Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс - тәсілдері
Қостанай педагогикалық колледж
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудағы заманауи бағдарламалары мен әдістері.
Орындаған: Исмагулова Асем М-21 тобы
Тексерген: Арыстан Н.Н.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Қазақ тілін оқытудың мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... 10
1.2. Заманауи білім беру кеңістігіндегі Проблемалық оқыту технологиясы ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: ақпараттық технологиялар заманы оқушының дәстүрлі сабақ жүйелерінде стандартты әдісермен білім алуының жеткіліксіз екенін дәлеледі. Ендігі жаңа заман педагогтарының алдында тұрған мақсат - мектепте тек қана теориялық білім беріп қана қоймай, оны практикамен де ұштастыра білуді үйрету. Маңыздысы - тек кітапта шаблондық үлгіде берілген практикалық тапсырмалардың шегінен шығып, жағдаяттық-шығармашылық практикалық тапсырмалар беру арқылы тез әрі дұрыс шешім қабылдап, алған білімін мақсатқа жету барысында тиімді пайдалана білу қабілетін қалыптастыру, оқушының логикалық интеллектісін дамыту. Проблемалық оқыту технологиясы - жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыруда ең тиімді тәсілдердің бірі. Мемлекеттік тілді оқушыға толық меңгерту үшін заманауи педагог осы технологияны пайдаланғаны абзал.
Курстық жұмыстың нысаны: проблемалық оқыту технологиясы және заманауи білім беру жүйесіндегі қазақ тілі сабақтары.
Курстық жұмыстың мақсаты: ХХІ ғасыр қоғамның жан-жақты дамуы бүкіл салалардағы инновациялық даму үдерісін іске қосты, соған байланысты білім беру жүйесін де трансформациялауды талап етіп отыр. Сол қажеттілік бойынша сабақ жүйесін ұйымдастырудың бірнеше технологиялары қалыптасты, солардың бірі - проблемалық оқыту технологиясы. Мақсат - проблемалық оқыту технологиясын мектепте мемелекеттік тілді оқыту сабақтарында пайдаланудың негіздерін және сабақтың нәтижелілігін арттыруда тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: қойылған мақсатқа жету үшін аталған технологияның теориялық негіздерін толық қарастырып, сабақ жоспарын құруда проблемалық оқыту технологиясы элементтерін қатыстыру міндеттері қойылды.
Курстық жұмысты жазуда қолданылған әдістер: жинақтау, анализдеу, синтездеу, топтастыру, жүйелеу.
Курстық жұмыстың құрылымы:жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақ тілін оқытудың мәселелері
Елдің елдігін көрсетіп, мемлекеттің мерейін өсіретін, халықты мұратына жеткізіп, қажеттілігін қанағаттандыратын ұлтымыздың болашағы өскелең ұрпақ екендігі әлемге аян. Сондықтан жан-жақты жетілген, парасаты мен пайымы мол, асқақ рухты, туған елі мен Отанын сүйетін, ұлтжанды әрі үйлесімді азамат тәрбиелеу - заман талабы. Сол мақсатта жаңа форматтағы мұғалім қалыптастыру, оқу-тәрбие ісінің сапасын жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып көтеру сияқты іргелі реформалар жүргізілуде. Мектептің тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім деген Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни мұғалімнің іс-әрекеті оқыту процесінің көрсеткіштік өлшемі бола алады.Сонымен қатар ұстаздың педагогикалық мәдениеті де үлкен орын алады. Оқыту дегеніміз - оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы оқу-танымын ғылыми тұрғыда игерту, шығармашылық мүмкіндіктерін ұлғайту, дүниетанымын және эстетикалық көзқарасын қалыптастыратын үрдіс. Бұл үрдіс тек білім берумен шектелмейді, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау, салыстыру, қорытынды шығару - бұл мұғалімнің еңбегі, оның жеке кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті. Бұған мұғалімнің адамгершілігі, тәлім- тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Тәуелсіздік - Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгіміз бар, оның біріншісі - елтаңба, екіншісі - әнұран, үшіншісі - көк байрақ, төртіншісі - қазақ тілі деген сөзі кім-кімді болмасын, ойға қалдырады.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Осы әдістерді құрастыру үшін компьютердің маңызы зор және компьютерді пайдалану барысында оқушылардың қызығушылығы артып, сөйлеу дағдысы дамуына септігін тигізеді. Елбасымыз Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа Жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті.Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру
Мемлекеттік тілге қатысты: Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген, мемлекеттік қазақ тіліне құрметпен және лайықты оқып үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Бұл - тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз - 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайыз құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады деп нақтылап өткен. Бұл Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ең басты нәтижесі болмақ. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, мемлекетіміздің бұғанасын қатайтты. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы -- тіл деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата Заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі - ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да өзіміз, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз - Қазақстан! Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік. Тіл - адамдар арасындағы қарым- қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі. Тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес.
Қазіргі таңда қазақ тілінің дамуына барлық жағдай жасалған, тек соған көңіл қойып қазақ тілін үйренем деген ниет керек. Мектеп-балабақшада мекеме қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді оқып, үйренуде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға -- деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармайық.
Біз ұсынып отырған төрт деңгейдің бірінші сатысы - тұрмыстық сөйлеу тілі, былайша айтқанда, күнделікті өте қажет тілді үйрету, екінші деңгейі - кәсіби тіл. Яғни әркім өзінің мамандығына, жұмысына байланысты тілді, соның лексикасын, сөйлеу үлгілерін білуі керек. Үшінші деңгейі - іскери тіл. Қазір көбінесе қазақ тілін үйреткенде бірден осы сатыдан бастап, қызметкерлер іс-қағаздарымен жұмыс істей білуі тиіс деген сықылды мәселе көтеріледі. Біз мұны үшінші деңгейге қойып отырмыз. Ең соңғысы - әдеби сөйлеу тілі. Әдеби тілде сөйлеу үшін алдыңғы үш деңгейден өтіп келу керек. Сонда ғана адам әдеби тілде сөйлеуге жаттығады. Мұның тағы да мынандай жақтары бар. Мысалы, тұрмыстық сөйлеу тілін көпшілік үйренуі керек. Бұл қиын болмайды. Себебі бұған отбасында, көшеде, жұмысқа барғанда, келгенде маңайындағы адамдармен қарым-қатынас жасау барысында күнделікті қолданылатын тұрмыс, тіршілік сөздері кіреді. Екінші деңгейге өткенде үйренетін адамдар қатары сейіліп қала береді. Бұл адамның кәсібіне байланысты. Мәселен, дәрігер өз саласына, шаштараз өз саласына қатысты сөздерді білуі қажет. Сол сияқты, іскери тілге барғанда да оны елдің бәрі жаппай білуі міндетті емес. Кез келген мекемедегі басшы, жетекші қызметкерлер, бас мамандар білсе, жетіп жатыр. Оның қарамағындағы қарапайым халықтың бәрі іскери тілді білуі керек деген дұрыс емес. Себебі баяндама жасау, құжат дайындау олардың жұмысы емес қой. Ал әдеби тілді жүздің бірі үйреніп кетеді десек, артық айтқандық болмайды. Міне, біз осы төрт деңгейді ұсынып отырмыз және сол бойынша жұмыс істейміз-, дейді филология ғылымының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбеков.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу мен тәрбиенің негізгі тетігі -- сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Сол себепті де пән мұғалімінің сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алғаны жөн. Оқыту үрдісі орыс тілінде жүргізілетін топтарда қазақ тілін оқитын бала өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөзін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым- қатынас жасай алуы қажет. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, балалардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, балалардың тілдік қорын байыту оң нәтижелер беретіні сөзсіз. Әрбір бала ұлты пен ұлысына қарамастан -- тәуелсіз еліміздің болашағы, алдағы үкілеген үміті. Сондықтан да балаларды алаламай, жақсы, жаманға бөлмей ортақ қарап, әр дүниені санасына сіңіре білген дұрыс. Ал әрбір ұстаз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Яғни сабақта әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалану керек. Қазіргі оқыту үрдісінің негізгі талабы -- оқушының жеке басын құрметтей отырып, тиісті дәрежеде білім беру. Өйткені балалардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеялар әр сабақта жан- жақты қолданылып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын қарастырған. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін игертуде оқушылардың ақыл-ой қабілетін даму деңгейін өсіріп дұрыс сөйлеу, білім деңгейін тереңдету және сауатты жазу дағдыларын қалыптастырған. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндетті - жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу керектігін айтқан. Қазіргі заман ақпаратты технология заманы болғандықтан, әр сабағын интерактивті тақтамен өткізіп, керекті жаңалықты интернет арқылы алып, оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға көп көңіл бөлген. Жас ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау болып отыр. Оқушылардың қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу мәдениетінің дамуы олардың тілге деген қызығушылықтарының артуында. Олар әртүрлі қызықты тапсырмалар мен іскерлік, деңгейлік, өздік жұмыстар арқылы шығарма, мазмұндама жазып пікірлеседі, өз ойларын толық дұрыс жеткізуге білуге дағдыланады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту әдістері ана тілін оқытудан өзгеше. Ахмет Байтұрсынұлы: ... . Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім, - деп тегін айтпаған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады. Сабақта тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты орындалуы, ойластыруы мұғалімнің біліктілігімен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Мемлекеттік тілдің беделін түсірмеу - біздің қазақ тілі мамандарының басты міндеті.
1.1. Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тəрбиелеудің соңғы əдіс-тəсілдерін, инновациялық-педагогикалық технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті жəне нақты тəжірибелік іс-əрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім, зерделі оқытушы болуын қажет етеді. Бүгінгі таңда қозғалып жатқан ең өзекті мəселелердің бірі білім беру жүйесінде жаңа электрондық технологияны енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану мен жеке тұлғаларды қалыптастыру жəне қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу əдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің əр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру саласында өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің білім жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сəйкес оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық ұстанымдарын анықтау жəне айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту əдістеріне, оқытудың формасына жəне құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың əдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр. Дəстүрлі əдістемелік жүйеде оқу үрдісіндегі бөліктер бірдей жəне бір уақытта қатысады. Ал классикалық оқу үрдісінде əдістемелік тəсілге байланысты оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формалары, əдістері мен оқыту құралдары қолданылуы мүмкін. Электрондық оқытудың əдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, əдістерін жəне оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электронды оқыту шеңберінде жиі қолданылатын оқыту əдістемелері мен формаларына тоқтала кетейік. Электрондық оқытудың əдістеріне топтық əдіс жəне жеке дара оқыту əдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға болады.
Педагогикалық технология деген ұғымының эволюциясы туралы мынаны айтуға болады. Алғашқы кезең XX ғасырдың 40 - 50-жылдарын қамтиды. Мұнда білім беру технологиясы термині, негізінен, оқыту барысында қолданылатын көру-есту құралдарын білдіреді. Екінші кезең -- XX ғасырдың 50 - 60-жылдары десе болады. Бұл кезеңдегі білім беру технологиясы дегеніміз программалап оқытуды танытатын еді. Үшінші кезең -- XX ғасырдың 70-жылдарын қамтиды. Мұнда бұл термин алдын ала айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымдастырылған жобалық оқу процесін білдіретін болады. Төртінші кезең -- ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап, осы кездегі білім беру технология дегеніміз оқыту үдерісінде компьютер мен ақпараттық құралдарды пайдалану барысын танытады. Педагогикалық технология деп оқыту процесінің өзін жүйе ретінде құру мен басқару, диагностикалық мақсаттар қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде ұйымдастыру барысында танылады. Біздің ұсынатын бағытымыз осы соңғы айтылғанымен тығыз байланысты. Бұл бағыттың ерекшелігі сонда, мұның түпнегізі оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтары бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіріп тану жəне нақты білім оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген идеяға негізделеді. Бұл жерде білім берудің екі жақтылық болмысы да ғылыми негіздер арқылы танылып, жүйеленуі тиіс. Оның бір жағы берілетін білім мазмұнынының теориялық деңгейде оқу мақсатына лайық жүйеленуі болса, екінші жағы соны оқыту үдерісін жүйелеп тану болмақ.
Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру жəне жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында əр түрлі оқыту формалары мен əдістерін, мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру жəне оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау жəне қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.
Нақты бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке дара жəне топтық оқыту сияқты əр түрлі əдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар -- электрондық оқулықтар. Жаңа технологиямен оқыту жүйесі -- сабақта барлық білім алушының белсенді қатысуымен ұйымдастырылатын оқу үдерісінің бірі. Бұл ретте оқытушы мен тіл үйренушінің коммуникативтік қатынасқа негізделген қарым-қатынасының өзгермей сақталуы талап етіледі. Қазақ тілін оқытуда жаңаша оқыту технологиясын қолдану арқылы қоршаған ортада болып жататын əр түрлі жағдаяттар тарапынан алғаннан соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу керек. Жалпы, жаңаша технологияның түрлері өте көп. Мұның үстіне компьютерлік-ақпараттық технологиямен жасалатын жұмыс жүйелерін алатын болсақ, бұл технологияның сапалы білім беруде, танымдық қызығушылығын арттыруда алатын үлкен орны байқалады.
Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орнында, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту курстарында оқыту жүйесі, жекелеген сабақ, бір қарағанда, күнделікті өтіп жататын жағдай сияқты. Бірақ тұтас оқыту жүйесі сияқты, бір сабақты өткізу барысында танымдық үдерістің небір күрделі түрлері өтіліп, адамның рухани əлемі қалыптасып жатады. Сонысымен де оқу үрдісінің танымдық үдеріс ретіндегі сыртқа қарапайым, ал ішкі мазмұны адам қалыптастыратын мүмкіншілігі айқындала түседі. Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен еркін сөйлеу тілін дамытуды маңызды орын алады.
Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен жақсы сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері айқындалуы тиіс. Əрбір берілген ұғым мен оның мазмұның құрайтын білімдік ақпарат -- оқушының ой-санасын өзгертуші, дамытушы құрал. Бірақ оқушылардың даму барысында көп сүйеніп, талдаулар жасай беруге, білім мазмұнын жөнсіз көбейтуге немесе күрделендіруге болмайды. Тіл үйренушінің даму ерекшелігін оның жас ерекшелігімен байланыстыра қарау қағидаты басты назарда болуға тиісті.
Қазақ тілін жаңаша технологиямен оқыту -- тіл үйренушілердің шығармашылық қызметін, сапалы білім ала білуін қалыптастыратын үдеріс. Тіл үйренушінің саналылығы қазақ тілінің төл дыбысының, сөзінің сөз тіркесінің, сөйлемнің өзіндік болмысын танып-білу барысында ғана жəне сол үшін ғана емес, жүйе теориясының заңдылықтарын ғылымның барлық саласында қолдану жолдарын меңгеру қажет екенін түйсігімен түйсінуі барысында ғана қалыптасады. Бұл ретте мұғалімнің дұрыс қойған талаптары мен тапсырманы орындау алгоритмдерінің бірізді тəртіптелген жүйесі оқушыны саналылықпен білім алуға дағдыландырады. Тіл үйренушінің саналылықпен білім алу ұстанымы толыққанды жүзеге асуында келесі ұстаныммен табиғи байланысты болуы үлкен рөл атқарады.
Қазақ тілінің жазу жəне сөйлеу заңдылықтарын іс-тəжірибе жүзінде танып-білу тіл үйренушілердің қазақша ойлау қабілетін қалыптастырады жəне біртіндеп дамуына ұласады. Оның өзі тіл үйренушінің ауызша жəне жазбаша тілі даму үдерісіне жалғасып, қазақ тілін үйреніп жүрген жеке адам жана сатыдағы дүниетанымдық аппаратын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқытушының басшылығымен меңгерілген танымдық əдістермен тоқтап қалмай, оларды қолдау мен тағы басқа түрлерін іздеуі теориялық ойлауы мен сөйлеу тетіктерінің біртұтастықта дамыған тіл үйренушінің моделі болып табылады. Сондықтан бұл ұстаным қазақ тілін оқыту үдерісінде басшылыққа алынады.
Қазақ тілін оқытуда талдау əдісін оқушыға дұрыс үйрету арқылы қазақ тіліндегі дыбыстарды, сөз құрамын, сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін т.б. өз бетімен анықтай білу дағдылары қалыптастырылады. Тіл үйренуде байқалатын түрлі заңдылықтар мен құбылыстарға бақылау жасату барысында жеке талдау жасатудың мəні зор. Талдау əдісін орынды, белгілі бір тəртіппен қолдана білу дағдылары қалыптасуы барысында, тіл үйренушінің теориялық ойлау дағдылары дамуы да жүзеге асады.
Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді жақсы меңгеруін ұйымдастыру қазақ тіліндегі жекелеген тіл бірліктерінің бірлесе келіп, жинақталған ұғым жасауына жетекші қызмет атқарады. Қазақ тіл бірліктерінің болмысы туралы жаңа аспектідегі білім мазмұнын алу тетіктері мен ұстанымдарын анықтау таным теориясын негіз ете отырып, жасалатын арнайы əдістеменің кешенді проблемаларын зерттеуге алып келеді. Тіл үйренушінің қазақша еркін де сауатты сөйлеуі мен жаза білу дағдыларын қалыптастыруды олардың ғылыми білім алуымен үйлесімді ұйымдастыруда таным теориясының ілімдері үлкен тірек болады. Қазақ тілі сабақтарының əдістемелік сценарийлерін əзірлеуде оқытудың технологиялық жабдықталуы да үлкен орын алатыны белгілі. Бұл ретте компьютерді қолданудың да маңыздылығы айқын. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда, білімін тексеруде, білімін бағалауда сабақтың компьютерлік жабдықталуы үлкен орын алады. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың мектептерді компьютерлендіру туралы бағдарламасы қазақ тілін оқытуды сапаландыруға, оқушылардың ойлау дəрежесін өсіруге заман жетістіктерін дұрыс пайдалана білуге бастайды. Сондықтан қазақ тілін оқытуда бұл бағыт та мүмкіндігінше қолданылғаны дұрыс. Қазақ тілін оқытудың технологиялық жабдықталуы мен техникалық құралдарды қолдану турасында екі бағыт бар: техникалық құралдар -- жанды оқу процесінен артық емес деген болса, екіншісі -- техникалық құралдар -- қазіргі кезеңдегі оқу процесінің басты жетекшісі деп келеді. Екі бағыттың бірін ұстау -- біржақтылыққа алып кететіні белгілі. Оқу-танымдық қызметті белсендіруге, оқушының теориялық ойлау дəрежесін дамытуда техникалық құралдардың беретін көмегі мен мүмкіншіліктерін пайдалану бар да, оларға тым əуестеніп кетпей, орындылық пен қолдану тəртіптілігін сақтай білу бар. Сонымен, қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздерін талдай келе, мынадай қорытындыға келдік. Жалпы, тілді оқыту теориясы адамның тілді меңгеруінің жалпы немесе жекелеген заңдылықтарын білдіреді. Осы ретте қазақ тілін оқыту теориясы, дидактикалық негіздері қазақ тілін оқыта отырып, қазақша сөйлеу мен сауатты жазу əдістерінің, оқыту мазмұны мен мақсат-міндеттерінің, уəжінің оқыту заңдылықтары жүйесіне шоғырлануын бейнелейді. Бағдарламалық өнімнің деңгейі оны қолдану кезіңдегі нақты жұмыс істеу қабілеті мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен анықталады. Бағдарламалық өнімнің жұмысы оның жылдамдығымен, сенімділігімен, интерфейсінің ыңғайлығымен сипатталады. Мəселен, бағдарламалық өнімнің деңгейін тек қана оны қолданған кезде анықтауға болады. Алайда электрондық оқыту құралдарын бағалап таңдауды естен шығармау қажет. Электрондық оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын əдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электрондық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, əр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалар, ұсынылатын əдебиеттер тізімі жəне тақырыптық сілтемелер беріледі.
Бүгінгі таңда инновациялық білім беру құралдары, аудио, видеоқұралдары компьютер, интерактивтік тақта, интернет, компьютер мультимедиалық құралдар, электрондық оқулықтары мен оқу əдістемелік кешен, медиатека, инновациялық веб-сайт жəне т.б. ғылыми технология жетітіктері сабақтарда кеңінен пайдаланылуда. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген веб-қосымшалар, интерактивтік бағдарламалық өнімдер, қозғалмалы нысандар құруға мүмкіндік беретін векторлық жəне графикалық бағдарламалық жабдықтар көптеп шығып, педагогикалық процессте қолданыс табуда.
Қазақ тілін оқыту кезеңдерінің тіл үйрету деңгейлерімен байланысы анықталып, жеделдете деңгейлік оқытудың соңғы нəтижесі қатысымдық құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында аралық, қорытынды сынақтарды жəне өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тиімді тəсілдері айқындалады. Қазақ тілін жаңаша оқыту барысында сабақта жан-жақты технологияларды ұтымды қолданып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқыту кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы əрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, əдістерін жəне құралдарын сəйкестендіріп таңдап алуды, болатын нəтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету тиіс. Жаңа технологиялар дəуірі оқушыларға қазақ тілін жеделдете оқытудың əдістемелік жүйесінің мазмұны айқындалып, соңғы ғылыми жаңалықтар негізінде толықтырылады, білім берудің парадигмалары негізіндегі жеделдете оқытудың мəні айқындалып, ұстанымдары нақтыланады.
Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі əр түрлі суреттер, сұлба, тəсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалдық қорыту үрдесі ұтымды болады. Бұлар практикум компьютерлер көмегімен жүзеге асырылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал толықтырушы материалдар интерактивтік компьютерлер типте жүзеге асады.
Мемлекеттік тіл -- аса маңызды да өзекті мəселе, тіл -- халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол -- ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу -- өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында əрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.
Ел тəуелсіздігін тіл тəуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Адамның ой-өрісін, мəдени дəрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мəдениетінің өзектілігі əрқашан ескеріліп, қай халық болса да, бұл мəселені айналып өткен емес. Өнер алды -- қызыл тіл деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мəн берген. Қазіргі таңда тіл мəдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Қазақстан Республикасы Президентінің Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында:
Тілді дамыту -- Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі, сондай-ақ Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек делінген. Елбасы Н.Ə.Назарбаев: Қазақстанның болашағы -- қазақ тілінде, -- деп тұжырымдайды. Ал қазақ халқының тіл келешегі -- мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық əдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мəдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен, диалектілермен сөйлегенді сəн көреді. Бұл мəселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр.
Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мəселелерінің бірі -- оқушылардың тіл мəдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тəрбиелеу. Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі -- өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мəдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тəрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, əрекетін, тіл мəдениетін, əдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кезеңдегі өзекті мəселелерінің бірі болып табылады. Осы мəселелерді назардан тыс қалдырмай, кəсіби-бағдар бере отырып оқыту -- тіл үйренушінің мектепте алған білімін тереңдетіп, өзі таңдаған мамандыққа сай лексиканы меңгеруіне, өз көзқарасын танытуға, бейнелі, астарлы қазақ тілінің байлығын меңгеруіне жол ашады. Тіл үйренушінің ой-пікірін белгілі бір тақырып бойынша жүйелі түрде өз мамандығына негіздеуге жұмыстар жүргізіледі. Осы арада жоғарыда айтып өткен жаңа технологияның түрлері кеңінен қолданылады, яғни оқытушының шеберлігі аса қажет етіледі. Оқытушы таңдаған технологияны түрлендіріп, аса шеберлік көрсетсе, соғұрлым сабақ мақсатына жетеді деп ойлаймыз. Осы тұрғыдан алғанда, оқытушыға білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Кез келген оқыту технологиясы іс-əрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Тіл үйренушінің оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында, алдымен ұғымға сəйкес түсінікті болуын ескеру қажет, берілетін тапсырманың тəрбиелік мəніне көңіл бөлініп, сезімді, қызығушылықты оятатындай құрылуы керектігі ескерілуі қажет.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар.
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме құру, т.б..
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге оқыту.
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
1.2. Заманауи білім беру кеңістігіндегі Проблемалық оқыту технологиясы
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты. Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс- тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс- тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл - аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе. Мұғалім әр- әдіс тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс- тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болсын, оны қай сыныпта өткізсін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, дағдыға айналған әдіс- тәсілмен сабақ жүргізе береді. Мұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын - ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс- тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс- тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, соны да ерекше ойлануы керек.
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).
Осылардың ішінде, оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді".
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!" деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді:
Проблемалық оқытудың кемшіліктері
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау;
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі - оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Бұл тәсілді соңғы жылдары көптеген методистер сөз етуде. Проблемалық оқытудың теоретиктері Липецк озаттарындай мәселені мазмұн жағынан емес, көбіне форма жағынан бастайтын сияқты. Сұрақтарды: проблемалық сұрақ, міндет деп екіге бөледі.
Проблемалық сұрақ- міндеттердің мақсаты оқушының өзіндік ойын, тәжірибесін дамыту. Мәні қиын деген сұрақты оқушы барлық жерде өзі тауып, өзі шеше алар ма екен? Асылы проблемалық оқу дегеннің өзі мұғалімнің басшылығынсыз іске аспаса керек. Сұрақ қою дегеннің өзі соны аңғартады. Егер бұл тәсіл оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру мақсатын көздейтін болса, оны мазмұндық оқу, талдап оқу, жинақтап оқу деген үш сатыға бөлу керек. Проблема қойып, оны шеше білу тек сол үш сатыға қойылса ғана жемісті болады.
Оғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан қарағанда, болашақ маманға қойылатын талаптар білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарында белгіленген. Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыта отырып білім беруге елеулі маңыз беріледі.
Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нәтижелерін табуға бағғыттап отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға мән берген. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, оны өз тәжірибесінде қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервергтің еңбегі зор. Оқытудың осы әдісінің негізін қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейіннен оқытудың осы түріне Д.Бруннер, И.Лернер, Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов зор үлес қосты.
Проблемалық оқытудың басқа әдістерден айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену әрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.
Проблемалық оқытудағы негізгі ұғымдар: проблема, проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырма, проблемалық жағдай (ситуация).
Проблемалық оқыту проблема, проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырма, проблемалық жағдай (ситуация) деген ұғымдарды қамтиды. Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты - оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді. Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарас-тырып, іздену іс-әрекетіне көшеді. Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс- әрекеті ойлаумен, па-йымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады. Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы - дұрыс ойлай білуге баулу.Әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.
Ережелер принциптерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz