Лексикалық ұғымдарды меңгертіп, оқушының білім дағдысын қалыптастыруда жаттығу


10 семинар
Тақырыбы: Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту әдістемесі
Жоспар
1. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс- тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері.
2. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары.
3. Лексиканы оқытуда көрнекілік пен сөздіктерді қолдану жолдары.
4. Қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізі)
5. Оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу
“Лексика” деген ұғым лингвистикада көбінесе сөзге қатысты айтылғанмен, лексикалық материалдар тек жеке сөзден ғана құралмайды. Сондықтан лексиканы меңгеру-сөйлеу үдерісіндегі барлық лексикалық бірліктер туралы дағды мен икемділіктерін қалыптастыру деген сөз. Сонымен, қатысымдық қызмет атқаратын лексикалық тұлғалар мыналар: сөз, тұрақты сөз тіркестері. Ал сөйлеуге дағдыландыру үшін сөзді қолдан білу мақсатында мына сияқты икемділіктерді меңгеру қажет:
- сөздердің ішкі мәні мен мағынасын, түрлі семантикалық қасиеттерін игеру;
- тиісті грамматикалық өлшем - бірлік арқылы бұл тұлғаларды айтар ойға сәйкес бір-бірімен тіркестіру, байланыстыру;
- мағыналық байланысқа түскен тіркестерден ойына сәйкес сөйлем құрай білу;
- сөйлемдерді ойдың жүйесіне сай етіп, мәтін құрамына енгізіп, тілдік қолданыста пайдалану;
- орфоэпиялық қалыпты сақтай отырып, осы лексикалық тұлғаларды дұрыс айту.
Оқушы сөзді қарым-қатынаста қолдана білу үшін, алдымен, сөз мағынасын түсінуі, білуі керек. Ал сөздің мағыналық құрамының өте күрделі екені белгілі. Тілдегі сөздердің көпшілігі көп мағыналы және ауыспалы мағынада да жиі қолданылады. Сонымен бірге сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналық қасиеттері бар. Қарым-қатынаста сөздер мағыналық, стильдік қолдану жағынан да белсенді (актив) және сирек (пассив) қолданылатын сөздер болып ерекшеленеді. Сондықтан оқушының сөз мағынасын жақсы түсінуге қол жеткізу - өзекті мәселелердің бірі.
Лексиканы оқытуда мынадай зерттеу әдістері пайдаланылуға болады:
Сипаттау, байқау, салыстыру тиісті әдебиеттер мен қазіргі оқу үдерістерін талдау, статистикалық әдіс (оқушылардың білімі мен дағдыларын, іскерлік деңгейін анықтау үшін) сондай-ақ педагогикалық бақылау, әңгіме жүргізу, сауалнама әдістер пайдаланылды. Сабақтың нәтижелілігін анықтау барысында эксперимент әдісі жүргізіледі.
Сабақтың бірінші кезеңінде, оқушылардың ауызша сөйлеу жайы, мұғалімдердің іс-тәжірибесі анықталып, талдау жасалынса, екінші кезеңде оқыту эксперименті ұйымдастырылды: 1) ауызша тіл дамытудың мазмұны, көлемі мен жүйесі анықталып, арнаулы тіл ұстарту сабақтары болады. Тәжірибе-сынақ жұмыстарының кейбір нәтижелерін қайта тексеру мен нақтылау жүргізілді. Үшінші кезеңде тәжірибе-педагогикалық жұмысымызға талдау мен жинақтау жасалынып, оқушылардың ауызша сөйлеу икемділігі мен дағдысының жүйелі қалыптасқандығы жөнінде пікір қорытылады.
Лексиканы оқытуда теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:
Оқушылардың ауызша сөйлеу икемділігі мен дағдыларын қалыптастырудағы әдістемелік жүйесі қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіреді. Тыңдап түсіну мен айту әрекеті, мәтінді мәнерлеп оқу, ауызекі жүйелі сөйлеу қабілетін дамыта оқудың жаттығулар жүйесі жасалды.
Жалпы мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі арнайы өтілетін курс та, екіншісі - өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер. Әуелі 5-6-сыныптарда өтілетін арнайы курстың лингвистикалық негізін қалай түсіндіруге болады.
Тіліміздегі сөздердің жалпы қызметін бірдей санауға болмайды. Оның үстіне олар қалай болса солай пайда бола салған, шашыранды атаулар емес. Олар - заңды түрде бір-бірімен байланысты, жинала келе тіл жасайтын аса күрделі дүние. Мысалы, сөз (тілдің кішкене бір бөлшегі) затты (парта, үй), құбылысты (жел, аяз), оның белгілерін (қатты, биік), мөлшерін (бір, екі), қимылын (оқы, тұр) білдірумен бірге сөз бен сөздің мағыналық қатысын (үйге дейін, ауыл жаны), әр түрлі сезім-сезікті (аһ, ойбай), кейде белгілі (іңгә, мияу) да аңғартады.
Мектеп курсында синонимдер, омонимдер, антонимдердің оқылуы осы жағдайға қарай бағытталған. Мысалы, синонимдес сөздер бірін-бірі толықтырып, мағынасын ашуға себеп болады. Айталық, сұлу сөзінің мағынасын аша түсу үшін келбетті, келісті, көркем, әдемі сөздерін пайдаланымыз. Сондықтан да
түсіндірме
сөздікте белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіру үшін оның синонимін келтіру (егер синонимі болса) тәсілі кездеседі. Мысалы, сызды - ылғалды, дымқыл; сый - құрмет, қошамет; сыйлы құрметті, қадірлі; сымбат - нұсқа, мүсін, тұлға; сынау - тексеру, байқау.
Ал антонимдес сөздер (ұзын - қысқа, ақ - қара) біріне-бірі қарама-қарсы мағынаны аңғарту арқылы мағынаны дәлелдей түседі. Сондықтан біз кейде сөздің мағынасын түсіндіру үшін антонимін табуға, сол арқылы түсіндіруге әрекет жасаймыз. Мысалы, қара - аққа қарама-қарсы түс.
Сондай-ақ сөздің бір-бірімен байланысы тақырыптық топтарға қарай (спорт терминдері: футбол, волейбол; география терминдері: тау, қырат, ойпат т. б. ) бүтін мен бөлшектің өзара қатысына қарай (адам - қол, аяқ, көз, мұрын, құлақ т. б. ) сондай-ақ түбірлестігіне қарай (ақшыл, ақтау, ақтық; түрлі, түрсіз, түрлілік т. б. ) анықталады . . .
Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары мен талдау
Лексикалық ұғымдарды меңгертіп, оқушының білім дағдысын қалыптастыруда жаттығу
“Қазақ тілі” оқулықтарында лексикалық жаттығулар тек қана лексикалық
1. Берілген сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарын таптыру:
2. Түбірлес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтату:
3. Грамматикамен байланысты жүргізілетін жаттығудың тағы бір түрі
Ал стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді
1) берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика-семантикалық мағына бері тұрғанын анықтау
2) стилистика туралы ұғымды оқушыларға кеңінен түсіндіру
Орфографиямен байланысты жүргізілген жаттығулар
1) мына сөздердің түбірлес варианттарын жаз
2) мына сөздерді сыңарларымен салыстыр
3) берілген сөздерге түбірлес сөз тап
4) берілген түбірлес сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктін анықта
5) омонимдес сөздердің түбірін тауып, әрқайсысының мағыналарын ажырат
6) Әр сөзді қатыстырып, жеке-жеке сөйлемдер құрастыру.
7) Лексикалық талдау арқылы оқушыны жеке сөздердің мағыналарына қарай талдау.
Жаттығулар
Оқушылардың лексикадан алған теориялық мәліметтері пысықталып, дағдыландыру, сөздікті пайдалану ісі игерілуі керек. Дұрысында сөздіктермен танысу, оларды пайдалану жұмысыәрбір тиісті лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі керек. Мысалы, сөз мағыналарын өткенде, яғни тура және ауыспалы мағына, көп мағыналық, омоним, синоним, антонимде түсіндірмелі сөздікпен жұмыс істелінеді. Оқушы сөздікті пайдалану арқылы сөздік лексикалық мағынада қалай қолданылатындығын, екіншіден өздеріне мағынасы түсініксіз сөздердің мәнін ұғу үшін пайдаланады, сонымен бірге көп мағыналы сөздердің, омоним сөздердің берілу тәртібін үйренеді. Көп мағыналы сөздердің әр түрлі синонимы, әр түрлі антонимі болатынын жаттығу жұмыстары арқылы түсінік алуға бағыттау керек. Мысалы, қиын есеп- оңай есеп, ауыр, күрделі есеп деп антоним, синоним сөздермен түсіндіруге болатынына көңіл аудару қажет.
Тілдің басқа салаларымен байланыстырылып жүргізілетін синтетикалық жаттығулар да тиімді. Мысалы, лексикадан алған білімдерін бұрын өтіп кеткен грамматика, орфография, стилистика тарауларының материалдарымен байланыстыра отырып, жаттығу жұмысын жүргізу. Мұның өзі оқушылардың лекцикадан алған білімін, жалпы тіл біліміндегі оның орнын, қолданылуын сондай ақ өзге материалдарды еске түсіріп, қайталап отыруға мүмкіндік береді. Ол үшін мынадай жаттығулар жүргізу қажет:
- Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын таптыру. 1) адам, өсімдік, жануар, алтын, су- зат атауы. 2) қызық, жазық, әдемі, үлкен -заттың белгісі, сыны 3) ойлау, жүру, сөйлеу, кебу -қимылды білдіретінін анықтап, етістікке жататынын білуге тиіс.
Сол сияқты лексикалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қолданылуына, шығу тегіне қарай ажырату да грамматикамен тығыз байланысты жүргізеді.
- Түбірлес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау:
- келісім, келісті, келіншек, 2) орын, орынша, орындық, орынды,
- Грамматикамен байланысты жүргізілетін жұмыстың тағы бір түрі- сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын ажырату. Мысалы, белгілі бір сөзге септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғау арқылы лексикалық мағыналарын салыстыруға болады. Оқушылар бұлай салыстыру арқылы түрленген сөздердің лексикалық мағынасының сақталып, грамматикалық мағынасына өзгерістер пайда болатындығын байқайды. Осындай жұмыстарды жүргізу оқушылардың лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседі, сөйтіп, сөздің қолдану аясын жақсы меңгеріп, практикалық дағдысы артады, жазу мәдениеті жетіледі.
Стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді таңдап -талғай білуге, айтылатын ойды сөйлем арқылы толық бере білуге бағытталады:
1) берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика- семантикалық топтарға, қайсысы қандай стильдік тармақтарға жатады. Мысалы, балалар - балдар, тыныш- тиыш, бала- балақай, қыз -қызалақ т. б.
2) стилистикалық ұғымды оқушыларға кеңінен түсіндіріп, ғылыми, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерімен таныстыру.
Ал орфографиямен байланысты жүргізілетін жаттығулардың өзіндік орны, ерекшелігі бар. Өйткені оқушылар сөз байлығын игерумен бірге оның дұрыс жазылуын да саналы түсіну керек. Ол үшін оқушылардың сөз қолдану, жазу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізгені жөн:
1) мына сөздердің түбірлес варианттарын жазып, түсіріліп жазылатын дауысты дыбыстар ережесін түсіндір. Ұры(ұрлық), орын (орны), құлып (құлпы), көрік (көркі) .
2) мына сөздерді сыңарларымен салыстырып, мағыналас немесе өзге сөз екенін түсіндір: қан- хан, қат- хат, кәрі- қария, ары- әрі, білік- шілік, қас- хас.
3) берілген сөздерге түбірлес сөз тауып, дауыссыз дыбыстардың өзгеруін түсіндір: жап- жуып, тап- тауып, теп- теуіп, көбік -көбігі, парақ- парағы, тарақ- тарағым
4) берілген түбірлес сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшелікті түсіндір, түбірлес сөздердің лексикалық мағынасын ажыратып бер: жұмыс -жұмысшы, ас- асшы, дос- достық.
5) омонимдес сөздердің түбірін тауып, әрқайсысының мағынасын аштыру: түстік- түспек, түн -түнек. Әр сөзді қатыстырып жеке жеке сөйлемдер құрастыру, сайып келгенде, лексикалық пысықтау үшін берілетін жаттығулар жоғарыдағы жолдармен әр түрлі жүргізілсе, лексикадан олардың теориялық білімі мен қолдану дағдысын қалыптастыруға, жалпы тіл заңдылығы толық игеріп, өздігінен ойлануға, сөз қолдану шеберлігін арттыруына үлкен ықпал жасайды. Осыдан оқушының лексикадан алған теориялық білімі мен практикалық дағдысы қалыптасады. Мысалы, оқушылар түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуді, тура және ауыспалы мағыналарды сөздіктен тауып, олардың берілу тәртібін түсінеді, синоним зат есімдерді ауызекі, жазбаша түрде қолдану арқылысөздерді орынсыз қайталаудан, қолданудан арылады, сондай- ақ синоним- сын мен синоним жолын үйренеді. Сондай ақ сөздіктер арқылы қай сөздік қай сөзден ауысқанын, көнерген сөзбе, неологизм бе, диалектизм бе, әлде кәсіби сөз бе деген сұрақтарға жауап беріп, олардың қолданылу орнын, көркем әдебиеттегі орнын түсінеді. Жаттығу үшін алынатын дидактикалық материалдарды іріктеуде, жоғарыда айтылғандай, тек лексикалық, грамматикалық мағынаны анықтау мен орфографиялық, стилистикалық мақсаттарды іске асыра отырып, сөз байлығын жоспарлы түрде дамытып отыру көзделінеді. Оқушылардың сөз байлығын арттыруда сөздерді тақырыптық топтармен үйрету пайдалы. Ол үшін оқушыға таныс тақырыптар алыну керек. Мысалы, спорт ойындар, өздері тұратын жердегі шаруашылық немесе мектеп, отбасына байланысты тақырыптар. Тақырыптық топтарға байланысты сөздерді игеру сөз байлығын арттырып қана қоймай, білімдік танымдарын кеңейтіп, тілдерін ұстартады. Белгілі тақырыпта әңгіме өткізуге, шығарма жазуға дайындық жасайды. Тақырып бойынша сөз үйрену, әрине, мұғалімнің басшылығымен, тіпті оқулық үлгілерімен жүргізілуі тиіс. Тақырыптық сөзді жинағанда, деректі зат есімдерге көңіл бөліп, дерексіз зат есімдерді ескерулері мүмкін. Оқушыға тақырыпқа қатысты барлық сөздермен жаттығатындай мүмкіндік жасалынуы тиіс.
Лексикалық тақырыптарды оқытумен байланысты тіл дамытуға арналғанжаттығулар жүйесі үш топқа бөлінеді:
1) лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптар жаттығулар;
2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушыларға өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;
3) Лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары.
Бірінші топтағы жаттығулар лексикалық тақырыптардың қатысына қарай бөлінсе, екінші топтағы жаттығулар- ойын жаттығулары, лексикалық перфокарта, суретпен жұмыс жатқызылады, үшінші топтағы жаттығулар қатарына еркін диктант, тілдік тапсырма бар мазмұндама, тілдік тапсырма бар шығарма топтастырылады.
Лексикалық тапсырмалар
1. Сөз оның мағынасы (тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер)
Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз.
Терең (өзен, білім, ой), қатты (сөз, құрт), қара (көйлек, жұмыс, су, өлең, ниет), жұмсақ (адам, мінез, орындық)
- Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
Қанат- құстар мен шыбын- шіркейлердің ұшып -қонатын дене мүшесі. Мысалы: Алдымен алты қанат ақ орданы тігуге кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық.
Көз- адамның дене мүшесі, көруге арналған. Мысалы: Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Жұмыстың көзін тапсақ тез бітірер едік.
- Ыстық, ауыр сөздері қай мағынада қолданылған?
Марат ауыр жүк көтерді
Ол сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі
Дастарханға ыстық тамақ та келді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz