Кришнаизм санасы



«Кришна санасы» қоғамы 1966 жылы Бһактиведанта свами Прабхубаданың басшылығымен Нью.Йорк қаласында құрылды. Қоғамның негізін салушы Абхай Чаран Де (1896.1977) монах. Кейіннен ол Шри Шримат Свами Бхактиведанта Прабхупада атты рухани есімді иеленді. Прабхупаданың айтуы бойынша, ол өзінің рухани ұстазының тапсыруымен Кришна ілімін Батысқа тарату міндетін орындап жүр. Осылайша АҚШ.та 16 ғасырда өмір сүрген Шри Кришна Чаитанйа ілімінің жаңашаланған түрі пайда болды. Свами Прабхубада « Ғаламат адамгершілік күшін, керемет бойынсұнғыштықты және қасиеттілікті бойына жинаған адам бола отырып, сонымен бірге ол. барлық пендешілік өмірдің рақатынан бастартқан адам. Басқа көптеген гурулардан, өзінің замандастарынан айырмашылығы, ол ең қарапайым өмір сүру жағдайын қанағат тұтып, баспанасын да шәкірттерімен бөлісіп күн көрді...» Сатсварупа дас Госвамидің « Прабхупада. Адам. Әулие. Оның өмірі. Оның мұрасы» Деген кітабы дін тарихы саласының маманы, доктор Дж. Стиллсон Джудахтың осы сөздерімен баяндалады. Бұл кітапта гурудың. кришнаизмнің негізгі қағидалық бұлақ көздерін аударған және түсіндірген, барлығы сексендей кітап жазған (ал ол кітаптары бұл ілімді түзу теологиялық жүйеге келтіруге мүмкіндік берген) рухани ұстаздың өмірбаяны егжей.тегжейлі баяндалады. Бұл діни конфессияның негізгі кітабы «Бһагаватгита» болып табылады.
Діни ілімі бойынша жоғарғы шынайылықтың иесі және бәрін жаратушы құдай Шри Кришна, оның үш аспектісі бар: Брахман ( өзіндік белгісі жоқ рух); Параматма ( Жоғарғы рух, әрбір тірі жанның жүрегінде және атомдық жаратылыста болатын) және Бһагаван ( Жоғарғы құдай ұлылығы).
Кришнаизм идеяларын кеңінен насихаттау мақсатында, Шрила Прабхупада (шәкірттерінің атауы бойынша) 1972 жылы бүгінгі күні әлем халықтарының жүзден астам тілде кітап басып шығаратын « Бхактиведанта Бук Траст» (ББТ) деген баспа құрған. Қазір қоғамның дүние жүзінде 60.тан астам мемлекетте 400.ге жуық храмдары мен орталықтары бар.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кришна санасы қоғамы, ілімі мен ғибадаттары.
Кришна санасы қоғамы 1966 жылы Бһактиведанта свами Прабхубаданың басшылығымен Нью-Йорк қаласында құрылды. Қоғамның негізін салушы Абхай Чаран Де (1896-1977) монах. Кейіннен ол Шри Шримат Свами Бхактиведанта Прабхупада атты рухани есімді иеленді. Прабхупаданың айтуы бойынша, ол өзінің рухани ұстазының тапсыруымен Кришна ілімін Батысқа тарату міндетін орындап жүр. Осылайша АҚШ-та 16 ғасырда өмір сүрген Шри Кришна Чаитанйа ілімінің жаңашаланған түрі пайда болды. Свами Прабхубада Ғаламат адамгершілік күшін, керемет бойынсұнғыштықты және қасиеттілікті бойына жинаған адам бола отырып, сонымен бірге ол- барлық пендешілік өмірдің рақатынан бастартқан адам. Басқа көптеген гурулардан, өзінің замандастарынан айырмашылығы, ол ең қарапайым өмір сүру жағдайын қанағат тұтып, баспанасын да шәкірттерімен бөлісіп күн көрді... Сатсварупа дас Госвамидің Прабхупада. Адам. Әулие. Оның өмірі. Оның мұрасы Деген кітабы дін тарихы саласының маманы, доктор Дж. Стиллсон Джудахтың осы сөздерімен баяндалады. Бұл кітапта гурудың- кришнаизмнің негізгі қағидалық бұлақ көздерін аударған және түсіндірген, барлығы сексендей кітап жазған (ал ол кітаптары бұл ілімді түзу теологиялық жүйеге келтіруге мүмкіндік берген) рухани ұстаздың өмірбаяны егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл діни конфессияның негізгі кітабы Бһагаватгита болып табылады.
Діни ілімі бойынша жоғарғы шынайылықтың иесі және бәрін жаратушы құдай Шри Кришна, оның үш аспектісі бар: Брахман ( өзіндік белгісі жоқ рух); Параматма ( Жоғарғы рух, әрбір тірі жанның жүрегінде және атомдық жаратылыста болатын) және Бһагаван ( Жоғарғы құдай ұлылығы).
Кришнаизм идеяларын кеңінен насихаттау мақсатында, Шрила Прабхупада (шәкірттерінің атауы бойынша) 1972 жылы бүгінгі күні әлем халықтарының жүзден астам тілде кітап басып шығаратын Бхактиведанта Бук Траст (ББТ) деген баспа құрған. Қазір қоғамның дүние жүзінде 60-тан астам мемлекетте 400-ге жуық храмдары мен орталықтары бар.
Бүгінгі таңда жер жүзінің кришнаидтері Кришна Санасы Халықаралық қоғамына ( ИСККОН- JSKCON- ағылшын атауының қысқарғаны) біріккен. ИСККОН православиелік шіркеудің қайраткерлерінің тұрғысынан әр-түрлі сыншылдыққа алынып, онымен күрделі қатынасқа душар болады.
Ачарья, яғни негізін салушы- А.Ч. Бһактиведанта Свами Прабхупада атап өткендей, Кришна Санасы қоғамының мүшелері не істесе де, олар Кришнаның ризашылығы үшін істеуге, яғни Кришна үшін жұмыс істеп, барлық іс-әрекеттерін Соған арнауға тиіс. Солай еткенде ғана олар бақытты өмір сүреді. Сонда ғана барлық мәселелер, оның ішінде ғаламдық мәселелер де шешіледі: Қоғамдық, саяси, философиялық, діни, экономикалық- кез келген проблемалард, -дейді ол, -Кришна санасының арқасында шешуге болады... Бұл - тиянақты және беделді ғылым. Ол еріккендердің жорамалдары мен ұшқары ойларының негізінде туған жоқ. Біздің қозғалысымыздың терең ғылыми негізі бар... Кришна Санасы қозғалысы өзінің алдында ең жоғарғы мақсат- бүкіл адамзаттың игілігіне айналу мақсатын қойып отыр. [2]
Кришнаидтер қоғамының өмірінен жасандылықты бірден көруге болады, онда үнділікке тән таза руханилық аз, сонымен қоса бұл біздің мәдениетіміз бен діни дәстүрімізге мүлде сәйкес келмейді,- деген ойды айтады А. Забияко кришнаидтердің діни практикасын көп зерттегеннен кейін. Егер медитациямен үш жылдам астам айналысса, онда адамның ішкі дүниесі, психикасы, санасы бұзылып, толығымен өзгереді. Бұл өмірге ол адамға өайтып келуге жол жоқ,-деп жазады.
Кришна Санасын таратушылардың ішінде тарихта қалған ерекше тұлға Шри Чайтанйа. Ол 1486-1533 жылдары өмір кешті. Алтын аватара (адам бейнесіндегі Құдай) Шри Чайианйа Маһапрабһу Үнді жерінде осыдан бес жүз жыл бұрын келген. Үнділіктердің сенімі бойынша Чайтанйа алтын түсті денеде келген Кришна, сондықтан Чайтанйа Алтын аватара аталған. Аватара дегеніміз жоғарыдан түсуші Вайшнавтар- осы дәуірдің аватарасы- Чайтанйа Тәңір екені Веда жазбаларында жазылған дейді. Чайтанйа Маһапрабһу- Кришнаның өзі, бұл жолы адамдарды Бһагават- Гитаның тапсырмасын іс жүзінде орындауды үйретуге келген деп сенеді.
Чайтанйа адамдарды Құдайды сүюге, оған берілуге үйретеді. Оның жолы Құдайға жетудің төте жолы. Ол қарапайым әдістің көмегімен Құдайға деген махаббатты жандандырады. Ол Құдайдың киелі аттарын шынайы сезіммен қайталай беріңдер дейді. Кали (тоқырау) дәуірінде Құдайға жетудің бірден-бір жолы һаре Кришна мантрасын қайталаудан өзге жол жоқ.
Һаре Кришна мантрасын қайталау, оны ән етіп айту әдісі санкиртана деп аталады. Санкиртана Құдайдың үстемдігін, даңқын асыра мадақтау, оны сипаттау болып табылады.
Санскрит тілінен аударғанда мантра дегеніміз, сананы жаман ойлардан босататын трансцендеттік дыбыстардың үйлесімі. Веда ілімі бұл мантраны- ұлы мантра деп атайды. Кали-санатана-упанишадта он алты сөзден тұратын- Һаре Кришна, Һаре Кришна, Кришна, Кришна, Һаре, Һаре, Һаре Рама, Һаре Рама, Рама, Рама, Һаре, һаре- мантрасын ұсынады. Бұндағы Кришна барлығын өзіне қаратушы, Рама- баршаны қуантушы, ал Һаре- құдайға қызмет ету үшін қуатына жалбарынатын сөз. Сонымен, ұлы мантра Ей барлығын өзіне тартушы, ей баршаны қуантушы Тәңірімнің қуаты! Өзіңе адал беріле қызмет етуге рұқсат етуіңді өтінемін,- дегенді білдіреді.
Осы мантраны тыңдау құдайдың Жоғарғы Тұлғасын танудың бірден-бір жолы. Чайтанйаның көзқарасы бойынша Веда әдебиеттерінің негізгі ойы-Кришнаға берілгендік (бһакти). Ол Құдай мен адамның арасында ерекше махаббаттың болатындығын ашты. Материалдық шырмаудан босатылып, құдай жолына түскендердің шын тілек-ниеттерінен Кришна ләззатанады. Ол да берілгендерге ризашылық пейілмен өз махаббатын олардан аямайды. Вайшнавтар үшін бұл ең жоғарғы рухани қарым-қатынас.
Кришна сөзбе-сөз аударғанда қара деген мағынаны білдіреді. Шри Кришнаны Бһагаван деп атайды. Бұл Құдайдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кришнаизм санасы қоғамы
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуы
Дәстүрден тыс діни ағымдар
Қазіргі таңдағы діни ағымдар
Қазіргі заманғы діни сектандықтар
Зайырлы мемлекет
Ведалардың жазылу тарихы
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Қазақстандағы діндер
Пәндер