Модельдер класификациясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Білім және Ғылым министрлігі

Биотехнология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Математикалық модельдеу қолдану аймағы-универсалдық және тиімділігін анықтау

Орындаған: Адехан Г.

Тобы:ХТ-18-5К2

Қабылдаған: Исмайлов Б. Р.

Шымкент 2021ж.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім.

  1. Модель түсінігі.
  2. Модельдер класификациясы.
  3. Математикалық модельді зерттеу. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиет.

Модель түсінігі

Ғылыми таным біздің санамыздан тыс болған жəне зерттеу объектілері деп аталатын құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге бағытталған. «Модель» сөзі латын тілінің «modulus» сөзінен шыққан, өлшем, үлгі деген мағынаны білдіреді. Бұл термин біздің эрамыздан бірнеше ғасыр бұрын құрылыс мəдениеті еңбектерінде пайдаланылған. Қазіргі заманғы қолданыста модель түсінігімен киімдер үлгілері, кемелер мен ұшақтардың кішірейтілген көшірмелерінен бастап математикалық теңдеулер мен есептеу алгоритмдеріне дейінгі санап болмайтын материалдық объектілер жəне таңбалық құрылымдар байланысқан.

Модель түсінігі ғылыми зерттеулерде, жобалау-конструкторлық, техникалық, инженерлік жұмыстарда, білім беру саласында кең таралған. Кез келген ғылым түрлі нақты құбылыстар мен үдерістердің жалпы заңдылықтарын анықтау үшін нақты болмыстың белгілі бір абстракциясын пайдаланады. Мысалы, физикада мектеп курсы белгілі «математикалық маятник» абстракциясы зерттеледі. Осы аталған бір абстракциямен сипатталатын нақты құбылыстар көп болуы мүмкін:

1. Кран тросына ілінген мырыш шарының тербелісі;

2. Қаладағы ескі мұнаралы сағат маятнигінің тербелісі;

3. Фуко маятнигінің тербелісі жəне т. б.

Басқаша айтқанда, түрлі объектілер арасында қандай да бір ұқсастық бар болып, оның негізінде ғылымда абстракция құру мүмкін болады. Егер зерттеу мақсаттары тұрғысынан екі объект арасында ұқсастық бар болатын болса, онда біреуінің орнына екіншісін зерттеуге болады. Біріншісі түпнұсқа (оригинал) деп, ал екіншісі - модель деп аталады. Модель - түпнұсқаның орнын алмастырушы болып, белгілі бір шарттарда оның кейбір қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Мұнда ұқсастық формасы, түсі, өлшемі, құрылымы жəне т. с. с. барлық сипаттамалары бойынша болмауы мүмкін. Ұқсастық зерттеу объектісі болған қасиеттерде ғана болса жеткілікті. Мысалы, жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан жоғары болған ұшақтың қобалжытуынан тарқалатын толқындарды зерттеу үшін осы құбылыстың көл бетіндегі қайық қозғалысынан туындайтын толқындардың таралуымен ұқсастығын пайдалану мүмкін.

Модель деп біз қасиеттер жиыны модельдеу мақсатына жету үшін маңызды болған түпнұсқаның қасиеттері жиынымен қиылысатын қандай да бір идеал образдар, материалдық немесе таңбалық конструкцияларды түсінеміз. Модельді құру мен пайдалану үдерісі модельдеу деп аталады .

Мұнда түпнұсқа немесе объект дегенде модельдеудің өзі бағытталған - зат, құбылыс, үдеріске айтылады. Идеал образдар - адамның ойындағы оның басындағы нəрсе; таңбалық конструкциялар - формулалар, графиктер, символдар тізбегі жəне т. с. с. түріндегі абстракциялар. Қасиеттер жиыны - қасиеттердің жиынтығы, ал қиылысу - олардың дəлме-дəл түсуі. Басқаша айтатын болсақ, модель - адам өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін құратын жəне/немесе пайдаланатын, өзінің қасиеттері бойынша түпнұсқаға

ұқсас болатын қандай да бір идеал образдар, материалдық немесе таңбалық конструкциялар.

Модельдер классификациясы

«Модель» ұғымының бір мəнді еместігі, модельдеу түрлерінің көптігі мен олардың күн санап арта түсуі бүгінгі күнде барлық сала мамандарын қанағаттандыратын модельдер классификациясын құруды қиындатады. Кез келген күрделі құбылыстар мен үдерістерді классификациялау сияқты модельдерді классификациялау да күрделі жəне көпжақты сипатқа ие. Мұның объектив себебі - зерттеушіні объектінің, құбылыстың немесе үдерістің бір немесе бірнеше қасиеті қызықтырады. Сондықтан классификациялау негізіне көптеген түрлі классификациялық белгілерді: сипаттау тəсілі, функционалдық қызметі, құрылымдық қасиеттері, қолданыс аймағы жəне т. б. алуға болады. Модельдерді классификациялауда біз [11] келтірілген классификацияға жүгінеміз.

Модельдеуді зерттеудің эмпирикалық жəне теориялық деңгейде пайдалану модельдері шартты түрде материалдық жəне идеал деп бөлуге алып келеді.

Материалдық модельдеу - бұл сондай модельдеу болып, мұнда объектіні зерттеу осы объектінің негізгі физикалық, геометриялық, динамикалық жəне функционалдық сипаттамаларын келтіріп шығаратын оның материалдық аналогын пайдалану арқылы орындалады. Мұндай модельдерге, мысалы, сəулет құрылысындағы макеттерді, түрлі көлік құралдарын құрудағы модельдер мен тəжірибелік үлгілерді пайдалануды келтіруге болады.

Идеал модельдеу материалдық модельдеуден объектінің аналогы мен моделіне негізделмегендігімен айырмашылық етіп, объектінің идеал, ойдағы моделін басшылыққа алады жəне əрқашан теориялық сипатта болады.

Математикалық модельді зерттеу.

Құрылған математикалық модельді зерттеудің маңызы үлкен, себебі алынған модельдер күрделі теңдеулер жүйелері болып, көпшілік жағдайларда олардың аналитикалық шешімдерін алу қиынға соғады. Сондықтан оларды зерттеу əдістерін дамыту мен жетілдіру қажет. Мұнда қазіргі заманғы математиканың үлкен бір бөлігін құрайтын сапалық əдістерді - шешімдердің дəл өрнегін білместен олар жайлы белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік беретін əдістер жиынтығын - ажыратуға болады. Бұл əдістерге шешімнің бар болуы мен оның жалғыздығын, оның орнықтылығын, асимптотикасын зерттейтін əдістерді, өлшемдер талдауын, модельдерді топтық талдау əдістерін жəне т. б. жатқызуға болады. Мұндай теориялық талдауларды жүргізу модельдеудің келесі кезеңінде - есептеу алгоритмдерін құруда - сапалы сандық əдістерді құру мен сандық шешімнің ерекшеліктерін болжауда көмек береді.

Қорытынды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Типтік жобалау
Қорларды толтыру теорисы бизнес-жоспар бойынша есеп шығару
Үшөлшемді бейнелеуарқылы галактикалар пішіндерін модельдеу
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Cүт консервілерін сақтау технологиясы
Сүт құрамын өзгерту
Мутация түрлері. Гендік инженерия
Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру
Құс етінің классификацисы. жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау
Жұмыс орнының шаңдануы, газдануы оның адам ағзасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz