Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Органикалық химия курсында оттекті органикалық қосылыстарды оқып-үйренуде белсенді әдіс-тәсілдер

Мазмұны

Кіріспе

  1. Оқыту әдістері . . . Оқыту әдістерінің классификациясы . . . Оқытудың белсенді оқыту әдістері және оның ерекшеліктері
  2. Химияны оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдануХимияны оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін анықтау . . . Органикалық химия қурсында оттекті органикалық қосылыстарды оқып- үйренуде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

«Қанша жақсы мұғалім өмір сүрсе,

сонша жақсы әдіс өмір сүреді»

Д. Пойя

Жұмысымның барысында жақсы қытай мақалын есіме түсіруге тырысамын «Маған айтыңыз -мен ұмытып кетемін, көрсетіңіз- мен есте сақтаймын, қызықтырып, тартыңыз- мен түсінемін!» Оқушылар іске шын кірісіп, қатысса даму нәтижелі болады деп есептеймін.

Адам есте сақтайды:

Оқығанның 10%; естігенінің 20%, көргенінің 30%; топтық пікір таластың 50-70%; өз бетінше мәселені тауып тұжырымдау 80%; оқушылар іске шын кірісіп, қатысса 90%, өз бетінше мәселенің қойылуына, шешімді өңдеу және қабылдау, қорытындылар мен болжамдарды тұжырымдау.

Ю. К. Бабанскийдің пікірі бойынша педагогикалық оқытудың технологиялық әдісі - білім беруде тәрбие мен даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша оқушы мен педагогтың арасындағы іс-әрекетті байланыстыратын әдіс тәсілдер. И. Ф. Харламовтың пікірі бойынша оқытудың әдісі- үйретуші мұғалімнің жұмыстары және оқушылардың әр түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындау барысында оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы, оқыған материалдарын меңгеруге бағытталған әдіс -тәсілдер.

Оқу қызметінде пайдаланатын әдіс-тәсілдер, баланың қоршаған ортаны тануына қызығушылық тудыруы керек, ал оқу мекемесі мектептің қуанышы болады. Таным қуанышы, шығармашылық, қарым-қатынас.

Әр оқытушы оқыту талаптарын сақтауы керек:

  • Әдістеменің ғылымилығы
  • Әдістеменің қолжетімділігі, оқушылардың психологиялық -педагогикалық даму мүмкіндігімен сәйкестігі.
  • Оқыту әдістемесінің нәтижелілігі, оқушыларды тәрбиелеудегі міндеттерді орындауға, оқу материалдарын меңгеруге бағытталғандығы.
  • Инновациялық әдістемені өз жұмысында қолдану үшін, жүйелі түрде үйрену керек.

Мұғалімнің жұмысында әдістерді дұрыс таңдау және оны таңдау оған байланысты:

  • Жалпы және нақты оқыту мақсатынан; нақты сабақтың мазмұнына.
  • Уақытқа, оқыған сол немесе басқа материалдарға.
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың танымдық деңгей мүмкіндіктеріне.
  • Оқушылардың дайындалу деңейіне.
  • Оқу мекемесінің материалдармен, , көрнекіліктердің болуына.
  • Мұғалімдердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне, тәжірибелік және теориялық дайындық деңгелеріне, әдістемелік шеберліктеріне, оның жеке сапасына.

Қазіргі заман сабағы - еркін сабақ, қорқыныш пен салмақ салмайды, ешкімді ешкім қорқытпайды, ешкім ешкімнен қорықпайды.

Қазіргі заман мұғалімдеріне қазіргі заманғы сабақ ерекшеліктерін білу қажет:

  • Жақсы орта қалыптасады.
  • Жоғары деңгейде мотивация қалыптасады.
  • Оқыту жұмысының әдістері үлкен мағына береді.
  • Оқушыларды өз бетінше танымдық әрекеттерін дамытуда ерекше көңіл бөлінеді.

Сабақтың ұйымдастырунегізін сақтау керек:

  • Бәрі және әрқайсы жұмыс жасайды.
  • Әркімнің пікірі қызық және әрқайсының жетістігі қуантады.
  • Әрқайсы өзінің білім алуда алға жылжуына және бәріне қатысқанына риза.
  • Топ жұмысының жетекшісі ретінде мұғалімге сенім білдіруге, бірақ әрқайсы өз пікірін айтуға құқығы бар.
  • Барлығы және әрқайсыөткен сабаққа байланысты өз ойын айта алады.

Осыларға сүйене отырып дипломдық жұмыстың өзектілігі келесі деп алдық: мeктeптe оқyшылapғa физика сабақтары қызықты және түсінікті болу үшін белсенді оқыту әдістерін қолдану.

Жұмыc мaқcaты: оқyшылapғa физика ғылымын қызықты және түсінікті етіп көрсету.

Диплoмдық жұмыcтың мiндeттepi:

- қaзіpгі тaңдaғы физика сабақтарында қолдана алатын әдістерін сapaлay;

- әдістердің ішінен ең тиімділерін aнықтay;

- белсенді әдістердің ерекшеліктерін қapacтыpy;

- белсенді әдістерді қолдана отырып сабақтар жүйесін өткізу

Дипломдық жұмыcтың зepттey oбьeктici. Жaлпы білім бepeтін мeктeп oқyшылapын oқытy.

Диплoмдық жұмыcтың пәнi: физикa пәнiн тepeңдeтe оқытy.

Диплoмдық жұмыcтын зepттey әдicтeмeлepi:

- нopмaтивтi құжaттapды зepттey;

- физикa пәнiнe жaлпы cипaттaмa;

- әдicтeмeлiк-пeдaгoгикaлық әдeбиeттepдi тaлдay;

- oзық-пeдaгoгикaлық тәжipибeлepдi зepдeлey;

- oқy-тәpбиe үpдiciн бaқылay;

- apнaйы тәжipибeлiк жұмыc ұйымдacтыpy.

Диплoмдық жұмыc кipicпeдeн, 2 бөлiмнeн, қopытындыдaн жәнe пайдпланған ақпарат көздерінің тізімінен тұрaды.

  1. Химияны оқыту әдістеріОқыту әдістерінің классификациясы

Оқу-тәрбиелік процесс - мұғалімнің оқыту қызметінің және оқушының оқу қызметінің екі жақты үйлестірілген процесі. Сондықтан оқыту тәсілі деп оқушының танымдық және практикалық қызметін ұйымдастыратын, олардың білім мазмұнын игеруі мен оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатты іс-әрекеттер жүйесін айтамыз.

Дидактика мен жеке әдістемелер тарихы көрсеткендей, оқыту әдістемелері оқыту мақсаттары мен білім мазмұнына тәуелді болып келеді.

Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.

Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері - бұл мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекет тәсілі.

Оқыту әдісі - бұл қоғамның білім беру мекемесіне деген әлеуметтік тапсырысына тәуелді әлеуметтік категория. Себебі ол қоғамның білім беру ұйымдарының алдына қойған әлеуметтік сұранысына байланысты. Оқыту әдістерінің жүйесі білім мазмұнына да байланысты. Білім мазмұнының кез- келген өзгерісі оқыту әдісін таңдауға әсер етеді. Бәрімізге белгілі, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мақсаттары үстем еткен қоғам дүние-танымының әлеуметтік мақсатарына сәйкес өзгеріп, толықтырылып отырды. Оқушыларда білімдер, іскерлік мен дағдыларды қалыптастырумен қатар, мектеп алдында өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр.

Педагогикада әдіс ұғымынан басқа әдістемелік тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл - бұл әдіс бөлшегі, әдіске қатысты жеке түсінік. Әдіс пен әдістемелік тәсіл ұғымдарын бөлу салыстырмалы түрде қолданылады. Іс-әрекеттің сол немесе басқа бір түрі бір жағдайларда оқыту әдістері болып есептелсе, екінші бір жағдайда - тәсіл ретінде қарастырылады. Егер мұғалім сабақтың дидактикалық мақсаты болып табылатын аспап жұмысының ұстанымын түсіндірсе, онда ол көрсету әдісін қолдануда, ал мұғалімнің көрсетуді сүйемелдейтін әңгімесі - әдістемелік тәсіл болып табылады.

Оқыту әдістерін топтастыру.

Дидактика мен жеке әдістерде оқытудың әдістерінің әртүрлі жіктелінуі бар. Қазіргі уақытта дидактикада біршама қабылданған топтастырулардың бірі - И. Я. Лернер ұсынған танымдық іс-әрекет сипаты бойынша әдістерді топтастыру болып табылады. Мұнда оқытудың бес әдісі бөлініп көрсетіледі:

1) Түсіндермелік-иллюстративтік;

2) Репродуктивтік;

3) Проблемалық оқыту әдісі;

4) Эвристикалық;

5) Зерттеушілік.

Көрсетілген оқытудың жалпы дидактикалық әдістерін екі топқа жіктеуге болады:

1. репродуктивтік (1-ші және 2-ші әдістер) бұл әдістерде оқушы білімді меңгеріп, оны таныс іс-әрекеттер арқылы қайталап береді.

2. Продуктивтік(өнімді) (4-ші және 5-ші әдістер) бұл әдісте оқушы жаңа білімді өз бетімен ізденісте шығармашылық іс-әрекеттер нәтижесінде меңгереді. Проблематылық оқытуда әзір ақпаратты меңгерумен қатар шығармашылық іс-әрекеттің элементтері де жатады. Сондықтан бұл әдіс екі топқа да жатады.

Оқу-педагогикалық қызметтегі іс-әркет тұрғысы негізінде Ю. К. Бабанский оқыту әдістерін үш топқа бөледі:

1. оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері;

2. оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері;

3. іс-әрекетті бақылау әдістері.

Әдістердің бірінші тобына сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер енеді. Ынталандыру әдістерінің тобына осы топқа тән әдістер: танымдық ойындар, пікірталас, мадақтау т. б. енеді. Бақылау әдістері тобына ауызша және жазбаша тексерудің әр алуан әдістері - жеке және фронтальды сұрау, бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, дидактикалық карточкалармен жұмыс т. б. жатады.

Танымдық іс-әрекет сипаты, білім көзі, оқу-педагогикалық іс-әрекетті, ғылымның әдіснамалық тұрғыларының негізінде оқыту әдістерін 1-кестеден көрсетілгендей топтастыруға болады:

Кесте 1.

Топтастыру негіздемесі
Әдіс топтары
Топтастыру негіздемесі: Танымдық іс-әрекет сипаты
Әдіс топтары:

түсіндірмелік-иллюстративтік репродуктивтік

проблемалы мазмұндау

эвристикалық

зерттеушілік

Топтастыру негіздемесі: Білім көзі
Әдіс топтары:

сөздік

көрнекілік

практикалық

Топтастыру негіздемесі: Оқу-педагогикалық іс-әрекет тұрғысынан
Әдіс топтары:

оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру

оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру

оқу-танымдық іс-әрекетті бақылау

Топтастыру негіздемесі: Ғылым методологиясы
Әдіс топтары:

теориялық

эмпирикалық

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін топтап, жіктеудің басқа да түрлері көрсетілген. Топтап жіктеудің негізіне оқу үдерісінің кезеңдері, оқушылардың танымдылық белсенділігі мен материалды меңгеру деңгейлері, білім берудің логикалық жолдары т. б. алынуы мүмкін.

Оқушылар ақпаратты әртүрлі білім көздерінен алады (Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық іс-әрекет нәтижесінде) . Осы тұрғыдан білім көзіне байланысты барлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады:

1. Сөздік

2. Көрнекілік

3. Практикалық

Сөздік әдісте басты білім көзі-сөз. Әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция-сөздік әдістер. Сөздік әдіске оқушылардың кітаппен(оқулық, анықтамалықтар, ғылыми әдебиеттер) жұмыс істеуі де жатады.

Көрнекілік әдістер тобына білім көзі-бақылап, зерделеу болатын әдістер жатады. Оқушылар бақылап қарап, оның нәтижесіне эксперименттік фактыларға ой жүгіртіп, талдап, қорытынды жасап, жаңа білімге жетеді. Көрнекілік әдістер тобына демонстрациялық эксперимент пен иллюстрациалық әдіс (суреттер, сызбаларды, кестелерді, механикалық модельдерді, диапозитивтерді, кино-, теле-, видеофильмдерді т. б. көрсету) жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады.

Практикалық әдіс - есеп шығару мен оқушылардың жұмыстары (зертханалық жұмыстар мен химиялық практикумдар, үй эксперименті) Осы әдісті қолдану барысында оқушыларда білімдерін есеп шығару үдерісінде қолдана білу білігі мен белгілі-бір экспериментальдық білім мен дағдылар (өлшеу жүргізе білу, өлшеуіш құралдың шкаласының құнын анықтау, тәжірибе барысын оқып оны құру т. б. ) қалыптасады. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің негізгі көз болып табылады.

Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқытудың басқа да әдістері көрсетілген. Әдістерді топтастыру негізінде оқыту үдерісінің этаптары, оқушылардың танымдылық іс-әрекетімен оқу материалын меңгеру деңгейі білім берудің логикалық жолдары т. б. алынуы мүмкін. Көптеген әдістер бұрыннан белгілі әдістердің бірігіп қолданылатын әдісін береді. Бұның бәрі оқытудың әр әдісінің көп қырлы екенін көрсетеді.

Сонымен оқушылардың білмеуден білуге өтуі мұғалімнің оқытудың әр түрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты.

Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде химияны оқыту әдістемесінің мақсаты -химия мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау.

Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Химия сабақтарында көбінесе оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.

Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы.

Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:

1) химияның негізгі заңдары түсіндіріледі;

2) химиялық құбылыстардың мәні ашылып, көрсетіледі;

3) химиялық ұғымдар (зат, элементтер, тұнба т. б қалыптастырылады;

4) оқу матриалдары қайталанып, бекітіледі

5) оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері, дағдылары тексеріледі .

Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, оқу меңгеру процесіне өздері де қатынасады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылайды, мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, бұл тәсіл оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытуға қажетті жағдай туғызбайды.

Әңгімелеу - оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады:

1) химияға қатысты заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) ашылу тарихымен, химик-ғалымдардың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда ;

2) ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен мектеп оқушыларын таныстырғанда;

Химияның ғылымда, техникада, өмірде қолданылуын түсіндіргенде (Қазіргі кезде химияның қолданылу аясы одан әрі кеңейді. Химия ғылымы көптеген маңызды ғылыми жаңалықтар мен жетістіктердің қуатты өршіткісіне айналды. Физиктер химиялық әдістердің көмегімен радиоактивті элементтерді таза күйінде бөліп алып, өнеркәсіп қызметіне қосты. Каучуктар, резеңкелер, металдар сияқты материалдардың беріктілігін арттыру үшін радиациялық химия ядролық сәулелендірудің тиімді әдістерін тапты. ) ; табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын химиялық құбылыстарды баяндағанда.

Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеу және ауызша түсіндіру кездеріңде оқу материалдары әр түрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып керсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет.

Жоғары сыныптарда оқу материалын түсіндіру кейде лекциялық тәсілмен өткізіледі. Лекцияның ғылыми мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл, оқушылардың дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді. Мектеп химия курсынан лекцияны кез келген тақырыпта және сыныптарда оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың белсенділігін көтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек, оны ірі ғалым-мамандардың оқығаны жөн, оны проблемалық формада құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс. Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де маңызды, әрі қызықгы болады.

Оқушылардың логикалық-танымдық және шығармашылық ойлауы мен қабілеттерін дамытуда сабақтарды проблемалық оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні - оқу материалын түсіндіру үстінде проблемалық жағдай (ситуациялар) туғыза білу. Негізінен, химиядан проблемалық оқытудың формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар:

1) проблемалық баяндау - мүғалімнің проблеманы тұжырымдап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін көрсету;

2) проблемалық жағдаят туғызып, оны оқушыларды қатыстырып, бірге шешу;

3) проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін оқушылардың өздеріне ұсыну;

4) проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушылардың өздеріне беру. Бұл тәсілді көбінесе факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында пайдаланған да орынды.

Мысалы, «Қаныққан, қанықпаған көмірсутегі» тақырыбында негізгі мәселе болып саналатын, ол көміртегі атомдарындағы химиялық байланыстың бағыттасу ерекшеліктері, соған байланысты гибридтенудегі механизмі. Ал, қосымша мәселе болып, бұл тақырыптарда көміртегі атомдардың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктері саналады. Барлық сабақтар мәселелік болуы мүмкін емес, дегенмен де тақырыптың мазмұны алдыңғы сабақтарда жасалған мәселелік ситуацияларға негізделіп құрылады.
Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер тақырыбында, «этилен көмірсутектерінен гөрі қанықпаған көмірсутектерінің болуы мүмкін бе?» деген мәселелік ситуацияны айқындаймыз

Проблемалық оқыту тұрғысынан М. И. Махмутов оқыту әдістерінің жүйесі 10 түрге бөлінеді:

1) ақпараттық;

2) орындаушылық;

3) түсіндірушілік;

4) репрадуктивтілік;

5) нұсқаулық-практикалық;

6) нәтижелік-практикалық;

7) түсіндірмелі-оқытушылық;

8) ойланушылық;

9) жартылай ізденушілік;

10) ізденушілік.

Дидактикалық мақсат тұрғысынан М. А. Даниловтың классикасы бойынша оқыту әдістерінің 4 түрін көрсетеді: білім алу әдісі; оқушылардың ебедейлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; оқушылардың алған білімдерін практикада және шығармашылық істе пайдалану әдісі; оқушылардың білімдерін, ебдейлігін, дағдыларын тексеру әдісі.

Химия сабақтары бағдарламалап оқыту жолымен де жетілдіріліп келеді. Бағдарламалап оқыту принципінде, оқу материалы жеке элементтерге (порцияларға) бөлініп, сыныптағы оқушылардың қабілетіне қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат алып тұрарлықтай арнаулы бағдарламамен (алгоритм) оқытылуы көзделеді. Программаланған оқулықтар мен тапсырмалар сызықтық, және тармақтық, принцип негізінде дайындалады. Мұндай тәсілді пайдаланудың нәтижесінде оқу жадыхатын бір оқушы шапшаң, ал басқа біреуі баяу меңгереді, оқушылардың өз бетінше оқуына қолайлы жағдай туғызылады, олардың білімдері машинамен объективті тексеріледі және мұғалімге деген жеке басының наразылығы-күдігі болмайды, сабақта электроникалық техника қолданылады.

Бағдарламалап оқыту мен оқушылардың білімін тексеру арнаулы бағдарлама, тапсырма, программаланған оқулық, "оқытатын" және "тексеретін" машиналар арқылы жүзеге асырылады. Өкінішке орай, бұл тәсілдің оқушыларды сөйлетіп, өз ойын түсіндіре білуге, мұғаліммен қарым-қатынасын дамытып, одан төрбие алуға үйретудегі рөлі төмен.

  1. Оқытудың белсенді оқыту әдістері және оның ерекшеліктері

Белсенді оқыту - қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу-танымдық іс әрекетін белсенді ету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі авторлармен өте жиі қойылып отырады.

Оқытудың белсенді әдістері -оқу материалдарын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс әрекеттерін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

В. Я, Ляудистің берген анықтамасы бойынша : «оқытудың белсенді әдістері деп бірлескен және жеке оқу іс-әрекеті жағдайында әлуметтік құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын әдістер деп түсінуге болады».

Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;

-білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс.

Оқудың белсенді оқыту әдістері белгілі оқу (дидактика) құрал- жабдықтармен іске асады. Оқу құрал-жабдықтары -бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. Оқу құрал жабдықтарын екі мағынада қарастырсақ, біріншіден оны көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар, ерітінділер және т. б деп алсақ, кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жәрдемші барлық затты айта аласыз. Яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқыту құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, әдістер сияқты оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу танымдық іс- әрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:

-көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объектер және т. б;

-есту(аудио) құралдары -радио, магнитафон, ән-күй аспаптары және т. б ;

-есту көру құралдары -дыбысты фильмдер, теледидар және т. б;

-сөздік құралдар -оқулықтар мәтіндер;

-оқыту процесін автоматтастырушы құралдар-тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс қатынас тораптары;

-сөз, сөйлеу, ым шара, дене қозғалыстары;

Химияда оқыту әдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив және субъектив себептерге тәуелді, атап айтатын болсақ, олар:

  • Оқыту заңдылықтары және оларға негізделген принциптер;
  • Адамның оқу тәрбие және дамуына байланысты жалпы мақсаттар;
  • Нақты білімдену тәрбие міндеттері;
  • Оқуға болған ынта деңгейі;
  • Нақты оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері;
  • Материал мазмұны;
  • Материал игеруге бөлінген уақыт;
  • Оқыту материалының саны мен күрделілігі;
  • Оқушылардың дайындық деңгейі;
  • Шәкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі;
  • Дәріс түрі мен құрылымы;
  • Оқушылар саны;
  • Балалар қызығуы мен ықыласы;
  • Оқыту барысында қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым қатынас (қызыметтестік не әміршіл әкімшіл)
  • Материалды техникалық қамсыздандырылуы;
  • Педагогтың түлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей дәрежесі,

Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты әдіс пен құрал жабдықты іріктеу, таңлау жөнінде шешім қабылдайды немесе дәріс өткізудіңжағдайына орай бірнеше қилы әдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.

Оқытудың белсенді әдістері ерекшеліктері:

  • Білімді берік, саналы меңгеруге жетелейтін практикалық және ойлау іс әрекетінің бірлестігі;
  • Танымдық іс әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;
  • Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;
  • Таным процесі сезімдік және ақыл ой нәтижесін береді;
  • Шығармашылдықтың жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз етеді;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Оқытуда көрнекі әдістер
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Химияны оқыту әдістері
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Оқытудың дидактикалық ұстанымдары
Химиялық оқу экспериментінің қазіргі күйі және оның жетілдіру жолдары
Химияны кіріктірілген модульдік оқытудың тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz