ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖІНЕ КӨЗҚАРАСТАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ Қолжазба құқығында

Мұхиден Бахтияр Қайыркелдіұлы

ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ РӨЛІ.

.

7М01101 - «Педагогика және психология»

Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

Акишева А. К.

PhD докторы, доцент

Қазақстан Республикасы

Көкшетау, 2021

УДК 159. 923. 2 ББК 88. 53

И 39

Еуразия гуманитарлық институттың Ғылыми Кеңесі шешімі бойынша басылды.

Рецензенттер:

Ш. А. Айдарова - А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ғылыми монография Қазіргі мектеп оқушыларының әлем имиджін қалыптастыру және оның негіздерін оқып үйрену үшін магистранттарға және студенттерге ұсынылады, сонымен қатар, әлеуметтанушылар, психологтер және көпшілік оқырмандар үшін де пайдалы.

Имиджелогия теория ретінде әлеуметтану, әлеуметтік психология, мәдениеттану, философия және саясаттану сияқты бірқатар пәндердің тоғысқан тұсында дамуда.

Қазіргі мектеп оқушыларының әлем имиджінң басты міндеті - тартымды жеке және саналы оқушылардың имиджің жасау үрдісіне ғылыми тұрғыдан негіздеме жасау.

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР, АНЫҚТАМАЛАР,

ҚЫСҚАРТУЛАР

:
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
:
: 1
МАЗМҰНЫ: ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖІНЕ КӨЗҚАРАСТАРЫ.
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Әлем имиджі мәселесін зерттеудің теориялық негіздері
:
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Қазіргі мектеп оқушыларының әлем имиджінің мазмұны және құрылымы
:
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Мектеп оқушыларының әлем имиджін қалыптастыруындағы атқаратын рөлі
:
: 2
МАЗМҰНЫ: АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Танымдық қызығушылықты дамыту және оқушының өзіндік білімі, имиджді қалыптастыруы.
:
: 2. 2
МАЗМҰНЫ:

Ақпараттық -коммуникациялық ортаны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру

:
: 3
МАЗМҰНЫ:

ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАНЫ ҚҰРУ

ТАҚЫРЫБЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕР

:
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Қазіргі мектеп оқушыларының әлем имиджі мәселесін зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындылары
:
: 3. 2
МАЗМҰНЫ:

Қазіргі мектеп оқушыларының әлем имиджін қалыптастырудағы заманауи ақпараттық - коммуникациялық ортаны құру

тақырыбында бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау

:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:

КІРІСПЕ

Имидж - белгілі бір оқушыларда нақты қалыптасқан болса, пікір де сондай айқын болуы мүмкін: имидж оқушының тек сыртқы түріне қарап қалыптаспайды, сонымен бірге психикасына да тәуелді. Пікір бағалау негізінде, темперамент, мінез қасиеттерімен және алғашқы әсерден пайда болуы мүмкін. Сондықтан бұл терминдер«имидж», «пікір» мазмұны жағынан мағыналас. Бұлардың айырмашылығын келесіден көруге болады: «имидж» сөз тіркесінде дұрыс қолдану типі «оқушы имиджі» (педагог-психолог, оқушылардың имиджі) деп қолданылады, ал пікір сөз тіркесінде«оқушы пікірі» деп пайдалану керек. Сонда өзінің имиджін қалыптастыру немесе өзі туралы пікір қалыптастыру болып шығады. Басқаша айтқанда, имидж - бұл сізден, ал пікір - басқалардан. Имидж табиғаты, типтері, мазмұны мен түрлері, құрылымына тоқталсақ назарымызды мына нәрселерге аударуымыз қажет. Біздің әрқайсысымыз белгілі бір бейнені жасаймыз. Бұл имидж - адам туралы қалыптасқан ұғым-түсінік. Оқушы имиджі олардың: сыртқы бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен, ұлттық және өзіндік санасынан, ұлттық менталитетінен, іс-әрекетінен, мінез-құлқынан жасалған оны қоршаған әлеуметтік ортаның ой пікірінен құралады .

Әлеуметтік шындықты өзгертуге бағытталған ақпараттық қоғамның табиғаты өзгеруде, оның оқушыларға деген талаптары және адамның қоғамға деген талаптары жоғарылауда. Елдің бірқатар, аймақтарында стереотипті манипуляциялау, жасанды имидж қоғамның сұранысына жауап бере алмай жатады. Имиджді құрушы имиджмейкерге оның кәсіби шеберліктеріне үкіметтің имиджі, өнеркәсіп ұжымының имиджді, жекелей тұлғаның имиджіне байланысты. Үкіметтің имиджі елді тиімді басқаруға көмектеседі. Педагогикалық ұжымның имиджі жекелей тиімді білім алуға көмектеседі. Жекелей тұлғаның имиджіне ұжымның имиджі байқалады. Тұлғалардың шетелдерге саяхаттау, жұмыстар атқару, қызмет істеу барысында сөзсіз жайлы ұғым пайда болады

Постиндустриалды типтегі қоғам қалыптасуының қазіргі заман жағдайында кәсіптік қызметте белгілі бір нәтижелерге жету субъектінің жағымды имидждің артықшылықтарын пайдалануы барысында ғана мүмкін болады. Бұл талап қызмет субъектісінің тұлғалық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар жекелеген фирманың, зауыттың, кәсіпорынның сипаттарына да қатысты болып табылады.

Қызметтің сан алуан түрлеріне қойылатын кәсіптік талаптар еңбек пәніне, мақсаттарына және еңбек шарттарына қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер маманның кәсіби қызмет жүйесіндегі кәсіби имиджіне өз талаптарын қоса жүктейді.

Бүгінгі күні қалыптасқан түсініктерге сәйкес имидж тұтынушының санасында қандай да бір бейненің қалыптасуына ықпал ететін басты құралдардың бірі болып табылады, басқаша айтқанда, ол - қандай да бір елде немесе ұйымда адамды даңқ биігіне көтеретін механизм.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында (2010 жыл 29 қаңтар) «Бізге мыналарды атқару керек: . . . адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау» деп атап көрсетті.

Осыған байланысты кәсіпқойлар қазақстандық қоғамда болашақ маманның тұрақты түрдегі жағымды имиджін қалыптастыру бойынша атқарылатын істер айрықша өзекті болып отырғанын жете түсінді. Елбасы өзінің әкімшілік реформалар туралы сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік қызметкерлердің арқасында бүгінгі күні Қазақстан мақтана алатын нәтижелерге қол жеткізді. Егер мемлекетті ірі корпорация деп қабылдайтын болсақ, онда оның менеджерлерінің іскери абырой-беделі ең маңызды капитал болып табылады» - деді [1] .

Елбасы Н. Назарбаевтың тарапынан имиджді қалыптастыру рөліне берілген бұл баға, біздің ойымызша, имиджелогия саласында ғылыми зерттеулерді ары қарай жалғастыра берудің әдіснамалық негізі болып табылады.

Ғылыми әдебиеттерде «имидж» ұғымы соңғы онжылдықта қоғам назарына ілігіп, қарқынды зерттеле бастады. Термин алуан түрлі мағыналарда қолданылады: адамға қатысты болса, жеке имидж, ұйымға қатысты болса, корпоративтік имидж, кәсіпке қатысты мұғалім имиджі, әлеуметтік рөліне қарай саяси қызметкер имиджі және т. с. с. Имидж мәселелерін зерттеу бүтіндей бір бағытқа тоғысып, нәтижесінде «имиджелогия» деген жалпы атауға ие болды. Имидж теориясы оны қалыптастыру механизмдерін, оның іске асу технологияларының мәнін, яғни қоғамдық санада ол туралы ұғымның қалыптасуын түсіндіреді. Имиджелогия теория ретінде әлеуметтану, әлеуметтік психология, мәдениеттану, философия және саясаттану сияқты

ғылымдардың тоғысқан жерінде дамиды. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда елдің жағымды имиджіне деген талаптар үздіксіз артуда. Мұны қоғам өмірінде ақпараттық технологиялардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Имидж кәсіпқой-имиджмейкерлер тарапынан аудиторияға мақсатты түрде ықпал етудің нәтижесі ретінде толыққанды ақпараттық өнім болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде кәсіби имиджелог қызметкерлердің жаңа буынын дайындау қажеттігі байқалады. Ғылыми қауымдастық олардың кәсіби білімдерінің тереңдеуіне және құзырлылықтарының көтерілуіне қызығушылық танытуда.

  1. ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖІНЕ КӨЗҚАРАСТАРЫ.

1. 1 ӘЛЕМ ИМИДЖІ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиясының бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі атап көрсетілгендей, Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін, мәдениетті мамандар қажет. Қоғам өмірінің демократиялық, гуманистік бағытқа бет бұруына жаңарып -жаңғыруына, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға экономикалық, әлеуметтік дамуына, білім беру мен мәдениет парадигмасының өзгеруіне байланысты өмірге жаңа ғылым салалары келді. Сондай ғылымдардың бірі - имиджеология. Бұл ғылым саласына назар аударудың кім - кімге болса да тигізер пайдасы зор. Өйткені, ол адамдардың бір - біріне сыртқы кескінімен, адамдық болмыс бейнесімен, адами қадір қасиеттерімен әсер ету механизіміне ие болуға көмектеседі. Жоғарғы мектепте біртұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру негізінде оқушы, оқытушы беделі мен имиджін қалыптастырудың орны бөлек.

Қазіргі мектеп оқушыларының әлем имиджін жетік игеру, белгілі бір бейнені - имиджді қалыптастыру негізі болып табылады. Оны игеру бірқатар арнайы білім, білік, дағды икемділік қабілеттілікті меңгерумен байланысты келеді. Біздердің қай-қайсымыз да белгілі бір бейнені - имиджді жасаймыз.

Имидж ағылшынның «image» сөзінен алынған, «образ», «түр», «келбет» сөздерінен шыққан. Бұл кез келген нәрсенің, адамның эмоционалдық образын, мінез - құлқын көрсетеді. Өз имиджін қадағалау бұл адамды өзіне қарату.

«Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р. Ф. Ромашкина, Е. И. Манякина, Е. В. Гришунина, П. С. Гуревич, Ф. А. Кузин және т. б. еңбектерінде жарық көрді.

Орта білім беруді гуманизациялау, демократизациялау процесі мұғалімді шығармашыл, сыншыл ойлайтын, өркениетті әрекет ететін тұлға ретінде сапалы

кәсіби даярлауға көшуге әкелді. Имиджді әлеуметтік факт ретінде қарастыра

отырып, біз оны қалыптастыру процесін алдымен мұғалімге педагогикалық менеджментті жүзеге асыруға қажетті сапаларды таба білуі қажеттілігі ұсынылады.

Имидж - белгілі бір адамда нақты қалыптасқан болса, пікір де сондай айқын болуы мүмкін: имидж адамның тек сыртқы түріне қарап қалыптаспайды, сонымен бірге психикасына да тәуелді. Пікір бағалау негізінде, темперамент, мінез қасиеттерімен және алғашқы әсерден пайда болуы мүмкін. Сондықтан бұл терминдер «имидж», «пікір» мазмұны жағынан мағыналас. Бұлардың айырмашылығын келесіден көруге болады: «имидж» сөз тіркесінде дұрыс қолдану типі «оқушы, адам имиджі» (педагог - психолог, адвокат имиджі) деп те қолданылады, ал пікір сөз тіркесінде «оқушы пікірі» деп пайдалану керек. Сонда өзінің имиджін қалыптастыру немесе өзі туралы пікір қалыптастыру болып шығады. Басқаша айтқанда, имидж - бұл сізден, ал пікір - басқалардан. Имидж табиғаты, типтері, мазмұны мен түрлері, құрылымына тоқталсақ назарымызды мына нәрселерге аударуымыз қажет. Біздің әр қайсысымыз белгілі бір бейнені жасаймыз. Бұл имидж - адам туралы қалыптасқан ұғым - түсінік. Мектеп оқушы имиджі олардың: сыртқы бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен, ұлттық және өзіндік санасынан, ұлттық менталитетінен іс-әректінен, мінез - құлқынан жасалған оны қоршаған әлеуметтік ортаның ой пікірінен құралады. Оқушы имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі.

Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден, адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті, айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі. В. М Шепель «Имиджеология: жеке тартымдылық құпиясы» атты еңбегінде имидж ұғымына төмендегідей анықтамалар берген:» имидж - адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі адамдармен, жасалатын заттар, индивидуалдық стиль адамды, адамдар тобын, мекемені сипаттайтын келбет». С. И. Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде: «Имидж дегеніміз - ой - пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген көзқарас, қатынас» делінген. «Имидж» мағынасын түсіну әртүрлі құрамды бөліктерден құралады. Бұл бөліктерінің ең маңызды төртеуін қарастырайық:

Кәсібилік және әділдік. Оқушылар талантты тұлға болуы қажет. Бірақ тәжірибе көрсеткендей 100 оқушының 99-ы өз талантын көрсетуге мүмкіндігі жоқ және

өмір бойы басқа іспен айналысады. Мектеп оқушыларының адалдығы. адамзат тәжірибесінен шыққан моральді ережелер бойынша өмір сүру керектігін ұғынады, ал әдепсіз болса өз нәтижесінің тұтқынында болады және оның идеялы - барлығы рұқсат етілгендік. Біздің қоғамға өзін-өзі жетілдіре алатын, ең алдымен рухани тұрғыдан, жетілдіре алатын әдепті, тәрбиелі, адал оқушылар өте қажет. Ол назарын барлық адамзат мәдениетінің байлығын алу керек, яғни оның кең гуманитарлық білім алуы міндетті. Педагогтың гуманитарлық білімі. Ф. Достаевскийдің ойынша, гуманитарлық дамығандық адамның кез келген мамандықты игеруін жеңілдетеді. Осы атақты жазушының адалдығынан атақты адамдардың өмірінен көптеген мысалдар дәлел болады. Гуманитарлық мәдениет арқасында адам сезімдік немесе рационалдық өңдей отырып, өзіне әртүрлі мәлімет таңдау мүмкіндігіне ие болады. Педагог психотехнолог болуға міндетті. Психотехнология - бұл адамдарды басқаруда психологияның техниканы практикада қолдану жөніндегі ғылым. «Психотехнология» терминін өз құрамында 3 құрамдас бөлігі бар: «психо», «техно», «логия» оны талдағанда «психотехнологияның» мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Грек тілінен аударғанда «психе»-жанды, «техно» - өнер, шеберлік дегенді тура білдіреді, ал «логос» - сөз, оқуды білдіреді. Сонымен қатар, педагог имиджі беделі мындай құрылымдық компоненттерді қамтиды: жеке және тұлғалық қасиеттер, құзыреттілік, кәсіби іс - әрекет пен мінез - құлықтың кәсіби ерекешліктері. Қазіргі мектеп оқушыларының әлем имиджіне беделіне талаптарды туындата отырып, оның мазмұнына да әсер етеді. Бірақ ұрпақтан - ұрпаққа мұғалімнің мына қасиеттері өзгеріссіз қалған, балаға деген сүйіспеншілік, мейіріміділік, шыншылдық, қарым - қатынас жасай білу. Осы имиджді сипаттау адамның есінде біртіндеп қалыптасып, уақыт өткен сайын өзгереді. Сол себепті олардың өзгеруін XX ғасырдың 30 - 90 жылдар аралығында жүргізілген сараптама қызығушылық тудырады деп ойлаймыз. Қазіргі мектеп оқушыларының әлем имиджі қандай болады? 30 - жылдардан бастап, осы сұрақ біздің елімізде зерттеліп келеді. Г. С. Прозоровтың мәліметтері бойынша оқушылардың портретіне мына қасиеттер мен белгілерді енгізді. Сыртқы тартымдылық, жақсы дауыс, ырғағы, әртістік қабілеттілік және т. б.

А. А. Калюжный зерттеулерінде оқушы портретін өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті маман, өз пәнін терең білетін, ғылым немесе өнердің басқа салаларымен сәйкес қабілеті, жалпы балалар психологиясының сұрақтарымен тәжірибеде айналыса алатын және де оқыту ғылымында терең психологиялық және педагогикалық білімді игеру қажет - деп қарастырған. Сонымен,

қорытындылай келе оқушы имиджін қалыптастыру - өмір талабы. Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары, істің негізгі көзін білетін, жан-жақты жетілген оқушыларды жетілдіру бүгінгі күнде өте маңызды мәселелердің бірі екені жоғарыда айтылып өтті.

Имидж ағылшынның «image» сөзінен алынған, «образ», «түр», «келбет» сөздерінен шыққан. Бұл кез келген нәрсенің, адамның эмоционалдық образын, мінез-құлқын көрсетеді. Өз имиджін қадағалау бұл адамды өзіне қарату. «Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р. Ф. Ромашкина, Е. И. Манякина, Е. В. Гришунина, П. С. Гуревич, Ф. А. Кузин және т. б. еңбектерінде жарық көрді.

Имидж - тұлғаның өзін-өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде көрсетеді. Оқушының бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол, оқушының бет-әлпеті, киімі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән-мазмұны шеберлігі. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В. М. Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген. Қазіргі кездегі мемлекеттердің басым беталысы өркениетті қоғамның материалдық игіліктердің автоматты өндірісіне көшуіне және оларды пайдаланудың күннен-күнге өсуіне тығыз байланысты. Бұл мәселеге батыс әлемінің жаңа «тәңіріне» айналған «тұтыну қоғамының тұжырымдамасында» түсінік берілген. Нарықтың тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне бай болуы адамды тоқмейілсітеді, нарықтың әлеуметтік субъектісінің негізгі функциясы тек тұтына беру бола бастайды. Егер ол тұтынуды тоқтатса, құндылығы төмендеп, қызығушылығы азаяды. Тұтыну адамды пассивті, жансыз және сезімсіз хайуан етіп, тауарды өндіруші мен тұтынушы машинаға немесе сол машинаның бір тетігіне айналдыра бастайды.

Тұтынушы қоғам тұлғаны даралығынан айырылуға және оны жоюға жетелейді, жарнама мен тауар тұлғаны тұтынушыға айналдырады. Субъектіде күннен-күнге тұтынуға деген құштарлықтан басқа ынта қалмайды. Адам біртіндеп тауарлар мен қызметтердің әр түрін тұтынушыға айналады. Әлеуметтік жүйе одан басқа қасиеттерді талап етпейді. Тіпті саясат саласында биліктің өзі тауар ретінде ұсынылады. Ол бұл тауарды сатып алуы және тұтынуы қажет болды. Көптеген нұсқалар ішінен таңдау жасауда оның қателесуі де мүмкін еді, бірақ кінәлі тек өзі ғана болды.

Қоғам біртіндеп тығырыққа тірелді, өндіріс күші, тауар ағымы адамның өмірін қысқарта бастады. Бұлар тек алкоголь, темекі және есірткі ғана емес, сонымен қатар қару-жарақтар, түрлі вирустар, өнеркәсіптік технологиялардың улы қалдықтары және т. б. еді. Осының нәтижесінде қоғам тауардан басқа еш нәрсені қажет етпейтін пассивті және жабырқаңқы, жан-жақтан жиналған қырық құрау әрі тоғышар тұрғындарға айналады. Бұндай қоғамның негізгі белгілері Джордж Оруэлл мен Олдос Хакслидің антиутопияларында жан-жақты сипатталған болатын [2] .

Э. Фроммның пікірінше, қазіргі кездегі батыс қоғамының басты белгісі адамдардың әлеуметтік жүйені басқара алу функциясынан айырылуы болып табылады [2] . Қоғамды басқару бұдан былай машиналар, компьютерлік жүйелер арқылы іске асады. Батыстың дамыған елдері тұрғындарының басым көпшілігі өткен ғасырдың соңғы жылдарында материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру сезімін толық деңгейде басынан өткерді. Алайда олар тұтынушыларға жасалған «жұмақтың» аңсаған қуаныш сезімін бермейтініне таңданыспен көз жеткізді.

Қазірге кезде қоғам бірнеше қағидаттарға сүйене отырып, өмір сүреді. Оның басты қағидасы қандай да бір нәрсе техникалық тұрғыдан мүмкін болмаса да, жасалуы керек деген ереже болып табылады. Егер теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ядролық қару жасау керек болса, ол адамдардың өміріне туғызатын қауіпке қарамастан жасалынуы керек. Сондықтан үй шаруасындағы әйелдердің тұрмысын жеңілдетуге арналған тұрмыстық заттар ғана емес, бір сәтте жер бетінің күлін көкке ұшыратын ядролық қару да жасалатын болды.

Екінші қағида - техника және экономиканың өндірістік күшін барынша жоғарылату қажеттігі. Өндірістік күшті барынша жоғарылату талабы даралықтың барынша төмендету талабын туғызады, нәтижесінде субъект, адам, тұлға сандық бірлік ретінде ғана қарастырылатын болады. Мұндай бірліктерді бюрократтық ережелер басқарады, ол үшін адамдарды даралығынан айырып, оларды өздерін қандай да бір әлеуметтік топқа немесе корпорацияға жатқызуды үйрету керек. Тұтынушы қоғамның қатал құрылымына енбей қалған адамдар әлеуметтік байланыстардан шалғай кетіп, шетқақпай күй кешетін болады. Мұндай адамдардың бар-жоғы еленбей, мәнсіз өмір сүретін болады. Адамзат субъектісінің құндылығы тек төлемге қабілеттілігіне қарай, яғни қалталарының қалыңдығына қарай анықталады. Қазіргі заман талаптарына сай тұтынушы үздіксіз тұтына беруге дайын болуы керек. Ол үшін оны тек күн өткен сайын жаңа тауарларды сатып алуға ынталандыру ғана керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаргон сөздердің сөздігі
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ИМИДЖІ
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымының ерекшеліктері
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Әлеуметтік-мәдени сервис және туризм индустриясындағы франчайзингтің Қазақстандағы орны
Бастауыш сыныпта баланың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру
Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқушының негіздеріне технологияның талғама жасау
Саналылық принципіне негізделген тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz