Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы:Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде

Тексерген: Ляпбаева Нургул Ибрагимовна
Орындаған: Жарқын Дидар Аманқызы

Алматы 2021

Жоспар
1.Кіріспе
2.1. Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы
2.2. Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі
2.3. Білім мен ғылым - Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудағы негізгі тұтқа
3.1. Қазақстандағы білім беру жүйесі
3.2. Білім берудегі модернизация

Бітіру жұмысының өзектілігі: Білім дегеніміз - адамның жеткен дәрежесі, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы ақпараттарының, адамның санасының, ақыл-ойының жиынтығы болып табылады. Білім екі жақты процестің тұтастығын қамтиды. Ол: білім беру және білім алу. Білімнің бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Мысалы: тұрмыстық білім, ғылыми білім. Ал ғылым дегеніміз - белгілі бір саладағы білімдердің жиынтығы
Білім беру социологиясы білімдік қарым-қатынастарды, білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік институт ретінде зерттейді. Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде көптеген маңызды әлеуметтік қызметтерді атқарады. Эмиль Дюркгейм осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік ғұрыптар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам, оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады. Білім беру арқылы оқушылардың бойында бірлесе, ұйымдаса өмір сүруге бейімдеу қасиеттері қалыптастырылады.
Қазіргі заманда білім берудің ресми жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген әлеуметтік институт орындай алмайды. Өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастар арқылы байланыста болса, ал құрдастар арасында әрбір кісі жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, қоғамдық деңгейде мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби жағдайда мұндай қарым-қатынастар басқа принциптерге негізделеді. Қазіргі заманғы қоғамда адамдар туысқан немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ, бөгде адамдармен қызмет етуге мәжбүр немесе міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі - әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден-бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі кәсіби білім берудің ең басты құралы ретінде жүретінін ұмытпау керек. Егер дәстүрлі қоғамдарда білім беру жекелей әсер етуі арқылы шеберден оқушыға, үлкеннен кішіге өтіп отырса, енді қазіргі қоғамда қалыпты, ресми түрде білім беру іске асырылып отыр. Бұл әрине, білім беру жүйесін қоғамның барлық мүшелерінің әлеуметтену факторына және құралына айналдырады.
Білімнің маңыздылығын түсінуге адамзат көптеген ғасырлар өтісімен ғана келді. Жалпы білімнің маңызы жөнінде әр түрлі кезеңдердің көптеген ғалымдары айтқан болатын. Оның маңыздылығы туралы кең бұқара халық та хабардар болатын. Алайда, ол кезде білім беру тек рухани-интеллектуалдық тұрғыдан ғана қарастырылды. Ал білімнің жалпы қоғам мен оның әрбір мүшелерінің материалдық игілігінің кепілі екендігі туралы ой тек XVIII ғасырда ғана қоғамдық-ғылыми айналымға ене бастады. Осыған қарамастан, білім беру әлі де болса мемлекеттік саясат пен көптеген елдердің бұқаралық санасына жетер-жетпес жолында.
Кейінгі жылдардағы қоғам мен адам дамуындағы білім берудің рөлін жетік түсіну адам капиталы теориясының пайда болуына әкелді. Ал ол болса, өз кезегінде, адамзат дамуы индексінің теоретикалық алғышарты мен құрамдас бөлігіне айналды.
Жалпы алғанда, білім беру жүйесі деп сол не өзге елдегі қызмет атқаратын білім-тәрбие беру орындарынынң жиынтығы, олардың арасындағы байланыстарды және сол орындардың құрылуы мен жұмыс істеуінің ортақ принциптері түсінілсе, оның құрылым, түрлі деңгейлері сапаларына қойылатын талаптар артып отырады. Соның ішінде қоғамдық өндірістің ғылыми-техникалық деңгейінің дамуы мен өсуі, өндірушілердің басым көпшілігің жалпы білімдік және техникалық дайындығының жоғары деңгейде болуы басты талаптарының бірі.
Осындай жағдайлармен байланысты дүние жүзінің қауымдастығы алдында басты мақсат тұр. Ол - жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім берудің проблемалары мен басым тұстарын анықтау. Осы басым тұстар мен проблемалардың қатарына басқа нәсілдерге, діндерге, әлеуметтік құрылымдарға деген толерантты (төзімділік) көзқарастар; тұлғаның рухани қасиеттері; басқаларға деген жанашырлық сезім және көмектесуге әзірлік; бейбітшілікке бағытталған тәрбие жатады. Осы басым тұстар мен проблемалар әр елде ұлттық және қоғамдық ерекшеліктер негізінде қарастырылады.
1980-90 жылдар қарсаңында жалпы идеологиялық егес аяқталды. Осының салдарынан тәрбиеге халықаралық қатынас және бейбітшілік идеясы рухындағы күрделі түзетулер жасалды.
Жасөспірімдерді өмірге дайындау және қоғамның тәрбие саласына қоятын мақсаттарын жүзеге асыру тиісті білім-тәрбие беру орындарының жүйесін құрмастан және жетілдірместен мүмкін еместігі ҚР-ң Білім туралы Заңында, Орта білім беру стандартында, Тәрбие концепциясында, Орта білім беретін мектептердің мазмұнын жаңарту жөніндегі құжаттарда да атап көрсетілген.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелерінің желісінің ұлғая түсуі кәсіптік-техникалық, арнайы орта және ЖОО-ң жаппай мамандар дайындау жөніндегі рөлі одан әрмен қарай арта беруі керек.
Бұл көрсетілген мәселер білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы, ондағы өзгерістер мен жаңалықтар, оның түрлі елдердегі даму беталыстары өзекті, маңызды проблемалар екендігін анықтайды.
XX ғасырдың екінші жартысында-ақ XXI ғасырда алдыңғы қатарлы елдер қатарына білім берудің тиімді жүйесін қалыптастырып, жас ұрпақтың рухани және интеллектуалды дамуына бүкіл күшін (қаржыландыру, ғылыми негізделген даму стратегиясын қалыптастыру және т.с.с.) жұмсаған мемлекеттердің қосылатыны анық болды. Қоғамдық өмірдің тұтастай барлық салаларынан ерекше белсенділікті талап ететін нарықтық қатынастар жағдайында білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігі мен өміршеңдігі білім беру сапасына, тиісініше оны тиімді, әрі объективті бағалай білу қабілетіне келіп тіреледі. Білім берудің шынайы тиімділігі мен оның қойылған талаптар мен мақсаттарға сәйкестілік дәрежесін анықтау үшін, қажет болған жағдайда оның сапасын стратегиялық менеджмент негізінде максимизациялау үшін ең алдымен білім беру сапасын дұрыс бағалай білу қажет. Осылайша, қанат жайып келген жаһандану процесі мен жоғары бәсекелік жағдайында білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін халықаралық тәжірибеге үңіле отырып қалыптастыру - заман талабы болмақ. Білім беру сапасы құрылымы жөнінен өте күрделі болып келеді. Сол себепті оны бағалау рәсімі де жүйелі, кең көлемді, тиімді және кешенді түрде өтуі тиіс. Осы тұрғыда көптеген мемлекеттерде орын алып отырған білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру аса қажетті және маңызды шара болып көрінеді. Жұмыстың тақырыбын Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі социологиялық талдау деп алудың өзін осы тәжірибені зерттеп, Қазақстан үшін пайдалы жақтарын ашып көрсетуге деген ұмытылыс ретінде қабылдаған жөн болып көрінеді
Курстық жұмысының мақсаты: Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды қарастыру, Қазақстандағы білім беру жүйесі мен оның қазіргі жағдайын талқылау.
Курстық жұмысының міндеті: Қазақстанның білім беру жүйесінің қазіргі күйін сипаттау. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, қазақстандық білім беру жүйесінің осал жерлерін көрсетіп, олардан арылу мақсатында жүзеге асырылуы тиіс іс-шараларды бекітуді және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, олардың бізге сай келетін тәсілдерді айқындатуды, жеке қазақстандық білім орындарының білім сапасын өрбіту жолдарын анықтауды атауға болады.
Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі атты диплом жұмысы екі тараудан құралған. Бірінші тарауда Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі қазіргі ахуалды көрсетілсе, ал келесі тарауда түрлі елдердегі білім беру жүйесі туралы көрсетіледі.
Ақпарат көздері: Негізгі ақпарат көздері ретінде Қазақстан Республикасы және қарастырылған мемлекеттердің Заңдары, Елбасының соңғы екі Жолдауы мен олардың ресми комментарийлері, жоғары білім беру, менеджмент салаларындағы маман-ғалымдардың монографиялары, мақалалары, халықаралық және қазақстандық конференциялардағы баяндамалары, оқулықтары, қазақстандық және шет елдегі жоғары білім беру сапасын бағалаумен айналысатын агенттіктердің, кеңестер мен орталықтардың әдістемелік құралдары, жолсілтемелері мен интернет-сайттары, сөздіктер мен энциклопедиялар, Қазақстан Республикасы статистикалық Агенттігінің жинақтары мен интернет-сайты, жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету желістерінің сайттары қолданылған.
Зерттеу объектісі: Аталған тақырыптағы диплом жұмысының зерттеу объектісі болып кең мағынада жалпы қазақстандық білім беру жүйесі мен білім беру сапасын бағалау, ал тар мағынада нақты білім орындарында қолданылатын білім беру сапасын бағалау механизмдері. Айтып кететін жайт, білім беру жүйесінің сапасын бағалау тәсілдері әлеуметтанудан басқа педагогика, психология, және т.б. сияқты ғылымдармен де зерттеледі.
Зерттеу пәні: Білім беру жүйесін сараптама жасау мәселесі қоғамдық өмірдің көптеген мәселелерімен байланысып, ұдайы өзара әрекетте болып отырады. Мәселен, білікті мамандарды дайындау, тұлғаны қазіргі кездегі өмір жағдайларына бейімдеу, еліміздің интеллектуалды потенциалын арттыру. Сонымен қатар, жоғары білім беру сапасын бағалау арқылы студенттердің әлеуметтік мобильдігін арттыруға, яғни халықтың жалпы әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
Педагогиканың дәрістері
Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру
Құқықтық тәрбие жайлы
Білім берудің мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде анықтайтын
Еңбек тәрбиесінің мақсат-міндеттері және оның оқушы тұлғасының дамуына ықпалы
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Оқу тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие
Пәндер