Математика сабағы оқулығының титул беті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№4-МӨЖ
Тақырыбы: «Ғ. Бегалыұлы мен Ә. Сыдықұлының «Математика сабағы» атты оқулығы»
Орындаған: ММОК 202 IV команда Орынбай Бибісара Намиалиев Қамбар Нұрмұха Айзада Оразалиев Бақшат Нокеев Батырбек
Қабылдаған: п. ғ. к., доцент Қосанов Б. М
Алматы, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ мектептеріндегі математиканы оқыту әдістемесінің дамуы ХХ ғасырдың басынан басталады. Сол кезеңдегі алғашқы математикалық оқулықтарды зерттеу барысында қазақта да мықты әдіскер ғалымдардың болғандығын байқауға болады. Оқулықтарға пәнаралық мазмұндағы және өмірмен байланысты есептердің енгізілуі әдіскер-ғалымдардың жоғары шеберлігін көрсетеді. ХХ ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ орта мектебі үшін кеңестік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес, латын әліпбиімен бірқатар математика оқулықтары басылып шықты. Солардың арасында Ғ. Бегалыұлы мен Ә. Сыдықұлының «Математика сабағы» атты оқулығын ерекше атап өтуге болады. Оқулықта авторлар теориялық материалды көбінесе нақты практикалық жаттығулар арқылы түсіндіруге тырысқан. Сол себепті біз осы оқулықты зерттеу мәселесін өзекті деп таптық. Зерттеудің мақсаты. «Математика сабағы» оқулығының мазмұнына талдау жасау және ондағы берілген есептердің ерекшеліктерін айқындау. Зерттеудің міндеттері: а) Авторлар туралы қысқаша мәлімет келтіру және оқулыққа жалпылама түсініктеме беру; ә) «Математика сабағы» оқулығының мазмұны мен әдістемелік маңызына талдау жасау; б) Оқулықта берілген есептердің мысалдарын көрсету және талдау жасау. Зерттеудің әдістері: - Әдебиет көздерін зерттеу және талдау; - Педагогтардың озық іс-тәжірибелерін зерттеу; - Анализ және синтез. Зерттеудің жаңашылдығы. «Математика сабағы» оқулығының мазмұнына талдау жасалынды. Осы оқулықта берілген есептердің мысалдары берілді және олардың шығарылу жолдары көрсетілді. Сондай-ақ, қазіргі оқулықтарда берілген кейбір есептерді «Математика сабағында» берілген әдістермен шығару мысалдары берілді. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: 1) Оқулыққа жасалған мазмұндық әдістемелік талдаулар онда бастауыш сыныптар мен орта мектеп математикасының сабақтастығын көрсетті; 2) «Математика сабағында» берілген есептер өмірмен тікелей байланыстырылған және пәнаралық байланыстар қамтылған.
ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНЕ АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ - «МАТЕМАТИКА САБАҒЫ»
2. 1 Ғ. Бегалыұлы мен Ә. Сыдықұлы туралы қысқаша мәлімет және «Математика сабағы» оқулығына түсініктеме
Математикадан қазақ орта мектебіне арналған оқу құралдарының бірі «Математійке сабағы» (Математика сабағы) деп аталады. Оқулық 1931 жылы Қызылорда қаласында латын әліпбиімен басылып шықты. Авторлары - қазақтың әдіскер ғалымдары Ғ. Бегалыұлы мен Ә. Сыдықұлы. Авторлар туралы қысқаша мәліметтер келтірейік: Ғ. Бегалыұлы (1888 - 1966) - қазақ тіліп оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ұстаз- педагог. 100 - ге тарта күрделі еңбектер жазған. Оның 5 - еуі монография, 10- ы оқулық, 4 - еуі сөздіктер. Ғ. Бегалыұлының қазақ мектебі үшін сол кезеңдегі аса ділгір мәселені, оқулықтар жазу мәселесін шешуге атсалысып, бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуына үлкен еңбек сіңіргендігінің тағы бір дәлелі 4 - сынып үшін «Есеп сабағы» атты тағы бір оқулықты дайындап ұсынуы болып табылады. «Есеп сабағы» оқулығы Алаш қайраткері Ә. Қасымұлының 4-сыныпқа арналған математика оқулығының орнына енгізілген. Әміржан Сыдықұлы (1898 - 1984) . Көпке танымал ғалым - ұстаз, педагогика ғылымдарынын кандидаты, Қазақстанда кеңес үкіметі тұсында халық ағарту ісі мен педагогика ғылымының іргетасын қалаушылардың бірі Әміржан Сыдықұлы ұстаздық жолын 1918 ж бастауыш мектеп мұғалімінен бастады. 1924 жылы халыққа білім беру Орталық институтын тәмамдады. Оның тағылым алған ұстаздары А. Блонский, Н. К. Крупская секілді аса көрнекті ғалым - педагогтар болды. Ә. Сыдықұлы халық ағарту саласындағы жұмысын педагогика және мотодика жөніндегі шығармашылық қызметімен орайлы ұштастыра білді. Оның тұңғыш ғылыми мақалалары «Темір қазық» және «Таң» журналдарында жарық көрді. 1932 жылы ппрофессор Ш. Әлжановпен бірге «Маркстік педагогика жөніндегі хрестоматия» деген еңбекті құрастырды. 1949 ж. «Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» атты монографиясын жазып республикадағы педагогика ғылымы тарихына елеулі үлес қосты. Ә. Сыдықұлының оқыту методикасы саласындағы еңбегі де айтарлықтай мол. «Математика сабағы» оқулығы Қазақстан баспасынан латын алфавитімен басылып шыққан. Кітаптың сыртында «Колхоз жастары мектебінің 1-інші оқу жылына, жеті жылдық мектептердің 5-інші оқу жылына және өз бетімен білім алушыларға арналған кітап» деп атап көрсетілген. Кітаптың «Жазушылардан» деп аталатын алғы сөзінде « . . . бұл математике кітабы қазақ тілінде алғаш рет шыққан кітап» екендігі атап көрсетіліп, сол кезеңдегі 5-ші сыныптарда оқытылатын оқу материалына сипаттама берілген және оқулықта пайдаланылған математика терминдері туралы айтылған. Оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі - онда пайдаланылған математикалық терминдердің сипатында. Авторлар, алғысөзде атап көрсетілгендей, Мемлекетттік білім кеңесі бекіткен терминдерден ауытқымауға тырысқан. Бұл жөнінде авторлар былай деп жазады: « . . . қолданылған атаулар түгелімен білім кеңесі мақұлдаған пән атаулары. Қазақ оқытушылары - өздерінше басқа атаулар қойып, білім кеңесінде алынған сөздерді қолданбауы лайық емес. Бұл сөздердің ұнамсыздары, дұрыс ұғым бере алмайтындары болса - оларды сын ретінде газетке, журналға, білім кеңесінің өзіне білдіруі тиіс . . . ». Оқулықта берілген есептердің негізгі ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады: -олардың мазмұнында сол кездегі қоғамдық және тұрмыстық жағдайларға байланысты мәселелер қамтылған; -мазмұны мен сандық мәліметтері нақты өмірден және оқушыларға коммунистік тәрбие беру ісіне жәрдемдесетіндей етіліп алынған; -есептерде оқушының жасына, оның мүддесіне лайықты мәселелер қарастырылған; -есептердің мазмұнының оқушыға таныс немесе оңай түсінетіндей оқиғалардан алынуына мән берілген, т. б. Оқулыққа барлығы 795 жаттығу (мысалдар, есептер, практикалық жаттығулар және т. б. ) енгізілген. Бұның әрине оқушылардың математикалық білімдерді тәжірибемен ұштастыра отырып игерулеріне мол мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.
«Математика сабағы» оқулығының титул беті.
2. 2 «Математика сабағы» оқулығының мазмұны және әдістемелік маңызы
«Математика сабағы» оқулығының мазмұнына талдау жасап көрейік. Көлемі 192 беттен тұратын осы оқулық 90 параграфқа бөлінген 12 болімді қамтиды. Соңына қосымша ретінде КСРО-ның халық шаруашылығына байланысты кестелер мен диаграммалар (14 дана) түріндегі сандық мәліметтер, сондай-ақ латын әріптерінің баспа және жазба түрлері, оқылулары енгізілген. A) Арифметикалық материал. Оқулықтың бөлімі натурал сандар арифметикасын қайталауға және пысықтауға арналған. Мұнда пропедевтикалық дайындықты жүзеге асыруға көңіл бөлінген. II және III бөлімдер бөлшек сандар арифметикасына арналған. Ондық бөлшектер қазіргі оқулықтардағы сияқты жай бөлшектердің дербес жағдайы ретінде олардан кейін емес, керісінше жай бөлшектердің бұрын енгізілген. Осыдан авторлардың белшектерді оқытудың реті туралы өзіндік әдістемелік пайымдаулары болғандығы байқалады. III бөлімде сандардың бөлінгіштігі мәселелері қарастырылады да жай бөлшек ұғымы енгізіледі және жай бөлшектерге амалдар қолдану оқытып-үйретіледі. Қазіргі оқыту жүйесінен айтарлықтай айырмашылық жоқ деуге болады. Ондық бөлшек ұғымы жай болшектен бұрын енгізілгендіктен, осы бөлімнің соңғы «Жай бөлшектер мен ондық бөлшектер» тақырыбында ондық бөлшектер жай бөлшектердің дербес жағдайы ретінде тағы да қарастырылады. Бөлшектерді оқып-үйренумәселесі қатынасын табумен және проценттік есептеулер жүргізумен ұштастырылған. Ол үшін ең алдымен, «айырмалық салыстыру» және «еселік салыстыру» үғымдары және осының негізінде «қатынас» ұғымы енгізіледі. Одан әрі әртүрлі мысалдар келтіру арқылы «қатынас» ұғымының мән-мағынасы ашылып, пропорциялардың белгісіз мүшелерін табу және проценттік қатынас мәселесі, санның процентін және проценті бойынша санды табу мәселелері қарастырылады. Келесі IX бөлім - алдыңғы бөлімнің жалғасы, ол пропорциялар мен пропорционал шамаларды оқытуға арналған. «Пропорция» ұғымы өткен бөлімдегі қатынастар туралы білім негізінде, яғни екі қатынастың теңдігі ретінде енгізіледі де пропорцияның негізгі қасиеті, туынды пропорциялар, пропорцияның белгісіз мүшесін табу беріледі. Осыдан кейін функциялық тәуелділіктің ең қарапайым түрі болып табылатын пропорционалдық тәуелділік және пропорционал бөлумен байланысты есептер шығару қарастырылған. Бөлшектермен байланысты материалдан кейін қатынастарға, оның негізінде пропорцияға және сол арқылы пропорционал шамаларға көшу, соңында осы үш мәселе «функциялық тәуелділік» ұғымына ұштасады. Бұл жоғары әдістемелік шеберліктің көрінісі болып табылады. Ә) Алгебралық материал. Оқулықта алгебраны оқып-үйренумен байланысты пропедевтикалық дайындық жүзеге асады. Алгебраның теориялық мәселелері келтірілмейді, бірақ алгебраға негіз болатын ұғымдар (график сызу, өрнек, теңдеу, шамалардың арасындағы байланыс, пропорционал шамалар, тура және кері пропорционалдық және т. б. ) жүйелі түрде енгізіледі. Сол сияқты есептер шығарғанда, ондағы берілген шамалар мен ізделінді шама арасындағы тәуелділікті табу, амал компоненттерінің өзгеруіне сәйкес, амал нәтижесінің өзгеруін қарастыру ілгеріде функция ұғымын енгізуге дайындықтың нақты мысалдары болып табылады. Функциялық тәуелділік туралы қарапайым түсінік қалыптастыру І бөлімнен басталады, оның 8-параграфы бір шаманың екінші шамаға тәуелді бола отырып өзгеруін көрнекі тәсілмен график сызу арқылы көрсетуге арналған. Тор көзді қағазға белгілі бір масштабпен өлшеніп салынған кесінділер бойынша график салуды, оны түсініп, оқи және зерттеу білуді қалыптастырады. «Координаталар», «координаталар жүйесі» деген терминдер айтылмайды, бірақ қазақ оқушысына таныс емес кейбір ұғымдардың мән-мағынасын ана тілінде дәл, әрі мазмұнды тұжырымдаған. Мәселен, олар «горизонталь ось» және «вертикаль ось» терминдерін сәйкесінше «көлденең шүлдік» және «тіке шүлдік» деп алған. Жалпы алғанда, алгебралық материал пропедевтикалық мақсатқа бағындырыла отырып, оқулықтың басынан аяғына дейін өзіндік әдістемелік ретпен орналастырылған. B) Геометриялық материал. Оқулыққа геометрияның кейбір элементтері де енгізілген және оның да пропедевтикалық мақсатқа бағындырылғаны аңғарылады. Геометриялық материал оқулықтың IV, V, VII және Х бөлімдерінде берілген. Геометриялық материалдың мазмұнының қазіргі 5-сынып математикасына қарағанда әлдеқайда кең екендігі бірден байқалады. Олардың барлығын игеру ешқандай теоремалар мен дәлелдемелерсіз, практикалық іс-әрекеттер орындау арқылы жүзеге асырылады. Негізінен алғанда, геометриялық білімдерді практикалық жұмыстар арқылы игертуге баса мән беріледі және олар арнайы іріктеліп алынған геометриялық мазмұнды есептер жүйесін шығарумен бекітіліп отырады. Диаграммалар салумен байланысты материалға да көп орын берілген. Олардың екі түрі, бағанды және дөңгелек диаграммалар қарастырылып, оларды салу, түсіну және оқи білу жұмыстары практикалық іс-әрекеттер орындау арқылы игеріледі. Диаграммалар үшін сол кездегі кеңес мектебінің алдына қойылған талаптарға сәйкес, социалистік құрылыстың сандық мәліметтері жан-жақты пайдаланылған. B) Шамалар және оларды өлшеу мәселелері оқулықтың басынан аяғына дейін арифметикалық, алгебралық және геометриялық материалды оқып-үйрену барысында олармен тығыз байланыста енгізілген. II бөлімде метрлік өлшеуіштер жүйесімен таныстыру жүзеге асырылады және ол кесіндінің ұзындығын өлшеумен ұштастырылады, ондық бөлшек ұғымы шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде енгізіледі, сондай-ақ, ескі орыс өлшеуіштерін метр өлшеуіштеріне айналдыру мәселесі қарастырылады. III бөлімде метрлік өлшеуіштер жай бөлшектер мен оларға амалдар қолдануды оқып-үйренумен байланыстырылып отырады. IV, V, VII және Х бөлімдерге бұрышты, ауданды және көлемді өлшеу мәселелері енгізілген. XII бөлім тұтасымен жер бетінде жүргізілетін өлшеу жұмыстарына арналған. Бөлімнің «Өлшеулер» атты соңғы параграфында метрлік өлшеуіштер кестесі мен орыс өлшеулерін метрлік жүйеге ауыстыру кестесі берілген. Г) Есептер. Әрбір бөлімде теориялық мәселелерді бекіте түсу мақсатында «Жаттығулар» деген тақырыптармен практикалық тапсырмалар мен есептер келтірілген. Оқу құралына 795 жаттығу енгізілген, оның басынан аяғына дейін оқушылардың есеп шығаруына көп көңіл бөлінген. Есептердің мазмұны әртүрлі тұрмыстық жағдайларды қамтиды (мектеп тұрмысы; социалистік құрылыс; ауыл шаруашылығы; техника; аймақтану; экономика; география және т. с. с. ) . Оқулықтын негізгі ерекшеліктерінің бірі - онда пайдаланылған математикалық терминдердің сипатында. Алғы сөзді атап көрсетілгендей, мемлекеттік білім кеңесі бекіткен терминдерден ауытқымауға тырысқан. Онда қазіргі күні пайдаланып жүрген терминдер молынан кездеседі. Сонымен қатар, қолданыстан шығып қалған атаулар да бар: «ортан сан», «шығасы сан», «өсінді», «ортақ ең үлкен бөлгіш сан», «ортақ ең кіші бөлінгіп сан», «өсіру», «кесе сызық», «тұстас бұрыштар», «төрткіл», «үшкіл», «қыйықша» (параллелограмм), «қостабан», «еселік ара», «тең аралық», «құрылымдас шамалар» және т. с. с. Кейбір терминдер оның интернационалдық атауларына фонетикалық өзгерістер жасау жолымен алынған. Мысалы, «математійке», «диағрам», «дійәгнәл», «кәписент», «пірезме», «пурсент», «селендір» және т. б.
2. 3 Оқулықта берілген кейбір есептердің мысалдары
Оқулықтың басынан аяғына дейін оқушылардың есеп шығаруына көп көңіл бөлінген. Есептердің мазмұны мейлінше әралуан тұрмыстық жағдаяттарды қамтиды: мектеп тұрмысы; социалистік құрылыс; ауыл шаруашылығы; техника; геометрия; аймақтану; экономика; география; т. с. с. Енді оқулықтан алынған кейбір есептерді келтірейік:
- Біздің өкрігте 500 000 жан бар. Соның 25%-і кооператив мүшелігінде. Қанша жан кооператив мүшелігінде болғаны?
Шешуі:
Жауабы: 125000 жан.
- 180 нан пісіруге 145 келіғырам ұн кетеді. 267 нанға қанша ұн керек?
Шешуі:
180 145кг
267 x
Жауабы: 215 кг
- Күміс бір сомдық ақшада 18 ғырам таза күміс бар. Таза күміс пен қоспаның ауырлығы 9:1 еселік арасындай болса, бір сомдық ақшаның салмағы қанша болады?
Шешуі:
Таза күміс - 9 x ғырам
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz