БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ


ӘОЖ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Өмірсерікова А. Ә, 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі оқу бағдарламасы 2 курс студенті Астана халықаралық университеті
Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Ғылыми жетекшісі: Нургазиева Нургуль Мырзабековна, педагогика және психология магистрі
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәні оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын дамытады. Бұл төрт дағдыларды дамыту арқылы оқушы тіл туралы бастапқы білімді меңгереді және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдана алады.
Осы төрт дағдылардың ішіндегі əрбір бала ие бола алатын маңызды дағды- оқылым дағдысы , оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша анализ жасай алған оқушы ойын еркін айта алуымен қоса сауатты да жаза алады. Мұғалім оқушыларды оқу тəсілі мен түрлеріне назар аударуға жəне оларды өз бетінше оқу кезінде қолдануға бағыттайды. Оқылым кезінде оқушыларды жеке-жеке бағалап, бақылап жəне қолдау көрсетуге мұғалім аса назар аударуы қажет. Оқушылардың ой-өрісінің кеңейіп, мəтіндерге деген реакцияларының дамуы үшін мұғалім сұрақтар қояды, талқылауға жетелейді, оқушылармен бірлесе əрекет жасайды.
Ф. Оразбаева : «Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу», -деген анықтама берген [1] .
Бастауыш білім берудің 2 сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыруда бірнеше мақсаттар ұсынылған. Мысалы: Түсіндірмелі оқу түрін қолдана отырып мәтінді қатесіз, шапшаң, мәнерлеп, түсініп оқу; Дауыстап немесе іштей оқу арқылы шағын мәтіннің мазмұнын түсіну және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) табу және бір-бірінен ажырату; Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу және сипаттау мәтіндерін тақырыбы, негізгі идеясы, тірек сөздер арқылы салыстыру; және т. б.
Мәтінге салыстырмалы талдау жасау мақсаты арқылы оқушы тек мәтін мазмұнын меңгеріп қана қоймай, сол мәтінді жазу арқылы автордың нені көздегенін, кімге арнағанын, автордың сол мәселеге байланысты қандай көзқараста екенін, оқырманға жеткізу үшін қолданған тілдік бірліктерін саралап, сараптама жасау дағдысын қалыптастырады.
Қазақ тілі» пәнінен оқылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілеріне:
- мәтіннің негізгі ойы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;
- оқу түрлерін және стратегияларды («Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Салыстыру» (Венн диаграммасы), «ЖИГСО», Түртіп алу (INSERT), семантикалық карта) қолдану;
- ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;
- интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау) ;
- әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау) түрлерін жатқызуға болады.
Мәтінге салыстырмалы талдау жасамастан бұрын ұсынылған мәтінді оқылым дағдысының тиімдісін қолданып оқуға бағыттау керек. Себебі мәтінге талдау жасамас бұрын оқушы оқудың тиімді тәсілін меңгеріп, содан кейін ғана сол тәсілдерді сараптама жасауда ұтымды пайдалануға дағдылану керек. Осыған орай оқылым дағдысын жақсартудың технологиясын мектеп мұғалімдері жетік білуі керек. Себебі оқылым барлық дағдылардың негізі болып табылады. Ал оқылым дағдыларын тиімді қолдануға бағыттай отырып, оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау дағдысының сапасын арттыруға болады.
2-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында берілген Сансызбай Сарғасқаевтың «Құмырсқа мен Қарақоңыз» мысалын алатын болсақ, оқушылар мысалды оқып болғаннан кейін астында берілген сұрақтарға жауап берулері керек [3] .
Құмырсқа мен Қарақоңыз бір сыныпта оқиды. Құмырсқа күнде бестік алып, Қарақоңыз екі ала беріпті.
Қарақоңыз Құмырсқадан:
- Сенің жақсы оқуыңның сыры неде? - деп сұрапты.
- Оның сыры - уақыт кестесінде.
Қарақоңыз өзінің уақыт кестесін жасайды. Қалай жасаса да, уақытын ойыннан артылта алмапты. «Құмырсқа ойынға жетпеген уақытты сабақ дайындауға қалай жеткізіп жүр екен?» деп таңданыпты.
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Құмырсқаның жақсы оқуының себебі неде екен?
3. Қарақоңыз неліктен уақыт кестесін дұрыс жасай алмады?
4. Өзің уақыт кестесін қалай жасар едің?
- Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықта. Мәтіннің аты тақырыптың қысқаша атауы ма, әлде негізгі ойдың атауы ма?
- Мәтінніңбасын, негізгі бөлігінжәнесоңынтап. Суреті берілген бөлікті көшіріп жаз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz