларға тікелей байланысты. Театр және өнер зерттеушісі, Қр Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығай қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуының негізін ашып көрсетіп, драма - театр - әдебиет байланысын былайша суреттейді: «Қазақ драматургиясын қалыптастырып, оны сара сүрлеуге түсіру үшін эпос сюжетіне, ел арасына кең тараған аңыз-хикаялар төркінінен үңіліп, бүгінгі тәуелсіздік кезеңіндегі шығармаларымыз қай бағытта өрбіп, ол қандай мәселелер көтеру керек деген орынды сауалға кезігеріміз табиғи заңдылық. Драма жоқ жерде театр өнерінің ғұмыры ұзаққа бармасы - аксиома. Драматургия театр өміріндегі ең басты және шешуші құрал. Яғни, театр негізі - әдебиет. Драматургия - әдебиет жанры» [5, 137 б] . Сондай-ақ, ұлттық театрларымыздың өсіп-өркендеуіне қазақ қаламгерлерінің, яғни, драматургтердің еңбегі зор. «Бұл ретте қаламгерлеріміздің арасында ерекше көзге түсіп жүрген - Дулат Исабеков. Дулат Исабековтың «Өкпек жолаушы» атты пьесасы қазақ әдебиетінің қазіргі жоғары деңгейін сырт жерлерге жеткізіп, насихаттайтын дүние ретінде жақсы танымал болып отыр. Яғни пьеса Санкт-Петербургтың «Эксперимент» театрында сәтті сахналанып, көрермендердің үлкен ризашылығына бөленді. Сонымен бірге, жақында бұл шығарма Лондон қаласының театрларының бірінде сахналанды. «Өкпек жолаушы» пьесасының ағылшын елінің астанасында қойылуы біздің бәріміз үшін ерекше жаңалық. Жалпы, бұл туынды - тек қазақ қана емес, бүкіл Орта Азия халықтарының әдебиетінің арасынан ағылшын сахнасына шыққан тұңғыш шығарма. Яғни, Дулат Исабеков қазақ драматургиясының Еуропаға шығуына тыңнан түрен салып, жаңа жол ашты деп нық сеніммен айта аламыз. »- деп атап көрсетті Қазақстан Жазушылар одағы драматургия кеңесінің төрағасы Сұлтанәлі Балғабаев [6, 3 б] .
Қазақтың көрнекті жазушысы Әкім таразидың «Тыныш көшедегі көгілдір үй», «Жақсы кісі», « Жолы болғыш жігіт», «Қыз махаббаты немесе қуыршақ бөпенің жоқтауы», «Індет немесе жаңа адам жасаймыз», «Лайнер», «Люстра», «Муза», «Қос боздақ», «Күнә», «Ақын, періште, махаббат», «Үкілі жұлдыз» пьесалары биік адамгершілік, тұнық адалдық, кіршіксіз махаббат секілді мәңгілік тақырыптарды өзек етіп алған философиялық толғамға толы шығармалар. Оқиғалары қызғылықты, тағылымдық мәні зор, шынайы шыншылдық пен ұлттық рухтың отты лебі сезіліп тұратын шығармалар деп айтуға болады.
Өмірбек Боранбаевтың «Әңгүдік», «Далабезер», «Махшар», «Жеті түнде желігіп», «Сотанайдың соңғы үйленуі» және балаларға арналған бірнеше пьесалары бар. Драматургтің аталған жаңа пьесаларында қазіргі қазақ қоғамындағы өткір мәселелер көтерілген. Бұл шығармалардың өн бойында жаңа заманға бейімделген еңбек адамдары арасындағы қарым-қатынастар сахналық тартыстар арқылы нанымды бейнеленеді. Адам тағдыры мен мінез-құлықтары, адамдық қасиеттері уақыттың талабы мен қоғамның өзгерістеріне қаншама тәуелді болғанымен, қандай қоғамда қай уақытта болса да, қасиет-құнын жоғалтпайтын асыл құндылықтар екені шығармада паш етіледі.
Төлен Әбдікұлының «Ұлы мен ұры», «Өліара», «Біз үшеу едік», «Қайырсыз жұма» психологиялық драмасы мен пьесалары республикалық театр сахналарында қойылып жүр. «Ардагер» пьесасы Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған драматургиялық шығармалар байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
Қаламгер Талаптан Ахметжанның «Пейіштен түскен періште», «Қараторғай», «Сұлу мен суретші», «Тазша бала», «Екі жүрек» сияқты пьесаларын жазды. «Қараторғай» пьесасы көп жылдан бері Орал театрының сахнасында қойылып келеді.
Драматургия саласында өнімді еңбектерімен танылып жүрген тағы бір қаламгердің бірі - Жұмагүл Солтиева. Оның «Сағым қуғандар», «Дариға дәурен», «Жынды көбелек» пьесалары бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін көтере білген шығармалар қатарынан танылды. Сондай-ақ, Жұмагүл Солтиеваның «Әйел махаббаты» атты пьесасы республикалық корей театрының қойылымында Оңтүстік Корея елінде сахналанды. Пьеса Ақын Мағжан Жұмабаевтың жан жары Зылиха туралы. Бұл пьеса қазақ әдебиетінің бүгінгі жетістіктерін сырт елдерге жеткізуге өзінің лайықты үлесін қосқан шығарма болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz