МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛІГІ
AБAЙ МЫРЗAХМЕТOВ AТЫНДAҒЫ КӨКШЕТAУ УНИВЕРCИТЕТІ
Әлеуметтік-педaгoгикaлық пәндер кaфедрacы
Қoрғaуғa жіберілді:
кaфедрa меңгерушіcі,
п. ғ. к., дoцент Н. В. Ивaнкoвa
«___» 2020ж.
ДИПЛOМ ЖҰМЫCЫ
Тaқырыбы: «МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ»
Білім беру бағдарламасы 5В010300 - «Педaгoгикa және пcихoлoгия»
Oрындaғaн: Габдрахманова Н. С
Ғылыми жетекші т. ғ. к. Толеева Б. А.
Көкшетaу, 2021
ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛІГІ
AБAЙ МЫРЗAХМЕТOВ AТЫНДAҒЫ КӨКШЕТAУ УНИВЕРCИТЕТІ
Габдрахманова Нургуль Сериковна
«МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ»
ДИПЛOМ ЖҰМЫCЫ
Білім беру бағдарламасы 5В010300 - «Педaгoгикa және пcихoлoгия»
Көкшетaу, 2021
ҚОЛДAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ең маңызды мәселелердің біріне айналып жатыр. Қазіргі кезде еңбек етуге қабілеті жоқ жандардың жылдан-жылға саны артуда. Қазақстан мемлекетінде осы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген бағдарламалар, жобалар, жұмыстар ұйымдастырылуда. Осыған байланысты мүгедектерге көмек көрсетуге байланысты оңалту орталықтары ашылып жұмыс жасап жатыр. Ол тек мүгедек балаларға ғана емес олардың ата-аналарына, отбасыларына да қандай да бір әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл жұмыс жасап жатқан орталықтардың міндеттері мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік жағынан көмек көрсету болып табылады және де кәсіби бағдар береді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметке, қоғамға сіңісуге жәрдем беретін жандардың бірі ол оның отбасы. Мүгедек балаларды асырау жағынан қиын, сондықтан да осыған байланысты жылдан-жылға отбасының айырылысуы көп кездеседі, және де жалғыз басты анаға немесе әкеге баланы жалғыз асырап өсіру өте қиынға соғады. Осыған байланысты Қазақстанда осындай оңалту орталықтары жұмыстарын жүргізіп жатыр, ол бағдарлама баланың әлеумете сіңісуіне жәрдемдеседі. Бұл оңалту орталықтарына мүгедек адамдарға және олардың отбасыларына жан-жақты тұрғыдан көмек қолын созады. Мүмкіндігі шектеулі баланы зерттеп оған қандай көмек қажет екенің анықтап әр-түрлі жағынан қолдау көрсетеді. Мүгедек балалардың дамуы мен тәрбие жағынан проблемаларды шешуге байланысты өз көз қарастарымен бөліседі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жылдан-жылға көбею себебіне байланысты, мұндай балалармен айналысатын мамандарда жетілген бағдарламалардың аздығын және оның шешу жолдарын анықтауға көмек қолын созатын білімді мамандардың аздығын айтады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты тұрғыдан қамту яғни психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік жағынан көмек көрсету қазір қойылып жатқан басты мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанда қазіргі таңда ең төменгі сатыда тұрған салаларының бірі- ол мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс. Орыс және де қазақ ақын-жазушылар бұл мәселені өз еңбектерінде қозғап, қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі екенің атап көрсеткен. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердің аздығы соның ішінде мамандардың жетіспеушілігі сияқты мәселелер туындап жатыр. Еліміздің заңнамасында мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуға, ерекше күтімге, әлеуметтік ортада толыққанды өмір сүруге құқылы екені жайында жазылған. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік, саяси, азаматтық, мәдени жағынан тең құқылы болып табылады. Елбасымыз өзінің жарлығындада мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге көп көңіл бөлген. Үйде білім алатын мүгедек балаларға материалдық-техника жағынан көмек көрсетіп, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру қолға алынған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқыту ең ыңғайлы тәсілдердің бірі болатын, яғни баланың назарын бір бағытқа аударып, сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік берген. Жылдан-жылға мұндай балалардың саны артуда соған байланысты елімізде көптеген шаралар жасалынып жатыр, қазіргі таңдағы инклюзивті білім беру сол үлкен еңбектің нәтижесінде шыққан дүние деп білемін. Яғни инклюзивті білім беру барлық балаларға теңдей білім беру мақсатында жасалынған бағдарлама. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінесе мектеп-интернаттарында білім алады, өйткені кәдімгі мектепке мүгедек бала келсе мұғалім оны қандай кітаптармен оқытуын немесе қандай әдістемелік құралмен қолдануын білмейді, себебі бізде кадр жеткіліксіздігі. Шындығында мүмкіндігі шектеулі балалар біздің қоғамға бейім емес, себебі адамдардың өздері балаға айанышпен қарап немесе мүсіркей қарайды. Жалпы білім беретін мектептерде оқып, білім беру енді-енді қолға алынып келеді. Қазақстанда мұндай балаларға арналған көптеген мекемелер салынып жатыр. Соның бірі Аялы алақан атты бағдарлама ашылған. Мұнда балалар таңертеннен кешке дейін мамандардың қарамағында, үйірмелерге қатысып, бір-бірлерімен танысып, ұжымға үйреніп баулиды. Бұл бағдарлама өте тиімді деп айтсақ қателеспейміз, өйткені мұнда балалар өздеріне дос-сырлас тауып қана қоймай, жан-жақты дамиды. Әр-түрлі сюжеттік ойындар арқылы, жаттығулар, видео-роликтер арқылы дамып, өркендейді.
Мемлекеттің азаматтарының басты міндеттерінің бірі балаға әлеуметте еркін өмір сүретіндей жағдай жасау. Сол үшін қолдан келетін шаранын барлығын қолданып тиімдісін тандау. Көмекке мұқтаж адамдардың барлығына қаншалықты көмек көрсете аламыз, соншалықты көмек қолын ұсыну. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ең маңызды аспект ол қарапайым қарым-қатынас. Қарым-қатынас арқылы әр бір баланың жан дүниесін біліп, түсінуге болады. Қарым-қатынас ол адамды біріктіру және жеке адамды дамыту құралы болып табылады. Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар бір-бірлерінің мінезін, темпераментін, психикасын біледі. Бұл арқылы адам жан-жақты дамиды, өзіне тән қандайда бір пікірі қалыптасады, өзгелердің пікірін біледі, яғни қарым-қатынас арқылы адам толықтай дамиды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға бұл аспект өте маңызды, келесі аспект ол қолдау болып табылады. Қолдау арқылы адамды көптеген биік шыңға жетелеуге болады, ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бұл тіптен керемет бағыттарынын бірі. Өйткені осындай балаларға көбі қолдау көрсете қоймайды, баланы керісінше артқа шегіндіріп сен істей алмайсын, сенін қолынан келмейді деген сөздерден кейін көптеген балалар жасағысы келіп тұрған іске қол сілтей салады менің қолымнан бәрібір ештене келмейді деп. Сондай жағдайды болдырмау үшін балаларға әрқашан қол қанат болып, арқа сүйей алатын қолдауды көрсету керек. Балаға өзінің маңызын жоғалтпайтындай жағдай жасалуы тиіс. Зерттеу нәтижесінде көптеген балалардың армандары орындалмағаны, қалағандарына қол жетпеуінің кесірі ол қолдаудын жоқтығы, өзіне сенімсіздіктін арқасында екені анықталған болатын. Сол себепті әр баланы қолдап, қолпаштап әрқашан жақсы қарым-қатынаспен қарсалып, балалардың өміріне бір жылу сезім берейік. Себебі әр балаға жылулыққа, қолдауға лайықты [1] .
Арнаулы білім беруді немесе инклюзивті білім беруді қолға алуымыз қажет, өйткені бұл ең тиімді бағдарламалардың бірі болып табылады. Өйткені мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге біріктіріп оқыту ең тиімді. Себебі бала мұнда білім алып қана қоймай, дос-сырлас табады, өзінің қорқынышын женеді және де әлеуметте өзін қалай ұстау керек екеніне үйренеді. Яғни инклюзивті юілім берудің тиімді жақтары көп, бұл инклюзивті білім беруді әрі қарай дамытту керек. Әр мектептің бағдарламасына қосып оқытуға тиімді болып табылады, өйткені мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ең қиын жұмыстардың бірі десек қателеспейміз. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметке, қоғамға еңдіруге ат салысу барша елдің міндеттерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты : Мүмкіндігі шектелі балаларды тәрбиелеуге, дамытуға, әлеуметтендіруге көмек көрсетіп, тиімді жолдарды ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеттері: Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердегі педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын анықтау, жүйелеу. Осы мекемелердегі әлеумттік педагог қызметін айқындау.
Зерттеу нысаны: Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердегі жүргізілетін педагогикалық-психологиялық жұмыс жүйесі.
Зерттеу жұмысының пәні: Мүмкіндігі шектеулі бaлалaрмен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық әлеуметтік жұмыс.
Зерттеу жұмыcының зерттелу деңгейі: Ә. Әбдіраш [2], М. А. Галагузов [3], С. А. Ұзақпаева [4], М. Т. Баймұқанова [5], Ж. Ж. Назарова [6], Ж. Н. Сарасенова [7] т. б ғaлымдaрды aтaп өтуге бoлaды.
Зерттеу әдіcтері: Диплoм жұмыcын oрындaу бaрыcындa төмендегі әдіcтер қoлдaнылaды.
- эмпирикaлық бaқылaу, бaйқaу әдіcі, қocaлқы, cұхбaт әдіcтер, түзету әдістері ;
-педaгoгикaлық тәжірибені тaлдaу;
-пcихoдиaгнocтикaлық әдіcтер;
Зерттеудің ғылыми бoлжaмы: Егер пcихoлoгиялық-педагогикалық мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды aлдын aлa диaгнocтикaлық текcеру шaрaлaры ұйымдacтырылca және oйын, түзету элементтерін қoлдaнca, пcихoлoгиялық- физиoлoгиялық шектеуі бaр бaлaлaрдың oйлaу ерекшеліктерін aнықтaудың мүмкіндіктері aртaды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде осы зерттеу тақырыбының өзектілігін, зерттеу тақырыбының мақсатын, міндеттерін, және де тақырыпқа кішкене шолу жазып кеттім.
Бірінші бөлімде - мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогикалық-психологиялық жұмысты қалай жүргізу керек екендігін, балалармен қалай тіл табысуға болатындығын жаздым.
Екінші бөлімде - мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтегі жұмысы, яғни балаға қоғамда өзін қалай ұстау керек екендігін, сондай балалардың әлеуметте қандай құқықтары бар екендігін жазып өттім.
Қорытынды бөлімде мүмкіндігі шектеулі балаларда педагогикалық психологиялық жұмысты ұйымдастыру тақырыбы жайлы қорытындылап жазу.
I МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
- Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүйесінің қазіргі күнгі жағдайы
Инклюзивті оқу, білім беру қазіргі таңда жаһандану мәселесінің алғашқы бағыттарының бірі болып табылады. Осы жаһандық мәселеге барлық ғалымдар, әлем ғалымдары өз ойларын айтып қаншама анықтама берген. Олардың ішінен ең ұнағаны, инклюзивті білім беру ол мүмкіндігі шектеулі балаларға мүмкіндік беру. Яғни мүмкіндігі шектеулі балаларда білім алуға, әлеуметте өз орнын табуға, дос табуға, қол қанат табуға қиын, ал соның бәрін толтыратын инклюзивті білім беру. Табиғат бермеген мүмкіншілікті инклюзивті білім беру сыйлап отыр, баланың тек ынтасы болса болғаны. Көпитеген балалар өздерін ішінде ұстап дамымай, өздері қалайтын заттарды айтпай ұялады, инклюзивті білім беру сол балаларға қалайтындарын береді. Яғни балалардың ұялуын жойып, көмек сұраудан қысылмауға үйретеді. Инклюзивті оқыту немесе инклюзивті білім беру жай ғана сөз бірақ тұнып тұрған көп мағына, көптеген көмек деп айтуға болады. Инклюзивті білім беру ол мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен қосып оқыту. Неге былай қосып оқытады, неге бөлек оқытпайды, балалар қысылып ұяладығой деген сұраққа жауап беруге болады. Неге, өйткені қандай да бір кемістігі бар балалар дені сау балалармен оқығанда басында қиын болады, бірақ та сонында мұндай балалар әлеуметке тез бейімделеді, дені сау балалармен өзінше тіл табыса алады, өмірдегі қарапайым нәрселерді жасауға бейімделеді. Яғни бұл бағдарламаның жақсы жағы ол барлық балаларды бөлмей, бірге оқыту. Бұл балалардың әрқайсысына болсын жақсы, өйткені балалар бірін-бірі түсінуге үйренеді, көшеде мысалы сондай адамды көрсе сынақтан қашпай қол үшін беріп көмектесе алады. Осы бағыт-бағдар балаларды, оқушыларды оқытуда, дамытуда, тәрбиелеуде жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы, қауіпсіз өмір сүру жағдайын қалыптастырады [2] .
Мүмкіндігі шектеулі балалар жайында Қазақстан Республикасының заңында, конституциядажазылған. Яғни мұнда мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүруге деген, әлеуметке деген құқықтары жазылған. Бұл заңдарды әрбір азамат және азаматша білуі тиіс. Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға, бәріне деген бағдарламасы барлық балаларға және де оқушыларға мектепке дейінгі оқу орындарында балабақшада мектепте және мектеп өміріне белсенді қатысуға, ат салысуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының заңдарында мүмкіндігі шектеулі балаларға, кемістігі бар балаларға көмек көрсетуге тиімді жүйесін ойлап құруға оларды тәрбиелеумен, оқытумен, еңбекке және кәсіби даярлаумен балалар мүгедектігінің алдын-алумен байланысты проблемаларды жоюға, шешуге бағытталған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды туғаннан бастап кәмелет жасқа толғанға дейін қол қанат болып көмектесу, еліміздің заңнамасында жазылған. Яғни ол заңда балаға психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, медициналық көмек көрсету жайында жазылған. Бұл балалардың құқықтарын қорғаумен өте тығыз байланысты. Себебі әр-бір бала қауіпсіз, жайлы қоғамда өмір сүруге лайықты. Сонымен бірінші орында психологиялық тексеру, бұл дегеніміз баланың психикасының қалай дамып, өрбіп жатқаның және де бұзылыстарын зерттеп, қарастырады. Екінші әлеуметтік тексеру, әлеуметтік диагностика, мұнда әрине баланың әлеуметте қалай дамып жатқаның, әлеуметке деген ойын, әлеуметте яғни қоғамда өзінің ұстау мәнерін тексереді. Бұл да бала өмірінде ең маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Үшінші ол медициналық тексеру мұнда балалардың денсаулығын зерттейді, баланың дене бітіміндегі қандай да бір бұзылыстарды баланың өміріне қандай әсері бар екендігін, оны емдеп алуға болатындығын тексереді. Яғни бала денсаулығын түгелдей тексеріп, ауытқушылықтарына тереңдей көңіл бөлінеді. Төртінші бұл педагогикалық тексеру бұл осы мүмкіндігі шектеулі балалардың жасына қарап жас санының нормативтерін ескере отырып ақыл-ойының дамуы ерекшеліктерін және олардың ойын әрекеттеріне, білім алуға және адамдармен тіл табыса білуге ықпал ықтимал мүмкіндіктерін қарау, тексеру. Бесінші кәсіби диагностика бұл кемістігі бар балалардың дене бітіміндегі психикалық және дене кемістігін ойға ала отырып олардың еңбекке деген қызметін немесе кәсіптік дәрежесін меңгеруін және орындауының ықтималды мүмкіндіктерін қарастыру. Алтыншысы ол мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтары мұнда балалардың кеміс жақтарын біліп, олармен жұмыс жасауға үйретеді, баланың әлеуметте өзін ұстауға және де балалармен сөйлесуге өздерін ұстай білуге үйретеді. Медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралардың тізбесі яғни жалғасы болып саналады. Сонымен қатар қорыта айтқанда инклюзивті білім беру оқушылардың, балалардың құқығы тең екендігін анықтайды және ұжым, қоғам іс-әрекетіне қатысуға адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттіліктерді дамытуға мүмкіндік береді [3] .
Инклюзивті білім беру арқылы барлық балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісі болып табылады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесіне, бағдарламасына дәстүрлі түрде қалыптасқан және де даму үстіндегі формаларды кері шегіндірмейді керісінше қайта жаңғыртады. Инклюзивті білім беру немесе бағыт-бағдар арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға, жетістікке жетуге ықпал етеді. Жақсы өмір сүруге мүмкіншілігін қалыптастырады осы бағытты білім беру жүйесіне еңгізу арқылы, оқушыларды, балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеуге болады. Сонымен қоса инклюзивті білім беру, оқыту үрдісі балаларды толерантылыққа тәрбиелеудің бірден-бір бастамасы болмақ.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүйесінің қазіргі күнгі жағдайына тоқталсақ және бұл туралы айтатын болсақ. Бүгінгі күнмен ертенгі күнді салыстыруға келмейді, яғни қоғамда, адамда, заңда күннен күнге дамып, өзгеріп, оңалып жатыр. Қазіргі заманда мүмкінідігі шектеулі балаларға көптеген көмек көрсетіліп жатыр. Баланың емін-еркін қоғамда жүруіне жақсы жағдайлар жасалынып жатыр, бірақ та бұл бұнымен тоқталынып қалмайды, әрі қарай дамып жүреді. Бұрынғы кезде мүмкіндігі шектеулі балалар біреу немес екеуғана болатын сондықтан осыған көп көңіл бөлмеген. Әр жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалар көбейіп жатыр, сондықтанда оларға арналған оңалту орталықтары, әр түрлі арнаулы мектептер салынып, қазірге саны көбеюде. Мұқтаж жандарды қоғамнан бөлмей оларды барлық балалармен бірдей көру бұл үлкен жетістік. Өйткені әр-бір бала оқып, дамып, өркендеуге лайықты [4] .
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыт-бағдары:
- Балалардың психологиялық және де дене даму ерекшеліктерін тексеру, бақылау.
- Баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке жұмысты ұйымдастыру бағдарламаларын әзірлеу және де іске асыру.
- Жеке, топпен, ұжыммен өтетін түзету, дамыту жұмыстарын жүргізу.
- Кеңес беру және оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
- Психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму жағынан оң нәтиже алып жатыр, яғни қазіргі заманда оларға деген көптеген жұмыстар жасалынып жатыр. Қаншама мектептер, әр-түрлі орталықтар, балабақшалар күннен күнге көбеюде, және де мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлануды, және де ол мамандардың күннен күнге класификациясы артуда. Бұл өте үлкен нәтиже болып табылады. Тек өмір ғана құндылық ретінде қалыптаспайды, адамның денсаулығы, қиындықсыз өмір сүруі, әлеуметте өзін емін еркін сезіне алуы бұнын барлығы өмірді ерекшелендіреді, өмірдің жақсы бояуларын шығарады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру қабілеттеріннің төмендеуі адам ретінде дами алмауына, әлеуметте бейімделе алмауына, мінезін бақылау алмауына, басқа балалармен тіл таба алмауына, еңбек ете алмауына, білім ала-алмауына әкеп соқтырады. Отбасы, интернат, мектеп, үй әлеуметтің орын баса алмайды деуге болады. Өйткені осы заттар әлеуметке еңседе, бұл ұғымды толықтай жеткізе алмайды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың кемістіктерін тек медициналық жағынан қарау дұрыс деп есептелмейді. Бұл ұғымды тереңірек білу үшін медицина, педагогика, психология деген ұғымдарды түсіну керек. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі балаларда қиыншылықтар ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, осының бәрі әлеуметтегі адамдардың сөздері де жанға қатты батуы мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ең маңызды әлеуметтік ортасы ол оның отбасы, жан ұясы баланың жақын адамдары болып табылады. Бірақ та ата-аналар кейде өз міндеттерін атақара алмайды, және балаға бей-жай қарайды. Өйткені кейбір ата-аналардың финанс жағынан қиналады, кейбірі әлеумет жағынан. Сол үшін де кейбіреулері сол проблемаларын балаларына көрсетіп кояды. Отбасының өмірлік баспалдағы әр түрлі жүйелерден тұрады. Мысалы баласының мүгедек екенің естігенде ата-аналары қандай жаман күй кешеді, оны туысқандарына айтқанда да. Одан кейін баланың білімін ұйымдастыру, өзінің жастағы балаларынан қалмауын ұйымдастыру, балаға алдағы өмірінің тізбегін ұйымдастыру да ата-ананың міндеті болып табылады. Есейген баланың алдағы өміріне байланысты сұрақтарды шешу, қайда тұратының белгілеу. Тарихи тұрғыдан мүмкіндігі шектеулі балаларды еңбекке қабілетсіз деп таныған. Сондықтан да осы жайлы талдауды денсаулықты сақтау органдарында жүргізіледі. Дәрігерлер, мамандар көп жылдар бойы мүгедектікті шын қабылдамай жай ғана дұрыс емделінбеген ауру деп санаған. Сол себептен де оларды еңбекке жарамсыз деп қабылдаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру деп айтқан болатын. Сондықтан да адамды әлеуметте екінші орынға ығыстырған. Сөйтіп баланы қатты бір дефектісі бар, бүлінуі бар деп ойлаған. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бірнеше проблемалары бар. Олар: әлеумет, психология, педагогика, қоғам, өндіріс, экономика, анатомиялық және де медицина [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz