Драма - ежелгі өнер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Шығыстану факультеті

Қытайтану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Юань драмасындағы образдық жүйенің ерекшеліктері

Мамандық бойынша 5В021016 - «Шетел филологиясы: қытай тілі»

Орындаған:Кұсманова А. Қ. (қолы)

Ғылыми жетекші:
ф. ғ. к., аға оқытушы Мадиев Д. А.

Қорғауға жіберілді
Хаттама No 2020ж.

Кафедра меңгерушісі (қолы және мөрі)

Нормобақылау (қолы)

Алматы, 2021 ж.

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Юань драмасындағы образдық жүйенің ерекшеліктері

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Диплом жұмысының мақсаты: Қытай драматургиясындағы Юань кезенінің театр өнерін зерттеу, юань драмасындағы кейіпкерлер образдарын, образдық жүйенің ерекшеліктерін, оның құрылымын және шығу тегін зерттеу.

Диплом жұмысындағы кілт сөздер: драматургия, театр өнері, образдық жүйе, кейіпкер образы.

Диплом жұмысының көлемі:

Диплом жұмысының өзектілігі: Қытай ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұзақ тарихы мен бай, әрі терең мәдениетімен ерекшелінетін өркениетті елдердің бірі. Өз бастауын көне заманнан алатын әдебиет және театр өнері, қытай мәдениетіне көп үлесін қосып, Қытай драмасының қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді. Қытай драматургия тарихында Юань дәуірін (XIII XIV) «алтын ғасыр » деп атау қалыптасқан. Демек, бұл кезеңде драматургиялық шығармашылық гүлденіп, театр өнері өзінің шарықтау шегіне жетті. Қытай дерек көздеріне сүйене келе, Юань дәуірінде жүзден астам драматургтар бес жүздей пьесаларды жазып қалдырған екен. Аталмыш еңбектер қазіргі драматургия мен театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі болып, бірнеше тілдерге аударылып отыр. Сондықтан да қазіргі таңда филологтарға қытай әдебиетінің бірден бір саласы, драматургияны дамыту, сондай-ақ Юань драмасын, ол жақтағы қойылған пьесалардағы кейіпкерлердің образдары және образдық жүйе қазіргі уақытта өзекті мәселелердің біріне айналуда.

Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер саны:

РЕФЕРАТ

Тема дипломной работы: Особенности системы образов в Юаньской драме

Структура дипломной работы: диплом состоит из введения, двух глав, заключительной части, списка литературы и дополнение.

Цель представленной работы: Изучение театрального искусства периода Юаньской династии в китайской драматургии, изучение образов персонажей в Юаньской драме, особенностей образной системы, ее структуры и происхождения.

Перечень ключевых слов: драматургия, театральное искусство, образная система, образ героя.

Объем дипломной работы:

Актуальность дипломной работы: Китай-одна из самых цивилизованных стран с долгой историей, богатой и глубокой культурой, которая веками передавалась из поколения в поколение. Литература и театральное искусство, взявшие свое начало с древних времен, внесли большой вклад в китайскую культуру и оказали свое влияние на формирование китайской драмы. В истории китайской драматургии эпоху Юань (XIII XIV) принято называть «золотым веком». Следовательно, в этот период расцвело драматургическое искусство, и театральное искусство достигло своего апогея. Согласно китайским источникам, в эпоху Юаньской драмы более ста драматургов написали около пятисот пьес. Эти работы переведены на несколько языков, став одним из основоположников современной драматургии и театрального искусства. Поэтому в настоящее время филологам становится одной из самых актуальных проблем развития китайской литературы, драматургии, а также развития юаньской драмы, образов героев и образной системы в поставленных там пьесах.

Количество использованных источников:

REPORT

Subject of the diploma: Features of the character system in the Yuan drama

The structure of diploma: the diploma consists of an introduction, two chapters, the final part, a list of references and addition.

The purpose and objectives of the diploma: The study of the theatrical art of the Yuan Dynasty period in Chinese drama, the study of the images of characters in the Yuan drama, the features of the character system, its structure and origin.

The number of page:

Keywords: dramaturgy, theatrical art, the character system, the image of the hero.

The relevance of the diploma: China is one of the most civilized countries with a long history, rich and deep culture that has been passed down from generation to generation for centuries. Literature and theater arts, which originated from ancient times, have made a great contribution to Chinese culture and have had their influence on the formation of Chinese drama. In the history of Chinese drama, the Yuan era (XIII-XIV) is usually called the "golden age". Consequently, during this period, the dramatic art flourished, and the theatrical art reached its apogee. According to Chinese sources, during the Yuan Drama era, more than a hundred playwrights wrote about five hundred plays. These works have been translated into several languages, becoming one of the founders of modern drama and theatrical art. Therefore, at present, philologists are becoming one of the most urgent problems of the development of Chinese literature, drama, as well as the development of the Yuan drama, the images of the characters and the figurative system in the plays staged there.

The amount of sources:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЮАНЬ ДРАМАСЫ: ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

1. 1 Жалпы қытай театрының қалыптасуы/теориялық тұрғыдан подход/драма деген не

1. 2. Юань драмасының қалыптасу тарихы/ жағдайы /даму жолы/ қандай мағынаға ие болды

1. 3. ерекшелігі/

2 ЮАНЬ ДРАМАСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ОБРАЗДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІТЕРІ . . .

2. 1 образдық жүйенің ерекшелігі

2. 2 жекелеген образдар

2. 3

ҚОРЫТЫНДЫ . . . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ҚОСЫМША . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қытай ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұзақ тарихы мен бай, әрі терең мәдениетімен ерекшелінетін өркениетті елдердің бірі. Өз бастауын көне заманнан алатын әдебиет және театр өнері, қытай мәдениетіне көп үлесін қосып, Қытай драмасының қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді. Қытай драматургия тарихында Юань дәуірін (XIII XIV) «алтын ғасыр » деп атау қалыптасқан. Демек, бұл кезеңде драматургиялық шығырмашалық гүлденіп, театр өнері өзінің шарықтау шегіне жетті. Қытай дерек көздеріне сүйене келе, Юань дәуірінде жүзден астам драматургтар бес жүздей пьесаларды жазып қалдырған екен. Аталмыш еңбектер қазіргі драматургия мен театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі болып, бірнеше тілдерге аударылып отыр. Сондықтан да қазіргі таңда филологтарға қытай әдебиетінің бірден бір саласы, драматургияны дамыту, сондай-ақ Юань драмасын, ол жақтағы қойылған пьесалардағы кейіпкерлердің образдары және образдық жүйе қазіргі уақытта өзекті мәселелердің біріне айналуда.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қытай драматургиясындағы Юань кезенінің театр өнерін зерттеу, юань драмасындағы кейіпкерлер образдарын, образдық жүйенің ерекшеліктерін, оның құрылымын және шығу тегін зерттеу.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қытай драматургия тарихындағы алтын ғасыр-Юань дәуіріндегі театр өнері

Зерттеу жұмысының пәні:

Зерттеу жұмысының міндеті:

-Юань драмасындағы кейіпкерлер құрылымын зерттеу;

-Образдық жүйенің ерекшеліктерін айқындау;

-

-

-

-

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Зерттеудің теориялық маңызы:

Зерттеудің практикалық маңызы:

Зерттеу жұмыстың құрылымы:

Әлем әдебиетіне көңіл бөліп, назар салсақ драматургияның орны ерекше екенін байқауға болады. Драматургия-әлемге оқиғаның көзімен, оқиғаға адамның көзімен, адамға болмыстың, ал болмысқа мәдениеттің көзімен қарайтын өнер. Драматургия саласының туындыларының драмалық-теориялық қағидаларын, синтездік сипаты мен принциптерін біз қазіргі таңда тек қана мәдени тұрғыдан емес, сонымен қатар әдеби тұрғыдан да қарастырамыз. Осы жұмыста көрсетілген мәліметтер драма өнерінің барынша әдеби тұрғыдан зерттеліп, жан-жақты қарастырылатыны- жұмыстың бірден бір мақсаты. Өзге де өнер түрлері сияқты, белгілі бір даму кезеңдерін, әртүрлі құбылыстарын бұл жанр түрі де бастан кешірмей тұрмайды. Әр заманның өзінің тілі бар дей келе, драма өнері де ғасырдан-ғасырға, жылдан-жылға өзгеріске ұшырап, дамып жатыр. Қазіргі дүниежүзі өнер салаларына тән минимализм, сөздердің аздығы, ал әрекеттің керісінше көптігі даму процесінің нәтижесі. Ежелгі Грек елінен өз бастауын алған драма өнері, даму барысында біршама процестер мен өтпелі құбылыстарды басынан өткізген сала дей отыра, алдағы дипломдық жұмыста Қытай еліндегі драматургияның пайда болуы мен қалыптасуы, әсіресе қытай драма өнерінің алтын ғасыры-Юань драматургиясы туралы ақпаратты ұсынатын боламын.

Қытай - бұл кең ауқымды қамтитын, мыңдаған жылдық тарихы мен аса бай мәдени мұрасымен ерекшеленетін мемлекет. Қытайдың әдебиеті мен мәдениетінің небір саласын қарастырсақ, барлығы қайталанбас мұра, яғни ерекшеліктер мен терең мазмұнға ие. Қытай мәдениеті қазіргі таңда айқын пішіндер мен қанық бояуларға, байырғы әдет-ғұрыптар мен шексіз құпияға толы. Осындай ірі мұралардың бірі-қытай драма өнері. Қазіргі Қытай әлемдегі көне әрі бай театр дәстүрін жалғастырып, әртүрлі драмалық формалармен қаныққан елдердің бірі. Музыка, би және қытай операсы-қытай драматургиясының ең ерекше және ең көрнекті түрлері. 12 ғасырдан бастау алған қытайлық драма 800 жылдық тарихында негізінде өзгеріссіз сақталып, барлық кезеңдерінде жаңа формаларымен толықтырылып, жүз жылдан астам уақыт ішінде қытай мәдениетінің басқа бөліктерімен интеграцияланып, қазіргі таңда Қытай елінде тамыр жайып, ең ықпалды орындардың біріне айналып отыр.

Жалпы драматургия өнерін біз әдебиеттің бірден-бір саласы деп білеміз. Көркем әдебиетте шығарманың үш формасы бізге мәлім, олар: эпикалық(грек тілінен алынған-эпос, баяндау деген мағынаға ие), лирикалық (музыкалық аспаппен сүйемелденген өлең) және драмалық. Автор оқырманға белгілі бір ойды немесе оқиғаны жеткізу барысында осы үш тәсілдің бірін таңдайды. Бірінші тәсіл-эпикалық, яғни автор оқырманға тақырыпқа байланысты оқиғаларды, онымен байланысты жағдайларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл тәсілде автордың рөлі- шежіреші, баяндаушы. Екінші тәсіл-лирика, автор оқиғаны емес, оқиғадан алған әсері мен тудырған сезімдері тура сөз қозғайды. Мысалы автордың ішкі әлемінің бейнесі, оқиғадан туындаған уайымы мен қуанышы негізгі элемент болады. Ал үшінші тәсіл, біздің алда кеңінен қарастыратын тақырыбымыз- драма. Автордың оқиғасын, белгілі объектіні іс-әрекетте бейнелеуге, оны сахнада көрсетуге болады. Оны әртүрлі құбылыстар мен формада оқырманға немесе көрерменге ұсыну. Драма- әдеби шығармашылықтың ерекше түрі. Өзінің сөздік, мәтіндік, формасынан басқа, сахналық қойылым түрімен ерекшеленеді. Қойылым барысында автордан басқа режиссерлер, актерлер, суретшілер мен басқа да сахна жұмысына қатысты адамдар өз қызметтерін атқарады. Олардың барлығы бірдей міндеті автордың негізгі идеясын көрерменге жеткізу және режиссерлік интерпретация беріп, шығарманың сахналық қойылымда мәнін ашу.

Драма өзінің пайда болуынан бастап, кейіпкерлерге, образдарға, қойылымға, ойынға бағытталған қоғамдық өнер болып есептелінді. Драмалық туындылар ешқашан театрдан бөлек оқшауланып қарастырылмаған және бағаланған емес. Драмалық шығармадан күтілетін негізгі әсер - сөзсіз көрерменге деген әсері.

1 ЮАНЬ ДРАМАСЫ: ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

1. 1 Жалпы қытай театрының қалыптасуы/теориялық тұрғыдан подход/драма деген не

Драма-ежелгі өнер. Ежелгі грек драмасы 2500 жылдам астам уақыт бұрын пайда болса, үнді драмасы кем дегенде 1600 жылдық тарихы бар деген ақпарат көздері бізге жиі кездеседі. Ал қытай драмасының хронологиялық шеңберіне тоқталатын болсақ, 12 ғасырдың аяғында оңтүстік Сун династиясы кезінде дүниеге келіп мыңжылдық тарихы бар ежелгі өнер. Қытай драмасы салыстырмалы түрде жас болғанымен, ерекше мықты болды, оған дәлел ретінде қазіргі таңда ежелгі грек драматургиясының өркендеуін тек үлкен театрларында ғана байқауға болады, үнді драматургиясын қазіргі заманда көру мүмкін емес, ал қытай драматургиясы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қытай драматургиясы форма жағынан да, мазмұн жағынан да кеңейіп, даму барысында. Айта кетелік, қазір 300-ден астам жанр мен 10 000-ға жуық драмалық шығармалар жарық көрген. Қытай театры көне Греция, Үндістан сияқты өз бастауын дәстүрлі жырлардан алған жоқ, керісінше театр өнерінің дамуына қытайдың көне салт-дәстүрлері, той-мерекелерді өткізу шаралары, халықтық билер мен аңыздар, ән салу мен жәрмеңкелік көріністер, діни рәсімдер тікелей әсерін тигізді.

Басқа мәдениеттердегі драма саласын салыстырғанда, дәстүрлі қытай драмасы бірнеше ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Біріншіден, қытай театр өнерінде кейіпкерлер рөлі нақты анықталған. Ежелгі дәуірде Қытай қоғамы үшін дәреже мен тәртіп өте маңызды орынға ие болған, сол себепті сомдалатын кейіпкерлер образдары да эстетикалық құралдармен қамтылып, нақты айқындалған. Мысалы, кейіпкерлердің бөлінісі бойынша: sheng-ер адамдардың сомдайтын рөлі, dan-жас әйелдердің рөлі, jing-беттері бояумен боялған кейіпкерлердің рөлі, mo-орта және ересек ерлер рөлдері және chou-клоун рөлдері. Екіншіден, қойылымдар ойдан шығарылған, яғни ешқандай мүмкіндіктері жоқ шындыққа еліктеу. Бұл ерекшелікті көбінесе қытай операсынан байқауға болады. Үшіншіден, қойылым формулаларының қатаң түрде белгіленуі және сақталуы. Сондай-ақ, қытайлық драма төрт элементті құрылымнан тұрады: chang-ән айту, nian-музыкалық монолог немесе диалог, zuo-актерлік шеберлік, da-жекпе-жек. Төртінші ерекшелігі- қытай драмасындағы сахна өте қарапайым. Әдетте, қарапайым үстел мен орындықтар қолданылады, оның басты себебі кейіпкерлердің жылдам әрі еркін қозғалуына кедергі келтірмеу.

Қытай драматургиясының тарихы сонау 2500 жыл бұрын басталып, драматургияның алғашқы түрлері пайда болып, Хан династиясы қытай қоғамының қарқынды өсуіне куә болды. Акробатика, комедия, сиқырлы трюктер сияқты жаңа қойылымдар театр өнерінің негізі-музыка, бимен үйлесе бастады. Хан династиясынан кейін, әсіресе Тан дәуірінде музыка мен би керемет даму кезеңін бастады. Айта кетелік, осы кезеңде Tayaoniang, Botou, Damian сияқты халық әндері мен билері өте танымал болды. Бұл қойылымдардың ерекшелігі- толық сюжет және әскери драмада орындалған рөлдерінде болды. Әскери драма Тан әулетінен кейін алдымен сотта, содан кейін қарапайым халық арасында кең танымалдылыққа ие болды. Сун әулетінің тұсында драманың екі жетілген формасы-zaju және nanxi пайда болды. Shanxi провинциясының Houma қаласындағы Донгтар отбасының қабірінен шағын сахна қазылып табылған болатын. Табылған сахнада 5 кейіпкер болды, олар: sheng, dan, jing, mo және chou. Бұл Сун және Цзинь династияларындағы драмалық қойылымның айқын дәлелі. Сун династиясы, драманың дамып-жетілуіне екі жақтан ықпал етті, бір жағынан shuochang драманың сценарийлерін құруға тікелей әсер етті, ал екінші жағынан shuochang драманың әншілік бөлігінің дамуына ықпал етті. Қоғамның дамуымен қатар театр өнері де Сун дәуірінде айтарлықтай жетістікке жетіп, пьесалардың құрылымы күрделене түсті. Бірақ Қытайда шынайы драманың қалыптасуы мен театр өнерінің шарықтаған кезеңі Юань дәуіріне сай келеді .

Қытайдың ұлттық театрының жалпы атауы-сицюй. Бұл түсініктің XV ғ қолдана бастағанына қарамастан, қытайдың театр өнері ежелгі дәуірден-ақ етек алды. Сицюй түсінігі екі бөліктен тұрады: си-ойын, әзіл, қалжың, қойылым, цюй-ән, ария деген мағына береді. Яғни сицюй- музыкалық театр, музыкалық драма деген мәнге ие. Қытайдағы театр өнерінің негізі, көптеген діни, жерлеу рәсімдерінде, мерекелік, той-думандық көріністерде байқалады. Әсіресе көне заманда жергілікті тұрғындар табиғи апаттардан қорғану үшін, халықтың тоқшылығын қамтамасыз ету үшін әртүрлі діни рәсімдер, қойылымдар ұйымдастырып отырған. Үлкен мерекелерде қойылған көріністер жергілікті храмдарда екі-үш күнге, кейде бір аптаға дейін созылатын. Әдетте мұндай театрлық қойылымдарды жергілікті шаруалардың балалары-әуесқой актерлер орындады және бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Мерекелік қойылымдарда маска киіп көрініс көрсету халық арасында кең тарады. Орталық және оңтүстік қытайдың көптеген аймақтарында кәсіптік- ғибадатханалық актерлердің тобы болған. Ал Тайваньда мұндай топтар қазіргі уақытқа дейін сақталған. Театрлық қойылымдар даостық ілімнің негізгі бөлігі болды, ал құдайға табыну, актерлердің өмірінің мәніне айналды. Рухани құндылықтардың дәстүрлі сатысы халықтық қойылымдарға да өз ықпалын тигізді. Мысалы, Қытайдың оңтүстік батысында қойылымдар азаматтық және әскери деп екі сатыға бөлінді. Біріншісі, өлген адамдардың жанын құтқаруға арналып, көрермендердің қатысуынсыз өткізілсе, ал екіншісі, әдеттегі халыққа арналып қойылды. Ал Гуандунде сахнаны ішкі және сыртқы деп бөлу қалыптасқан.

Актерлердің тамаша киімдері таңғажайып маскалары, барабан дабылы, ән салу, әртүрлі бет қимылдарын жасауы, театрлық қойылымдардың міндетті шарты болды. Қойылымдардың көпшілігі қоғамнан тыс адамдарды, яғни киелілер мен қылмыскерлерді сомдауға бағытталды. Көне заманда ең көп тараған қойылымдар үйлену тойға, көктем мерекесіне, аң аулауға, әскери жорықтарға арналған көріністер болды. Мысалы көктем мерекесі қойылымдары былай жүзеге асты: алдыңғы қатарда қылыш, қанжармен қаруланған он екі жауынгер, жобарыс терісін жамылып, маска киген жастар, олардың артынан үлкен барабан соққан он-он екі жас аралығындағы жүз жиырма бала сарайға қарай бет алады. Дәл түнгі сағат он екіде сарайға ат-арбамен жоғарғы шенеуніктер келіп, мерекелік шараларды бастайды. Яғни елді, сарайды қара күштен тазарту, дабыл соғып, қылыш, найзамен қара күшті қудалау, шырақ жағып үркіту сияқты рәсімдерді орындады. Осындай театрға тән қимыл- әрекеттерге толы көріністерді театрдың бастамасы деуге болады.

Инь және Чжоу дәуірінде театрлық қойылымдар әдетте діни рәсімдерге және соғыс жеңістерін мадақтауға бағытталды. Мысалы адамның жанын тазарту сияқты діни рәсімді орындау үшін, актерлер аңның терісін жамылып, аң бейнесіндегі маскаларды киіп қойылымдар қоятын болған. Ал Чжоу дәуіріне тән жауынгерлік би, жазба деректкрдің айтуынша, чжоулықтардың иньдіктер мемлекетін бағындыруын мадақтайтын көрініс болды. Осы театрлық қойылымдардың орындаушысы кім болды деген сұрақ туады. Қытай халқының музыкаға, әнге, биге деген құмарлығын ескере отырып, алғашқы орындаушылар кәсіби деңгейі жоқ, тек әуесқой адамдар болған деген қорытындыға келеміз. Кейіннен қытай театрында ю- кәсіби актерлер қалыптаса бастады. Театр өнерінің дамуына байланысты кәсіби актерлер пайю және чанъю деп екіге бөлінді. Пайю- ән салып, би билейтін, музыкалық аспапта ойнай алатын, суырып салма қасиеті бар, халықты күлдіріп, көңіл-күиін көтере алатын актер. Ал чанъю- музыкалық аспапта ән салатын халық актері. Қоғамдағы әлеуметтік бөлініс бойынша, көне замандағы актерлер ең төменгі сатыда тұрды. Алайда олардың таланты, ойының ұшқырлығы, сөз тапқыштығы көптеген бектер мен императорларды таңдандырды, олардың көпшілігі император сарайларында қойылымдар қойды. Мысалы жазба деректер Цинь Ши-Хуанди сарайында Дань есімді актердің болғаны жөнінде мәлімет береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ драматургиясының жанрлары
Театрдың пайда болу сипаты
Драмалық шығармалар оқыту
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Әмір - Темір Хұсейн Жүсіпұлының өмірі мен шығармашылығы
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ
Ежелгі Үндістанның мемлекеті
Әдебиеттің тегі мен түрі. Эпос, лирика, драма
Антикалық әдебиет:түрлі жанрлық салаларының қалыптасуы
ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz