Қазіргі мейрамхана саласындағы үлгілер


Аймақтық мейрамхана бизнесінің дамуы
Сарбас Мәрия Ерланқызы
Мамбетжанова Динара
Тұран университеті . Алматы қаласы. Қазақстан
Мазмұны
I. Кіріспе . . .
1. 1 Бәсекеге қабілетті мейрамхана бизнесінің дамуы ( 1. қазіргі мейрамхана саласының жаппай қалыптасуы
2. Пандемия кезіндегі мейрамхана ісі)
II Негізгі бөлім
2. 1 Қазіргі мейрамхана саласындағы үлгілер . . .
а) Аймақтық мейрамханалардың желілік дамуы(жарнаманың 1-2 үлгісіне тоқталу,
Үлгінің мейрамхана бизнесі- мак дональдс (кафе, асханалар, ойын сауық орындарындағы тамақтану)
ә) Ұлттық брендтік үлгілер . . .
III Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Аннотация
Бұл мақалада аймақтық мейрамхана бизнесінің жалпы дамуы мен өзіндік ерекшеліктері туралы мәселелер қарастырылған . Оның идеясы мейрамхана бизнесінің қазіргі даму сатысына жалпы түсінік беруге негізделген. Сонымен қатар бұл жарияланымда пандемия кезіндегі мейрамхана бизнесінің жай-күйі баяндалған. Мақалада мейрамхана саласындағы үлгілерге жан-жақты талдау жасалынған. Осы мақаланы жазу барысында біраз практикалық тәжірбие жинақталды. Зерттеу міндеті ретінде пандемия уақытындағы бағалау әрекеті анықталды. Бұл мақала мейрамхана бизнесінің түпкі себептерін ашуға тырысты.
Аннотации
Данная статья посвящена общему развитию и особенностям регионального ресторанного бизнеса. В основе ее идеи лежит общий обзор современного этапа развития ресторанного бизнеса. При написании статьи был получен практический опыт. исследование должно было определить оценку пандемии
Annotations
This article is devoted to the general development and peculiarities of the regional restaurant business. Her idea is based on a general overview of the current stage of development of the restaurant business. Practical experience was gained while writing the article. the study was to determine the pandemic score
Тірек сөздер:мейрамхана бизнесі, бәсекеге қабілеттілік, пандемия, экономика, мейрамханалық үлгілер, ұлттық бренд.
Ключевые слова: ресторанный бизнес, конкурентоспособность, пандемия, экономика, ресторанный дизайн, национальный бренд.
Key words: restaurant business, competitiveness, pandemic, economy, restaurant design, national brand.
Кіріспе
Мейрамхана бизнесі-бәсекелестікке толы сала. Қазіргі таңда жаппай қалыптасуда. Қай мемлекетке барсаңызда, ерекше аспаздық өнерімен, тағам түрлерімен көрініп жатады. Қазіргі таңда еліміздің кез -келген жерінен тамақтануға болатны мейрамханалар мен жылдам тамақтану желілері ашылған. Олардың негізгі бөлігі Алматы қаласында шоғырланған.
“Қоғамдық тамақтандыру”- ел экономикасындағы ерекше кіші бизнес саласы. Қай мемлекетте болмасын қоғамдық тамақтандыру үлкен экрномикалық рөл атқарады. Себебі:ол халықты тамақпен қамтамасыщ етіп қана қоймай, еллі жұмыспен де қамтиды, халықтың өмір сүру сапасын да арттыруға үлес қосады.
Бүгінде мейрамхана саласы қарқынды түрде дамып келеді. Табыс көзі болып табылатын бұл саланың, өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Бұрынғы кеңес кезіндегі тамақтандыру орындары мен салыстырғанда . біршама деңгейге көтерілген. Дүниежүзілік тәжірбиеде мейрамхана және қонақжайлылық индустрия саласы айтарлық дамыған салалардың алғашқы сатысында тұр.
Бәсекелестікке толы сала болып есептелгенімен, табыста айтарлықтай жақсы түсуде. Істі домалатып жақсы жүргізе білсең, бизнесің де алға жылжымақ. Жұмыстың қыр-саласын меңгеріп, тұтынушылардың көңілінен шыға білсең, қайта айналып соғары анық. Клиенттің көңілінен шығу үшін шетелден аспаз шақырып, барын салып жүргендер де жетерлік. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек мейрамхана бизнесінің өзін өзі ақтауы 20% ды құрайды екен
.
Орташа бағамен 25 пайыздеп саналса, ісінің майталманы болып, жетістікке жеткен жағдайда . 60-70 пайыздан асып түсуі ықтимал. [1]
Пандемия кезіндегі мейрамхана
2020 жылдың наурызына дейін өз жұмысыны жасап келген мейрамхана бизнесіндегі мекемелердің шамамен 40% шығынға ұшырады.
Оның салдары ел экономикасына да зиянын тигізіп, ертеңгі күнге деген сенімін әлсіретті.
Бар әлемді жайлаған індет басталғалы 12 ай яғни 1 жылдың көлемі болды. Өз бизнесін сақтап қалу мақсатында кәсіпкерлер әртүрлі шараларға барып та көрді. Шығындар оңтайландыру мақсатында:мекемені жалға беру құны төмендеп, қызметкерлер саны 50%-ға дейін қысқарды. Пандемия аясында тамақтану бизнесі бұрын соңды болмаған жағдайға ұшырады. Қазіргі таңда мейрамханаларда санитарлық режим барынша сақталып, тұтынушыларға қызмет көрсету орны 30 дан аспауы тиіс. Тек бұл ғана емес 50%-дан астам мейрамханалар шығыны кобейіп, жабылып та жатыр. Әлбетте бұл адамдардың қаржыларына ғана емес, ел экономикасына да тікелей әсер етуде. Қатаң шаралар, жұмыс орындарының жабылуы тәртіпсіздікке алып келеді. Сондықтан да крантин тәртібін бұзып, өз істерін жасырына дөңгелетіп жүргендер қаншама. Пандемияға байланысты ұзақ уақыт тоқтағаннан кейін көптеген мейрамханалар қайта ашыла алды. Бірақ, қызмет көрсету деңгейін жоғалтты. Келушілерді тарту үшін мекемелер маркетингтік құралдарды белсенді қолдана бастады. Басым көпшілігі акциялар мен жеңілдіктерді пайдаланды. Карантин кезінде зерттелген кәсіпкерлердің 58% -ы өздерінің логистикасын құрды немесе жеткізу қызметтерімен жұмыс жасай бастады. [2]
Бүкіләлемдік экономика банкіні Қазақстандағы мейрамхана бизнесі туралы айтуынша, бұл сала 2020 жылы 3% ға қысқарған. Оның тек 2. 5% 2021 жылдың аяғына дейін қалпына келеді деп күтілуде. Болып жатқан дағдарыс елімізді үлкен теңсіздікке әкеп соғуда. Үкімет бұл саланың құлдырауына байланысты, бірнеше шараларды қолға алды. Айта кетерлік:
1) Жабылуға мәжбүр болған мейрамханаларға өтемақы төленді:
2) Бұл саладағы қызметкерлерге жалақы салығын кейңнге қалдырды;
3) Қазақстан үкіметі осы салаларда жұмыссыз қалған жұмысшыларға несие беру мерзімін ұзартты. [3]
Бүгінгі күнде елімізде әлі күнге дейін індет өршіп тұр. Еліміздің 5 аймағы қызыл деңгейге жетіп, карантин шаралары күшеюде. Бұл дегеніміз мейрамхана бизнесі қайта құлдырауға түсу алдында.
Қазіргі кезде қарбалыс, уақыттың тығыздығы әсерінен фаст-фуд
күнделікті өмірдің ажырамас атрибуты болып қалыптасты. Қарастырылып отырған қызмет көрсету саласын бүтін бір ел деп қарастыруға болады.
Фаст-фудтың тарихы АҚШ-тан басталды. 1912 жылдың ортасында, Horn & Hardart Таймс-скверде "Автомат" деп аталатын асхана ашқан болатын. Бұл асханада 5 цент төлеу арқылы бір стақан сүт, кофе немесе сыра, бір табақ ыстық бұршақ, көкжидек пирогының бір тілімін ала алады. Алғашқы осындай тағамдар 1901 жылы Филадельфияда пайда болғанына қарамастан, Нью-Йоркте Автоматты мейрамханалар тамақтану саласында үлкен жаңалық болды. Үнемі өзгеріп тұратын ассортименті бар бұл тағамдар танымал болды, ал "автомат" тағамдары дүкендерде сатыла бастады. Осы кезден бастап Америка мен Еуропаның әр бұрыштарында көптеген «автомат» машиналар пайда бола бастады. [4]
1954 жылы тамақтану саласы жаңа сатыға өтті. Бұл ағайынды McDonald-тармен байланысты болды. Ағайынды McDonald мейрамханасында автоматтандырылған пісіру конвейері, сондай-ақ қағаз ыдыстары қолданыла бастады.
Автокөліктердің пайда болуымен жүргізушілерге арналған кафе сұранысқа ие бола бастады. Көлік ішінде тапсырыс қабылдау қызметі пайда болды. 10 жыл аралығында олардың мекемесі өркендеп, жастар арасында танымал бола бастады. Кейіннен ағайындылар шағын мәзір ойлап тауып, екеуі жұмысты жал, астырды. Осы мәзірдегі сұранысқа ие болған 15 центтік гамбургер болған болатын. Оның сұранысқа ие болуы, бағасының біршама төмен болуымен байланысты болды. Осындай өзіндік қызмет көрсету тәсілдері арқылы ағайынды МакДональдстардың тамақтану орны жоғарғы бағаға ие болды.
МакДональдстың әлемдік нарыққа шығуы мәдени төңкеріс деп есептелінді. Өйткені, шетелдерде сырттан тамақтану жүйесін ұсынып қана қоймай, америкалық өмір салтын экспорттауға тырысты. [5]
Қазіргі пандемия жағдайына байлансты МакДональдс алғаш рет Нидерландының Арнем қаласында «антивирустық» кафе ашты. Бұл алғашқы кезде тәжірибе түрінде ашылған. Ал қазір көптеген мемлекеттерде осы әдісті қолдану арқылы мейрамхана бизнесі жандануда. Жаңа форматтың негізгі идеясы келушілер мен жұмысшылардың коронавирустың жаңа түрін жұқтырудан қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Карантин дәуіріндегі алғашқы McDonald ' s мейрамханасының ішінде қорғаныс кедергілері, әйнектер мен еденге арналған белгілер бар. Барлық қызметкерлер респираторлар мен қорғаныс костюмдерінде жұмыс істейді, сонымен қатар қорғаныс экрандарының көмегімен қашықтықты сақтайды. [6]
МакДональдстың маркетингтік әдістеріне тоқталатын болсақ, біріншіден бұл бпғп саясаты. McDonalds бағалары үнемі өзгеріп отырады, бірақ бұл бізге байқала бермейді. Сонымен қатар ыстық сусындар, салқын сусындарға қарағанда бағасы жоғары. Өйткені, тамақтану кезінде суық сусындарды ішу тәбетті одан әрі ашады. Сондай-ақ, келуші шай мен кофені әлдеқайда ұзақ ішеді, ал бұл McDonalds-қа уақыт жағынан тиімсіз болып табылады.
Екінші тоқталатын мәселе ол ішкі дизайн. Байқап қарасаңыз МакДональдс желілерінде орындық, үстелдер ағаштан жасалған, қатты, әрі ыңғайсыз болып келеді. Бұл келушілер ұзақ уақыт өткізбес үшін жасалған. Өйткені, бұл жағдайда басқа келушілерге орын жетіспеушілігі туындайды.
Үшінші, ол МакДональдс Библиясы.
50-ші жылдардың соңында, дәлірек айтсақ, 1958 жылы, McDonalds Библиясы деп аталатын алғашқы нұсқаулық пайда болды. Онда әрбір жасалатын жұмыстың үтір-нүктесіне дейін жазылған. . Котлеттерді қуыру температурасы мен уақытынан бастап компанияның кез-келген қызметкері өзін-өзі ережесі. Бастапқыда кітап 75 беттен тұрған, қазір олардың саны 800-ге жуық. Бұл нұсқаулықта қызметкердің өзін қалай ұстау керектігі ғана емес, сонымен қатар клиенттің мінез-құлқы, белгілі бір жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы нұсқаулықтар бар.
Осындай әдіс-тәсілдерді ойлап тауып, оны тәжірибеге енгізудің арқасында, бұл тамақтану желісі қазірде дүниежүзіне танымал болды. [7]
Ұлттық брендттегі мейрамханалар
Ұлттық асымызды ұлықтайтын кез келді десек өзгелер қазақтың ұлттық тағам түрлері аз деп шығады. Бірі білсе бірі білмес, қазақ халы еттің өзінен шұжық, парша, жау жұмыр, сырбаз, жентек сынды түрлі тағамдар даярлаған Қазақтың сүттеен, ұннан жасалған тағамдарын айтпағанда, еттен жасалған тағамдардың өзі өзгелерді он орап өтеді емес па?Көңілге қаяу салары, қазақта еттен басқа ас болмаған деген ойдағылар, ”арқасында”қазақтың қазақ екенін танытатын ұлттық тағамдары үй асханасынан шыға алмай отырғаны рас. Соңғы 3-4 жылда жаңбырдан соң қаулап шыққан саңырауқұлақтай, қазіргі ұрпақ әуес болып алған пайдасынан зияны көп, еуропа елдерінің фаст-фуд тағамдарына жарыса алатын болған. [8]
Қазақтың қазысы мен қартасы, жал жаясы, әлемдік мейрамханада өз орнын тауып келеді. Әр мемлекеттің өзіндік тағам ерекшеліктері бар. Қазақ халқында бұл ерекше өзіндік сипатқа ие. Өзге елдің жылдам тамақтану орындарының санын көбейтіп, дамуына үлес қосу емес, өз еліміздің ұлттық тағамының өркендеуіне үлес қосқан жөн. Қазіргі таңда еліміздегі ұлттық мейрамханалар саны артып келуде. Өзгеше ою-өрнекпен безендіріліп, қазақылықтың исі сезілетін мейрамханалар кез-келген тұтынушының көңілінен шығары анық. Ұлттық тағам-еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрін айқын көрсететін элемент.
Қазақтың ұлттық асын ұсынатын мейрамханалар басқа қалалардвы айтпағанда, Алматы қаласының өзінде саусақпен санарлық. [9]
Былтырға жылы Алматыда ұлттың асын ұлықтаған, ұлттық брендтегі 7 бірдей мейрамханалар есік ашты. Атап айтсақ, “ Тау Мерген”-Мейрамхана интерьері ұлттық нақышта жасалып, ою өрнекпен безендірілген, яғни киіз үй стилінде жасалған.
Келесі бірі-“Тюбетейка” мейрамханасы. Атының өзі қазақылықты білдіретін мейрамханалардың бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz