ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық Колледжі» ЖШС

Айжарық Айнұр Нұрханқызы

ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ

Курстық жұмыс

Жетекші

Тапсыру күні « » . 2021 ж

Қорғау күні « » . 2021 ж

Бағалау

Нұр-сұлтан, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … . . . 3

1. БӨЛІМ. ЖАЗБАША АУДАРМА ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . 4

1. 1. Жазбаша аударма пайда болу тарихы және дамуы . . . 4

1. 2. Жазбаша аударманың түрлері мен олардың ерекшеліктері . . . 6

1. 3Мәтінді аудару жұмысындағы сөздіктің рөлі . . . 9

2. БӨЛІМ. ЖАЗБАША АУДАРМА ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТӘСІЛДЕРІ . . . 9

2. 1. Аударма процесінде аударма баламасын таңдауды анықтайтын факторлар . . . 9

2. 2. Көркем шығарманы аударудағы қиыншылықтар . . . 11

2. 3 Әдеби мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы ерекшеліктер . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жазбаша аударма - бұл кез-келген қызмет саласында талап етілетін қызмет. Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет көп мөлшерде жүзеге асырылып жатыр, халықаралық ынтымақтастықтың үнемі кеңеюі аудармашының жұмысы ешқашан назарсыз және сұраныссыз қалмайды деп айтуға мүмкіндік береді. Әсіресе, өз міндеттерін жетік білетін кәсіби аудармашының сапалы жұмысы туралы сөз болғанда. Қазіргі кезде қандай аударма түрі болмасын, әрбір аударманың өзіндік ерекшелігі болады. Жанама немесе тікелей аударма аясында әрбір қойылған талаптарға сай аударманың өзіндік не болмаса, нақты түпнұсқасын беруге тырысады. Сол сияқты қазіргі кезде тек қана шет тілдерден аудару ғана емес, белгілі бір қарастырып отырған терминнің де түсініктемесін аударма ретінде береді.

Аударма саласы қай заманда да ғылымның өркендеуінің негізі болған. Бір тілдегі дүниені келесі бір тіл арқылы ұсыну қай қоғамда да, қандай дәуірде де ел мәдениетін дамытуға, халықтың басқа ұлттың мәдениетімен танысуына, сөйтіп, өркениеттін жаңа биігіне қадам басуына ықпалы басым екені даусыз. Қазіргі таңда Елбасының жолдауына, қойған шарттарына сай барлық құжат-хаттамалардың өзі де орыс тілінен қазақ тіліне аударылып жатыр. Міне, аударманың рөлін осыдан-ақ байқауға болады. Сондықтан, аударма сапасын арттыру және сол тақырыптағы мәселелеріне баға беру маңызды болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты қазіргі замандағы аударма үдерісінің маңыздылығы және ерекшелігі болып табылады.

Сонымен қатар, аударманың негізгі ұғымдарына сипаттама беру. Жазбаша аударманың алгоритмін сипаттаудың негізгі принциптерін талдау. Қазіргі ағылшын тіліндегі жазбаша аударудың ерекшеліктерін зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-аударманың жалпы түсінігін айқындап, басты маңызын ашу;

-жазбаша аударудың өзгешелігін қарастыру;

-жазбаша аударманың түрлерінің айырмашылықтарын анықтау;

-жазбаша аударудың өзіндік ерекшеліктеріне баға беру;

-көркем шығарманы аударудағы қиыншылықтарды қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі және міндеттері қарастырылған. Бірінші бөлімде жазбаша аудармаға жалпы түсінік, ал екінші бөлімде жазбаша аударма тәсілдері жайлы мағлұмат берілген. Қорытындыда жалпы курстық жұмысты талдау бойынша қысқаша түйіндер жасалған. Пайдаланылған әдебиетте қолданылған кітаптар мен олардың авторлары жазылған.

1. БӨЛІМ. ЖАЗБАША АУДАРМА ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1. Жазбаша аударма пайда болу тарихы және дамуы

Адамдар аударма жасаумен өте ерте кезден бастап айналыса бастаған, сол кездің өзінде-ақ олар басқа тілдерде сөйлеушілермен қарым-қатынас орнату мен оларды түсінісу қажеттілігін жақсы ұғына білген. Алайда алғашқы қауымның тілі бір болмағаны айғақ. Осындай жағдайда адамдардың түрлі топтары арасында қарым-қатынас орнату үшін тез түсінетін, жылдам ойлай алатын, есте сақтау қабілеттері жақсы, сөйлеушіні түсініп, оның айтқанын аударып бере алатын адамдары болғаны белгілі. Осылайша, аударманың бастапқы қарапайым түрі жазу пайда болғанға дейін шыққандығын болжауға болады. Олай болса, аудармашылықты ең көне кәсіптердің бірі деп есептеуге негіз бар. Белгілі Ресей аударматанушысы В. Н. Комиссаров «Современное переводоведение» атты еңбегінде төмендегідей қызықты деректерді келтіреді: Аударманың мыңжылдық тарихы бар екендігіне көптеген деректер куә. Ежелгі Вавилон мен Ассирияда әміршінің айтқандарын халыққа жеткізетін аудармашылар болған. Жалпы, тілдері бөлек халықтарды жаулап алу нәтижесінде пайда болған ежелгі империялар аудармашылардың көмегінсіз құрылуы мүмкін емес еді. Аудармашылық қызмет әртүрлі тілдерде сөйлейтін қоғамдастықтағы адамдардың арасындағы қажеттіліктің негізінде туындайды. Мұндай қарым-қатынастың аясы әртүрлі болды: сауда-саттық, саясат, елшілік, мәдениет және т. б.

Жазу пайда болғаннан кейін ауызша тілмаштарға ресми діни жіне іскери сипаттағы мәтіндерді жазбаша тәржімелейтін аудармашылар қосылды. Ежелден-ақ аударма адамдардың тіларалық қатынасын жүзеге асыра отырып, маңызды әлеуметтік рөл атқарған. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени мұрасына қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Аударма ғылымының алғашқы теоретиктері аудармашылардың өздері болды. XVIII ғасыр аударма әлеміне ерекше құбылыс алып келді. Бұл кезеңде түпнұсқаларды дәуір талаптарына толықтай бейімдейтін еуропалық әдебиеттердегі аудармалардың үстемдік етуі, басқаша айтқанда, аудармаларды қайта безендіру ұйғарылды. Аударманың А. Ф. Тайтлер сияқты ірі ағылшын теоретигі түпнұсқаны безендіруге еркін аударманың орындылығын таныған, алайда, сонымен қатар ол түпнұсқа мазмұнының дәл жеткізілуі мен өзіндік авторлық нақышын ұстануды талап еткен. 1791 жылы А. Ф. Тайтлердің Аударма принциптері туралы эссе атты кітабында аудармаға қойылатын жалпы талаптар төмендегі қалыпта берілген:

  • аударма толығымен түпнұсқа идеясын жеткізуге міндетті,
  • аудармадағы баяндау стилі мен мәнері түпнұсқадағыдай болуы шарт,
  • аударма түпнұсқа шығармалар сияқты жеңіл оқылуы керек.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай «ақпараттық жарылыс» деп аталған дүмпу болып өтті. Адамдар мен халықтар арасында ақпараттық алмасу қатынасы күрт көбейді. Бұл құбылыс аудармашылық жарылыспен қатар жүрді де, дүние жүзіне аударма ісі қызметінің қолданылу аясын кеңейтті. Аударма ісінің жаңа түрлері пайда болды: ілеспе аударма, кинофильмдерді дыбыстау, радиохабар, телехабарлама аудармалары. Көп мөлшерде аударылған кітаптардан басқа, ауызша және жазбаша аударылған материалдар жиынтығы әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде қолданыла бастады. Аударма ісімен тек кәсіби аудармашылар ғана айналыспады, бұл іспен басқа да мамандық иелері, шетел тілін білетін инжинер, кітапханашылар, елшілер, хатшылар, мұғалімдер, ақпараттық орталық мамандары да айналыса бастады. Осыдан кейін аудармашылардың үлкен армиясын даярлап шығарудың қажеттілігі туды. Дүние жүзінің барлық елдерінде аударма ісі, аудармашылар мектептері ашыла бастады. Арнайы факультеттер университеттерде бөлімшелер және тағы да басқа оқу орындары пайда болды. Енді осыған сай оқу жоспары мен бағдарламалар жасаудың қажеттілігі туындады. Аудармашылық қызметтің бұрын-соңды болмаған аясының кеңеюі және кәсіби аудармашы мамандарды даярлаудың қажеттілігі аударма құбылысына жаңаша көзқараспен қарауды, оны жан-жақты оқып үйренуді қажет етті. Лингвистердің назарын аударма мәселесіне бұруда үлкен рөл атқарған жайт- аудармашылық қызметтің сапасы жағынан өзгеруі болатын. Әлі де болса әлем бойынша ең көп аударылған көркем әдеби шығармалар болса да, бірінші орынға сан жағынан да, сапа жағынан да көркем-әдеби емес ақпараттық аудармалар шықты. Оларға ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық, заң ісіне байланысты аудармаларды жатқызуға болады. Аударма ісін оқып үйренуде тілшілер тек лингвистика теориясының қомақты үлес қосатыны біліп қана қоймады, керісінше аударманың да лингвистикаға соншалықты үлес қосатынын анықтады. Аудармалар тіл туралы өте құнды ақпарат көзі болды, тіл аударма ісінде маңызды рөл атқарды.

XIX ғасырда аударма өнеріне деген түбегейлі қарама-қайшы жаңа көзқарас, яғни түпнұсқаны аударуда ұлттық ерекшелікті ескеру деген ұмтылыс пайда болды. Аударманың жаңа ұстанымы үстемдік өте бастады да, безендіру тәсілі біртіндеп қала бастады. Жалпы осы кезеңдерін қай-қайсысын алып қарасақ та, аудармашылық тәжірибе аударма теориясынан әлдеқайда озық дамыды. Аударма оған деген қоғамдық қажеттіліктің туындауынан пайда болған. Аудармашы жұмыстарының шынайлығы әрқалай еді, өйткені олар көп жағдайда аударманың түрлі нұсқаларын арасынан ішкі сезімдеріне жүгіне отырып таңдауға мәжбүр болды. Сондықтан аударманың алғашқы теоретиктері ретінде өздерінің жеке тәжірибелерін шыңдауға тырысқан аудармашылардың өздерін айтуға болады. Бұл кезеңде алдыңғы қатарға автордың жеке стиль ерекшеліктері ескеріле бермейтін саяси, коммерциялық, ғылыми-техникалық және тағы басқа іскери материалдардың аудармалары шықты. Осыған байланысты аударманың негізгі қиындықтары мен аударма процесінің бар сипаты осы үдеріске қатысатын тілдердің құрылымдары мен қызмет атқару ерекшеліктерімен ескерілетіні айқындала түсті. Бұған қоса, аударма дәлдігіне қойылатын талаптардың өсуі тілдік бірліктердің рөлін арттырды.

1. 2. Жазбаша аударманың түрлері мен олардың ерекшеліктері

Жазбаша аударма - бұл кәсіби аударманың ең көп таралған түрі. Аудармашы, бекітілген мәтіндермен жұмыс жасағанда, таңдалған опцияларды реттей отырып, салыстырмалы түрде ұзақ жұмыс істей алады. Қосымша ақпарат көздерін қолдану, сөздіктер, анықтамалық кітаптар, әртүрлі мәліметтер базасы, сондай-ақ аударманы мұқият өңдеу және редакциялау аудармашыға эквивалеттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударма мәтін тәржімашы шығармашылығының нәтижесі болып саналады. Қазақ мәдениетінде классикалық көркем әдебиеттің нұсқалары, ғылыми әдебиет және ресми, нормативтік құжат үлгілері жазбаша түрде аударылады. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. Аударманың жанрлық-стилистикалық саралануы түпнұсқаның жанрлық-стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты екі функционалды аударманың түрін ерекшелейді: көркем аударма және ақпараттық аударма.

Көркем аударма деп көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтады. Қалған тілдік шығармалар түрлеріне қарағанда, көркем әдебиет шығармаларының негізгі функциясы болып көркем-эстетикалық немесе поэтикалық функцияның есептелуімен көзге түседі. Осы мінездегі барлық шығармалардың негізгі міндеті болып қандайда бір эстетикалық әсер беру, яғни бір көркем-әдеби образ жасау болып есептеледі. Бұндай эстетикалық бағыт көркем-әдеби тілді ақпараттық мазмұны негізгі болып саналатын информативті тілдік қарым-қатынас түрлерінен ерекшелейді. Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты әсер ететініне байланысты болады.

Көркем әдебиет тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразелогизмдер некен-саяқ. Екіншіден, қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылыми және ресми стильдердің элементтері осы стильде әртүрлі формада ұшырасып отырады. Үшіншіден, көркем шығармалардың басты міндеті - эстетикалық тәрбие беретіндігінде, яғни көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі маңызды мәнге ие. Жоғарыда сараланып берілген көркем әдебиет стилінің белгілері аударма әдебиетке де тән.

Көркем аударма - көркем шығармашылықтың түрі. Аудармашы өзінің дүниетанымына, көркемдік-эстетикалық талғамына сай аударуға таңдап алған шығармадағы көркемдік шындықты форма мен мазмұн бірлігін сақтау арқылы жеткізеді. Көркем аудармада түпнұсқаның эстетикалық құндылығы зор. Көркем аударма - психологиялық процеспен жүзеге асатын шығармашылық өнер. Мұнда психологиялық процес шығармашылық процеспен тікелей ұштастырыла жүргізіледі.

Көркем аударма -көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Көркем әдебиет аудармашысының алдында екіжақты міндет тұрады:

1) түпнұсқа мазмұнын, сюжетін, түпнұсқа авторының негізгі идеясын барынша толық сақтау;

2) аударылатын тілдің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау.

Ғалым А. Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады:

а) көркем аударма - ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар;

ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді;

б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;

в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;

г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы тиіс.

Көркем аударма мен басқа да аударма түрлерінің арасында айырмашылықтар бар. Мысалы, көркем аударма мен ғылыми-техникалық әдебиет аудармасының айырмашылығы мынада: техникалық әдебиеттерді аударушының басты міндеті, фактілерді, қажетті мәліметтерді дәл жеткізу болса, көркем әдебиет аудармашысының міндеті - шығарма идеясы мен композициясын, көркемдік-эстетикалық элементтерін дәл, бейнелі бере білуі.

Жазбаша аударманың келесі бір түрі - ақпараттық аударма. Ақпараттық аударманың негізгі қызметі әдеби-эстетикалық әсер ету емес, қандай да болмасын, ақпаратты мәліметтерді беру болып табылады. Бұған көптеген детективтік әңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді және таза ақпараттық хабарлауы көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем және ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық әсер етуі немесе жай ақпарат беруіне) . Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мәтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері (бөлшектері) болуы мүмкін. Көркем және ақпаратты аудармалар көбінесе жазбаша аудармаға жатады. Ақпараттық аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі:

- ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы болады. Бұл саладағы шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді, кәсіби маман біліміне, тәжірибесіне де сүйенген дұрыс. Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн.

- ресми-іскери аударма. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т. б. ) бастап күрделі түрлеріне (жарғы, жарлық, ереже, келісім және т. б. ) дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады.

- газеттік-ақпараттық аударма - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т. б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны, тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады. Газеттік-ақпараттық аударма өз ішінде екіге бөлінеді:

а) Газет мәтіндерін аудару. Түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар, қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады.

ә) Публицистиканы аудару - қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері мен құбылыстарына арналады. Публицистикалық мәтіндер оқиғалық, ақпараттық, сыншылдық-талдамалық, саяси пікірталастық болып келеді. Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті, шындық құбылысын сипаттайды, түсіндіреді, талдайды, алдын ала пайымдайды, шындықты теориялық тұрғыдан дәлелдейді.

- тұрмыстық аударма - тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды. Мұндай жағдайларда негізінен қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге арналған өзара қарым-қатынасқа бағыттылған ауызша мәтіндер жасалады. Аудармашы жазбаша түрде аударғанда тіларалық өзгертулер немесе түпнұсқаны еркін түрде аудару тәсілдерін қолданады. Сондықтан да ауызша аудармамен салыстырғанда жазбаша аудармаға қойылатын талаптар өзгеше: грамматика, стилистика және орфография жағынан мөлшері ойдағыдай болу керек. Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы ерекше. Жазбаша аударма келесі факторларға назар аудару керек:

1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарына

2. Арнайы сөздіктен сол сөздің мағынасын іздеп табуға

3. Түпнұсқаның контекстін білу. Егер ол шығарма болса, оны

ең алдымен толық оқып шығу керек.

4. Керекті сөзі бар қайырымды ғана оқып шығу және оны

бүкіл контекстпен салыстыру.

5. Сөздің бір-бірімен байланысуына

Жазбаша аудармада мәтіннің барлығы аудармашының алдында болады, ол оны бірнеше рет оқып, автордың идеясын толық түсінеді. Ал ауызша аудармада аудармашы ақпаратпен сегмент арқылы танысады, ол ақпаратты толық білмейді. Жазбаша аудармада аудармашы оратормен тіл қатысып, ештеңе сұрай алмайды (мысалы: түсінбеген сөз, термин не ақпарат) . Жазбаша аудармаға түпнұсқадағы мәтіннің жазбаша түрдегі аудармасы жатады. Аударушы мәтінге және оның үзінділеріне бірнеше рет қайта оралып, керек болса түзеп, негізгі нұсқамен салыстырып, рецепторға автордың идеясын жеткізуге тырысады.

1. 3 Мәтінді аудару жұмысындағы сөздіктің рөлі

Жазбаша аударма процесіндегі ең басты құрал - сөздік. Қазіргі «ақпараттар легі» ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен, әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет. Ақпараттың барлық дереккөздерін жалпы және арнайы деп бөлуге болады.

1) Ақпараттың жалпы дереккөздері -бұл жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар.

2) Ақпараттың арнайы дереккөздеріне-арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады.

2. БӨЛІМ. ЖАЗБАША АУДАРМА ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТӘСІЛДЕРІ

2. 1. Аударма процесінде аударма баламасын таңдауды анықтайтын факторлар

Баламалылық дегеніміз - түпнұсқа мағынасының аудармада максималды берілуі. Жазбаша аударма процесінде аударма баламасын таңдауды анықтайтын келесі факторларды ескеру қажет:

1. Жалпы сөздіктегі сөздердің мағынасы

2. Мәтіннің тақырыбына сүйене отырып, сөздің мағынасын арнайы сөздіктен қарау

3. Дереккөздің мән-мәтінін білу, яғни алдымен оны оқып шығу

4. Сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасын анықтайтын тар контекстті (бір немесе бірнеше сөйлем) қарау керек, себебі, жалпы және тар контекст бір-біріне қайшы келуі мүмкін.

5. Сөйлеу жағдайын ескеру, ол мәтін стилін анықтайды: диалог, сипаттама және т. б.

6. Фондық ақпарат. Оның аудармадағы маңыздылығын асыра бағалау қиын: біздің эрудиция - бұл ішкі цензура, аудармада пропорция мен үйлесімділік сезімін сақтауға көмектеседі.

7. Аударма тіліндегі сөздердің үйлесімділігі.

Осы факторлардың әрекеттерін суреттейтін мысалдарды қарастырайын.

Сөздіктегі сөздің жалпы / нақты мағынасы. Мысалы, dressing сөзі (ағылш. ) арнайы мәтіндерде өзінің мағыналық негізін жоғалтады және "таңу", "дәмдеуіш", "тыңайтқыш", "құралды толтыру"дегенді білдіруі мүмкін.

Жалпы / жеке контекст. Жеке сөйлемді көбінесе шығарманы оқымай түсінуге болмайды.

Сөйлеу жағдайы және стилі. Бір нұсқаулықта Т. Шевченконың ескерткішінің фотосуретінің астындағы "халық соқпағы оған жетпейді "Пушкин жолдары "Shevchenkov' s monument-тің барлық адамдарымен бірдей"деп аударылған. Бұл бәрін айтады.

Фондық ақпарат. Оның маңыздылығын автоматты аударма інжу-маржандары оңай дәлелдейді. Мысалы, Peter The Great-үлкен Петр.

Үйлесімділік факторы. Аударманың сапасын анықтайтын барлық факторлардың ішіндегі ең жұмбақ. Шетелдік адам комбинациялардың барлық дұрыс баламаларын біле алмайды.

Жазбаша аударманың тағы бір қиындығы - олардың көпмағыналылығына байланысты "сөз ойындары" аудармасы. Мысалы:

Why is water-melon filled with water?

Because it is planted in spring.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудағы лексикалық таңдауды шешу жолдарының моделдері мен әдістерін жасау
Аударма теориясындағы эквиваленттілік ұғымы
Лексикалық көп мәнділікті шешу әдістерін және шешім алгоритмін таңдау
Қазақ тілінен орыс тіліне машиналық аударудың лингвистикалық сөздіктерін Apertium платформасының негізінде жасау
Машиналық аударма
Аударманың түсінігі мен түрлері
Қазақ тілінен орыс тіліне машиналық аударма жасайтын программалық кешенін өңдеуі (генератор)
«қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудың лингвистикалық сөздіктерін apertium платформасының негізінде жасау»
Аударма жасаудың техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz