Гипоталамустың гормондары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:« Гипоталамустың гормондары. Құрылысы және биологиялық ролі. »

Қабылдаған:Тасмағамбет А. Т

Орындаған:Шайхидинова О. М

Тобы:БТ-204

Жоспар:

1. Кіріспе

1. 1. Гипоталамус жайлы жалпы мәлімет

2. Негізгі бөлім

2. 1. Гипоталамустың гормондары

2. 2. Гипоталамус аурулары

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

1. 1. Эндокринология - грек тілінен аударғанда мынадай мағына береді:endon - ішкі, crіno - бөліп шығару логос - ілім, демек, эндокринология - ішкі бездер жүйесінің ауруларын зерттейтін ғылымның тарауы. Медицинаның басқа клиникалық пәндерімен салыстырғанда эндокринология жас ғылым. Эндокринология ілімі 19 ғасырдың ортасынан бастап дамыды. Ішкі бездер жүйесі - бұл жоғары маман дандырылған ішкі бездер жүйесі, ол 2 топқа бөлінеді:

1. Аралас қызмет атқаратын бездер. Ол бездер ішкі және сыртқы ортаға өз сөлдерін бөліп қызмет атқарады, сондықтан, олар аралас қызмет атқаратын ішкі бездер тобына жатады. Олар: Ұйкы безі, жыныс бездері.

2. Ішкі секреция атқаратын бездер.

Қанға тек өз гормондарын бөліп шығаратын бездер: сол топқа гипофиз, қалқанша безі, қалқанша маңындағы бездер, және бүйрек үсті бездері жатады.

Сонымен қатар ішкі секреция бездерге гипоталамус жатады. Оны нейрогипофизарлық без деп атаймыз.

Гипоталамус дегеніміз-мидың бір бөлігі. Оның жүйке клеткаларында ерекше химиялық заттар түзіледі. Ол заттар портальдық капиллярлар арқылы гипофизге барады да, сол жерде гормондар бөлінуін реттейді.

Аденогипофиздің гормондарының синтезделуін реттейтін гипоталамус заттары 60-жылдары ашылды. Оны Р. Гиллемин мен Э. Шелли ашты. Сол үшін олар 1977 жылы Нобель сыйлығын алды. Алғаш олар релизинг-фактор (ағылш. Release-босату) және нейрогормондар деп аталды. Ал қазір либериндер мен статиндер деп аталады. Нейрогормондарды бөліп алу, олардың химиялық табиғаты мен құрылымын анықтау өте қиын. Мысалы, Р. Гиллемин ғылыми тобы 1968 жылы 1миллиграмм тиреолиберин бөліп алу үшін 300мың қойдың гипоталамусын өңдеуге тура келді.

Гипоталамус өте маңызды функцияларды орындайды, әртүрлі ақпаратты біріктіреді. Бұл жүйке жүйесінің және эндокриндік жүйенің маңызды бөлігі болып саналады, өйткені ол әр түрлі жасушалар мен мүшелерді реттейтін гормондар мен басқа заттарды шығаруға жауапты.

Гипоталамус үш аймаққа бөлінетін бірнеше ядролардан(нейрондық кластерлерден) тұрады. Бұл аймақтар алдыңғы, орта немесе тубералды және артқы құрамдас бөлікті қамтиды. Әрбір аймақ одан кейін түрлі функцияларға жауап беретін ядроларға ие аймақтарға бөлінеді. Алдыңғы:терморегуляция; окситоцин, антиуреуретикалық гормон және гонадотропинді шығаратын гормон шығарады; ұйқы-ояну циклдерін басқарады. Орташа (тубералды) :қан қысымын, жүрек соғу жылдамдығын, қанықтыруды және нейроэндокринді интеграцияны бақылайды; өсу гормонын босату гормонын шығарады. Артқы жағы:жад, үйрену, көңіл көтеру, ұйқылық, оқушының кеңеюі, шағылыстыру және азықтандыруға қатысады; анти-диуретикалық гормонды шығарады.

Гипоталамустың гормондары организмдегі гомеостазды сақтайды, яғни белгілі бір тепе-теңдікті түзету арқылы оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Осылайша сіз физиологиялық функцияларды басқара аласыз: шөлдеу, аштық, ұйқы, температура, көңіл-күй және т. б. Сонымен қатар, гипоталамус метаболизмге, өсуге және тіпті кейбір еріксіз әрекеттерге қатысады. Ол гипофиз немесе гипофиз деп аталатын басқа эндокриндік безбен байланысты. Нақтырақ айтқанда, ол организмге кейбір гормондарды шығару үшін безге сигналдар жібереді. Гипоталамустың негізгі қызметі - бүкіл дененің гомеостазын немесе тепе-теңдігін сақтау. Бұл құрылым организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін көптеген маңызды функцияларды орындайды. Мысалы, біздің шөлдегенімізді немесе аштықты білетіндігіміздің немесе үнемі температураны ұстап тұратындығымыздың себебі. Гипоталамус барлық дерлік жүйке жүйесінен ақпарат алады және вегетативті жүйке жүйесінің көптеген функцияларына қатысады.

Ішкі секреция бездерінің гормондары организмде белгілі бір нысана-мүшелердің жұмысын басқаратынын білеміз. Ал эндокрин бездерінің гормондық әрекетін гипофиз реттеп отырады. Нейрохимик Г. Харрис болжағандай, қазір былай болды:гипофиз жұмысын ми басқарады екен, ол үшін мидың гипоталамусы «асқан гормондар» түрінде химиялық делдал бөліп шығарады екен. Бүкіл эндокрин жүйесіндегі негізгі реттеуші қызметін гипоталамус атқаратынын атап айту қажет.

Қазіргі кезде 10 нейрогормон бөліп алынды. Олардың құрылымы анықталды және атқаратын қызметі белгілі болды. Бұл заттардың барлығы химиялық тұрғыдан төмен молекулалы пептидтер екен. Олардың кейбіреуі гендік инженерия әдісімен де алынады.

2. 1. Бөліп алынған нейрогормондардың жетеуі аденогипофиз гормондарының түзілуіне(босап шығуына) қолайлы әсер етеді, дамытады. Оларды либериндер деп атайды. Нейрогормондардың үшеуі тежеуші әсер етеді, оларды статиндер деп атайды. Бұл заттар әсерінің өздеріне тән ерекшелігін көрсету үшін, аденогипофиз гормондарының атауына «либерин» немесе «статин» деген сөз жалғанады.

ТИРЕОЛИБЕРИН. Биологиялық белсенділігі жоғары ең кішкентай табиғи пептидтердің біреуі, ол үш амин қышқылының қалдығынан тұрады. Формуласында N-соңында циклды пироглутамин қышқылы бар, ал С-соңында амидтелген пролин бар. Пиро-Глу-Гис-Про-NH 2

Тиреолиберин синтезі гипоталамустың әр бөлімінде жүреді, бірақ көбінесе паравентрикулярлық нейрондарда, ол қозғалу белсенділігінің және артериялық қысымды арттыратын нейромедиатор рөлін атқаратын ОЖЖ басқа бөлімдерінде синтезделеді. Мидың жүйке клеткалары көмегімен әсер еткен гипоталамустан тиреолиберин бөлініп шығады. Енді сол гормон өз кезегін тиреотроптық гормондардың гипофиз клеткаларынан босату процесін туғызады. ТТГ қалқанша безі клеткаларының өзінде тироксин және басқа да тиреоидық гормондарды синтездеуге және оларды бөліп шығаруға итермелейді.

Сөйтіп тиреолиберин тиреотропиннің, сондай ақ пролактиннің бөлініп шығуына жағдай жасайды.

ЛЮЛИБЕРИН-декапептид, оның И-соңында пироглутамин қышқылы, С-соңында глутамин бар.

Пиро-Глу-Гис-Три-Сер-Тир-Гли-Лей-Арг-Про-Глн-СоИН 2

Люлиберин(гонадолиберин) аденогипофиздің лютеиндеуші гормонының (люттропиннің) Бөлінуіне жағдай жасайды.

Ұзақ әсерлі люлиберин әйелдерде болатын ұрықсыздық дертінің кейбір түрлерін емдеуге табысты қолданылады. Оның әсерінен әйелдерде овуляция басталады. Экстральдық циклды синхрондау үшін оны мал шаруашылығында да қолдануға болады.

СОМАТОСТАТИН-14 амин қышқылы қалдығынан құралған циклды дисульфид, мұндағы -S-S- байланысы 3 және 14-амин қышқылының қалдығы аралығында орналасады.

Адам ағзасында соматостатин гормонын өндіруге жауап беретін үш мүше бар:

  1. асқазан-ішек жолдары;
  2. гипоталамус;
  3. ұйқы безіндегі Лангерганс аралдары.

Гипоталамус - бұл оның астындағы гипофизден гормондардың бөлінуін реттейтін ми аймағы.

Соматостатин өсу гормонының (соматотропиннің) синтезін тежейтін фактор. Оның басқа да бағалы жағы бар. Ол аденогипофиздің соматотропинді бөлінуін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар ұйқы безіне әсер етеді, инсулин мен глюкагонның бөлінуін төмедетеді. Соның нәтижесінде қан құрамындағы глюкоза мөлшері азаяды. Сондықтан соматостатин қант диабеті (сусамыр) дертін емдеу үшін қолданылуы мүмкін. Соматотстатин рецепторлары көптеген гармондар бөлетін ісік жасушаларында кездеседі. Бұл жағдай ұйқы бездерінің ісіктерінде, қалқанша безі, бүйрек және сүт бездерінін қатерлі ісік ауруларында диагноз қоюға маңызы өте зор.

СОМАТОЛИБЕРИН-44 амин қышқылының қалдығынан тұратын полипептид. Гипофиздің алдыңғы бөлімінде соматропиннің синтезін және бөлінуін күшейтеді. Өсу гармоны, соматотропиннің бөлінуіне жағдай жасайды. Қандағы жартылай өмір сүру ұзақтығы 7 күн.

ФОЛЛИБЕРИН-декапептид, ол аденогипофизде гонадотропты гормондар түзілуге әсер етеді және жыныс бездерінің жұмысын реттейді. Жалпы гонадотропты гормон әйелдің де, еркектің де жыныс бездерінің өсіп жетілуін қолдап көмектеседі, әйел организм аналық безінің фолликулаларының өсіп жетілуін тездетеді және олардың гормондық қызметін активтендіреді, сол сияқты еркек организмінде сперматазоидтардың түзілуін күшейтеді. Гонадотропты гормон әсерінен жұмыртқалықта көптеген фолликулалар өсіп жетіледі (фолликулаларда аналық клеткалар орналасқан), соның нәтижесінде көптеген ұрық қалыптасады. Бұл гормон көп мөлшерде буаз бие зәрінде және қан сарысуында кездеседі. Қойды қолдан ұрықтандырып, көп қозы алу үшін гонадотропты гормон препараты қолданылады, оны балық өсіру үшін де қолданады. Ол балықтың ұрық шашуына қолайлы әсер етеді.

ПРОЛАКТОЛИБЕРИН - аденогипофизде пролактин бөлінуін дамытады, сүйтіп сүттің түзілуіне және шығуына әсер етеді. ПролактинСүтқоректі жануарларда ол сары дененің қызметін қолдайды, түсік тастамай (іш тастамай) буаздықтың сақталуына себеп болады, желіннің (емшектің) өсіп жетілуіне, одан сүт шығуына (лактацияға) қолайлы әсер етіп, дамытады, аналық қасиетінің қалыптастыруына көмектеседі. Бұл гормонның құрлымы әлі белгісіз.

ПРОЛАКТОСТАТИН - пролактолиберин әсеріне қарсы әсер етеді пролактин түзілуін тежейді. Бұл гормонның да құрлымы әлі анықталмаған.

КОРТИКОЛИБЕРИН - адренокортикотропты гармонның пайда болып бөлінуін қолдайды. Аденокортикотропты гормон бүйрекүсті безінің қабығында кортикостерон мен кортизол екеуінің синтезін қолдап, бөлініп шығуына көмектеседі, сөйтіп көмірсу емес қосылыстардан (глицеролдан, амин қышқылдарынан) глюкоза түзілуге жанама әсерін тигізеді. Кортиколибериннің негізгі мөлшері гипоталамуста түзіледі, дегенмен ол әр түрлі стресс жағдайларына жауап беруші медиатор рөлін атқаратын болғандықтан ОЖЖ басқа бөлімдерінде де снтезделеді. Қандағы жартылай өмір сүру ұзақтығы 60мин. Құрылымы әлі белгісіз.

МЕЛАНОЛИБЕРИН -трипептид. Про-Лей-Гли-ИН 2

МЕЛАНОСТАТИН - пентапептид. Цис-Тир-Иле-Гли-Асн.

Соңғы аталған бұл екі гармон да гипофиздің аралық бөлігінде меланотропиннің бөлінуін тиісінше қолдап та, тежеп те әсер береді. Меланотропиннің тері қабаты мен жүннің бояуына жауапты екені белгілі.

Гипоталамус нейрогормондарының әсер ету механизмі әлі дәл анықталған жоқ. Болжауға қарағанда, олар нысана-клеткаларда тиісті рецепторлармен өзара әрекеттескеннен кейін өздерінің әсерін тигізетін көрінеді, бұл кезде аденилатциклазаны активтендіреді немесе оған кедергі жасайды.

2. 2. Гипоталамустың қызметі ми қыртысының бөліктерінің басқаруымен реттелінеді. Гипофиздін қызметі гипоталамустың тікелей қадағалауымен жүзеге асырылады. Гипофизбен гипоталамустың арасында кері байланыс бар, ол қысқа кері байланыс деп аталады. Ал гипоталамо-гипофиздік жүйесімен шеткі ішкі бездер жүйесі арасындағы байланыс ұзын кері байланыс деп аталады. Мысалы, шеткі қандағы гормондардың аз мөлшері гипофиздің торпты гормондарының түзілуін жандандырады. Ао қысқа байланыс тек гипоталамуста кездеседі:либериннің жоғары концентрациясы базальді либериннің түзілуін тежейді.

Гипоталамусқа әсер ететін бастың физикалық жарақаты гипоталамус ауруының ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады. Хирургиялық араласулар, сәулелену және ісіктер гипоталамуста ауру тудыруы мүмкін. Тамақтанбау, қабыну (менингит немесе энцефалит), неоплазмалар, инсульт немесе инфекциялар оның жұмысын нашарлатады. Гипоталамустың бұзылу белгілері қандай гормондардың жетіспеуіне байланысты өзгеріп отырады. Балаларда аномальды өсу және қалыпты емес жыныстық жетілу белгілері болуы мүмкін. Ересектерде организм түзе алмайтын түрлі гормондармен байланысты белгілер болуы мүмкін. Әдетте жоқ гормондар мен олардың организмде пайда болатын белгілері арасында бақыланатын байланыс бар. Ісік белгілері бұлыңғыр көріністі, көру қабілетін жоғалтуды және бас ауруын қамтуы мүмкін. Төмен бүйрек үсті безінің қызметі әлсіздік және бас айналу сияқты белгілерді тудыруы мүмкін. Гипоталамус ісіктері өте сирек кездеседі. Олар пайда болған жағдайда олар гипофиздің шамадан тыс белсенділігін немесе белсенділігін төмендетуі мүмкінҰйқының және тәбеттің бұзылуы - бұл жиі кездеседі, өйткені гипоталамус бұл функцияларды реттейді.

Кейде кейбір белгілер гипоталамустың зақымдануына байланысты екенін білу қиынға соғуы мүмкін, өйткені оны гипофиздің зақымдануымен шатастыруға болады (мысалы) . Екеуі де байланысты және әртүрлі функцияларды модуляциялау үшін бірге жұмыс істейді.

Гипоталамус-гипофиз тізбегі зақымданған кезде, бұл жағдайлар гипоталамус-гипофиздің бұзылуы деп аталады. Бұл жағдайда гипоталамус гипофизден гормоналды секрецияны тежеп, дұрыс жұмыс істемейді. Осылайша, олар дененің негізгі өмірлік функциялары мен өсуіне әсер етеді. Басқа мысалдар гигантизм, ергежейлілік, тұрақты емес циклдар, жыныстық бұзылыстар және т. б.

Ергежейлілік . Аурудың негізінде науқастың өсуі тежеліп, тоқталады. Гипофиздың алдыңғы бөлігінде түзілетін соматотропиннің түзілуі тоқталады. Кең мағынада ергежейлілік тек қана гипофиздің потологиясына ғана байланысты емес, сонымен қатар гипофиз қызметі мен гипоталамус арқылы басқарылудың бұзылуына әкеледі. Гонадоторпты гормондардың жетіспеушілігіне байланысты екіншілік жыныс белгілері нашар дамиды. Шаштың өсуі тежеледі. Бұл ауруда көмірсу алмасуы өте күшті бұзылады. Себебі контринсулярлық гормондар жетіспейді. Осыған байланысты қандағы глюкоза төмендейді, ішкі ағзалардың мөлшері кішірейеді.

Акромегалия-бұл дене сүйектерінің жұмсақ тіндерінің және ішкі ағзалардың диспропорциялық шамадан тыс өсуі. . Бұл ауру сүйектің өсуі тоқтаған кезде яғни, 20 жастан асқан кезде дамиды. Аурудың басты белгісіне дененің шамадан тыс тез өсуі ұзынынан көлденеңіне қарай жүреді. Аурудың дау негізіне соматотропиннің көп түзілуі жатады. Гипоталамустың және орталық нерв жүйесінің жоғары бөлік терінің зақымдануы, соматотропиннің қызметі күшейуімен білінеді. Науқастың сыртқы пішінінің өзгеруі, қол, аяқ, жақ сүйектерінің көлемі ұлғаяды, басы ауырып, ұмытшақтық пайда болады.

Қантсыз диабет- вазопрессин жетіспеушілігіне тікелей қатысты ауру түрі. Аурудың пайда болу себептері гипофиз-гипофизарлық жүйенің ісіктердің әсерінен бұзылуы, әртүрлі жарақат, нейротропты вирустық инфекциялар, тұмау, көкжөтел. Ал жас балалардағы қантсыз диабеттің негізгі себебі туылу кезіндегі жарақат болып табылады. Гипоталамус ядроларының бұзылуы антидиуреттік гормонның жетіспеушілігіне алып келеді, ал гормонның жетіспеушілігі бүйрек каналшаларындағы судың реабсорбсиясы азаяды да, нәтижесінде диурез, полиурия құбылысы пайда болып, ол құрғауға алып келеді. Құрғау гипоталамустың орталығын тітіркендіреді де ыстықтау, шөлдеу құбылысы пайда болады. Науқас қатты шөлдейді, полиурия, басы ауырады, ұйқысы қашады. Науқас күніне 3-15л дейін сұйықтық қабылдайды, кейбір науқастар 20-40л дейін сұйықтық ішеді. Бөлінген несеп түссіз болады. Асқазаны үнемі созылып, жиырылып тұрады. Полиурия асқазан секрециясына әсерін тигізеді де гипоацидті гастрит дамиды. Терісі құрғайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрбу физиологиясы
Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Гормондардың қасиеті
Айырша без
Біріншілік семіру
Бүйрек үсті бездің без заты
Липидтер алмасуның бұзылыстары
Гипофиз гормондары
Гипоталамус - гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz