Механикалық тербеліс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 12. Өндірістік шу мен діріл
Шу өндірісте және тұрмыста үлкен экономикалық және әлеуметтік шығын әкеледі. Адам ағзасына жағымсыз әсер ете отырып , ол психологиялық және физиологиялық өзгерістерге әкеледі, еңбек ету қаблеттілігі төмендейді және жалпы және кәсіптік аурулардың шығуына алғы шарттар жасайды.
Жоспар:
1. Өндірістік шу және діріл. Олардың адам ағзасына зиянды әсер етуі.
2. Шудың, дірілдің сипаттамалары. Олардың деңгейлерін нормалау және бақылау. Оларды зиянды әсерден қорғау шаралары.
3. Діріл мен шуды өлшеуге арналған аспаптар. Жеке қорғау құралдары.

Шу дегеніміз - ол қатты, сұйық немесе газ тәрізді ортада болатын, адамның есту мүшелерімен қабылданатын материалдық бөлшектердің немесе денелердің ретсіз тербелісі.
Өндірістердегі шудың көздеріне ұнтақтайтын, жарылатын жабдықтар, желдеткіштер, компрессорлар және сорғыштар, ұрып-соғатын қол құралдары тасмалдайтын жүйелер, құбырлардағы газ бен сұйықтардың ағыны және т.б. жатады.
Жұмыс орындарында шу және тербеліс деңгейінің жоғарылауы адам ағзасына зиянды әсер етеді.
Дыбыс толқындарының таралуы шудың сипаты үшін, шуды бағалау үшін және қорғану шараларын таңдау үшін маңызды біршама акустикалық факторлардың пайда болуымен бірге жүреді.
Дыбыс өрістері тарайтын кеңістік аймақтары дыбыс өрісі деп аталады. Ол дыбыстың қарқындылығы, оның таралу жылдамдығымен және дыбыс қысымымен сипатталады.
Қазіргі уақытта техниканың дамуы, кәсіпорындарды қуатты және тез қозғалатын қондырғылар және аппараттармен жабдықтау, адамның шудың әсеріне әрдайым ұшырауына әкеліп соқтырады.
Дыбыс қарқындылығы 1 секундта 1м2 ауданда дыбыс толқынымен берілетін дыбыс энергиясының мөлшері. Өлшем бірлігі - Вт м2.
Адамға естілетін дыбыс қарқындылығы мен дыбыс қысымының минималь мәні дыбыс табалдырығы деп аталады.
Дыбыс толқындарының таралуы шудың сипаты үшін, шуды бағалау үшін және қорғану шараларын таңдау үшін маңызды біршама акустикалық факторлардың пайда болуымен бірге жүреді.
Адамның есту аппараты дыбыс қысымының тек қана салыстырмалы өзгерістерін қабылдайтындығымен, дыбыстың адамға әсерін бағалау мақсатында дыбыстың қарқындылығының деңгейі және дыбыс қысымының деңгейі деген түсініктер кіргізілген. Олардың өлшем бірлігі - бел немесе децибел. Есту табалдырығында жиілік 1000 герц (Гц) болғанда дыбыс қысымының және дыбыс қарқындылығының деңгейлері нөлге тең болады. Мысалы, бір қалыпты сөйлеген кезде шу деңгейі 40дб, жанында өтіп жатқан автомобильдің дыбысы - 70-90дб, осьтік желдеткіштердің дыбыс деңгейі - 100-105бд, турбокомпрессорлардың дыбыс деңгейі - 115-120дб. 140-150 дб шу деңгейін адамға кері әсер етеді.
Адамның есту мүшесі дыбыстық тербелістің 16 - 20-дан 16 000 - 20 000Гц-ке дейін ғана жиілікті қабылдай алады. Дыбыстың жиілігі 20Гц-тен төменін (инфродыбыс) және 20 000 Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) адамның есту мүшелері қабылдамайды.
Шудың жоғары жиілігі адамға зиянды. Өндірістік жабдықтар жұмыс істегенде шыққан шу адам денсаулығына зиянды. Ол барлық организмге әсер етіп, адамды тез шаршатып, жұмыскерлігін төмендетеді, ұйқыны бұзып, ашуланшақтық райда болады.
Ұзақ уақыттағы шу әсері есту органдарына кері әсерін тигізе отырып, саңыраулыққа әкеп соқтыруы мүмкін.
Механикалық тербеліс.
Әр түрлі технологиялық процестерді атқару үшін вибраторларды қолданғанда туатын тербеліс - пайдалы тербеліс. Ал транспорттың жүрісінде, машиналардың жұмысында пайда болатын, жұмыс тәртібін бұзатын, адамды қажытатын, ауруға шалдықтыратын тербеліс - зиянды тербеліс. Мұндай тербелісті туғызатын станоктар мен машиналарда ұзақ жұмыс істеуден пайда болған кәсіби ауруды тербеліс ауруы деп атайды. Вибратор - механикалық тербеліс тудыратын құрылғы, ол не дербес пайдаланылады, не вибрация машинасының жабдығының торабы болып табылады. Мысалы, вибробалға, виброплита, вибросүңгіме женә т.б. Құрылыста материалдарды (мысалы бетон ерітіндісін) тығыздауға, қатқан цементті қопсытуға, құйманы қалыптап қағып шығаруға, сусыма жүкті тиегенде оны нығыздауға, түрлі аппараттармен конструкциялардың тербеліске төзімділігін сынауға пайдаланады. Ол жеделдетумен (мсек2) сипатталады. Тербеліс пен шу бір-бірімен үйлеспелі. Адамға берілетін тербелістің әсері - жалпы және (локальды) жергілікті болып бөлінеді.
Жалпы әсер ететін тербеліс ең қауіпті. Себебі ол биологиялық ұлпаға әсер етіп, оның өзгерісіне әкеледі. Ұлпаның серпімділігін жоғалтып, қан тамырларына әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Механикалық тербелістер мен тербелмелі жүйелер
Электр тізбегіндегі резонанс
Тербелмелі қозғалыс
Жаңа буын оқулығы бойынша электрондық оқулық (9-сынып)
Мектеп ұжымында “Механикалық тербелістер мен толқындар” тарауының әдістемесі
Механикалық тербелістер, механикалық толқындар
Ішкі тіректі,шоғырланған массалы айналу қабықшаның және серпімді пластинаның меншікті тербелістері
Гармониялық тербелістер
Бір еркіндік дәрежесі бар механикалық жүйенің тербеліс теңдеулеріне талдау жасау, тербелістің сөну дәрежесінің жүйенің қатаңдығы мен демпферлік қасиеттеріне тәуелділігі
Тербелмелі қозғалыстар
Пәндер