ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ


КІРІСПЕ
Қай кезде болмасын адамдар үшін объектілердің географиялық орналасуы мен кеңістіктегі орнын анықтап, білу маңызды болған. Мысалы, алғашқы адамдар үшін өздерінің аулайтын жан-жануарларының қай жерде мекен ететін білуі немесе алғашқы зерттеушілердің өмірі олардың географиялық білімдеріне байланысты болды. Сол секілді заманауи қоғам да кез келген объектінің кеңістіктегі орнын білу негізінде өмір сүруде. Карталар мен кеңістік туралы мәліметтер арқылы жаңа ашулар болып, сауда-саттықтың дамуына минималды 3000 жылдың көлемінде өз септігін тигізуде. Карталар қоғамның даму тарихын бейнелі түрде көрсететін аса құнды құжаттың бірі болып табылады.
География туралы білімдерімізді жиі күнделікті өмірде керек көшені іздегенде немесе төте жолды есептегенде қолданамыз. Кеңістіктік мәліметтер бізге ауылшаруашылық өнімдер мен өндірістік тауарларды пайдалануда, электрэнергиясы мен жылуды өндіруде пайдасын тигізеді.
Соңғы 30 жылдың көлемінде адамзат үшін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) атты құралдың интенсивті дамуы географиялық білімді терең дамытуға мүмкіндік берді. Геоақпараттық жүйелер кеңістіктік мәліметтерді жинау мен өңдеуде таптырмас ыңғайлы құрал болып табылады. Геоақпараттық жүйелердің компоненттері кеңістіктік мәліметтерді заманауи сақтауды, алдыңғы қатарлы телекоммуникациялық желілерді, жақсартылған есептеуіш техниканы қамтиды.
Өміріміздің басқа да аспектілері секілді, соңғы 50 жылда кеңістіктік мәліметтерді жинау мен пайдалану процесі өте қатты трансформацияға ұшырады. Оның себебі ретінде микроэлектрониканың дамуын қарастыра аламыз. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен геоақпараттық жүйенің аппраттық платформасы - бұл соңғы үш онжылдықта болған аса қатты қарқынмен дамып, тоқтаусыз дами түсетін технологияның нәтижесі.
Геоақпараттық жүйелер мен кеңістіктік зерттеулер жергілікті аймақтың рельефінің ерекшелігі мен өзіне тән қасиеттеріне тікелей байланысты. Алайда географиялық объектілердің тек локалды деректері ғана емес, сонымен қоса, оның көлемі, судың сапасы мен балықтар түрі, оның ағу жылдамдығы секілді қасиеттері қоса тіркеледі. Шынымен де бұл қасиеттер объектінің кеңістіктік орналасуына тікелей қатысты. Сол себепті де геоақпараттық жүйелер осы ерекшеліктерді талдап, оны бейнелеуде таптырмас құрал болып табылады.
Бүгінгі күні, ХХІ ғасыр- ақпараттық технологиялардың ғасыры. Сол себепті біздің өміріміздегі кез келген оқиға, кез келген процесс автоматты жағдайға көшіріліп, дерек көзіне айналып, белгілі бір жүйеге келтіріліп, «компьютер» деген машинаның өңделуіне түсуде. Бүгінгі күннің өткен күннен ерекшелігі шикізат пен материалды ресурстарды пайдалануға негізделген индустриалды экономикадан, басты ресурс ақпарат болып табылатын информациялық экономикаға өтуінде болып отыр. Ғалымдар, информатика мамандары, коғамдағы ақпарат рөлінің алатын орны ерекше екендігін бір ауыздан мойындап отыр. Ақпарат қоғамдағы қоғамдағы кез келген орны алып жатқан жағдайларды анықтайтын шешуші факторға айналуда. Ол экономиканың, бизнестің стратегиялық ресурсы болып қалыптасып келеді.
Қоршаған ортада әрдайым ақпараттар легі сарқылмай, белгілі бір жүйеде орын алады. Уақыт ағымының өтуіне байланысты сәйкесінше өзгеріп отырады. Сондықтан кез келген ұйымда, кіші немесе үлкен, нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында мәліметтерді басқару мәселесі туындайды. Кейбір ұйымдарда қағазбастылыққа байланысты деректер папкалар мен файлдарда сақталады, көпшілік ұйымдар компьютерленген, автоматтандырылған мүмкіншіліктерге сүйенеді. Қазірге кезде қаржы ұйымдары, сауда-саттық, қаржы ұйымдары және т. с. с. ұйымдардың деректер қорынсыз жұмыс атқаруы мүмкін емес.
Жерге қатысты ғылым салаларында жиі өтетін өзгерістерге байланысты ақпараттар қорының ауқымы өте кең болып табылады. Осыған дейін зерттеушілердің жинаған деректері мен құжаттарға қол жеткізуі қиынға түсті, оған көптеген қаржылық, арақашықтық, жеке тұлғалық және т. б. себептер әсер етті.
Алайда, ұлттық ақпараттық торларды тиімді және ұтымды пайдалануы үшін белгілі бір жүйе жасалды. Ол жүйеде жерге қатысты барлық мәліметтер жиналып, уақыт өтуіне байланысты өзгеріске ұшырап, қайта өңдеуге, тұжырым жасай отырып, өңделген материалдарды шығаруға мүмкін болды. Яғни қоршаған ортада болып жатқан, жерге қатысты мәліметтерге анализ жасап, мониторинг жүргізуге мүмкіндік туды.
Осыған байланысты осындай жүйе ретінде, техниканы және өндірісті қамттын геоинформатика ғылымы пайда болды. Бұл ғылым саласында геоақпараттық жүйелер құрылып, сақталып, таратылып отырды. Ол жүйе геоақпараттық жүйе(ГАЖ) деп аталды.
Диплом жұмысының мақсаты: Геоақпараттық технологиялардың мемлекеттік жер кадастрын жүргізу барысындағы тиімділігін көрсету.
Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасыр техника мен жасанды интеллектінің дамыған кезеңі. Сол себепті көптеген салаларда жұмысты автоматтандыру маңызды болып отыр. Атқарылатын жұмыстар ретін автоматтандыру мақсатында геоақпараттық жүйелер мен геоақпараттық технологияларды әр салаға енгізу маңызды болып табылады. Әсіресе, табиғи ресурстарды зерттеп, болжап, мониторинг жүргізуде геоақпараттық технологиялардың тигізетін әсері зор. Диплодық жұмыста Мемлекеттік Жер Кадастрын (МЖК) жүргізуде геоақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі ашып көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, 7 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫ ЖҮЙЕСІ
1. 1 Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу
ережесі
Қазақстан Республикасының жер кадастрлық заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры жүзеге асырылатын ортақ қабылданған принциптер бар.
Біріншіден, Мемлекеттік жер кадастрының (МЖК) бүкіл Қазақстан Республикасының аймағында бірегей жүйе мен технологиялар негізінде жүргізіледі. Ол бүкіл ел аумағындағы жер телімдерінің ғана емес, сонымен қатар субъектілердің де бірегей әдіс пен келісімдердің, жер кадастры жүйесінің ақпараттары мен құжаттарының да бірыңғай негізде жүргізіледі. Бұр принцип жер кадастрын жүргізуде ерекше аймақтарда қолданылады.
Екіншіден, Мемлекеттік жер кадастрынына жер телімдерінің өзгерістерін үздіксіз енгізіп, тіркейді. Жер қорында үнемі болатын жер қатынастарын қайта ұйымдастыру, жеке меншікті қалыптастыру, жерді пайдалану мен иелену, мемлекеттік жер қорындағы жер телімдерінің сапалық және сандық өзгеруі, сондай-ақ оның санатының өзгеруі секілді өзегрістерді үнемі жүйеге енгізуді қамтиды. Сол себепті де жер кадастрын жүргізуде оның үздіксіздігін, жүйелілігін, периодтылығын қамтамасыз ету қажет.
Үшіншіден, Мемлекеттік жер кадастры деректерінің қолжетімідлігі. Жер кадастрының мәліметтері заңды және жеке тұлғалар үшін максималды түрде қолжетімді болуы тиіс( мемлекеттік құпиядан басқа) . Ол заманауи есептеуіш техника мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, көпке түсінікті түрде болуы тиіс. Жер кадастры мәліметтерін жер кадастры мәліметтер базасын қалыптастыратын ұйымдар мен ведомствалар да қолдана алады. Кейбір деректер жабық түрде болуы мүмкін. Осындай сақтық шараларының негізінде жер-кадастрлық ақпаратты пайдаланушылар мен жер кадастры мәліметтерін санкцияланбаған қолданыстан, жойылып кетуден, өзгерістен сақтайды.
Төртіншіден, Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің басқа да мемлекеттік және өзге де кадастрлармен реестрлермен ақпараттық ресурстармен сәйкестігі. Бұл принцип әр түрлі кадастрлардан табиғи ресурстар туралы ақпараттарды жинауда бір әдіспен бір қалыпты толықтығымен, детальділігімен өтуін қамтамасыз етеді. Осының негізінде кадастрлық деректерді бір жүйеге келтіруге болады[1] .
Жоғарыда аталған ұстанымар( принциптер) Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудегі бастыларының бірі болып табылады. А ймақтық деңгейлерде бұл ұстанымдарды жеке ұстанымдарымен толыруына болады:
-Мемлекеттік жер кадатстрын жүргізуде деректер базасында(ДБ) қалыптасқан мәліметтерді пайдалану;
-деректер базасын жүргізуде әдісінің дәйекті болуы;
-жер кадастры мәліметтерін электронды тасығыштарда, қағазда құжаттарын жүргізу;
-жер-кадастрлық құжаттарды (жер-кадастрлық карта, жер-кадастрлық істер және т. б. ) үнемі сақтау(мәңгілік) .
1-сурет. Кадастрлық жұмыстар реті ( автор құрған)
Кадастрдың картографиялық негізі болып - жер-кадастрлық карталар табылады, олар жер телімдеріне қатысты барлық өзгерістер мен деректерді қамтуы тиіс. Жер-кадастрлық картаның масштабы Кадастрдың жүргізілу деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады. Кадастрды автоматты жүргізу барысында картографиялық негізі геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электронды түрде жүргізіледі және қағазда көшірмелері болуы тиіс.
Жер телімдеріне қатысты өзгерістер жергеорналастрыру жұмысы барысында алынған деректер негізінде жүзеге асады және шекарасының өзгеруі немесе жер пайдаланулардың аудандары өзгеруі жүйелі түрде жаңартылып отырады.
Жер телімінің шекарасы мен жер-кадастрлық іс қозғалса заңды түрде қалыптасқан болып табылады. Жер-кадастрлық іс - жер телімінің қалыптастырылғандығын дәлелдейтін, жер теліміне қатысты мәліметтерді қамтитын іс.
Жер телімін жеке меншікке беру барысында, бірінші реттік жер-кадастрлық істі қалыптастыруда осыған дейін жеке меншікке немесе пайдалануға жеке және заңды тұлғаларда болған жағдайда, аймақтық жер ресурстарын басқару органдарына өтініш жазу негізінде жүзеге асырады. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжат, жер теліміне құқығын дәлелдейтін құжат немесе атқарушы органдардың шешемі негізінде алынған жер телімінің сызбасы болуы тиіс. Жер ресурстарын басқару органдары аталған құжаттарды тексеріп, арнайы мамандандырылған ұйымға тексеріске жібереді. Ол мамандар, яғни кадастр, осы құжат негізінде жер телімінің осы аймаққа тиесілілігін тексереді. Тексеріс барысында қандай да бір өзгеріс болған жағдайда, шекарасының өзгеруі, ауданының өзгеруі, мақсатты пайдалануының өзгеруі секілді өзгерістер анықатлса, жергілікті атқарушы органдар осы элементтерді құжатта көрсетуі тиіс[2] .
Өзге жеке тұлғада немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі жер телімдерінен жер телімін қалыптастыру екі жақты келісім негізінде ғана жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі жер телімін мемлекеттік қажеттілік үшін қалыптастыру барысында соттың шешімі мен жер -кадастрлық іске өзгеріс енгізіле отырып, жаңа жер телімін қалыптастыру жұмысы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімі алынғанда немесе азаматтар арасында келісім негізінде қалыптасқан жер теліміне жаңа жер-кадастрлық іс қалыптастырылмайды. Жаңа жер телімін қалыптастыру негізіндегі барлық құжаттар және жаңа кадасрлық іс осыған дейін қалыптасқан жер-кадастрлық іске қосылады.
Мәжбүрлі түрде алынған немесе тәркілеу барысында алынған жер телімдерінің құжаттары заңды-атқарушылық өндірістік құжатқа енгізіледі.
Қалыптасқан жер-кадастрлық істер жер телімінің жер-кадастрлық кітабын қалыптастырады.
Жер-кадастрлық кітап -жер теліміне қатысты дәйекті деректерді қамтитын (кеңістіктік мәліметтер, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтер) құжат болып табылады. Жер-кадастрлық кітабы бар жер телімінің өзіне ғана тән, қайталанбайтын, индивидуалды кадастрлық номер беріледі. Осы номер негізінде жер-кадастрлық іс, жер-кадастрлық құжаттар қалыптастырылады. Кадастрлық номерды қалыптастыру арнайы ережерлер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асады.
Жер-кадастрлық карта жер телімінің орналасқан орны мен көлемін, шекарасын, біріктіріліп немесе бөлінгендігін визуалды түрде бейнелеуге негізделген. Жер-кадастрлық карталарды жүргізу арнайы қалыптасқан ережелерге сәйкес жүзеге асады.
Кадастр қағаз тасығыштарда ғана емес, сондай-ақ электронды жинау, өңдеу, сақтау негізінде де жүргізіледі. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арнайы мамандандырылған техникалық-бағдарламалық кешенде жүргізіледі. Оның функционалды қызмет етуі арнайы орталықтандырылған жер ресурстарын басқару органдарының басқаруымен жұмыс жасайды.
Жер-кадастрлық құжаттар мына талаптарға сай болуы тиіс:
-реквизиттары бар арнайы бекітілген бланкілерде жүргізілуі тиіс (органның, ұйымның, мекеменің атауы, күні, құжаттың номері, адресат) көрсетілуі тиіс;
-жер телімдерінің планын (сызбасын) дайындау арнайы бекітілген жер ресурстарын басқару бойынша құзырлы органдардың техникалық талаптарына сай жүргізілуі тиіс;
-жер телімінің планында (сызбасында) көрсетілген мемлекеттік құпияға жататын объектілер арнайы бекітілген шарттар негізінде құпия болып қалуы тиіс.
Кадастрлық есепке алынатын жер телімдеріне Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан барлық жер телімдері ( жер теліміне меншік формасына, мақсатты пайдалануына қарамастан) жатады. Жер телімдерін кадастрлық есепке алу олардың орналасқан орны бойынша бір тәсілмен жүзеге асады.
Жер телімінің сапасы мен санын есепке алу оның жағдайы мен пайдаланылуына сәйкес болады. Барлық өзгерістер болғаннан кейін ғана, есепке алынады. Әр жер телімінің деректері жер-кадастрлық кітапта сәйкесінше есепке алынады.
Есепке алу деректері жер телімдеріне, жергілікті аймаққа, аудандарға, облыстарға, астанаға, республикалық маңыщы бар қалаға, жалпы республика аймағына сәйкес жүзеге асады. Соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи-тарихи объектілері ерекшеленеді.
Есепке барлық жер телімінің категориялары алынады және жер пайдаланудың барлық түрі боойынша жүзеге асады. Көлемі, мөлшері, орналасқан орны туралы деректер бірінші реттік есепке алу жұмысы барысында анықталады, ал өзгерістер ағымдағы есепке алу жұмыстарында анықталып, көрсетіледі.
Кадастрлық мәліметтерді жаңарту және анықтау мақсатында:
1) жер телімдерінің иелері, жер пайдаланушылар, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын жер ресурстарын басқару бойынша құзырлы органға жер телімінің жағдайы мен пайдалануы бойыншадеректкерді, жер теліміне қатысты орын алған барлық өзгерістерді 1 қарашаға жылдық есеп береді;
2) жер ресурстарын басқаруы бойынша құзырлы органдар аймақтық жер телімдері бойынша есеп дайындайды. Ол жылдық қорытынды есепте мына мәліметтер көрсетіледі:
-ауылшаруашылық жер телімдерінің бар-жоғы, орын алған өзгерістер, жер телімдерінің санаттар бойынша бөлінуі, сондай-ақ жер телімдерінің сатылуы туралы деректер көрсетіледі;
- 5 жылда бір рет жер телімдеріне қатысты алымдардың жүргіщілуі, жер санаттары юойынша категорияларына сай бөлінуі, аудандарының өзгеріуі секілді деректер көрсетіледі.
Жер телімінің сапасын есепке алу мен кадастрлық құнын анықтау мына мақсаттар үшін жүргізіледі:
-жер телімінің мақсатты пайадаланылуы мен оның өнімділігін анықтау үшін;
-жер телімін жеке меншікке сату барысында құнын анықтау үшін;
-салық салу көлемін анықтау үшін;
-мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін жеке меншік иелерінен сатып алу кезінде құнын анықтау үшін.
Жер телімінің сапасы мен кадастрлық құны жер-кадастрлық кітапа әр жер теліміне сәйкес көрсетіледі.
Жер телімін есепке алу мен оның үстінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілері де міндетті түрде тіркелуі тиіс. Жер телімін есепке алу кезінде мына мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
-жер телімінің иесі немесе пайдаланушының аты-жөні;
-жер телімінің ауданы;
-жер телімінін пайдалану мақсаты;
-жер теліміне қатысты ауырпалықтар мен сервитуттар;
-жер телімінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;
-жер телімінің кадастрлық номері;
-жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектісі.
Әр жер теліміне жер және құқықтық кадастрға сәйкес өзіне тиесілі кадастрлық номер беріледі. Жеке және заңды тұлғалар жер теліміне кадастрлық номерді алу үшін немесе жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектісі үшін кадастрлық номер алу үшін жергілікті жер ресурстарын басқару бойынша органдарға өтініш жазуы тиіс[3] .
Өтінішке жер теліміне құқығы, жер телімінде орналасқан объектіге құқығы, жер телімінің планы секілді құжаттар көшірмелерімен бірге берілуі тиіс.
Жер теліміне идентификациялық жұмыстар жүргізу барысында оның жер телімін анықтап алуы тиіс, ауыртпалықтар көрсетіліп, пайдалану мақсаты анықталады. Сонда й-ақ, жер-кадастрлық кітапта жер теліміне кадастрлық номер беру бойынша жазбалар көрсетіледі.
Кадастрлық номер облыс немесе республикалық маңызы бар қаланың коды, аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың коды, квартал коды мен жер телімінің кварталдағы реттік номері бойынша анықталады. Ол 11 саннан тұрады. Егер квартал ішіндегі жер телімінің реттік номері 999 болса, онда келесі жер телімінің номері 4 санды номер болады.
Жер телімі біріктіріліп немесе бөлінген жағдайда еске кадастрлық номер жайылып, жаңа кадастрлық номер беріледі. Жер телімінің иесі өзгерген жағдайда кадастрлық номер өзгертілмейді.
Жер кадастрының пайдаланушылар болып мыналар табылады:
-мемлекеттік басқару органдары - территорияны жоспарлау бойынша мәселелерді, жерді зоналау, табиғи ресурстарын рационалды пайдалану бойынша және басқа да жер ресурстарына қатысты мәселелерді қарастырады;
-жылжымайтын мүлік объектілері мен онымен жасалатын келісімдерді тіркеуді жүзеге асыратын құзырлы облыстық мемлекеттік органдар;
-мемлекеттік статистика саласындағы органдар;
-жобалық, ізденіс, ғылыми-зерттеу ұйымдары - жобалық-ізденіс және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін ағымдағы деректерді алу бойынша мәселелер;
-архитектуралық-қала құрылысы саласындағы құзырлы органдар - мемлекеттік қала құрылысын жүргізу бойынша мәселелер мен қала құрылысын жүзеге асыру үшін құжаттарды дайындау;
-қоршаған ортаны қорғау бойынша құзырлы органдар - табиғи ресурстарды пайдалану бойынша, қоршаған ортаның қазіргі жағдайы туралы деректерді алу;
-салық салу органдары - жерге салық салу бойынша мәселелерді қарастырады;
-басқа да жеке және заңды тұлғалар.
Белгілі бір жер телімінің кадастрлық мәліметтерін қағаз немесе магнитті тасығыштарда берілуі мүмкін, сондай-ақ кадастрдың санкцияланған деректер банкінен техникалық немесе телекоммуникациялық құралдар арқылы тіркелген жерінен ала алады.
Жер телімі туралы мәліметтер жер-кадастрлық картамен сәйкестендіріледі. Мемлекеттік құпия болып табылмайтын жер телімінің кадастрлық мәліметтері, жалпыға қол жетімді, яғни кез келген жеке және заңды тұлғалар сұраныс жасау арқылы пайдалана алады. Мемлекеттік органдар кадастрлық мәліметтерді арнайы сұраныс жасау немесе рұқсатнама жазуды қажет етпейді.
Кадастрлық мәліметтерді алу режимі немесе мәліметтерді дұрыс болмаған жағдайда заңды актлерге сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiр беру жер учаскесiне меншiк құқына және тұрақты жер пайдалану құқына акт жасау кезiндегi жұмыстардың барысында жүргiзiледi.
Жергiлiктi атқарушы органның уақытша жер пайдалануға бөлiнген жер учаскесi нақты түрде белгiленедi және жалдау шартын жасау жөнiнде жұмыстардың барысында кадастрлық нөмiр берiледi [3] .
Барлық жер учаскелерiне меншiк құқығы, жердi тұрақты немесе уақытша (бiр жылдан аса мерзiмге) пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне ауысқан жағдайда жер учаскесiнiң кадастрлық номерi ауыстырылмайды.
Азаматтарға немесе заңды тұлғаларға аталған құқықтарда бұрын берiлген жер учаскесiнiң шекарасын айқындау жаңа жер учаскесiнiң пайда болуы ретiнде қаралмайды және оның кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
Егер есептегi кварталға жедел код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, осы кварталдың iшiндегi жер учаскелерiне уақытша кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды кадастрлық нөмiрдiң нақты есептi кварталдың шартты берiлуiн көрсетуге тиiс "9" санымен басталады. Есептi кварталдық заңды статусын одан кейiнгi анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсету арқылы оған нағыз код берiледi.
1-кесте. Алматы облысының кадастрлық номерлері (Алматы облысы әкімінің арнайы ресми сайтынан алынған)
1-кестенің жалғасы
Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi Мемлекеттiк кадастрлық кiтапқа енгiзiледi және ол есептi кварталдың кадастр картасына қойылады.
Жер учаскесiнiң орнын көлемiн және шекараларын көрсетудiң көрнектiлiгiн және олардың шұғыл түрде есебiн алуды қамтамасыз ету мақсатында кадастрлық карталар (сызбалар) сериясы бақылау жағдайында құрылады.
1. 2 Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі
Жер телімдеріне жеке меншік жобалық экономикадан нарыққа өткен кезде жер кадастрын жүргізу тәртібінің де өзгергені белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz