Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛIГI ӘЖІНИЯЗ АТЫНДАҒЫ НӨКІС МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ШЕТ ТІЛДЕР ФАКУЛЬТЕТІ «ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

«Мұқағали Мақатаев поэзиясын мектепте оқыту жолдары» тақырыбындағы

БІТІРУ МАМАНДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Орындаған: «Қазақ тілі және әдебиеті» тәлім бағдарының бітірушісі 4 курс студенті Сулайманова Алия

ҒЫЛЫМИ БАСШЫ: үлкен оқытушыТ. Төрткулбаева

Бітіру мамандық жұмысы кафедрадан қорғаудан өтті. санды протоколы «__»2016 жыл

НӨКІС-2016

2

Бітіру мамандық жұмысы Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы мәжілісінің 2016 жыл ___№ санды протоколымен қорғауға ұсынылды.

Шет тілдер факультеті деканы: доц. Д. Мамырбаева

Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. к. доц. А. Оразымбетов

Ғылыми жетекші: үлкен оқытушы. Т. Төрткулбаева

Сулайманова Алияның «Мұқағали Мақатаев поэзиясын мектепте оқыту жолдары» тақырыбындағы бітіру мамандық жұмысына мемлекеттік аттестация комиссиясы қарарымен «» (%) қойылсын.

«» 2016 жыл

МАК хаткері: Т. Төрткулбаева

3

Ж О С П А Р

Кіріспе

І Т А Р А У

1. 1. Мектепте поэзиялық шығармаларды оқыту ерекшелігі

1. 2. Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары

ІІ Т А Р А У

2. 1. Мұқағали жырларын инновациялық технология арқылы үйренудің тиімділігі

2. 2. Сабақтық үлгі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

4

Автордың аннотациясы

Тақырыптың көкейтестілігі: Заманагөй білімдендіру системасында педагогикалық технология тәлім-тәрбие процесін ұйымдастыру, басқару және тексеру жұмыстарында кең қолданылады. Педагогикалық технология жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыру қызметі болғандықтан, әдебиет пәнін оқыту барысында заманагөй педагогикалық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың терең білім алып, белсендігін асыруына мүмкіндік жарататындығын Мұқағали жырын оқыту арқылы таныту.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Жұмысымыздың негізгі мақсаты - әдебиет сабағында Мұқағали жырын оқытуда заманагөй педагогикалық технология құралдарын қолдану, сол арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еркін пікірлеуіне мүмкіндік жарату.

Зерттеу объекті мен предметі: Әрбір сабақтың мазмұнды, қызықты өтуі үшін мұғалімдер бар білімін, күшін жұмсайды, әр түрлі оқыту құралдарынан пайдаланады. Солардың ең тиімдісі - заманагөй педагогикалық технология құралдары. Жұмысымыздың негізгі объекті - осы құралдардың түрлерін Мұқағали өлеңдері мен поэмаларын оқыту барысында қалай пайдалану жолдарын түсіндіру. Бітіру мамандық жұмысымызды жазу процесінде заманагөй педагогикалық технология құралдарынан пайдалану жолдарын, әдістерін байқатуда Ә. Қоңыратбаев, М. Валиева, Т. Мейірманқулова, Жұмажанова Т, Зерттеу методикасы және әдістері: Әдебиет сабағында көрнекі құралдарды ғылыми-теориялық, салыстырмалы және көргізбелі әдістерді

қолдану арқылы пайдаланылады.

5

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалықтары: Мұқағали жырын заманагөй педагогикалық технология құралдары арқылы оқытуда көрнекі құрал болып есептелетін компьютер, теледидар, СД диск, сызба, кесте, аудио, видео құралдардан қалай пайдалану жолдарын түсіндіріп беру.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы мен ұсынысы: «Қобыланды батыр» жырын оқытуда заманагөй педагогикалық технология құралдарын пайдалану оқушылардың әдебиетке, соның ішінде ауыз әдебиетіне болған қызығушылығын арттырып, еркін пікірлеуіне, білім дәрежесінің өсуіне жол ашады. Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің сабақ өтуінде, жоғары оқу орнында жаңа педагогикалық технология, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманагөй технологиясы, қазақ ауыз әдебиеті, қазақ әдебиетін оқыту методикасы пәндерінен лекция текстерін дайындауда, семинар, практикалық жұмыстар өткеруде пайдалануына болады. Жұмыстың құрылысы мен ізбе-іздігі: Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа үлкен екі тараудан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмыстың мақсаты мен мазмұнына тоқталып, негізгі бөлімде Мұқағали жырын оқытуда заманагөй педагогикалық технология құралдарын, көрнекі құралдарды қалай қолдану әдістері баяндалып, жұмыста ізбе-іздік сақталған.

Ғылыми басшы: үлкен оқыт. Т. Төрткулбаева

Студент : А. Сулайманова

6

К І Р І С П Е И. А. Каримов: «Адамзатты, оныӊ рухани әлемін жарататын және бір құдіретті құрал бар, ол да болса, сөз өнері, көркем әдебиет. Әдебиетті адамтанушы, ақын мен жазушыларды болса адам жаныныӊ инженерлері деп баға берілуі бекер емес», [1, 46] - деп жазған еді. Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол - сатылмайтын байлық. Біз үшін сатылмайтын байлық - тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары. Осы аталған нәрселер әр адамда бар, бірақ өкінішке орай, бәрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ана тілінде сөйлейтіндерден гөрі, шүлдірлеп сөйлейтіндер өте көп. Дінін сатып, басқа дінге көшкендер де жеткілікті. - Ұлттық болмысты қалыптастыру үшін не қажет? Осы сұрақ төңірегінде ойланғанда, Франциядағы бала тәрбиесі жайындағы айтылған мынадай ойлар есімізге түседі. Француздар 3-4 жастағы сәбилер үшін елінің тарихы мен атақты адамдары туралы түрлі-түсті, әдемі кітапшаларды көптеп шығарады екен. Сондай-ақ, Францияның төл тарихы туралы өз сәбиіне түсіндіріп айту ата-аналардың басты міндетіне кіреді екен. Біз де бұл ойға толығымен қосыламыз. Отбасынан бастап, балабақшада, мектепте жалғасын табардай ұлттық болмысты қалыптастыратын жүйелі тәрбие жемісін берері сөзсіз ғой. Өткеніміз бен бүгінімізге, ертеңімізге сынмен қарап, сара жолды таңдай білуіміз - жарқын болашақ кепілі. Ұлттық болмыстың бастау алар бір көзі - тіл болса, екіншісі - тарих. Өз елінің, ұлтының тарихынан қол үзген адам тамырсыз ағаш іспеттес, өсуін тоқтатады. Атам қазақ шыққан тегін білмеген адамды - «тексіз», тарихына тұшынып көрмеген адамды - «көргенсіз» деген. Тексіз болу - анаңнан, көргенсіз болу өзіңнен. Білуге ұмтылмасақ, көргенді түйе алмасақ, көптің мүддесіне үлес қоса алмасақ, адамдықтан не пайда? Міне, осы кезде біздің ойымызға Мұхтар Әуезовтың: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзі есімізге түседі. ХХ ғасырдың қазақ ұлтына әкелген игіліктерімен қатар (жаппай сауаттылық, білім, ғылым, өнер, әдебиет, өндіріс, ауыл шаруашылығының дамуы, т. б. )

7

әкелген қасіреті де аз болған жоқ. Әсіресе ұлттық ерекшеліктің еленбеуі, өз рухани құндылықтарымыздан шеттеп қалуымыз, ұлттық болмысымызды өзгертті. Халық пен қоғам, дәуір мен әдебиет әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сол қоғам мен дәуірдің ақиқатын айқындайтын ірі тұлғалар әдебиет майданында қызмет етеді. Кешегі кеңестік кезеңнің «ащысын татпаса да», «ақиқаттың ауылын шырқ айналып» іздеумен ғұмыры өткен қас талант- Мұқағали Мақатаев. Ұлттық болмысы, яғни ұлттық рухы жоқ ұлт - ұлт емес. Ұлттық болмысымыз жоғалса, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, тіліміз, дініміз ұмыт болып, өзге ұлттың жетегінде кетеміз. Қазақ халқының егемендік алып, тәуелсіз ел болуы бір ай немесе бір жыл емес, сан ғасырлық жинақталған рухының жемісі. Егер бойларында ұлтқа деген патриоттық сезім, рух болмаса, тамыры терең тарихымызда бостандық пен болашақ бақыты жолында қылыш сермескен ата-бабаларымыз жеңіс тұғырынан көрінбес еді. Бір ғана Желтоқсан оқиғасы тарихымызда белең алуы ұлтымыздың бойында рухтың өшпегендігі емес пе? Рух - тәуелсіздіктің байрағын желбіреткен күш, биіктетер тұғыр. Ірі ақындық қуат пен азаматтық ар-намыстың көркем жемісі әр шығармасынан өрнек тауып, оқырманының ойына қанат, бойына қуат бітіріп, поэзия құдіретіне бас игізген - Мұқағали Мақатаев. Оның поэзиясында табиғат та, адамзат пен дөңгелек дүние де анау-мынау ұсақтүйек күйкі тіршілік емес, пендешіліктен адам жоғары қасиеттерімен даралана білді. Әкімшілдік - әміршілдік билік тұсында ғұмыр кешсе де, сәбилік, ата-ана, туған жер тақырыбына бірте-бірте ұлттық рух, ұлттық тарих пен намыс деңгейіне көтеріліп, «Адамгершілік» атты ұлы сезімге ұласып, атамұра сырларын ұғуға, «Құйрық - жалы кесілген» тарих қойнауына, сыры беймәлім әрбір таңбаға үңілуден еш жалықпады. . [20, 5-бет] Мұқағали Мақатаев . . . Тарих тұрлауына айналып бар жатқан ХХ ғасырдың рухани кеңістігімізге тарту еткен осы бір ұлы есімі тіліміздің ұшына оралған сайын, халқының жүрегіне өлшеусіз терең бойлап, елінің шексіз махаббатына бөленген, айдыны кең, асқары биік алып жырдың ұлан-ғайыр кеңістігі сана

8

төрінде жаңғырары даусыз. Өйткені бұл есім бүгінде жан мен жүрекке азық болар қуатты жырдың қазақы болмысына айналып, халқының өміртану болмысымен біте қайнасып кетті. Қайда барсаңыз да Мұқағали жырларының алдан шығары хақ . . . Қалаға да, далаға да ортақ, ханға да, қараға да бірдей, кәріге де, жасқа да тән дүниелік құбылыстарды, сезім ахуалын, ауаның тап басып, айтуда дәл Мұқағалидай жеңіске жеткен ақын кемде-кем . . . [20, 3-бет] «Бесік басында» өлеңі - жастарға беретін тәлімі мен ғибраты мол өлең. Онда: Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ, Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге, - дейді. Бесік тәрбиесі-бүкіл ұлттық тәрбиенің негізгі арқауы.

9

1. 1. МЕКТЕПТЕ ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс - тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының поэзиялық шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады. Поэзиялық шығарманы оқыту міндеттері: оқушының - поэзиялық шығарманы оқуға деген қызығушылығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру; - сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, икем - дағдылар қалыптастыру. Лирика - дара ойдың нәтижесі, ондағы ой шексіз кең. Лирика ақын жүрегінің тереңінен шыққан сезім ой-көрініс екенін аңғарту лириканың табиғаты, сипаты, түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің мәнмағынасын ашу. «Поэзия - өнердің асыл тегі, өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорытқан жамбысы», - (В. Белинский) «Лирика - поэзияның жаны лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ жасайды», (Ә. Тәжібаев) «Лирика - өмір құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініші, сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да, кейде

10

қоңыр күйі де көрінеді» (Қ. Жұмалиев) «Лирика - нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі . Мен сені, сезесің бе неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім. (М. Мақатаев) Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басым болады. Лирика - дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Оқырманның жан дүниесіне әсер ете алмаған өлең нағыз өнер бола алмайтынын оқушылардың түсінуі үшін оқытушы тарапынан жуйелі түрде жүргізілетін әр түрлі іс-әрекеттер қажет. Лирикадағы ерекше компоненттердің бірі саналатын сөз сырын оқушыларға жеткізуде оған эстетикалық талдау барысындағы әр түрлі дайындық жаттығулары керек. Оқушы назарын ақын өлеңіндегі эмоциялық және логикалық бірлікті тануға, шығарманың бөлімі мен бөліктерін байланыстыра қарап, ақынның айтар ойын, мазмұн мен форма бірлігін анықтауға аударып отыру керек. Сондай-ақ шығарманың әсем сазы, ақынның сөз қолданысы оқушыны ой құшағына бөлейтіндей, мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т. б. арқылы бар ынтаықыласын туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды орындатқан дұрыс. Адам сезіміне жүрек дірілі - лупілінің суретін салу тек лириканың ғана қолынан келеді. Лирикалық туындыны ұлы сыншы В. Белминсукии музыкаға балайды әннің әсем сазы тек музыкалық аспапта ойналғанда ғана немесе керемет әнші шеберлікпен төгілте орындағанда ғана адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етеді. Мұнда лириканың барлық ырғақ сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса келіп, естілуі қажет. Сонда ғана берер әсері мол болмақ. Лириканы түсініп оқытудың негізі біріншіден, ақыннң сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, өзіндік тұжырым жасап, ой құшағына бөлену, туындыға оқушының қызығушылығын ынта ықыласын туғызуда болып табылады. Лириканы талдап, танып білуде оқытушы көптеген әдіс тәсілдерді

11

көңіл бөлуі керек. Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ - жауап түрінде келуі мүмкін. Лирика даралығы дегенімізжалпылық, жинақтаушылық мәнге йе ақын сезімінің жалыны, ой тереңдігі, қоғамдық талапқа, сұранысқа жауап беруі, - деген Ә. Тәжібаев сөздерінде үлкен мән жатыр. Демек шынайы көркем лирика- дамгершілік биік мұраттарға тәрбиелеуші, адамзаттың эстетикалық арманың асқар шыңы. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады, осы бағытта ол психологиямен, дидактикамен сабақтасып оқыту, тәрбиелеу мәселелеріне өз үлесін қосады. Лирикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Озық технология үлгілерін қолдану СТО технологиясы оқушылардың қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру, шағын шығарма, эссе жазғызу. Болжау стратегиясы. Бұл оқушының қабілетін жетілдіру үшін қолданылатын тәсіл. Еркін шығарма жазу немесе ойын жалғастыру. Еркін жазу стратегиясы. Тақырып төңірегінде өз ойын жазбаша жеткізеді. (шығарма, эссе) Топтастыру стратегиясы. Бұл стратегия нәтижесі сабақты бекіткенде, жеке тұлғаға сипаттама бергенде оқушылардың жан - жақты ізденімпаздығын танытады. Топтастыру -оқушылардың еркін ойлауға және тақырыпты ашық талдауға бағытталған стратегия, жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастыру үшін қажетті Поэзиялық шығармаларды оқытудың прозалық шығармаларды оқытуға қарағанда әлдеқайда қиын екендігін күнделікті сабағымыздан байқаймыз. Себебі, лирикалық шығармаларда ақынның өз ойы- сезімі, көңіл-күйі алдыңғы орынға шығады. Ақынның сол сәттегі сезінулерін

12

түйсіну кез-келген оқушы тұрмақ, кез-келген үлкен адам үшін де оңай емес. Ол үшін ең алдымен тыңдаушыға әсер ете білу керек. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі - оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері. ХХ ғасырдың бел ортасында әдебиет есігін ашқан жас талап, жаңа буын өкілі Мұқағали жырлары да сол биікке арман сапарына қол созып, шырқау шыңға жол тартты. Сөйтіп, Абай салған соқпақ ізімен ілгері басты. Мұқағали поэзиядағы парасаттылыққа мән бере отырып, ұлылықтан үйренуге талпынды. Әсіресе Абай парасатынан нәр алып, ұлы ақын талабына орай үн қатты. Мұқағали жырлары қарапайымдылығымен қасиетті, дәлдігімен дәмді, ой-ырғақ еркіндігімен ерекше, “тілге жеңіл, жүрекке жылылығымен” құрметті де құдіретті. Мұқағали өлеңдерінің рухани астарына үңіліп, рухани күші мен құдіретіне талдау жүргізу, эстетикалық, этикалық тәліміне ден қою, поэма, дастан, толғауларының тарихи-танымдық ұстанымдарына, тәрбиелік, тағылымдық мәніне көңіл бөлу, көркемдік-шеберлік иірімдеріне үңілу оңай шаруа емес. Өзінің жан дүниесін ақын: “Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен рөл атқаруға тиіс . . . Кімде рух болмаса, ол поэзиядан аулақ жүруі керек . . . ”, - деп ашса, ол оның поэзияға қаншалықты талап қоя білгендігінің бір белгісі. Шындығында оқырманға күш-қайрат сыйламаған, жан-жүрегін баурамаған, ашындырып-тұщындырмаған өлең түкке алғысыз. Оның бәріне жетекші асқақ та адуынды ақын рухы деген үлкен тұжырымға келіп тірейді. М. Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген. Әр кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы аға буынның жеткен жерінен баста йтындығын ескерсек, Мұқағали да Абай мұрасын құран хадистеріндей құлағ ына құйып өскен өрен. Абай поэзиясының түп тамыры өмірде, ұлттық

13

негізде, тарихта екендігін жете зерделеген Мұқағали оны игеріп қана қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да бар, алда да жалғасын табар құбылыс. Мұқағали поэзиясы - ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан- жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Оны қара өлеңнің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең - Мұқағали үшін - қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай арқылдаған жігері, қайрат -күші. Қалқам! Мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген. Бұл шынайы елжандылықтың сөзі, асқақ патриотизм үлгісі, кең- байтақ елге дабысы кетіп, әлемді тамсандырған орыстың поэзия орбитасында күн нұрындай шұғыла шашқан Лермонтов, Пушкин, Есениндердің атақ-даңқын ардақтағанмен, абыройын дара қойғанмен, құлдық ұрып қол қусырмайды, табынып тәңіріне баламайды. Қайта оның есесіне қара өлеңді биік ұстайды, құдіретті рухқа, ұлы ұстазға балайды. Оның түпсіз терең, сұңғыла сыры бар. Ол қарапайымдылығында, бейнелеушілік мүмкіндігінде, шеберлігінің шексіздігінде, даналыққа суғарылғандығында. Қара өлеңнің күйсандығын ойнай білген, сөйлете алған жан ғана даласына тартып туған перзенті болмақ. Бұл әрі ұлттық сананың сырына қанықтырып, сиқырына үңілту. Сондай-ақ көне мұраға деген көзқарас. Қазақ өлеңіне ревизия жасаймыз, өлең өрнегіне өзгешелік ендіреміз, жаңалық ашамыз деп даурыққандарға тойтарыс бере отырып, анайылыққа барудан, тұрпайылыққа ұрынудан сақтандырады. Әр ақынның өлеңі халықтың жүрегіне жол тартатын қара өлеңдей сіңімді, ойға орнықты, өміршең болумен қатар қазақтық қанмен, ұлттық намыспен, ұлыстық нәрлі сөлмен жазылуын нұсқағандай. Өзіндік концептуалды көркемдікті көктен іздемей дәстүрлі жырдың ағысынан табуды көздейді.

14

Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын. Қазақтың қарапайым қара өлеңі - қас шеберліктің үлгісі. Оның авторы - халық. Ол сан ғасыр жасап, сап алтындай сараланған, сан ұрпақтың елегінен өтіп өңдеуін көрген, сұрыпталған дүние. Ол ақындықтың әліппесі, айтыскерліктің аренасы. Осы қара өлеңнен қанаттанған, халықтық мектептен дәріс алған Мұқағали өзін абыз халқының алдында ақынмын деп айтудан жасқанады, ізеттілік сақтап именеді. Мұқағали өлеңінің нанымдылығы, құпия құлпылануы әсіресе соңғы қос жолда “Күпі кию” - қазақтық белгінің тайға басылған таңбасындай көзге ұрады да ұлтымыздың түр-тұлғасынан хабар береді. Кешегі бітім- болмысы күпімен кескінделсе, бүгінгі түр-сипаты шекпен киген қалыпқа сыйып қазақ табиғатын тануға мол мүмкіндік беріп тұр. Ақынның “Отыз бесінші көктемім” өлеңі бір қарағанда 35 жылдық өмірдің күз, қыс, көктем, жаз белестері мен елестерін шолып өткен есепті түйіндеу болса, екінші жағынан ұлттық сананың алауына ұсталған, шұғыласына малынған өлең. Мені жұрт: “Жақсыдан қалған көз”, - дейді, “Жақсыдан қалған сөз”, - дейді. Ақымақ болсаң төзбейді, Хайуан” дейді, “ез” - дейді. Қақым жоқ жаман болуға, “Мені жақсыдан қалған көз”, - дейді деп, әркімнің адамдық менін, тектілігін оятады. Мұнда ата-тектік, ұлттық, асылдық қасиеттерден айырылмауға үндеумен бірге, жеке бастың өнегелік-үлгілік үрдісін эстафета таяғындай берік ұстауға, ген арқылы берілетін қазақтық қағиданы көздің қарашығындай сақтауды міндеттейді. “Болар елдің баласы - он бесінде баспын дейтін” еті тірілікке, қағылездікке,

15

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы
Кітап оқушылар конференциясы
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Әбділда Тәжібаев туралы
Мұқағали Мақатаев жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz