Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ОТБАСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ПСИХОТЕРАПИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері

1. 2 Отбасы қарым-қатынасының маңыздылығы

2. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Толық емес отбасының баланың эмоционалды - тұлғалық сферасына әсері

2. 2 Толық емес отбасындағы ана мен бала қарым-қатынасы

2. 3 Ананың бала тәрбиесіндегі орны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А. Г. Харчев, А. Н. Антонов, З. И. Файнбург, Д. Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т. с. с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г. М. Свердлов және В. Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А. Ю. Гавит, Э. А. Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.

Д. Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. А. Н. Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды.

Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А. Г. Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады». «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» - деп берген А. Б. Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі . Бүгінде «толық емес отбасы» деген сөз күнделікті елең еткізбейтін сөз тіркесіне айналды. Қазіргі қоғамда ер балалардың тәрбиесіне көңіл бөлініп жатқан жоқ. Неке қияр орталықтарының мәліметтеріне жүгінсек, жаға ұстататын мәліметтерге тап болады екенбіз. Некеге отырғандардың 65 пайызына жуығы көп ұзамай ажырасып кетеді екен. Мектеп оқушыларының арасында 70 пайызға жуық бала әкесіз тәрбиеленіп отырған толық емес отбасыларының ұл-қыздары.

Күнкөріс қамымен әке бір жақта, ана бір жақта - балалары бөлек өзінше өмір сүріп жатқандарың да куәсі болып жүрміз. Бала тәрбиесінен алыс, тірлігі беймәлім әкенің бала тәрбиесіне қандай ықпалы болады? Әке неғұрлым баланың қасында жүрсе, соғұрлым бала әке тәрбиесін көріп өседі. Осында мәселені алға қоя отырып, зерттеу жұмысымның тақырыбын «Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы» деп алдым.

Зерттеу мақсаты : отбасы қарым-қатынасындағы психотерапияның негізгі бағыттарын психологиялық аспектілерін теориялық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау, сонымен қатар толық емес отбасындағы балалардың психологиясын зерттеу.

Зерттеу обьектісі : толық емес отбасындағы бала психологиясы

Зерттеу пәні : кәсіби шеберлік және психология этикасы

Зерттеу міндеттері

  1. Толық емес отбасы туралы, толық емес отбасында қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
  2. Толық емес отбасындағы балалар психологиясын, қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.

Курстық жұмыстың құрылымы . кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Отбасы қарым-қатынасындағы психотерапияның негізгі бағыттары

1. 1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері

Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С. И. Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата - ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы -неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э. Г. Юстицкий В. В., 1990) . Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А. И өз зерттеу жұмысында.

Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э. Фромм және ресейлік ғалым М. И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С. М. Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.

Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді.

А. Б. Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.

Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г. М. Свердлов және В. Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.

Э. К. Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С. Д. Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық -тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.

70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б. П. Парыгин, А. Г. Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С. Голод, З. Янкова т. б. зерттеді.

З. И. Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю. Г. Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А. М. Уматинов және т. б. зерттеді.

70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю. Е. Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді», З. И. Янкова және т. б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды, зерттегендер мысалға А. А. Бодалев, Н. Н. Обозов және т. б.

Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді. Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең. Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д. Л, Кондратьев және т. б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И. С. Дубровина зерттеді, ол жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г. П., Драгунова Т. В. және т. б, ал танымдық эмоциялық -еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В. В. тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е. Г сияқты ғалымдар зерттеді.

1. 2 Отбасында қарым-қатынасындағы психотерапия

ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық диагностикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И. В. Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік -тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын “отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.

2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.

Психотерапияның міндеттері - инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.

Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т. б. біріктіреді.

Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.

Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі - қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Ол тапсырмалардың мақсаты:

- отбасы мүшелерінің қылығын өзгерту;

- психотерапевтің отбасы мүшелерімен қатынасты орнықтыру үшін қосымша ынталандыруды табу; тапсырмаларды орындауда отбасы мүшелерінің реакцияларын жаттап алу;

- отбасы мүшелерінің сүйемелдеуін жүзеге асыру, яғни, тапсырманы орындау уақытысында психотерапевт көзге көрінбейтіндей қатысады.

Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Ххғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:

Қатынастарды айқындау және анықтау.

“Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған) ;

ерлі-зайыптыларды тиңмді эмоционалды үйрету. “Мен-қалпы” сабағы.

Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген.

Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, “бос асссоциациялар” техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды.

Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері - Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т. б. қазіргі уақытта жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы боладын.

Жеке отбасы терапиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т. б. ) . әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.

Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:

- психотерапевті отбасымен біріктіру;

- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;

- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;

- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.

Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кезсесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.

Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан “мәселені шешуші” “қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары - Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау.

Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы - бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.

Отбасы қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде шартталу жағдайы негізге алынады.

Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін шақыратын кейбіреулердің бірі. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету, тану және модификациялау сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар.

Жұмыстың ең танымал техникалары келесілері:

- қалыптастыру - жүйелні нығайту арқылы тілекті кішкентай порцияларға бөлу арқылы оған жету;

- жетондық жүйе - сәтті қылықтары үшін балаларды марапаттау есебінде ақша немесе ұпайды қолдану;

- шарттық жүйе ата-аналардың қылығының өзгеруі баланың қылығының синхронды өзгеруі келісуді өзіне қосады;

- мараппатауға өзгерістер мен айырбастау;

- бөлу шектеу түрінде жазалау;

отбасы қылық терапиясы бұл өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігі болғандықтан ең әйгілі әдістердің бірі.

Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик, Д. Джексон және басқалары болып табылады.

Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады.

Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады.

Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс “тәжірибе” мен “сапалы мәнге” негізделген.

Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз бала - келешек отбасының анасы
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Отбасы психологиясындағы тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық мәселелері
ЖАНҰЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тәрбиенің эгоцентрикалық стилі
Отбасы-адам өміріндегі жетістіктің психологиясында тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуы
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері
«Топтық коррекция»
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Неке мен отбасылық қатынастың мәні және оның тарихи дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz