Құқықбұзушылықтың белгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ПӘНІ: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: "Құқық бұзушылық түсінігі, белгілері және түрлері"

Орындады
Ю-20-1К топ
Суденті:
Жасымбеков Ілияс
Ғылыми жетекші:
Абиев.Е.С

ҚАРАҒАНДЫ 2020
ЖОСПАР:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1. Құқықбұзушылықтың түсінігі
2. Құқықбұзушылықтың белгілері
3. Құқықбұзушылықтың түрлері
4. Құқықбұзушылықтың объектісі
III.Қорытынды

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау -- өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы -- ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық -- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық -- заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. -- Әрекет -- бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп
сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық -- биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық -- құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез -- құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық -- нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық -- қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық -- объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.
Формальді -- логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет -- әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:
1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған.
Курстық жұмыстың мақсаты - құқықбұзушылық және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі тақырыбы бойынша жеке зерттеу. Құқықбұзушылық профилактика мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері - құқықбұүзушылықтың қоғамда алатын орны, құқықбұзушылықтың құрылымы менн негізгі белгілері және түрлері туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімімінен тұрады.

1.1 Құқықбұзушылықтың түсінігі

Құқық бұзушылықтың мәні -- оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт
Құқықбұзушылық және заңды жауапкершлік
Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
Құқықбұзушылық, онымен күрес
Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алудағы құқық қорғау органдарының рөлі
Құқықбұзушылық ұғымы және заңдық құрамы
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту
Құқықбұзушылықтың түсінігі және белгілері, оның әлеуметтік және құқықтық негізі
Пәндер