Қуаты жылына 1000 мшб натурал көкөніс консервілерін өндіру цехының жобасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Алматы технологиялық университеті
тамақ өндірісі факультеті
тағам өнімдерінің технологиясы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қуаты жылына 1000 мшб натурал көкөніс консервілерін өндіру цехының жобасы.

Орындаған студент:

ТКиП-17-11
(тобы)
Есибаева А. К
( студенттің аты жөні және қолы)
Университет тарапынан жетекшісі:

Сыздыкова Л.С
(жетекшінің аты жөні және қолы)
Бағасы:
______________

Алматы, 2021
Мазмұны
Кіріспе
1. Технико-экономикалық негіздеме
2. Технологиялық бөлім
2.1. Өңдеуге түсетін шикізат, дайын өнім, қосымша материалдар сапасына және ыдыстарға сипаттама
2.2. Өндіріс әдістері мен негізгі технологиялық процестерді таңдау және негіздеу
2.3. Азық-түлік есебі
2.4. Технологиялық қондырғыларды таңдау және есептеу
2.5. Кәсіпорын аудандарын есептеу
2.6. Өндірісті технохимиялық бақылау
3. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімі
4. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
5. Экономикалық бөлім
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар

Кіріспе
Тағам өнеркәсібі - азық-түлік өнімдерін өндіретін салалардың кешені, қалыпты өмірді қамтамасыз етудің ең негізгі алғышарты, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өзекті бөлігі, сондай-ақ, ол ел экономикасының тұрақты дамуында да маңызды орын алады. Өмірдің мәніндей болған азық-түлік өндірісі өңдеу өнеркәсібіне жатады. Тағам өнеркәсібінің жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі - 35,6 пайызды құрайды.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тағам өнеркәсібінің негізгі даму бағыттары:
өндіріс салаларын технологиялық жағынан қайта жабдықтау;
агроөнеркәсіп кешендерінің өнімдерін өндіретін, өңдейтін және жүзеге асыратын өзара байланысқан жүйесін жасау;
өнімнің шығарылымын жоғарлататын жаңа технологияларды енгізу;
отандық өндірістегі жаңа тағам өнімдерін ойлап шығу;
отандық өнімдердің сапасын жоғарлату;
өнім түрлерін өндіре алатын отандық өндірушілерге мемлекеттен қаржылай қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасында тағам өнеркәсібі қанатын кеңге жайып, дамып келуде. Осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан кәсіпорындарда аз емес. Солардың бірі, консерві өндірісі. Консерві өнеркәсібі - азық-түлік өнеркәсібінің ең көне салаларының бірі. Заман талабына орай, қазіргі таңда халықтың көпшілігі жұмысбасты болғандықтан, аспаздық өңдеуді қажет етпейтін жартылай дайын тағам өнімдерін тұтынады. Консерві өнімдерінің ерекшелігі - балғын өнімдермен салыстырғанда ұзақ мерзімге дейін сақтала алатындығында. Яғни, тез бұзылатын өнімдердің барлығы сақтау кезінде бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Егер, дер кезінде консервілеу әдісін қолдансақ, оларды пайдаға асыра аламыз. Тағамдық өнімдерді консервілеу дегеніміз арнайы өңдеу әдістері арқылы сақтау кезінде өнімдердің микроорганизмдермен зақымданып, бұзылуын болдырмау.
Консерві кәсіпорындарын жаппай жобалау жұмыстары 30 жылдардан бастау алды. Орташа қуатты консерві зауыты жылына 8-20 мың тонна шикізатты өңдей алады. Ал, ірі зауыттардың өнімділігі жылына 20-40 мың тоннаны құрайды. Елімізде консерві өндірісінің ахуалы күннен күнге дамып, өндіріс орындары қызу жұмыс үстінде. Ең көп консерві зауыттары шоғырланған жер - Алматы облысы болып табылады. Бұдан бөлек, Орал (Кублей ЖШС), Өскемен (ЖШС Өскемен ет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консервіні өндіру технологиясы
Өсімдік майын өндіру технологиясы
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық секторының дамуы
Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуы
Тамақ өнеркәсіптерінің орналасқан жері, басты өнімдері және кәсіпорындары
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
ТҰЗДАЛҒАН ЕТТІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ
Өзбекстан Республикасының құрылымы
Жарма өндіру технологиясы
Нур Ислам асханалар желісі
Пәндер