Қылмыстық іс қозғау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МА3МҰНЫ

КIРIСПЕ2

І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЬІЗЫ3

1. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы3

2. Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымдық адамдар6

ІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ12

1. Азаматтардың арызы12

2. Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы14

3. Баспасөзде жарияланған хабарлар15

4. Айыбын мойнына алып өзі келуі15

5. Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы17

ІІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР20

1. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау20

2. Қылмыстық іс қозғауды жоятын жағдайлардың қысқаша сипаттамасы21

ІV-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНАН БАС ТАРТУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ25

1. Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі25

2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту26

V-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ ҚОЗҒАЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ПРОКУРОРДЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫ28

Қорытынды30

Қолданылған әдебиет31

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының Ата Заңы республиканың тәуелсіздігі мен егемендігін жеке мемлекет ретінде жариялай отырып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтары мүддесінің негізгі кепілі ретінде мемлекет екендігін көрсетеді. Президент азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, Конституцияны, республика заңдарын қорғау кепілі болып саналады.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасы азаматтары бүкіл халықтық референдумда дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған еді.

Конституцияда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, оны әлеуметтік жағынан қорғау жақсы көрініс тапқан.

Конституцияның 12 бабының 2 тармағында былай деп көрсетілген: " . . . Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тұрмысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады. "1.

Қазақстан Республикасы Конституциясының ықпалымен барлық іс жүзіндегі заңды актілер, соның ішіндегі қылмыстық істер жүргізу құқығының нормаларына толықтырулар енгізілді. Қылмыстық істер жүргізу құқығындағы қылмыстың істі қозғау институтының маңызы зор, себебі. Сотта қылмыстық іс жүргізу міндеттері және тұтасымен істің дұрыс жүргізілуі осыған байланысты болады.

Құқық қорғау органдарының қызметтері, әрі олардың статустық мәртебесі, қылмыспен күресудегі ерекшелігі және азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сапасын көтеруге байланысты елімізде құқықтық реформалар өтіп жатыр. Құқықтық мемлекет құруға байланысты заңдылықты күшейту жұмыстары, соның ішінде қылмыстық заңдардың қазіргі өмірлік талапқа сай қайта өзгерту мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуда.

Қылмыстық іс қозғаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол кейінгі тергеу сатыларына бастама болумен бірге қылмысты ашу мен қылмыскерді әшкерелеп жазасын тағайындауға әсері бар.

Судья, прокурор, тергеуші анықтама органдары заңмен көрсетілген шеңберде өз құзіретіне сәйкес қылмыс белгілері бар деп тапса, онда қылмыстық іс қозғауы міндетті болып табылады.

Істің негізгі қозғалуы азаматтардың мүдделерін, қоғамдық ұйымдарды қылмыстың әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етеді. Істі қозғау стадиясында әрбір қылмыстық фактіге өкімет органдарының қажетті әсер етуі қамтамасыз етіледі. Осы сатыда тұрған міндеттердің қаншалықты дұрыс және шебер шешілуіне байланысты, соншалықты мөлшерде қылмысты ашуға қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауға себебін тигізеді.

І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЬІЗЫ

1. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы

ҚР ҚІЖК 36-бабына сәйкес: "Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстың белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті".

Осы сатыда, анықтама алдын-ала тергеу органдары, прокуратура және сот органдары:

а) қылмыстық іс бойынша өндірісті бастау үшін заңда талап етілген шарттардың болуын тексереді;

ә) қылмыстық іс қозғау шешімін қабылдайды, яғни істі бастау және қылмысты ашу, айыптыны әшкерелеу және жазалау үшін қажетті барлық тергеу әрекеттерін жүргізуге немесе қылмысты істі қозғаудан бас тарту, яғни барлық осы әрекеттерді жасамауға шешім қабылдайды;

б) қылмысты тойтару және алдын алу шараларын қолданады;

в) дәлелдемелерді бекіту және сақтау шараларын қолданады.

Осылайша бұл сатының мазмұны анықталады. Бұл сатыда анықтама органы, тергеу органы, прокурор және сот жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарды алған соң қылмыстық іс бойынша өндіріс шын қажетті шарттардың болуын анықтайды да, өндірісті бастау шешімін қабылдайды, егер қажетті шарттар бойынша болмаса қылмысты істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қылмысты іс қозғау арқылы анықтама, тергеу органдары, прокурор және сот өздеріне белгісіз болып тұрған оқиғаларға қылмыс ретінде қарап, оны ашу қажеттігін қарайды, ал оны жасаған адам әшкереленіп, оның сотталуына, жазалануын қамтамасыз етеді.

Жасалған қылмыс бойынша бірде-бір қылмыс ашылмай қалмауы керек және бірде-бір айыпты жауапкершіліктен кетпеу керек. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке азаматтарды заңсыз және негізсіз тарту оқиғалары орын алмауы керек.

Заңның бұл талаптарын қатаң сақтау қылмысты істі қозғау мәселесін шешуде әрбір жасалған қылмыста сот әділдігінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда кепілдік береді.

Қылмыстық істің дер кезінде тез қозғалуы істі тиімді тергеу мүмкіндігін туғызады. Керісінше қылмыс жасалғаннан кейін кеш қозғалған істі тергеу қиынға түседі. Кейбір жағдайда бұл іс нәтижесіз болуы мүмкін. Әрбір жасалған және жауапқа тартылатын қылмыс бойынша тез арада қылмыстық істі қозғау қажеттігінің мәні осында.

Қылмыстық іс неғұрлым тез қозғалып тергеу басталса соғұрлым ол нәтижелі болады.

Прокурор, тергеуші, анықтама органы, судья істелген немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалардың барлығын, соның ішінде өздерінің қарауында жатпайтындарын да қабылдауға міндетті. Қылмыстар туралы арызда немесе хабарламаны қабылдап, олар онда көрсетілген мән-жайларды 3 күн ішінде, ал ерекше реттерде ұзаса 10 күн мерзімінен кешіктірмей тексеруге міндетті, тексеру қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату, түсініктер алу жолымен жүргізіледі, бірақ тергеу шаралары жүргізілмейді, сөйтіп олар төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

а) қылмыстық іс қозғау туралы

ә) қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы

б) арызды, хабарды тергеу ретімен, ал жеке айып тағу істері бойынша - сот ретімен беру туралы (Қ. Р. ҚІЖК - 185 бап) .

Қылмыстық Істі қозғау туралы қаулы алдын-ала тергеудің мәнін анықтайды.

Қылмыстық істі қозғау кезінде қандай қылмыс іс жүргізудің басқа да өзіндік сатылары тәрізді қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы міндеттерінен туындайтын өзіндік нақты міндеттеріне ие. Бұл міндеттер қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды қабылдау, қарау ол қажетті жағдайларда керекті хабарлар мен қылмыстық іс қозғау үшін заңды және жеткілікті негіздерді бекіту мақсатында толықтырулармен сипатталады.

Қылмыстық Істі қозғауға негіздің бар-жоқтылығын тексеру және тиісті үкім шығару қылмыстық процестің осы сатысының міндеттері болып табылады.

Қылмыстық Іс қозғау сатысында шешілетін міндеттердің маңыздылығы оның қоғамдық саяси және заңдылық (құқықтық) мәнін анықтайды.

Зерттелетін сатының қоғамдық саяси мәні қылмыстық істі заңды түрде және дер кезінде қозғау мемлекет мүддесін қылмыстық қолсұғушылықтан, сонымен қатар құқық бұзушылықтан және азаматтар мен олардың ұйымдарының заңды мүдделерін қорғайтын маңызды құрал болып табылатындығында. Ол қоғамдық және мемлекеттік құрылыстар, мемлекеттік меншікті азаматтардың саяси еңбек жайының және мүліктік құқығын қорғауға бағытталған.

Барлық процесс сияқты, қылмыстық істі қозғау сатысы да демократизм, заңдылық негізінде құралады және негізсіз, заңсыз түрде қылмыстық іс қозғаудың және азаматтардың қылмыстық жауапқа тартудан кепілдендіреді.

Қылмыстық Істі қозғау сатысының қылмыстық іс процессуалдық мәні тиісті орындардан жауап алу, зат алу және басқа тергеу қимылдарын тек қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылданған соң ғана жүргізе алатындығында. Қылмыстық істі қозғаусыз не алдын-ала тергеу не сотта іс қарау жүргізілмейді. Ерекшелік ретінде кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда оқиға болған жерді қарау сияқты тергеу қимылы қылмыстық істі қозғауда дейін жүргізуге болады.

Бұл жағдайда оқиға болған жерді қарап шыққаннан кейін тез арада, егер оған негіз бар болса, қылмыстық іс қозғалады.

Қылмыстық істі қозғау сатысының заңдық мәні бір жағынан қылмыстық белгілері жоқ немесе іс жүзінде мүдделі орын алмаған фактіні тергеуді болдырмауды қамтамасыз ету талап етілетіндігінде. Өзінше сүзгі болып қызмет ететін процестің бұл сатысы әр нақты жағдайда қылмыстық әрекеттермен күрес жөніндегі тиісті мемлекеттік орындарының назары мен күш салуын жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, ол қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын немесе қылмыстық жазалау шараларын талап етпейтінінің бәрін қылмыстық істерді сотта жүргізу саласынан дер кезінде шығарып тастауға қызмет етеді. Қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық процестің өз алдында бір сатысы болып табылатындықтан, анықтау және алдын-ала тергеу сатысының процессуалдық қатынасынан басқа ерекше процессуалдық қатынас туындайды.

Қылмыс туралы мәлімдеген адам немесе мекеме осы өтініш берілген орын арасындағы процессуалдық қатынас мынадай: анықтама органы, тергеуші, прокурор, сот қылмыс туралы өтінішті немесе хабарды қабылдап алуға, сол қылмыс бойынша сәйкес шешім қабылдауға және ол туралы өтініш жасаушыға хабарлауға міндетті, істі қозғаудан бас тартқан жағдайда ол бас тартуға шағым жасауға құқылы.

Сонымен қылмыстық істі қозғаушы анықтама немесе алдын-ала тергеу органдары мен прокурор арасында белгілі бір процессуалдық қатынас орнайды. Қылмыстық процестің бастапқы сатысында қылмыстық іс белгілі бір адамға қатысты емес, керісінше сол фактінің қылмыстық оқиғаның өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалады. Қылмыстық іс қозғалғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адам әдетте белгісіз болады, оның жабылуы және әшкереленуі қылмыстық іс қозғағаннан соң анықтау және алдын-ала тергеу негізінде белгілі болады.

Кейбір қылмысты істер бойынша қылмыс сипатына қарай қылмыстық істі қозғау негізінде белгілі бір адам есте болады. Мысалы: қылмыскерді қылмыс болған жерде ұстағанда. Бұл жағдайларда, әрине қылмыстық істі қозғау және қылмыстық жауапкершілікке тарту барлығынша жақындасады; бірақ тура келмейді, себебі бұл жерде де қылмыскер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы қабылдануды тергеуші немесе анықтама органы қылмыстық іс қозғалып болғаннан кейін я болмаса тікелей соңынан жібергізіледі.

Мынадай шешім күдік туғызады: қылмыс оқиғасы мен оны жасаушының жеке басы бірдей белгілі болған кезде, қылмыс оқиғасы мен оны жасаушының жеке басы арасында жасанды ажырау туындамайды ма?

Шындығында, мұнда ешқандай жасандылық жоқ, нақ осындай жардай қылмыстық істі қозғау актінің мәнінен келіп шығады.

Егер қылмыстық істі қозғау кезінде қылмыс жасаған адам белгісіз болса, қылмысты істі қажеттілігі бойынша әрекетке, қылмысты оқиғаға ғана жүргізіле алады. Ал қылмыстық істің жауапкершілікке тартылуы тікелей қылмыстық іс қозғалғаннан соң жүргізіледі.

Егер қылмыстық іс белгілі бір процессуалдық жағдайда қойылған болар еді. Бірақ айыптаушының процессуалдық жағдайына осы немесе басқа адам істі қозғау актісімен емес, айыпкер сәтінде жауапқа тартылуы актімен қойылады. Сол сияқты күдікті адам жағдайына да қылмыстық істі қозғау актімен емес, осы адамды ұстау немесе оған айып тағылғанға дейін шара таңдау актісімен қойылады.

Қылмыстық істі қозғауға қарасты мәселелені шешуде прокуратура, сот алдын-ала тергеу жүргізу және анықтама органдары, лауазымды адамдарды қылмыстық процестің заңдылық ашықтық және шапшаңдық сияқты маңызды талаптарына сүйенеді2. Процестің бірінші сатысында қолданбалы заңдылық қағидасы қылмыс істі қозғау немесе бұдан бас тарту бойынша барлық шет заңға негізделеді, соған дәл сәйкес ету қажет.

Процестің алғашқы сатысында шапшаңдық қылмыс туралы алғашқы мәліметтердің шешуін барынша айқындық көрсету қажет екендігін білдіреді. Бұл өзінің нақты бейнесін қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу байланыстырылған мезімдерде болатын Заң белгіленген мерзімде сақтау қылмыспен қарсы күрестің шарттарының бірі болып табылады. Қылмыстық іс неғұрлым тез қозғалса, қылмысты толық ашу үшін қажетті дәлелдер соғұрлым шапшаң бекітіледі.

Бірақ шапшаңдықты асығыстықпен шатастыруға болмайды. Қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешкендегі асығыстық негізсіз процессуалдық шешімдерді қабылдауға, заңдылықтың бұзылуына және кейбір азаматтардың құқығына қосымшалық жасауға әкеліп соқтырады.

2. Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымдық адамдар

Қылмысты істі қозғау ашық түрде өтетін құзыретті акт.

Актіні жүзеге асыру қылмыспен күрес жүргізетін белгілі билік органдарына жүктелген. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің талаптарына сай қылмысты тез ашу, дайындалып жатқан жағдайларын болдырмау, барлық Іс жүргізу тәртіптерін мүлтіксіз сақтау белгілі органдардың қызметкерлеріне жүктелген. Сонымен қатар процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қабылдау азаматтарға көмек беруге өтініш жасаулары мен қылмыс туралы хабарларды сот, тергеу және прокуратура органдары тарапынан тиісті бағасын алады деген сенім туғызады3.

Мемлекет орындары қылмыс жасаған әрбір жағдайда қоғамның және кейбір азаматтардың мүдделері үшін белсене әрекет етуге міндеттейді. Сонымен бірге, бұл мәселеде ашықтық қағидасын жүргізу қылмыс жасалған және осы акт негізделген, әрбір жағдайды қылмыстық істің қозғалуын қамтамасыз етеді.

Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстық белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті.

Алдын-ала тергеуді талап етпейтін істер бойынша мысалы: жеке айыптау істері бойынша шағымдар мен өтініштер сотта қаралып қылмыстық істі қозғау немесе одан бас тарту туралы қаулы шығарады. Соттың жеке басы бұл жағдайда қылмыстық істі қозғау орны болып табылады.

Заң халық сотының қылмыстық істі қозғауға немесе одан бас тарту құқығын істердің сипатына қарай анықтайды. Алайда халық соттарының қызметі тәжірибесін соттардың жеке бастың алдын-ала тергеу міндеті Істер бойынша шағымдар мен өтініштер түскенде қылмыстық Іс қозғау орын алған емес. Бұл жағдайда шағымды, өтінішті тексеру нәтижесінде іс қозғау үшін негізде белгіленген, тиісті қаулы шығарған тергеу орны қылмыстық істі қозғау орны болып табылады. Бұл жерде мына жағдайларды да еске ұстау қажет шағымдар мен өтініштер тексеру мұқтаж, іс қозғалған жағдайда белгілі шұғыл шаралар, қабылдану бойынша әрекеттер халық сотының тікелей міндеттері аясына кірмейді.

Егер қылмыстық істі қозғау кезінде сот іске сотталушы ретінде тартылмаған адамдардың біреу екеніне көзі жетсе, онда ол адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы дәлелді ұйғарым жасайды, бұл адамға қатысты бұлтартпау шараларын қолдануға тиісті. Сот істі тергеуге жібереді. Соттың ұйғаруымен қылмыстық істі қозғау актінің мәніне қарай болады.

Сот қылмыстық, азаматтың немесе әкімшілік істі талқылау кезінде қылмыс белгілерін байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлауға міндетті (ҚР ҚІЖК 183 б. 4 п. ) .

Сот куәгерді жалған куәлік, қате жауаптары және сараптаудың жалған қорытындысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқылы.

Басқа іс бойынша үкімнің заңдылығы мен негізделген тексеру кассациялық және қадағалау инстанциясының соты қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдай ала ма деген сұрақтың маңызы зор. Мұндай қажеттілік іс жүзінде бірінші инстанция соты белгілі бір негізі бола тұра, қылмыстық іс қозғалмаған жағдайда туындайды. Заңда бұл сұраққа тіке жауап жоқ. КСРО Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының ұйғарымдарының бірінде кассациялық инстанция қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет деп таба отырып, бұл тарау туралы жеке ұйғарым жасауға құқылы, егер бұл адамдарды жауапкершілікке тарту қаралатын іс бойынша айыпкердің түрі мен дәрежесіне әсер етпейтін болса. Осылайша КСРО Жоғарғы Соты сұраққа жауап берді4.

Осы сот инстанциялары үкім және басқа да сот фактілердің заңдылығы мен негізділігін тексере отырып, ешқандай тергеу жүргізбейтін барлық дәлелдерге істің жазбаша материалдарын да тіркелген түрінде баға берумен шектелетінін ескеру керек. Олар істің мәні бойынша қараған сот топтаған фактілер анықталған деп есептей алмайды.

Сотта қылмыстық іс жүргізу негіздерінің 51-бабына тіке көрсетілген соттың тіркеудің кассациялық тәртібінде істі қараған сот үкімде белгіленген және онымен жоққа шығармаған фактілерді анықтауға және дәлелденген деп есептеуге құқысы жоқ. Бұдан бұл жағдайларда кассациялық және тергеу инстанциясының соты бұл жаңа фактілерді анықтауға байланысы болғандықтан қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдай алмайды.

Сотта қылмыстық іс жүргізу негіздерінің 51-бабына тіке көрсетілген соттық тіркеудің кассациялық тәртібінде істе қараған сот үкімде белгіленген және онымен жоққа шығармаған фактілерді анықтауға және дәлелденген деп есептеуге құқысы жоқ. Бұдан бұл жағдайларда кассациялық және тергеу инстанциясының соты бұл жаңа фактілерді анықтауға байланысы болғандықтан қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдай алмайды.

1995 жылдың 21 желтоқсанында Президенттің шығарған Қазақстан Республикасы прокуратурасы туралы Указының 46-бабына сай прокурор іс қозғауға немесе іс қозғаудан бас тартуға құқылы.

А. В. Жогин мен Ф. А. Фаткулин прокуратураға түскен алғашқы материалдарды тергеушіге беруге тек ерекше жағдайларда жол береді:

а) прокурор оның көмекшісі (орынбасары) объективті себептермен оларды шұғыл қарай алмайтын кезде;

ә) егер алғашқы материалдарды осы тергеуші жүргізіп жатқан іске қатысты қылмыс туралы мәліметтер болса және сондықтан жаңа істің осы материалы бойынша іс қозғау қажет пе деген сұрақтың шешімін тергеуші берген орынды болса5.

Алайда статистика прокурор өзінің қылмыстық істі қозғау құқығын сирек пайдаланатынын көрсетіп отыр.

Прокурор сонымен қатар жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де қылмыстық істі қозғауға құқылы.

Қылмыс туралы алғашқы материалды прокуратурадан анықтама орындарына беру үшін заң бойынша қозғалушы іс олардың тергеуінде болуы шартты. Алдын-ала тергеуді жүргізуді заң талап ететін қылмыс туралы әңгіме болғанда, прокурор кейбір істі шұғыл қозғау туралы мәселені шешу үшін анықтама органына, дұрыс процессуалдық шешім қабылдауға мүмкіндік алатындай етіліп нұсқау бере алады. Қылмыстық іс қозғалғаннан соң әртүрлі тергеу әрекеттерін жүргізу туралы бөлек тапсырма бере алады.

Қылмыстың іс қозғау құқығына сонымен қатар тергеуші иеленген (тергеу бөлімінің немесе басқармасының бастығы) бола алады.

Тергеушілер Ішкі істер министрлігінде және ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейді. Тергеушілердің негізгі міндеттері: қауіпті қылмыстардың алдын-ала кесу шараларын қадағалау және болған қылмысты жан-жақты, толық зерттеу мәселелеріне жағдай туғызу, қылмысты терең анықтаудың негізін қамтамасыз ету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс қозғау жайлы
Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
Қылмыстық істі қозғау
Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты
Қылмыстық іc қозғау
Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz