Орта жүзден тараған Қаракесек руының шежіресі


Ақмола облысы
Жақсы ауданы
«Ишимское орта мектебі»КММ
Ғылыми бағыты: Орта жүзден тараған Қаракесек руының шығу тегін зерттеу арқылы ұрпағына дәріптеу.
Секция: этномәдениет (шежіретану)
Тақырыбы: «Қаракесек руының шежіресі»
Жас ізденуші: Садық Әліби
6 «А» сынып оқушысы
Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Ишимское ауылы
«Ишимское орта мектебі»КММ
Жетекшісі: Мухангалиева Кульзихан Дастановна
қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Ишимское ауылы
«Ишимское орта мектебі»КММ
Ғылыми кеңесшісі:
2019 жыл
Аннотация
Бұл жобада көтерілген мәселе Орта жүзден тараған «Қаракесек руының шежіресі» туралы сөз қозғалады. Жобаның басты мақсаты- келешек ұрпаққа қазақ халқының жүздерін біліп жүруге және де ататек шежірені әркез есте сақтауға, «Жеті ата» ұғымының мәнін түсінуге бейімдеу, қарапайым жолдарын іздестіру. Бұл рудың тамыры тереңде жатыр. Қазақстанның әрбір өңірлеріне тарап, тамыр жайған.
Аннотация
В этом проекте поднимается тема «Летописи племени Каракесек» из Среднего жуза. Оснавная цель проекта - помочь будущим поколениям узнать лица казахского народа и всегда помнить генеалогию предков, понять смысл понятия «Жети ата», найти простые пути. У этого племени глубокие корни и они распространился по всем регионам Казахстана.
Аннотация
This project raises the theme of the "Chronicle of the Karakesek Tribe" from the Middle Zhuz. The main goal of the project is to help future generations to recognize the faces of the Kazakh people and always remember the genealogy of their ancestors, to understand the meaning of the concept of "Jeti ata", to find simple ways. This tribe has deep roots and they spread throughout all regions of Kazakhstan.
Мазмұны
Кіріспе
I. Ата-тек шежіресін білу парыз
I. 1. Қаракесек руының шығу тарихы
I. 2. «Жеті ата» ұғымының мәні
I. 3. Орта жүзден тараған Қаракесек руының шежіресі
II. Ерден ердің несі артық,
Елде естірген сөзі артық
I. 1. Қарттарым-асыл қазынам
I. 2. Текті рудан тараған атақты тұлғалар
III. Қорытынды
Келешек ұрпаққа қазақ халқының жүздерін біліп жүруге және де ататек шежірені әркез есте сақтауға, «Жеті ата» ұғымының мәнін түсінуге бейімделу, қарапайым жолдарын іздестіру. Орта жүзден тараған Қаракесек руының шежіресін зерттеу.
Кіріспе
Қай халықтың болмасын өзінің ұлттық мұрасы, діні, тарихы болады. Қазақ халқының тарихына көз жүгіртетін болсақ сонау 15-16 ғасырдан бастап қазақ жерінде ру-тайпалар қалыптасып, жүздерге бөлінген. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) Қазақстанның өңірінде әртүрлі ру-тайпалық бірлестіктер монғол шапқыншылығына дейін де, одан кейін де болған. Бірақ олар нақты үш жүздерге бөлініп аталмаған. Жүз атауы араб тілінде белгілі біртұтас нәрсенің бөлігі, саласы деген ұғымды білдіреді. Осыған орай жоғарыда аталған үш жүз атауының шығуы біртұтас қазақ халқының қалыптасуына байланысты болса керек. Жүздер ұзаққа созылған тарихи даму процесінің нәтижесі. Қазақ жерінің табиғат ерекшеліктері мен онда ежелгі заманнан бері мекендейтін тайпалар мен рулардың саяси және шаруашылық жағдайларына байланысты Қазақстанның әр өңірінде үш жүз бірлестіктері пайда болды. Ұлы жүз бірлестігі Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көне Үйсін тайпасының, Орта жүз бірлестіктері солтүстік пен солтүстік-шығыс Қазақстанның Сарыарқа атырабында Арғын тайпасының, ал Кіші жүз бірлестігі Батыс Қазақстанда Алшын тайпасының төңірегінде топтасқан. Сондықтан да халық арасында «Ұлы жүз-Үйсін», «Орта жүз-Арғын», «Кіші жүз-Алшын» деп атап кеткен. Әр жүздердің өңірлер бойынша өдеріне тән руларға бөлінді. Атап айтсақ: Ұлы жүз-Үйсін (Жалайыр, Қаңлы, Албан, Дулат, Суан, Сіргелі, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қанағат) Орта жүз-Арғын (Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты, Мейрам, Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек)
Кіші жүз-Алшын Жетіру (Табын, Тама, Жағалбайлы, Кердері) Байұлынан тарағандар(Адай, Байбақты, Беріш, Алаша, Алшын-Жаппас, ) Әлімнен тарағандар (Қарасақал, Қаракесек, Кете, Шөмекей, Төртұқара) т. б
16-18 ғасырларда жүздердің мекендеген жерлерде хандықтар құрылды. Сол ғасырларда қазақ елін хандар билеген. Қазақ тарихында Абылай, Тәуке, Әбілқайыр сияқты хандар болды. Хандар көршілес елдермен қарым-қатынас жасау, өзге мемлекеттерге соғыс жариялау және олармен бітім шарттарын жасау жұмыстарын жүргізді. Жоғарғы өкімет билеушісі ретінде хандар өз қарамағындағы және шетел саудагерлерінен салық жинап, ру арасындағы даулы мәселелерді шешті. Жүздердің хандарына арнайы кеңесшілер тағайындалды. Олар қазақтың атақты, сөзге шешен, көсем билері Ұлы жүз-Төле би, Орта жүз-Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүз-Әйтеке би болып тағайындалды. Би табиғи қабілет пен терең білімді ұштастырған адам болуы шарт. Қазақ қоғамында белгілі бір тектілік қасиеттерді ұстауға күш салады. Әр рудың, тайпалардың текті аталары өзара қыз алу, қыз беру арқылы атадан-балаға жақсы қасиеттерін жинақтайды.
Би-шешен тілді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай мәнін табатын, айтқан сөзінің салмағы қорғасындай болуы шарт.
Би-қазақ шежіресін, ру құрылымын, олардың арасындағы жолды, туысқандықты терең айыратын жан.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Қаракесек руы Орта жүздің Арғын тайпасының Қазыбек бидің ұрпағынан тараған. Бұл жерде де туыстық ру басынан емес, Қаракесектен тарайды: Көшім Қаракесектің үшінші ұрпағы Көшім атасының Қамбар Қаракесектің асырап алған баласының; Байбөрі Қаракесек немересінің; Айбике және Нұрбике-Шаншар-Қаракесектің Шаншар әйелдері (Айбике мен Нұрбике) қосылған Қаракесектің төртінші ұрпағының; Қарсон Қарпық Қаракесектің төртінші ұрпағы болатын. Балқаш өңірінде арғындар көшіп жүрген және басқалардан гөрі олардың арасында Қаракесек руы өте көп болған. Осы көшпенді қауымдар негізінде 1824 жылы Қарқаралы округі құрылды, ал кейініректе олардың қысқы және жазғы қоныстары құрылды, төменде ол жерлер келтіріліп те отыр. Жоғарыда келтірілген болыстар бойынша ауылдар, шаңырақтар, халық саны туралы да мәліметтер бар.
Жоба жұмысының өзектілігі. Орта жүзден тараған Қаракесек руының шежіресін зерттеу.
Жоба жұмысының мақсаты мен міндеті: Келешек ұрпаққа қазақ халқының жүздерін біліп жүруге және де ататек шежірені әркез есте сақтауға, «Жеті ата» ұғымының мәнін түсінуге бейімделу, қарапайым жолдарын іздестіру.
Алға қойған зерттеу мақсатынан төмендегідей зерттеу міндеттері тарайды:
- Қазақ халқының жүздер мен билердің шығу тарихына шолу жасау;
- Қазақ халқының жүздер, рулар, шежіре, жеті ата зерттеулеріне, пікірлерге талдау жүргізу;
- Шежірені дәріптеген және зерттеу жұмысын жүргізген Ф. Тоқанайұлымен сұхбаттасу;
- Қаракесек руынан тараған атақты тұлғаларды іздестіру;
Жұмыстың зерттеу әдістері - диалог, сұхбат, сұхбаттасу, танып-білу.
Жоба жұмысында алынған нәтижелер
- Даңқы жайылған үш жүздің қазақтың өміріне айна болған тарихи жолына зерттеулер жүргізілді;
-Ру шежіресіне ғылыми түрде талдау жасалды;
- Бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармағын ұрпаққа, руға таралуын баяндау.
Жоба жұмысының құрылымы - зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиет тізімінен тұрады.
I. Ата-тек шежіресін білу парыз
I. 1. Қазақ халқының жүздер мен билердің шығу тарихы.
Қазақтардың байырғы кезде жер ыңғайы мен ру-тайпалық жақындығына қарай үшке бөлінген тарихи бірлестігі кең байтақ аймақты басқарудың, сырттан Қазақ хандығында жүз деп аталатын аймақтық - әкімшілік құрылым ұзақ уақыт бойы қатер төнгенде шұғыл жасақ жинап, қорғаныс ұйымдастырудың тиімді тетігі болып келді. Қазақ үш жүзге бөлінген.
Ұлы жүз - қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.
Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу, Сыр бойы тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орталығы болатын. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен
Орта жүз. Негізінен, Орталық, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы ру-тайпалар бірлестігі. Орта жүз 16 ғасырдың бас кезінде қалыптасып, оның құрамына арғын, қыпшақ, найман, қоңырат, керей, уақ тайпалары енді. Бұл тайпалар өз ішінде руларға бөлінеді. Арғын руы өз ішінде екі үлкен атадан тұрады: бес мейрам (қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек ) және жеті момын (атығай, қарауыл, қанжығалы, тобықты, бәсентиін, шақшақ, сарыжетім), қыпшақ: қара қыпшақ, құлан қыпшақ, сары қыпшақ, қытай қыпшақ; найман: терістамғалы, сарыжомарт (ергенекті), төлегетай, сүгірші; қоңырат: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл, байдар, жандар, құлыншақ; керей: ашамайлы және абақ; уақ: жантелі және жангелді деген үлкен аталарға бөлінеді.
Кіші жүз - Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді.
Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз - алшын” атанған. Оның құрамына:
12ата байұлы (адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, масқар, таз, тана, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш)
6 ата әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) ;
7 ата жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары енеді.
15 - 17-ғасырларда ру-тайпалық
топтар Бұрындық, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан тұсында Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды.
Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) - қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған. Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат
тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ,
қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен.
Қаз дауысты Қазыбек би , Келдібекұлы - қазақ халқының XVII - XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек - есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж. ) - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.
Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен. Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен
Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды.
I. 2. «Жеті ата» ұғымының мәні
Жеті ата - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таралуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т. б жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан, баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын- жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz