Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін арттырудағы рөлі
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Пәнаралық байланыс ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
1.2 Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін арттырудағы рөлі ... ... ... .7-12
1.3 Пәнаралық байланыстың тиімділігі, маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11-16
1.4 Қазақ тілі сабағын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-17
1.5 Қазақ тілі сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-24
1.6 Сыныптарда қазақ тілін пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін пайдалану түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-26
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген пәнаралық сабақтар алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген.оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. [1. 78]
Біз оқушыларға ана тілінен білім беру дегенді кең түсінеміз. Өйткені тіл - оқушыларды дүние тануға баулитын қоғамдық құрал. Тілсіз қоғам жоқ, тілсіз ғылым жоқ. Адамдар өзінің қоғамын қашан да тіл арқылы дамытып отырады.
Тіл шындықтың, ғылымның және ол жөніндегі ақыл-ойдың танылуы немесе олардың адамдар ұғымынан орын алып, жүйеге келуі. Олай болса, өмір шындығынсыз мидың қызметі болуы мүмкін емес, сол сияқты мидың қызметінсіз тіл немесе тілдегі ой мен ұғым болуы мүмкін емес. Ондай жүйеге келген ғылымдар мектебімізде ең алдымен сол өзінің ана тілінде оқытылады.
Қазақ тілі сабағынан білім берудің мемлекеттік стандартында үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Осы бағытта пәнаралық байланыс жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор. Тұлға дарындылығының табиғаты, қабілеті, дамуының қайнар көзі, шығырмашылық мұмкіншіліктерінің психологиялық құрлымы болып табылады. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді. Қазіргі психология, педагогика ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: Я.А.Понамарев, Н.С.Лейтес ал сонымен қатар білім берумен оқыту теориясында пәнаралық байланыс жөнінде өзіндік пікірлерін ұсынған педагог ғалымдар педагогика ғылымының даму тарихына өз үлестерін қосты. Чех педагогы Я.А.Каменский, Д.Локк, Л.Н.Толстой, И.Г.Пестолцци және қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен. Қазіргі кезеңде пәнаралық байланыс програмасын педагогикалық психологиялық жағынан зертеумен қатар, философиялық тұғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейден қарастырған В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов т.б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру, білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу. Ең бастысы кәзіргі кезде өздігінен білім алудың, өзекті мақсаты-диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Болашақ ұрпақ-келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдини-ғылыми өрісі озық адамзат етіп тәрбелеу біздің де қоғамның алдындағы борышымыз. Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі жолға қойылуда. Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері: Сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Курстық жұмыс: кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Пәнаралық байланыс ұғымы, ғылымға ену кезеңі
Дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық прогресстің ілгерілеуі - әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыру технологиясының жаңа сатыға көтерілуін талап етеді. Елбасымыз кезекті Жолдауында: Ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады. Кез келген ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады, - деп атап көрсетеді.
Сабақ өту - жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер, - дейді Ж.Аймауытов. [2. 36 ]Расымен де, мұғалім болып, бала оқыту - оңай шаруа емес. Кез келген педагог өз сабағының қызықты, әрі тартымды өтуі үшін өз сабағымен қатар, жалпы білім беретін басқа да пәндерге байланыс жасау арқылы білім беруі тиіс. Пәнаралық байланыс ең алдымен, жалпы оқу процесін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына септігін тигізеді. Барлық мұғалімге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Әрбір мұғалімнің көздейтін мақсаты - оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс кезінде, оқушылардың ойынығ тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.
Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді. [2. 42]
Білім берудегі пәнаралық байланыстық философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен - бірінің өзара байланыстылығы, тұжырымдалған дүние туралы білімдер алынады. Обьективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыс қажет.
Пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орналасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс - әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.
ХҮІ - ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я. А. Коменский (1592 - 1670), Л. Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж. Ж. Руссо (1712 - 1778), И. Г. Песталоцци (1746 - 1827) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.
Аталған проблемамен айналысқан, сол салада зерттеулер жүргізген ғалымдардың И.Д.Зверев,В.Н.Максимова, В.Н.Федорова, Л.Я.Зорина, Д.М.Кирюшкин, А.Б.Мәженова, К.А.Сарманова және т.б.еңбектеріне сүйене отырып, пәнаралық байланыстарға мынадай анықтама беруге болады: Пәнаралықбайланыстар дегеніміз жаратылыстану-математика цикліндегі пәндер мазмұнында табиғаттағы нақты өзара байланыстардың реттеліп бейнеленуін қамтамасыз ететін дидактикалық шарт. Мұнан өзге пәнаралық байланыстар студенттердің санасында ғылыми ұғымдардың дұрыс қалыптасуын және оқытылатын теориялардың тереңірек меңгерілуін қамтамасыз етеді, ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға жағдай жасайды.
Сондай-ақ бертін келе ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық - педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А. И. Герцен (1812 - 1870), Л. Н. Толстой (1828 - 1870), К. Г. Ушинский (1814 - 1820), Н. Г. Чернышевский (1828 - 1889) т.б. ғылыми еңбектерімен үлес қосты. Мәселен, педагог-классик К. Д. Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде Балалар әлемің, ана тілің, Педагогикалық антропологияң, Адам тәрбиенің жемісің т.б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп берді. [3.98]
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты Қазақстан халқына жолдауында ...ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады, ал кез келген ...ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады деп атап көрсетеді.
Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі.
Сондай міндеттердің бірі- сабақта пәнаралық байланыстарды тиімді қолдана білу.Пәнаралық байланыс туралы ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар берілген. Мәселен, педагогикалық сөздікте: пәнаралық байланыс - оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі деп анықталған.
Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. [1. 79]
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
1.2 Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін арттырудағы рөлі
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:
1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?);
2) мазмұны (нені оқыту керек?);
3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);
4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);
5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің мынадай міндеттері бар:
1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу;
2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау;
3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым. [14. 78]
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
1) Толық сауатты адамдар даярлау;
2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз. Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады: а) бағдар-ламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде пайда-ланады; б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі. [12. 46]
Оқу жоспарларында мектепте оқытылатын ғылымдар да диалектикалық
мазмұнды негізге сүйене отырып, филология, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, технология, дене шынықтыру салаларына бөлініп, жеке пәндерге тармақталып кетеді. Оқу жоспарында пәндер арасындағы кірігу анық көрсетілген және олар пәнаралық байланыстың моделі әрі білім мазмұнын жаңа сапаға көтереді.
Р. Декарттың Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден оқыту - олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білімберудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.
Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы - ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.
Бүгінгі жапппай қолданылып жүрген жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz