Шығармашылық қабілеттіліктерді дамытумен


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Шығармашылық қабілеттерді дамытудың теориялық және әдістемелік негіздері . . . 5Шетел тілін оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері . . . 5XXI ғасыр дағды ретінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға ынталандыру . . . 10
  1. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары . . . 26

2. 1 Ағылшын тілі сабағында заманауи технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту . . . 26

2. 2 Оқушылардың шығармашылығын дамыту әдістерінің тиімділігі . . . 36

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 50

Кіріспе

Кез келген елдің басты мақтанышы ол - инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын қазіргі заманға сай білімді тұлғалар. Сондықтан да, бүгінгі күні мектеп бағдарламасында оқушыларды шығармашылық қабілетін дамыту үлкен маңызға ие болып отыр.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қашанда педагогтар мен әдіскерлердің назарындағы нысан болған. Психологтар шығармашылықтың дамуын- жеке тұлғаны қалыптастырудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырып келеді, себебі шығармашылықтың көрінісі қайталанбайтындылық және бірегейлікпен ерекшеленеді.

Осы зерттеу жұмысының тақырыбы оның терең зерттелуі және мектептерде тәжірибелік қолданылуы үшін маңызды болып келеді. Оның өзектілігі қазіргі кезде түсінікті болып келеді. Мектептегі білім беру процесінің негізгі мақсаты- оқушылардың оқу барысында ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендірек етіп, бойында шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту. Оқушыларды шығармашылық қабілеттердің құралуы білім алушылардың шығармашылық, аналитикалық, логикалық ойлауы; эмоцианалды түрде образдарды елестете алуы; нәтижені алдын ала болжауы; проблеманы тез, әрі стандартты емес шешу жолдарын табу; проблеманы шешудің түрлі жолдарын қарастырып, ең дұрысын таңдау секілді компоненттерге сүйенеді. Бұл дегеніміз, оқушылар болашақ жұмыс орнында креативтілікпен шығармашылығының арқасында түрлі жаңа идеялар мен ғылыми жаңалықтар ашуға бейім болады деген сөз.

Зерттеу жұмысының мақсаты - ағылшын тілі сабағындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Ағылшын тілін оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері бойынша шығармашылықтың маңыздылығын көрсету;
  • Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытудың түсінігі мен принциптерін зерттеу;
  • «Шығармашылық қабілет», «шығармашылық» ұғымдарын анализдеу, сондай-ақ, олардың ең маңыздысын анықтау;
  • Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға қажет заманауи технологияларды қарастыру.

Зерттеу жұмысының нысаны: білім беру мекемесіндегі ағылшын тілін оқытуда шығармашылық қабілетін дамытуға қолданылатын әдістер.

Зерттеу жұмысының пәні: ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу процесі.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Ағылшын тілінің грамматикасын дәстүрлі әдіспен оқытуда бала тез жалығып, ағылшын тілін оқуға деген құлшынысынан айрылады, сондықтан да осы оқушылармен жаңашыл және ерекше әдістер арқылы сабақтарды өткізу баланың ағылшын тіліне деген қызығушылығын көтеріп қана қоймай, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Теңдіктің сезімі, әуесқойлықтың атмосферасы балаларға жасқаншақты, ұялшақтықты жеңуге, тілдік кедергіні, шаршағандықты жеңуге, өз идеясын іске асыруға, шығармашылығын танытуға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негіздері психологиялық және педагогикалық әдебиеттер, заманауи мектеп бағдарламасына сәйкестендірілген шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрылу схемасы ағылшын тілі мамандарын дайындауда қолданыла алады.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы: зерттеу материалдарын жалпы орта мектептерде, гимназияларда, және де ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныптарды оқытуда мұғалімдерге қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: зерттелетін тақырып бойынша психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді зерттеу; зерттелетін мәселенің аспектісінде психологиялық- педагогикалық тәжірибені зерттеу; педагогикалық процесті, әңгімелесуді, сауалнаманы, эксперименттік зерттеуді, тестілеуді, сұрауларды бақылау.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Пальмер Г., Рахманов И. В., Маркова А. К., Каргин А. С., Выгодский Л. С., Коган Л. Г., Рахматуллина Ф. М., Махмұтова М. И., Томахин Г. Д., Базарбаева З. М., Шахматова М. А., және т. б ғылыми жұмыстары пайдаланылды. Барлық дереккөздер пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген.

Зерттеу жұмысының құрылымы : зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Шығармашылық қабілеттерді дамытудың теориялық және әдістемелік негіздері

Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешуге қажетті талаптар тысына шығатын жоғары формадағы ойлау түрі. Ойлау процесінде үстемдік еткен жағдайда, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілдерінің компоненті болып тұрып, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс- әрекеті деңгейіне дейін көтере алады.

Шығармашылық психологияда ерекше проблемаларды қарастырып, шешуге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Бірегей, стандартты емес шешім шығару кезінде, адамның шығармашылық ресурстары - психологиялық дайындық және білім мен дағдылардың жеткілікті деңгейі. Егер бұл қасиеті болса, онда адамға стандартты емес ойлауға және құрылымдық схемалардан алыстауға болады.

1. 1 Шетел тілін оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ тек оқушылардың білім мен тәрбие алуын қамтамасыз ете қоймай, бұл педагогикалық структурасының процессі болып табылады. Оқу процессіне кіретін өнегелік, сондай-ақ, оның негізгі принциптері мен әдістері, сондай-ақ оқыту амалдарының шартты айқындауының болуы мен дұрыс шешімді қабылдай алуына алып келеді, сондай-ақ, тікелей сабақ барысында алынатын білімдерді шынайы өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Әрбір сабақ ондағы мақсаттар мен міндеттерді қойып, оны шешуге өз үлесін қосады. Сабақтың мақсаты белгіленген оқу материалындағы бөлімдерді қамтитын жоспарға жету болып табылады.

Сабақ - оқытуды ұйымдастырушы форма ретінде, білім беру мекемелерінің маңызды бөлшегі болып табылады. Сондықтан да, жақсы сабақ өтудің маңыздылығы зор, және ол оңай бола бермейді. Себебі, әрбір сабақ жоспарын мектеп программасына сай құру, және оны іске асыру қажет. Алайда, бүгінгі күні сабақты ескіріп, озық-тозығы жеткен әдіс-тәсілдермен сабақ өту, заманауи гаджеттер мен заманауи тенденцияның тауарларын қолданып жүрген мектеп оқушылары үшін мұндай сабақ ұнанымсыз, кейде тіптен іш пыстырарлық болуы да ғажап емес. Ал мұндай оқу атмосферасында оқушылар өз креативтілігін, жеке характері мен шығармашылығын танытуы қиын. [1, 178 б. ] .

Елімізде үш тілділік қазіргі оқу трендіне айналуда, сондықтан да, ағылшын тілін оқып меңгеру оқушылар үшін басым түрде болып келеді. Шетел тілін меңгеру барысында бүгінгі заманның балалары жаңа мәдениетпен, әдебиетпен, және менталитетпен танысатын болады, ал бұл жағдайда оларға шығармашылық қабілеттің танымдық компоненті эмоцияналды түрде образдарды елестетуі олардың шығармашылық ой танымын ұлғайта түседі.

Ағылшын тілі сабағының педагогикалық және психологиялық негіздері, сабақтың дұрыс, әрі қойылған мақсатына жетерліктей болатын, және оқушыларға түсінікті болуға жеткізетін процесс болып табылады. Ағылшын тілі сабағы басқа оқытылатын пәндерге қарағанда өзінің ерекше спесификасына ие, мысалы, пәннің ең негізгі зерттеу мақсаты оқушылардың коммуникативтік компетенциясының жетілдіру. Шетел тілі пәнінің қазіргі таңдағы басты прогресивті мақсаты басқа мәдениеттермен араласу және контакт құру, сондай-ақ, олардың арасында диалог орнату. Бұл мақсат өз нысанасына мәдениетаралық және халықаралық байланыс қалыптастыру арқылы ғана жете алады. Осының салдарынан коммуникативтік тапсырмалардың базасына негізделген оқыту, қажетті тапсырмалар түрі мен түрлі амалдар қолдану арқылы шетел коммуникациясына үйрету, заманауи шетел тілі сабағының айырықша ерекшелігі болып табылады. [2, 98 б. ] .

Шеттілділік коммуникация сөйлеу әрекетін тірек етеді. Бұл денгеніміз сабақ үстіндегі қарым-қатынас сөйлеу дағдысына сүйеніп, шынайы немесе ойдан құрастырылған тапсырмаларды шешуде социалды қарым-қатынас жағдайында іске асады. Коммуникацияға дағдыланған ағылшын тілінің оқыту әрекетінің мәні білім берудегі гуманистік тәсілдің шартында жүзеге асады. Бұл жағдайда, белсенді және еркін тұлғаны қалыптастыруға оңтайлы жағдай құрылады. Жалпылай келгенде, бұл шарттар мынаған саяды:

  • Білім алушылар өз ойын, өз болмысын, эмоциясын және комммуникациядан алған әсерін еркін көрсете алады:
  • Әрбір оқушы коммуникация барысында өзге сыныптастарымен араласады;
  • Оқушылар қарым-қатынас барысында жағымды емес тәжірибеден, сынаудан және қателіктері үшін сөгіс естуден құтылады.

Оқытудың гуманистік тәсілін қолдану барысында білім алу процесіне кедергі жасайтын кейбір танымдық барьерлер жоғалып кетеді. Мұндай тосқауылдар балалардың ынтасын жоғалтып, тіптен тітркеніп отыруына алып келуі мүмкін. Балалар ынтасыз, ашулы күйінде шығармашылығын мүлде таныта алмай қалады.

«Педагогикада шығармашылықтың маңызы - баланың, оқушының, өсіп келе жатқан ғалымның құдай берген дарынын сөндірмеу, олардың рухындағы жұмбақ поэзия гүлінің жайнап өсуіне тосқауыл қоймау», - деп орыс әдебиетінің шебері Лев Толстой айтқан.

Шығармашылық дағды мен қабілеттердің дамуы - оқу бағдарламасының ең маңызды нысандарының бірі, әсіресе бастауыш сыныптардың. Өйткені дәл осы бастауыш мектеп партасында баланың бойында құндылықтар жиналып, оның шығармашылықты танытуға деген қызығушылығы ашылады. Бұл мәселе басты жолмен білім берудің гуманистік бағыты арқылы жүзеге асады. Ал ол өз кезегінде жеке тұлғаны қалыптастыру мен бойындағы дарыны мен талантын, оның шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесіндегі кемшілік, шығармашылықты дамытуды қолға алынбағандығы. Шығармашылықты дамыту өз кезегінде балаларды сыни ойлауға үйретіп, творчествалық және өздігінен дамуына қол ұшын беріп, бірегей, өз пікірі мен принциптері бар, еркін әрі сыни ойлай алатын тұлғаны қалыптастыруға көмек береді.

Шығармашылық дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін, педагогика, психология және философия ғылымдарында көрсетілген әртүрлі көзқарастарды қарастыру қажет. Төменде бірнеше авторлардың осы сұраққа тұжырымдамасы берілген.

Теплова Б. М. -ның ойынша: «шығармашылық қабілет - бұл арнайы индивидуалды-психологиялық ерекшеліктер, яғни, бұл айрықшылықтардың көмегімен бір адамды басқа адамнан айыра алуы, және олардың әрқайсысы қандай да бір іс-әрекет барысында жасайтын өзіндік әдіс-тәсілдері мен қабілеттеріне ие болуы арқылы ажырата алуыға септігін тигізеді». [3, 216 б. ] .

Бұл мәселе жайлы Шадрикова В. Д. өз көзқарасын ұсынған: «шығармашылық қабілет - қандай да бір іс-әрекет жасау барысындағы жеістікке жету және оның жолдарын көрсететін индивидуалды түрдегі өлшемін бар, бөлек психикалық функцияларды орындайтын, функционалды системаның қасиеті». [3, 224 б. ] .

«Шығармашылық қабілет түрлі өмір салаларында адамның шығармашылыққа деген қабілетін көрсететін жеке қасиеттің қаншалықты күрделілігін анықтайды. Бұл жоғарғы деңгейдегі қызығушылық, интеллектуалды белсенділік, өзін-өзі танымдық әрекеті», - деп Большакова Л. А. ұсынған. [3, 232 б. ] .

Педагогикалық энциклопедияда берілген шығармашылық қабілеттің педагогикалық анықтамасы - жұмыс барысында адамдар өздігінен білімділік, біліктілік, икемін қолданып, бірегей, біртума зат немесе идеяны ойлап табуға қабілеті деп анықтайды.

Философия ғылымын тұрғысынан қарағанда, шығармашылық қабілеттер елестете алу, бақылау, ерекше ойлау секілді қабілеттерінен тұрады.

Зерттеу жұмысының нысанына байланысты көптеген қызықты ғылыми көзқарастар бар. Шығармашылық қабілеттер мәселесімен көптеген психологтар, философтар және педагогтар айналысқан. Мысалы, олардың қатарында Л. Н. Коган, Л. С. Выгодский, Н. А. Бердяев, Д. С. Лихачев, А. С. Каргин, В. А. Разумный, О. И. Мотков және т. б. жатқызуға болады.

Д. Б. Богоявленскийдің тәсілімен шығармашылық қабілетті анықтау үшін мынадай критерилер қолданылады: [4, 32 б. ] .

- ойлау процессінің шапшаңдығы (идеялардың мөлшері) ;

- ойлау процессінің икемдігі (бір идеядан екіншіге тез ауысуы) ;

- біртумалық (өз идеяларын орындау және іске асыру қабілеті) ;

- білмекке құмарлық, қоршаған ортаға деген қызығулығы;

- фантастикалық ойлауға деген тартылыс.

Т. Г. Богданов өзінің «Диагностика позновательной сферы ребенка» кітабында шығармашылық қабілеттерге келесілерді жатқызған:

- тәуекелге бару қабілеті;

- дивергенттік ойлау;

- ойлау процессінде және физикалық әрекет барысындағы икемділік;

- тез жылдамдықта ойлау;

- өз идеялары мен ойларын айту, жаңалық ашу қабілеттері;

- тірідей елестету;

- қарапайым емес құбылыстарды қабылдау;

- жоғары моральді және эстетикалық құндылықтар;

- жеткілікті деңгейде дамыған интуиция мен дүниені сезіну. [5, 64 б. ] .

Е. Григориенко және Р. Стенберг балалардағы шығармашылық потенциалды дамытуға арналға 12 стратегияны ұсынған. Егер де осы стратегиялар мен принциптерді қолданатын болсақ, олар балалардың шығармашылық потенциалын дамыта ғана қоймай, ұстаздардың да шығармашылық жағынан тәжірибелі және икемді болуына көмектеседі. Сонымен, бұл прициптер мен стратегиялар мынадай:

- оқушыларға өнегелі улгі беру керек,

- егер де бала көпшіліктің сынауынан өз пікірінен күмәнданса, оны қолдау керек;

- қате жіберуге рұқсат ету;

- парасатты тәуекелді қолдау;

- сабақта оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алатындай жағдай жасау;

- оқу материалынын тексерісін, оқушылар өз қабілеттерін таныта аларлықтай етіп тексеру;

- оқушы проблеманы тауып, оны шеше алғаны үшін мақтау;

- шығармашылық идеялар мен олардың нәтижесін мақтау және мадақтау;

- балалардың шығармашылық ойлауына жеткілікті уақыт беру;

- түсінбеушілік пен белгісіздікке шыдамдылық танытуды қолдау;

- балалардың келешектегі шығармашылық жолында болатын түрлі қиындықтармен күресуді үйрету.

«Балалар ертегілердің, әдеміліктің, ойынның, музыканың, суреттердің, фантазиялардың, шығармашылықтың әлемінде өмір сүруі керек. Оның білімге басқан ең алғашқы қадамынан алған әсері, оның бүкіл өмірін анықтайды». В. А. Сухомлинский. [6, 246 б. ] .

Оқушылардың шығармашылық амбициялары мен мақсаттарының шынайы өмірде іске асыру үшін, оқушыны нағыз шығармашылықты танытатын атмосфераға толы арнайы ортаны құрастыру керек. Себебі, балалар психологиясында айтылғандай, дәл осындай ортада тұлғаның моральды құндылықтары мен белгілі бір саладағы таланттары немесе шығармашылық қабілеті дамиды.

Шығармашылық қабілеттер мен икемділікті дамыту бастауыш сыныптарда, әсіресе төменгі сыныптарда келесі шарттарда өте нәтижелі болады:

  • білім беру процесі қиялды қолдануға бағытталған, альтернативті таңдау жасауға болатын тапсырмалардың ұсынылуы қажет;
  • әрбір баланы жекелей дамытуға арналған ортақ шығармашылық әрекетті жасату керек;
  • дамыған шығармашылық ойлаудың технологияларын белсенді қолдану;
  • диагностиканың систематикалық бақылауының іске асуы. [7, 137 б. ] .

1. 2 XXI ғасыр дағды ретінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға ынталандыру

Мұғалімдердің басты міндеті - оқушылардың қабілеттері мен таланттарын табу және ашу, сонымен қатар, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, және қандай бағытта дамуын көрсету болып табылады.

Шығармашылық қабілеттердің индивидуалды түрде дамуы балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына, олардың жігерін, дербестігін көрсетуге, өз ойын еркін, сенімді айтуы мен өзіндік «мен» түсінігін қалыптастыру секілді даму этаптарын байланыстыруға әсер еткендіктен, бұл жалпы орта мектептер үшін аса маңызды.

Барлық балалар өздерінгің қандайда бір салада дарыны болады. Сондықтан ағылшын тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін мақтау, мадақтау және ынталандыру арқылы дамытуға болады.

Ынталандыру (мотивация) - бұл адамның қоршаған әлемге, түрлі қызмет түрлеріне қарым қатынастарда көрініс табатын тұлғаның ішкі психологиялық сипаттамасы. Ынталандыруға беретін анықтамалар бірнеше соның ішінде психология мен педагогикада мотивацияға басқа түсінік береді.

Психология мотивация түсінігін былайша анықтайды. Ынталандыру - жеке тұлғаның нақты іс-әрекеттерді жасауға қозғайтын және олардың бағыттылығы мен мақсаттарын анықтайтын саналы және санасыз психологиялық фактор. Ынталандыру термині адамның мақсатқа бағытталған мінез-құлығының себептері мен механизмдерін зерттейтін барлық психологиялық салаларда қолданылады.

Осылайша, ынталандыру (мотивация) адамның белсенділігін оятатын және осы белсенділікке бағыттылықты анықтайтын ниетті құрайды. Ал мұндай атмосферада оқушылар өздерінің креативтілігін шығаруы және дамытуы әлде-қайда әсерлі болып табылады.

Ал педагогика ынталандыруға (мотивацияға) басқа анықтама береді.

Ынталандыру - оқушылардың жемісті танымдық іс-әрекеттеріне, білім мазмұнын белсенді меңгеруіне түрткі болатын процесстерге, әдістерге, тәсілдерге жалпы аталым. [8, 47 б. ] .

Оқу ынталандыруы - оқу мақсаттарына қол жеткізудегі оқушыларда танытылатын себептемелі белсенділіктері. Оқушыларға ерекше маңызды мотивтерге төмендегілер жатады.

-танымдық;

-коммуникативті;

-эмоциональды;

-өздігінен даму;

-оқушы позициясы;

-жетістік;

-сыртқы (мадақтау, жазалау) . [9, 215 б. ] .

Оқушы бойында берік ішкі “жақсы оқығым келеді” ынталандыруын тудыру үшін әр оқушы өзіне “Мен жасай аламын”, “Мен табысқа жетемін”! деп айтуы керек. Бұл жағдайда әрине мұғалімнің қолдауы болуы тиіс.

Ынталандыру процессін сауатты ұйымдастырып оны жүргізу үшін төмендегі жұмыстарды атқарған жөн.

- өзінде ынталандыру деңгейін анықтайтын оқушылармен сауалнама жүргізуді қамтитын оқушылардың оқу ынталандыруының диагностикасы.

- ынталандыруының ортаны құруындағы мұғалімнің өзін-өзі тексеру анализі.

Осы жұмыстағы мұғалімнің келесі іс-әрекеттері мен нұсқамаларынын ерекше мағыналы деп санауға болатыны:

-оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;

-оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты жұмыстар таңдау;

-мақсатқа қол жеткізудегі оқушылармен бірлесіп таңдаған тәсіл;

-ұжымдық және топтық жұмыстарды қолдану;

-ойын техникаларын қолдану;

-проблемалық жағдайлар мен пікірталас, дискуссия қолдану;

-ерекше сабақ түрін өткізу (стандартты емес) ;

-жетістік жағдайын туғызу;

-мұғалімнің оқушы жетістігіне сенімі;

-сөгіс айту және мадақтауды қолдану;

-мұғалімнің эмоциональды сөйлеуі;

Оқушылардың және мұғалім іс-әрекеттерінің сауалнама нәтижелеріне анализ жасай отырып оқушылардың ынталандырушылық ортасын құру жөніндегі түзету жұмыстарына жоспар құруға болады. [10, 201 б. ] .

Ынталандыру құру процессі оқытушы жұмысының маңызды бөлігі болуы керек. Оқуға деген оң ынталандырудың құрылуы - сабақ болып келеді. Меңгеріліп отырған пәнге қызығушылықты дарыту бұл бұдан былай оқушылардың жоғары деңгейлі білімге және жақсы білім сапасының көрсеткіштеріне қол жеткізу дегенді білдіреді, яғни білім берудің басты мақсатына жету. Оқушылардың қызығушылықтары мен оқу ынталандыруын көтеретін көптеген тәсілдер бар.

Қазіргі таңда сабақтарға дайындықты және оларды заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларсыз өткізуді елестету мүмкін емес. Заманауи ақпараттық жүйелер үлкен көлемдегі мағлұматқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Және сол ақпарат ағымында оқушының жоғалмауы үшін жаңа педагогикалық технологияларды шеше алатын оқытушының көмегі қажет.

Оқытушыларда келесі жұмыстар кең танымалдылықпен қолдана бастағандары:

- электронды оқулықтармен жұмыс;

- демонстрациялық материалдармен жұмыс;

- компьютерлік тесттер;

- internet ресурстарын қолдану;

- слайд-презентацияларын қолдану.

Ағылшын тілін оқу кезіндегі оқушылардың ынталандыруларын көтеру жолдары. Ағылшын тілі пәніне оқушылар бойында қызығушылықты дамыту және сақтау үшін ынталандыруды көтеру сұрағы психологияда да және бұл пәнді оқыту әдістемелерінде де үлкен назар аударылады. Бұл жолдарды шешуді төмендегілермен байланыстыруға болады.

1) Орындау кезінде оқушылар өз істерінің нәтижелерін сезінетіндей арнайы құрастырылған жаттығулар жүйесін құрумен.

Жаңа лексиканы оқыту кезінде тақырып бойынша кроссворд, сурет бойынша сөйлем құрау жаттығуларын қолдануға болады. Мысалы: “Сөздер табу” ойыны. Тор кестесі беріледі әр торда алфавит әріпі жазулы. Осы әріп жинақтарында “culture (мәдениет) ”, тақырыбына сай сөздер жасырулы. Оқушыларға тізімде берілген сөздерді тауып аудару қажет.

Ал сурет бойынша сөйлем құрау жаттығуы да жаңа лексиканы меңгеруде қолданылады. Бұл әдіс оқушыларда қиялдауды дамытады, әрі өз білімдерін көрсетулеріне мүмкіндік береді.

2) Оқыту процессінде сезімдік аясын еліктірумен.

Оқушыларға мақал-мәтел беріледі ол арқылы оқушылар ол бойынша әңгіме құрып оның соңы мақал- мәтелдің өзі болуы керек. Оған өмірлік жағдайларды қолдануға немесе әңгіме құрауға болады. Мұғалімнің педагогикалық сипатымен ықпалы сонын ішінде ынтамен күштердің болуы, оқушыларды ынталандырып, олардың жауаптарын бағалармен мадақтау керек.

3) Сабақтарда аудиовизуалды тәсілдерді қолданумен.

Егерде бар кестелер, сызба, суреттер қолданыстан шығып кеткен болса оқытушы ниетімен ойына сәйкес келмесе онда заманауи шешімдер болып саналатыны ол кешендегі бірнеше көрнекілік тәсілдерді, презентация-сұрақтарды қолдану болып келеді. Бұл орынды, себебі назарымызды техникалық үзілістерге, плакаттарды ілуге, кодоскопты қосуға ауыстырмай, бар назарды бір мазмұнға шоғырландыруға мүмкіндік береді.

4) Жағдай мен тапсырманың қиындығымен.

Осы аймақтағы картаны қолдану арқылы ол керекті жеріне қалай жететінін түсіндіру керек.

5) Танымдық ойындарды қолданумен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесін жаңа әдістік технологиямен қамтамасыздандыру
Оқушылардың өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру – білім сапасын арттырудың бір жолы
Білім беруде ақпараттық технологияның маңызы
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Ақпараттық коммуникациялық технологияның бастауыш сыныпта маңызы
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Сатылай оқыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Мектептегі қабілетті оқушы балалар
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz