Саяси процестегі БАҚ рөлі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Смагулова Сымбат Салимжановна
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
20-236-10 - Журналистика мамандығы
бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі академиялық
дәрежесін алуға магистрлік диссертация
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Қостанай, 2021

Жypналиcтика жәнe коммуникация
менеджменті кафедрасының меңгерушісі
_________________ Шүрентаев А.М.
(қолы)
_____ _____________ 2021 жыл
Магистрлік диссертация
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
20-236-10 - Журналистика мамандығы
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистрант ________________ Смагулова С.С.
(қолы)
Ғылыми жетекші:
филология ғылымдарының
кандидаты,профессор ________________ Жүсіпова А. М.
(қолы)
Кафедра меңгерушісі ________________ Шүрентаев А.М. (қолы)
Қостанай, 2021
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-7
1 саяси коммуникация жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеудің теориялық әдістері
1.1 Саяси коммуникация және пайда болу тарихы. Саяси процестегі БАҚ рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-36
1.2 Бұқаралық ақпарат құралдарының трансформациясы және қоғамдық-саяси орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36-55
2 Ел мен аймақтың имиджін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының коммуникативтік рөлі
2.1 Қоғамдық көзқарасты қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55-64
2.2 БАҚ РR коммуникацияның құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64-68
2.3 Саяси коммуникацияның ақпараттық ресурстарындағы заманауи технологиялар мен жанрлық формалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 68-73
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...73-100
Қолданылған әдебиеттер ТІЗІМі
KIPICПE
Зepттey жұмыcының жaлпы cипaттaмacы. Қазіргі таңда бүкіл әлемдік саяси, экономика және рухани-мәдени жаһандану жағдайында журналистика әлемдік интеграциялық үрдістердің ішіндегі аса ықпалдысы. Сондықтан да мен жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты саланың болашақ маманы ретінде, магистрлік диссертациямның тақырыбын саясатпен байланыстырдым. Осы уақытқа дейін журналистикадағы саясат тақырыбын тереңнен сараптап, кең талқыға салған зерттеушілердің қатары сирек. Бұл жұмысымда саясат ұғымын саналы түрде анықтап, оның журналистикамен ажырамас байланысын түсіне отырып, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси коммуникация жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарын тереңірек зерттедім. Бұқаралық ақпарат құралдарының трансформациясына да ерекше көңіл бөліп, желілік БАҚ-тың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне тоқталдым. Себебі желілік БАҚ пен биліктің қарым-қатынасын ілгері қарай дамыту Интернет-индустрияның қоғамдық өмірге әсер ету дәрежесімен байланысты. БАҚ-тың басып шығарылған басылымдар, хабар тарату, теледидар сияқты үш категориясы Интернеттен бұрын пайда болған. Қоғам жаңалық пен өзгерісті жылдам қабылдайды, әрқашан жеңіл, әрі тиімді жолдарды қарастырады. Бүгінгі күні газет сатып алып, теледидарды қосудың орнына, қоғам жаңалықтар легін интернет желісінен алғанды жөн көреді. Интернетпен қатар PR медиа мамандығы да қарқынды дамып келеді. Сол үшін де PR мен журналистік саланың өзара байлынысын, ерекшелігі мен ортада туындайтын мәселелерін назардан тыс қалдырмаған жөн.
Адам қоғамды құрушы. Ал қоғам мемлекеттің маңызды элементі. Мемлекет болған жағдайда міндетті түрде саяси билік жүзеге асатыны белгілі. Ал ол түрлі күрделі саяси процестерді басынан кешіреді. Сол саяси процестер адам өміріне тікелей қатысты. Себебі, саяси процестер тұрмыс-тіршілікті жақсартуы немесе керісінше әсер етуі мүмкін.
Қазақ қоғамы үшін ХХ ғасырдың бас кезі түрлі саяси, азаматтық бағыттардың өзара қақтығыс және күрес кезеңі болды. Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған ақпан және қазан төңкерістері, азамат соғысы секілді кезеңдер бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік тудырып, тұмшаланған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашты. Дәл осы уақытта халық санасының дамуына бірден-бір қозғаушы күш - мерзімді баспасөз еді.
Тарихты білмей, болашақты бағдарлау мүмкін емес. Тарихқа көз жүгіртіп, сол замандарда қозғалған мәселелерге тоқталдым. Саяси жаңалықтарды халыққа ашық жеткізу әрқашан да қиын. Диссертациялық жұмыстың тікелей ерекшелігі де ұлт зиялылары жариялаған саясат тақырыбындағы мақалаларды талдай отырып, қазіргі замандағы саясаткерлер мен журналистер көтеретін тақырыптарды салыстыру.
Тaқыpыптың өзeктiлiгi. Кез келген мемлекеттің имиджін құрайтын, халық пен билікті байланыстырып, елдегі басты проблемаларды көтере отырып, шешімін табуға атсалысатын, кез-келген саламен тұспа-тұс келетін сала - журналистика. Ал журналистиканың ең маңызды бөлігі - Бұқаралық ақпарат құралдары. Бүгінгі таңда еліміздегі қоғамдық-саяси коммуникация жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты мәселелерді шешу басты тақырып.
Кеңес Одағы ыдыраған соң Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне қол жеткізді және жаңа саяси жүйе пайда болды. Саяси коммуникация, әлеуметтану процессі әлі де мемлекеттік органдар мен олардың басшыларының ұстанымына байланысты. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі қоғам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.
Болашақта қазақтың келбеті мүлдем өзгеруі тиіс. Ол - уақыт талабы. Қазақтың бүкіл ұлттық санасы мен өмір салты, әдет-ғұрпы оның табиғи ортасы мен көшпелі мал шаруашылығына байланысты қалыптасты. Алдындағы малы түгел қазақтың көңілі барлық уақытта да жай болды. Оның бүкіл өмір сүру философиясы малмен байланысты қалыптасты. Өйткені, кеңес өкіметі тартып алғанға дейін мал қазақтың басты капиталы еді. Ал бүгінгі қазақтың капиталы мал емес - жылжымайтын мүлік. Сондықтан да қазақтың бүкіл болашағы, тұрмыс-салты мен салт-дәстүрі осы жылжымайтын мүлікке байланысты өзгереді, қалыптасады және дамиды. Ал жылжымайтын мүлік атты капиталды тұрақты капиталға айналдыратын капитал - білім болмақ.
Қазіргі әлемдегі саяси және медиа процестердің өзара тәуелділігінен, олардың өзара ықпал ету механизмдері, саяси басқарудың құралдары анықталды. Қозғалып отырған проблеманы әрі қарай зерттеу үшін перспективалар ашылды.
Зepттey жұмыcының мақcаты. Заманауи кезеңдегі саяси басқару проблемасын қарастыру және осы процеске бұқаралық ақпарат құралдарының әсер ететін көзқарасын анықтау.
Зepттey жұмыcының мiндeттepi:
Диссертациялық жұмыс өз алдына мынадай міндеттер қойып отыр:
Саяси коммуникацияның пайда болуы мен тарихын анықтау;
Саяси процестегі БАҚ рөлін анықтау;
Бұқаралық ақпарат құралдарының трансформациясы және қоғамдық-саяси орта туралы мәліметтерді қарастыру;
БАҚ тағы саяси бағдарламаларды және мақалаларды қарастыру, онда жарияланатын өзекті мәселелерге шолу жасау;
Отандық басылымдардың қоғамдағы рөлін, ықпалын және осал тұстарын анықтау;
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына ақпараттық коммуникация бойынша жүгіну;
Ел мен аймақтың имиджін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының коммуникативтік рөлін анықтау;
Қоғамдық көзқарасты қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді анықтау;
Саяси коммуникацияның ақпараттық ресурстарындағы заманауи технологиялар мен жанрлық формаларын қарастыру.
Жұмыcтың ғылыми жaңалығы: Бұл зерттеудің өзектілігі еліміздегі орнаған БАҚ пен бизнес құрылымдарының арасындағы өзара қатынасын тереңірек анықтауды қажет ететіндігімен анықталады. Жағдайды жедел талдау компаниялар мен баспасөз арасындағы қарым-қатынаста туындайтын бірнеше мәселелер туралы сөз қозғауға негіз береді, өз кезегінде олардың арасындағы тиімді коммуникацияға ешқандай әсерін тигізбейді. Менің жұмысымның мақсаты да осы тақырыптың төңірегінде туындайтын мәселелерді көтеру.
Қазіргі саяси жүйедегі біржақты байланыс біртіндеп екіжақты қарым-қатынасқа орын береді, яғни, мемлекеттік билік органдары мен халықтың ашық жұмыс істеу жағдайында, олардың өзара әрекетін тудырады. Бұл қатынастардың болашағы көбінесе Қазақстандағы саяси және әлеуметтік жүйенің тұрақтылығына байланысты. Посткеңестік кезеңнің тәжірибесі көрсеткендей, тиімділіктің, екіжақты саяси коммуникациялық байланыстардың, объективтіліктің жоқтығы келешекте түрлі әлеуметтік шиеленіске, күтпеген оқиғаларға, күрделі жанжалдарға, саяси институттардың заңдылығының құлдырауына, дағдарысты жағдайлардың пайда болуына алып келеді.
Факті, оқиғаны тудыратын бүгінгі саясаттың субъектісі, сонымен қатар ақпараттың таратылуын қамтамасыз ететін субъект сәйкес келеді. Бұл манипуляцияға үлкен мүмкіндік және басты назарда объективті ақпарат категориясы болады.
Зepттeyдiң дepeк көзi: Менің диссертациялық жұмысымның күрделілігіне қарай, қазақ тілінде алып отырған тақырыптағы мәселелер өте сирек болған соң, орыс тіліндегі Большаков С.Н., Балынская Н.Р., Ковалева М.М., секілді авторлардың жариялаған кітаптары мен мақалаларын қарастырдым. Сонымен қатар, Алаш азаматтарының рухына бағышталған Әбдімәлік Нысанбаевтың Қазақ газеті кітабындағы ұлт зиялыларының мақалалары, Ү.Субханбердинаның мақалалар, сонымен қатар отандық басылымдарда, мәселен Егемен Қазақстан, Қазақ үні, Алаш айнасы, Айқын басылымдарындағы саясат тақырыбына арналған айдарларын пайдаландым. Бұл кітаптармен ғана шектеліп қана қоймай, Тайшыбай З. Қарқаралы петициясы туралы ақиқат, Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы атты 2004 жылы жарық көрген кітаптан, Бейсенбай Кенжебаевтың Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер атты 1956 жылы жарияланған кітаптан және сайттардан мәліметтер жинақтадым.
Диccepтация құpылымы. Диссертациялық жұмыc кipicпeден, eкi таpаyға бөлінген негізгі бөлімнен, қopытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұpады. Диссертациялық жұмыс көлемі - 100 бет.
Саяси коммуникация жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеудің теориялық әдістері
1.1 Саяси коммуникация және пайда болу тарихы.
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, отандық журналистика жаңа кезеңге қадам басты, әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шықты. Шетелдік журналистикамен тәжірибе алмасу барысында, отандық журналистика ілгері қарай дамып, демократиялық сипаттарға бет бұрды. Ата заңымыздың бірінші бабында жазылғандай адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады. БАҚ - бұл мемлекеттік идеология құралы. Журналист - ақпарат таратушы, саясаткер - ақпарат жасаушы. Бұл ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты және оларды байланыстыратын құрал - коммуникация.
Ақпараттық қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының саяси рөлін жоғарылату қарқынды дамып келеді. БАҚ арқылы билік азаматтардың саяси нормалар мен құндылықтарын меңгеру процесіне қатысты бірқатар міндеттерді іске асырады. Олардың арасында коммуникация жүйесін жетілдіру мен халықты саяси ақпараттандыру үшін баспасөз бен ақпараттың алмасуын реттеуде бар. Бұқаралық ақпарат құралдары саяси процестерді іске асыру бойынша мықты құрал.
Саяси жүйенің түбегейлі жаңаруының негізгі нәтижесі - Саяси коммуникацияға алып келді. Латын тілінен аударғанда Саяси коммуникация, communicatio - хабарлама, жеткізу, әңгімелесу, сөйлесу деген мағына береді. Яғни саяси қызметте жүзеге асыратын, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері есебін ескере отырып, олардың саяси әлеуметтендірілуін қамтамасыз ететін саяси ақпараттарды алмасу және жеткізу процесі. Бұл ұғымға Француз мемлекет қайраткері Р.Ж.Шварценберг: Саяси коммуникация дегеніміз - басқарушы мен бағынышты арасындағы олардың өзара келісімге келу мақсатындағы ақпарат алмасу деген түсінік берген [1,174 б].
Саяси коммуникацияны зерттеген ғалымдар қатары өте көп. Солардың ішінде алғашқылардың бірі болып, саяси ғылымның басты міндетін қоғамдағы құндылықтар бөлінісін зерттеуден көрген, американдық ғалым Г.Лассуэл мынадай тұжырым жасайды: Кім (коммуникатор)? Нені хабарлайды (хабарлама)? Қандай байланыс арқылы (Коммуникация құралдары)? Кімге (бағытталған аудитория)? Қандай қорытындымен (тиімділігі)?. Яғни, егер қоғамның мәдениет саласында - рухани құндылықтар, экономикалық саласында - материалдық құндылықтар өндірілсе, саяси саласында құндылықтар өндірілмейді, тек бөліске түседі. Құндылықтарды кім бөлсе, сол билікке ие болады деген екен. Ал американдық зерттеуші Ричард Брэддок Г.Лассуэлдің бұл құрылымын толықтау мақсатында, тұжырымға Кім? Нені хабарлайды? Қандай әдістермен? Кімге? Қандай қорытындымен? Қандай жағдайда? Қандай мақсатпен? деген сұрақтарды қосқан [2, 131б].
Коммуникация мәселесін гуманитарлық ғылым салалары, соның ішінде әлеуметтану, саясаттану, философия, психология мен педагогика зерттеу нысаны ретінде алып, зерттейтін бағытына қарай әр түрлі теорияларды пайдаланып, жан-жақты қарастырады. Бұл арада әрбір қоғам мүшелерінің билікпен өзара байланыс орната отырып, ақпарат алмасуға түсуін, олардың саяси іс-шараларға белсене қатысуын қажет ететін бүгінгі таңда коммуникация тақырыбын саяси ғылым саласында зерделеу зор маңызға ие.
Сонымен қатар саяси коммуникациядағы өзекті мәселелердің бірі - келіп түскен ресми ақпараттардың рас немесе жалған екенін анықтау. Бұқаралық ақпарат құралдарында кездестіретін мәселелердің бірі, саясаткерлердің мерзім сайын бір- бірін жалған айтты деп айыптап, өз пікірлерін растау үшін жарық көретін әр түрлі сипаттағы өтініштері осыған дәлел. Басқа азаматтарға манипуляция жасауға адамның жағдайын жеңілдетуге, адастыру мақсатына әкелетін - саясаттағы жалған ақпарат. Ол саясаттағы жала жабудың арнайы түрі ретінде есептеледі. Коммуникация халыққа ықпал етудің сенімді, әрі мықты құралдарының бірі. Саяси коммуникацияның басты негізі - өзара сенімді қалыптастыру арқылы мағыналарын түсіндіру, хабарламалар жасау. Ал билік органдары, халық пен БАҚ оның қатысушылары. Саясаткерлер осындай коммуникативті кеңістікте БАҚ-пен жақсы қарым-қатынас орнатып, олардың көмегі арқылы өздері үшін жағымды қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысады. Нақты саяси жүйе шеңберінде, тұтастай халық пен алып отырған жүйенің арасындағы саяси ақпарат алмасу процесін айқындайды. Саясаткер өзінің саяси келбетін шынайы етіп жасап, сезімдері мен ойын ашық жеткізе алады. Сол үшін де жариялылық сипатты болып келеді. Басқарушы элита саяси коммуникацияның тиімді көмегі арқылы қоғам элиталардың приоритеті мен сенімдерін нақ өздерінікіндей қабылдай бастайды [3, 81 б].
Басқарып отырған мемлекеттің басқарушылары халыққа тәуелді және халық үшін қызмет жасайды, керісінше болуы дұрыс емес. Елдегі демократияның деңгейі қаншалықты жоғары болса, соншалықты саяси ақпарат алмасу процесі халық пен биліктегі азаматтардың арасында интенсивті жүреді және көлденең алмасу деңгейін құрайды. Бұл алмасу, азаматтарға арналғандықтан зор маңызға ие.
Қазақстандағы БАҚ рөлі басқа мемлекеттердегідей мәртебесі жоғары. Жалпы болжам бойынша, БАҚ жариялаған ақпаратты пассивті аудитория жақсы қабылдайды. Әр түрлі жастағы кезеңдерде медиа-контентті қабылдау ерекшелігі, жеке тұлғаның саяси сананы құру барысында жақын әлеуметтік ортаның әсер етуі кейде ескерілмейді.
Индивидтер кішкентай кезінен бастап, алдыңғы буын өкілдеріне қарағанда бұқаралық ақпарат құралдарының белгілі бір түрлеріне көбірек уақыт бөледі. Қазақстандағы оқушылардың 68% өз уақыттарының 2,5 сағатын компьютердің алдында өткізеді. Олар үшін ақпараттың қайнар көзі интернет желісі және теледидар. Дегенмен, бұл факті, БАҚ индивидтің құндылықтарының құрылымына қатты әсер етеді дегенді білдірмейді. Аталмыш тезисті алғаш рет ХХ ғасырдың ортасында шектеулі әсер ету теориясының шеңберінде П. Лазарсфельд пен Р.Мертон ұсынған. Осы аралықта Г.Лассуэл бұқаралық коммуникация дәстүрлі бихевиористтік ынталандыру - реакция сызбасы бойынша жұмыс істейді десе, ал П. Лазарсфельд екі сатылы коммункацияның моделін ұсынды. 1940 жылғы АҚШ президентін сайлауға арналған сайлау алды науқанның шеңберінде жүргізілген зерттеудің нәтижесінде ол келесі қорытындыларды жасады: 1) Бұқаралық ақпарат құралдары индивидке тікелей әсер етпейді; 2) индивид үшін негізгі ақпарат көзі бұқаралық емес, тұлғаралық коммуникация [4, 138-149 б].
Республикамыздағы қоғамның барлық дерлік салаларында саяси модернизация іске асырылып жатыр және оның нәтижесі орныққан байланыстардың үзілуіне, ақпараттық-коммуникациялық кеңістіктің трансформациясына, вертикальды қатынастардың қалыптасуына әсер етеді. Қоғамдағы институттар мен саяси процестердің өзгеруіне байланысты, қоғамдық-саяси өмірдегі қайта құруларға сәйкес саяси-коммуникациялық сферада жаңа қатынастар дами бастады. Еліміздегі жаңа саяси жүйенің қалыптасуы, даму мәселелері демократиялық жағдайдағы билік пен қоғамның арасындағы байланыстарды зерттеудің пісіп-жетілгендігін көрсетеді. Халықтың алдында есеп берілмейтін, биліктің атқарып отырған қызметінің насихатталу жағынан ғана хабардар болатын, қоғамның оған ықпал етуі жағынан мүмкіндіктері шектеулі болатын - тоталитарлық жүйе артта қалды. Бүгінгі біржақты саяси жүйедегі байланыс ақырындап екіжақты қарым-қатынасқа айналуда, бұл қоғамның ашық жұмыс істеуі мен билік органдары жағдайында олардың өзара әрекетін тудырады. Бұл қатынастардың болашағы көбінесе Қазақстандағы саяси және әлеуметтік жүйенің тұрақтылығына байланысты. КСРО кезеңіндегі тәжірибеге сүйенсек, екіжақты саяси коммуникациялық байланыстардың, тиіміділік пен объективтіліктің жоқтығы, болашақта күтпеген оқиғаларға, көптеген әлеуметтік шиеленіске, күрделі жанжалдарға, дағдарысты жағдайлар мен саяси институттардың заңдылығының құлдырауына алып келеді.
Қазіргі қоғамдағы саясаттың рөлін күшейту бұқаралық коммуникация құралдары арқылы жүзеге асырылып жатыр. Тарихи дамудың барысында адамзат қоғамында, әлеуметтік дамудың тактикасы мен стратегиясы әлеуметтік өзара әрекеттесу жүйесіне кіретін барлық күштердің диалог режимінде анықталуы қажет деген түсінік туындаған. Қоғамға әлеуметтік дамудың нақты тактикаларын ұсынатын саяси партиялар мен қозғалыстар электораттың көмегіне, халықтан іс-шараларға мандат алуға зәру; сол үшін де қоғам осы бағдарламалардың бәсекелестігіне, яғни сайлауға зәру. Заманауи кезеңдердің даму сатысында қоғам монополияға жол берілмеу керек екенін түсінеді және қоғамдық диалогтың барысында қоғамдық-саяси дамудың нақты бағдарламасына консенсус жасалынады. Сонымен қатар, тарихтағы тұлғаның рөлімен байланысты жағдайлар түсініктірек болады: кез келген бағдарлама тұлғалық сипатқа ие; қоғам өзінің даму бағдарламасын дамытып, іске асыратын тұлғаны өзі таңдайды. Бұл саяси партиялар мен қозғалыстардың бұқарамен байланыс орнату үшін тұрақты байланыс арналарын құруға бағытталған күш-жігерін түсіндіреді. Саяси субъектінің қоғамдағы өзінің қызметі туралы ақпараттандыруға бағытталған жеке күш-жігеріне қарамастан, бұл қазіргі демократия жүйесіндегі бұқаралық коммуникация құралдары жұмысының ерекшеліктеріне байланысты ашық болып шығады. Мұндай жағдай, қоғамның саясаттануын күшейтеді деп болжам жасау қиын емес: әртүрлі қоғамдық топтардың қызығушылықтарының қақтығысы, билікке деген таласта осы қызығушылықтың лоббизмі, саяси көшбасшылардың сайлауға жаппай қатысу рөлін арттыру және т.б. Әрине, мұның бәрі бұқаралық коммуникация құралдарынан көрініс табады. Осылайша, саяси құрылымдар, партиялар, көшбасшылар белсенді ньюсмейкер, яғни жаңалық шығарушы және оны тасымалдаушы рөлін бірге атқарады. Бұл жерде басқа көзқарастардың өмір сүру құқығы туралы мәселе туындайды. Басқа және экстремистік көзқарастар арасындағы айырмашылық қайда өтіп жатыр? Тіпті қазіргі қоғамда ақпараттық заңдар болғанның өзінде де бұл мәселені шешу әрдайым оңай бола бермейді.
Қолданыстағы саяси жүйе саяси субъектілердің алуан түрлілігін қамтамасыз етеді, ал кейбір мемлекеттерде шағын топтардың партиялық қызметінің басылымдарын қаржымен қаматамсыз ету мемлекетке жүктелген. Мәселен, Швецияда газеттерге дотация шведтік күнделікті баспасөзінің жалпы айналымындағы капиталдың 2-3% құрайды. Норвегияда субсидияның көлемі газеттік индустрияның жалпы кірістерінің 2%-нан асырылмайды. Финляндияда осындай дотацияларсыз бүгінгі күні шығып отырған басылымдарының жартысы жоқ болар еді.
Саяси саладағы коммуникация адамдардың тек материалдық жағдайын ғана қозғамайды, сонымен қатар көптеген жағдайларда кәсібінің беделі мен қызметін өзгертеді. Саяси коммуникация құбылысын зерттеу дамыған мемлекеттерде бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бастау алған. Осы саладағы іргелі жұмыстар, саяси коммуникация термині сияқты 40-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында пайда болған. Қоғамдық және саяси ғылымдардың қиылысында саяси коммуникация зерттеулерін дербес бағытта бөліп қарау ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдегі саяси процестердің демократиялануынан, кибернетикалық теориялардың дамуынан, жаңа коммуникативті жүйе мен технологиялар рөлінің дамуы мен пайда болуынан туындады. Зерттеушілер коммуникацияның үш түрін бөліп қарайды: қоғамдық-саяси институттар, бұқаралық ақпарат құралдары, бейресми байланыстар.
Саяси коммуникациялар көбінесе медиа кеңістікте іске асырылады, яғни саяси кеңістікте бұқаралық ақпарат құралдарымен қамтылған. Кімнің қолында ақпарат болса, сол әлемді билейді. Бұл тезис баршамызға белгілі және бүгінгі күні маңыздылығы арта түсуде - ақпарат тек коммуникациялық технологияның негізі ғана емес, қоғамдық қатынастардың субъектісі, сонымен қатар қоғамның саяси жүйесіндеде. Нақтырақ айтқанда бүгін ақпарат пен коммуникацияны кім басқарса, сол әлемді билейді. Коммуникацияның ортасындағы саяси жүйенің қажеттіліктері мен оның қоғамдағы атқаратын қызметіне, саясаттың агенттерінің санына, саяси шешімдерді қабылдау әдістеріне, мемлекет мөлшеріне және басқа да фактілерге тікелей байланысты. Әрине, бұрынғы дәстүрлі мемлекеттерде коммуникация құралдарына деген қажеттілік шектеулі болды. Мұндай құралдардың рөлін ауызша немесе жазбаша түрде саяси ақпаратты (патшаның жарлықтары, өкімдер, әкімдердің хаттары және т.б.) хабаршылар, курьерлер, елшілер атқарып отырған.
ХІХ-ХХ ғғ. телеграф және телефон байланысы, радио мен телевизияның пайда болуы мен таралуы, мемлекеттің коммуникацияға деген қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, шын мәнісінде саясатта нағыз революцияны жасады. Коммуникацияның ашықтығы мен тығыздығынан азаматтық қоғамның даму дәрежесінің тікелей тәуелділігін шығаруға болады. Себебі мұндай тығыздық ұжымдық әрекеттердің мүмкіндігін тудырады және оның қатысушылары арасындағы ақпараттық хабарлама неғұрлым тығыз болса, іс-әрекеттер соғұрлым тиімді. Аталған сипаттамалар жоғары болса, саяси процестерді қоғамдық басқару тиімдірек болмақ.
Менің пайымдауымша, ортақ мүдде үшін билік пен қоғамның арасындағы өзара қатынаста келісімнің орнатылатынын аңғарамыз. Келісім бар жерде саяси тұрақтылық болады, ал саяси тұрақтылық бар жерде саяси жүйе тиімді жұмыс атқарады. Осыдан, еліміздегі саяси коммуникацияның өзіне тән ерекшелігін саяси тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылып жатқандығынан нақты көре аламыз. Бүгіндері саяси процесте ресми емес сая - си коммуникация маңызды рөл атқарады. Көп - теген зерттеушілер ресми БАҚ-қа сенімнің тө - мен - деуі, тұлғааралық қарым-қатынастың деңгейіндегі жеткізілетін хабарламалардың маңызының артуына алып келді дейді. Ресми емес коммуникацияға дәстүрлі түрде қауесеттер, сыбыстар, өсектер, анекдоттарды, қазіргі кезде граффитиді де жатқызылады. Бұл деректер алдымен өмір сүріп жатқан ағымдағы саяси жүйеге қатысты халықтың жағымсыз көңіл-күйін қалыптастырады. Ал, ресми ақпарат пен жалған қауесеттің ара-жігін былай бағамдауға болады: сенімсіздік танытатын жалған немесе қауесет сөздер ақпараттың жасырын көзіне сілтеме жасай салады (референциалды анықталмаған) мәселен, Астанадағы біздің дереккөздеріміздің хабарлағанындай, үкіметтегі дереккөзі хабарлағандай, Президент әкімшілігі аппаратының қызметкері растады деген сияқты мәліметтерден байқаймыз.
Саяси коммуникацияның мемлекетіміздегі саяси субъектілердің өзара және қоғаммен арадағы байланысты жүзеге асыруының ашықтығын, көпқырлығын анықтау, нығайтудың түрлі тәсілдері мен әдістерін зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналады. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйенің түбірлі өзгерістерге ұшырауымен бірге, саяси коммуникацияның да тиімді құралдары күн санап даму үстінде. Бұл еліміздегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің жаңа бір белестерге көтеріліп келе жатқандығын көрсететін саяси процесс. Саяси ақпараттардың таралу жолдары мен байланыс құралдары санының ұлғаюы, қазақстандық қоғамның әртүрлі топтарының мүдделерін көрсететін саяси процесс акторлары санының өсуіне алып келетін саяси позициялардың қажеттілігін күшейтеді және саяси коммуникация рөлін мұқият зерттеуді талап етеді.
Саяси салада өмір сүріп жатқан топтар мен басқарып отырған ұйымдардың мақсат-мүдделері бірде шырмалып, бірде келіспей, бірде қабысып жатады. Осы орайда, күнделікті бір саяси нұсқаулар шығарылып жатса, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп, өзгеріп жатады. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс деп атайды. Немесе, саяси процесті әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесі деп қарастыруға болады.
Саясаттанудың ең әмбебап категорияларының бірі - саяси процесс категориясы. Процесс термині (латын тілінен аударғанда processus - қозғалыс) белгілі бір қимыл қозғалысты, қандай да бір іс-әрекетті, нақты бағыты бар қозғалыс тәртібін; күйлердің, сатылардың, эволюциялардың кезектесіп өзгеруі, кез-келген нәтижеге жету үшін кезекті әрекеттер жиынтығы [5,457 б ]. Жалпы айтқанда саяси процесс - бұл саяси оқиғалар мен құбылыстардың өзара байланысты ішкі тізбегі, сонымен қатар қоғамдағы саяси билікті жаулап алуға, сақтауға, нығайтуға және пайдалануға бағытталған саясаттың әр түрлі субъектілерінің дәйекті әрекеттерінің жиынтығы.
Қазіргі саяси процесс - бұл ғылыми зерттеулердің ең күрделі және қызықты бағыттарының бірі. Алайда, бүгінгі күні мемлекетте, қоғамда орын алып отырған жағдайларға астыртын қарамай, танымал суреттерге алданбай, болып жатқан оқиғының түп төркінін түсіну - кәсіби маманның ғана емес, аналитикалық ақыл-ойы бар адамның артықшылығы.
Ең көп көрінетін саяси процестер оларға қатысты субъектілер мен объектілердің көз қарастарының тұрғысынан ашылады. Егер мынаны анықтасаңыз, сурет айқынырақ болады: 1) билік кімнің қолында, 2 ) билікке бұл адамдар қалай келді және 3) саяси қозғалыстарын қандай объектілерге бағыттайды. Осыған байланысты, осы немесе басқа да саяси процестерге талдама жасауда, қандай субъекті мен объектілер, олардың мәртебесі, мақсаты, ресурстары мен мінез-құлық стратегиясы қатысатынын білу қажет. Сондықтан да ғылыми зерттеулер мен публицистикада саяси процесс пен қоғамға, саяси процесс пен БАҚ арасындағы өзара байланысқа көп көңіл бөлінеді.
Азаматтық қоғамның саяси процеске қатысуының кез-келген деңгейінде БАҚ билік пен халықтың басты көпірі. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік институт ретінде халық үшін бұқаралық мәдениетті өндірудің және таратудың негізгі агенті; олар стандарттап және біртектес мәдениетті қалыптастырады, саяси бағдарларды, пікірлерді біріңғайластырады. Тиісінше, саяси процестің мақсаты мен міндеттерін түсіну үшін саясаткерлер мен БАҚ арасындағы субъектілік-объектілік қатынастардың деңгейін анықтау маңызды.
Тарихты танымай, болашақты бағдарлау мүмкін емес. Сол үшін де мен, диссертациялық жұмысымда, Алашорда заманында қандай саяси мәселелер көтерілгенін және сол замандағы саясаттағы БАҚ рөлі туралы тақырыпты қозғауды жөн көрдім. Ең алғашқы басып шығарылған басылымдарда саясат, экономика, мәдениет тақырыбы, өмір сүріп жатқан халықтың жағдайы жарияланған. Алаш зиялылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz