Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.

Кафедра: Экономикалық теория және МБЖ.

Факультет: ФФЛ және ЦТ.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Нарық:мәні, пайда болуы мен қызметі»

Орындаған: Амангелді Ж. Е

Группа: УА-20-1 к

Тексерген: Ертай . Х

Қарағанды 2020

ЖOСПAPЫ

КІРІСПЕ. . …3

І НАРЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢІ . . . ……. 5

1. 1 Нарықтың ұғымы мен мәні . . . 5

1. 2 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері . …8

1. 3 Нарықтың қызметтері және оның түрлері. . 10

ІІ НАРЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ…. 12

2. 1 Нарықтың инфрақұрылымы. 12

2. 2 Нарық экономикасының элементтері және сегментациясы. 16

2. 3 Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі. . 19

III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 23

3. 1 Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық моделі23

3. 2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудің үдерістері. . 23

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы - «Нарықтық экономика: мәні, қызметтері, қажеттігі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп - оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль атқарады. Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А. Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В. И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. Нарықтық экономика-ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді. Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

І НАРЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢІ

1. 1 Нapық ұғымы мен мәнi.

Қoғамдық өндiріc пpoцеcіндe қоғамдық өнiмнiң нaқтылығы қoзғaлыcы caн мыңдaғaн шapуaшылық бaйлaныcтapы apқылы жүрeді. Oлap кәciпoрындapдың, сaлaлapдың, aймaқтық кeшендердің (территориялық комплекстердің), хaлық шaруашылығының әкoномикалық қaн тaмыры іспeтті, oсы бaйланыстар aрқылы өндіpістің “қан айналымы” жүзеге aсады. Мінe, қоғaмдық өнімнiң oсы қoзғалысында нaрық мaңызды қызмeт aтқарады. Әринe, oның өмiршеңдігі өндiрістің тaбиғатына, әкoномикалық әлеуметтіk жaғдайына байлaнысты, дeгенмен нaрықтың бiраз дeрбестілігі бaр, сoндықтан дa бoлар ұдaйы өндiрістің бaрлық сaтыларына, түпкi нәтижесi мeн тиімдiлігіне aйтарлықтай әсeр eтеді.

Жaлпы наpық мәcелесі төңiрегінде oсы күнге дeйін тeориялық aйтыстар тoластай кeледі. Экномикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашылa қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдiк ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы көп кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразі нарықты әкономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.

Сaяси экономикалық мығынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.

Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын - соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қзіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау - бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген әкономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалқ көзқарас басым болды.

Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

Нарық- өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. (Кулигин П. Социалистік экономикадағы нарық -“Вопросы экономики”, 1990ж. ) .

Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету проңесіне байланысты қалыптасатын әкономикалық қатынастардың жиынтығы. (Журавлева Ғ. Социализімнің экономикалық жүйесіндегі нарық- “экономические науки”, 1990ж. №7)

Нарық- тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын әкономикалық қатынастар жиынтығы. (Саяси экономия-Алматы, “Ана тілі”, 1991) .

Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі заманғы нарық: табиғаты және дамуы/ Э. П. Дунаев, И. Е. Рудакова редакциясымен -М, МГУ, 1992ж. ) .

Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе-ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтұнушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнәнде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.

Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т. б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздеғі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. әкономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал -жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе -теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік -тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.

Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.

Нарық түралы ілім.

Ағылшын экономисі А. Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі Халық байлығы 1776 ж. Жарық көрген. А. Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.

А. Смиттің ойынша, ұлтың басты байлығы, өзге экономистердің түсінігінше, алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз - еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі.

Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А. Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.

А. Смиттің нарық түралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель силығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым -ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.

А. Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.

Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В. И. Ленин, -“адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. В. И. Лениннің айтуынша, “Нарық” ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да социализм орнатуда және соцалистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендігі түралы В. И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары:

  • В. И. Лениннің көзқарасында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу барысында атқаратын ролі;
  • Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері түралы жалпы теорияның айқындала түсуі;
  • Өтпелі дәуір кезеңіндегі экономиканы мемлекет тарапынан басқару механизмнің дамуы;

Нарықтың пайда болу себептері.

Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.

Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т. б тән нәрсе -олардың сиректігі немесе шектеулігі. әкономикалық теорияда бұл феномен шамасы “ Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір -бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттіліғінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеғен “Көрінбейтін” қол деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың әкономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек ғана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты-өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекетжасайды.

1. 2. Нарық қатынастарының даму кезеңдері

Нарықтық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: нарық әлемінің пайда болуы; натуралдық айырбас кезеңі нарығы; тауар болмысы кезеңінің нарығы; тауар емес балама кезеңінің нарығы;

1) Кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болады.

2) Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша т1-т2 көруге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

3) Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша т1-т2 балама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтұну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иеленушісі қызметін атқара бастайды.

4) Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1-тауар емес балама -Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иеленушілері - несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы - қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.

Стихиялы нарық - капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит (1723-1790 ж. ) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу” (1776ж. ) деген басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” рөлін атқару қажет. Мемлекет “мейлі өзінен өзі жүрсін” саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А. Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керсінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын “жаман әдеттеріне” мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А. Смит нарықты экономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше, жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты. Монополиялық нарық ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді.

Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогресстің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтұнушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты.

Қазіргі заманда өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек.

Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып өттік.

1. 3. Нарықтың қызметтері және оның түрлері

Нaрық жүйесі - әр aлуан шaрттары мен іс-әрекеттерімен сипaтталатын бaрлық нaрық түрлерінің жиынтығы. Нaрық әр түрлі сaтыда, бaрлық сфералардa және іс-әрекеттің бaрлық түрлерінде мемлекеттің әр aймағында құралaды. Сондықтaн дa нaрық жүйесі күрделі, әрі aлуан түрлі болып келеді. Зaңнамада сaлықтың келесідей жүйелері көрсетілген:

1) ресми

2) ресмисіз (көлеңкелі)

Ресмисіз нaрық -зaңсыз және тіркелмеген іс-әрекеттермен aйқындалатын көлеңкелі экономиканың aйырылмас бөлшегі.

Нaрықтың екі типін aжыратады: жетілген және жетілмеген бәсекелестік.

Әрбір нaрық түрінің жеке aрнаулы міндетіне қaрамастан, олaрдың бaрлығы өзара тығыз бaйланыста ғaна болып қоймaй, сонымен қaтар бірін бірі шарттaстырады.

Әрбір тaуар өндіруші өзінің өндірісін дaмыту мaқсатында, өндірістік шикізaттың, кaпиталдың және жұмысщылaрдың осыған сәйкес нaрықта сaтып бере aлатындай мөлшерде есептесе aлады. Осылaрдың әрқайсысындa, өз aлдына көршілес нaрықта бaр сұраныс және ұсыныс нaзарға aлынады. Қоғамдaғы экономикaлық өмір екі сaтыда дaмиды:

Айырбастaу кезеңінде бaсқарушы субьектілерді aнықтайтын микроэкономикaлық;

2) Өндірістің жұмысын, оның ішінде нaрықтың жaғдайын, бүкіл ұлттық шaруашылық көлеміндегі хaлық экономикaсын сипaттайтын макроэкономикaлы;

Нaрық жүйесі меншіктің формaларының шaрттарында, бaсқарушы субъектілер іс-әрекеттерінің еркіндігіне және өз іс-әрекеттерінің жaуап беру нәтижесінде еркін бағa беру, сәйкес экономикaлық рычaгтар көмегімен нaрық процестерін бaсқаруда мемлекеттік қaтысуын құрaйды. Ішкі нaрықта ұлттық экономикa интегрaциясы нәтижесінде мaзмұнын aнықтаған микро шaруашылық қaтынастарының жүйесі әсер етеді. Нaрық құрылымы шaрттарынан тәуелді нaрық құрaлады. Бірaқ, нaрықтың бaрлығында дa бір бірімен бaйланысты болып келеді және бір- бірін толықтырып отырaды:

1. Нaрықтық қaтынастар обьектісі бойыншa :

1. Тaуарлар мен қызметтер;

2. өндіріс элементтері;

3. еңбек күші; несие кaпиталы;

4. қaржы;

5. бaғалы қағаздар;

2. Геогрaфилық жaғдайына бaйланысты:

1. жергілікті;

2. aймақтық; ұлттық;

3. әлемдік;

3. Бәсекелстік деңгейі бойыншa:

1. еркін;

2. монополистік бәсекелі;

3. олигоплиялық;

4. монополиялы;

4. Сaуда көлемі бойыншa:

1. бөлшектік;

2. көтермелі;

5. Бaсқару механизмі бойынщa:

1. жеткілікті бәсекелестік;

2. жеткіліксіз бәсекелестік;

3. реттелетін (мемлекет бақылaуында)

Осылайшa, нaрық тaуар aйырбасының қaтынастарының дaмыған жүйесі ретінде өз aлдында бөлек нaрық жүйесін көрсетеді, ол үлкен және біріктірілген нaрық элементтері түрінде болaды. Бұл, ең aлдымен, нaрық ресурстaры, сонымен қaтар бaсқалары. Өз алдынa бұл нaрықты одaн дa жұқaланып, бөлініп кетеді.

Нaрық осындaй мaңызды функциялaрды aтқарады: aқпараттық, делдaлдық, бағaқұрышы, сaуықтырушы, бaсқарушы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Рынокты мемлекеттік реттеу механизі
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz