Әңгімені талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5

ТАРАУ І. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Қиын бала ұғымына түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-9
1.2.Қиын балалардың пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 9-15

ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2.1. Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..16-18 2.2. Кіші мектеп жасындағы қиын оқушылар тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... 18-21
2.3Қиын балалардың мінез - құлқын түзетудің психологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...21-27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өзін-өзі тану оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің Адам және қоғам саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.[1]
Әдістемелік оқулықта өзін-өзі тану мұғалімі үшін өзін-өзі тануды оқытудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері сабақтың тақырыбын ашу үшін берілген. Мектептегі тәжірибелік жұмыстар олардың ішінде сабақты онсыз өткізуге болмайтынына мән беру керектігін көрсетті. Сергіту сәті, дәйексөздер, аңыз-әңгіме айту, шығармашылық, топтық жұмыс, топпен ән айту. Оларды мұғаліммен бірге сүйіспеншілікпен орындау, оның педагогикалық шеберлігі және адамгершілік-рухани сезімталдығымен сабақта оқушылармен және мұғалімнің өзімен сабақтың тамаша күйін кешесің. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы көп айтылды және айтыла бермек, бірақкөпшілігі күнделіктің өмірде өз тәжірибелерінен өткізеді. Әсіресе мұғалім үшін шынайы өмірде құндылықтарды бізді қоршаған әлемде маңайындағыларға көрсете білу тәжірибесі маңызды. Мұғалім балаларды өз өмірінен алып, өзінің үлгісімен, өзінің тіршілігіндегі ақыл-кеңестері және құнды сабақтарымен, біздің бір-бірімізбен қарым-қатынасымыздан алған тәжірибелермен оқытады. [2]
Әр түрлі әдістемелік тәсілдердің көмегімен, жағымды көңіл- күй, дәйексөздер, аңыз-әңгімені айтуда оқушылар салмақты, ұстамды болуы оқып қана қоймай, сонымен бірге өзімен- өзі үйлесімді болуды , біздің әр қайсысымыздың шығармашылық қабілетімізді көрсете алатындай болуды қарастырды. Осы аталған әдіс-тәсілдер мен көркем және шығармашылық жұмыстар Өзін- өзі тану курсының ажырамайтын бөлігі ретінде қарастырылады.
Курстық жұмыстың объектісі: Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері және оның теориялық негіздері
Курстық жұмыстың пәні: Өзін-өзі тану пәнін мектепте оқытудың әдістемесі
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері мен әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданудағы әдістемесінің рөлін айқындау.Курстық жұмыстың міндеттері: Өзін-өзі тану пәнін мектепте оқыту шарттарын анықтау;
* Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін талдау.
* Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесінің териялық негізінің мәнін ашу;
Курстық жұмыстың болжамы: Егер өзін-өзі тану пәнінің әдістемесінің ерекшеліктері білім беру мазмұнының жағымды тәжірибені айқындауға мүмкіндік берсе, онда ол рухани-адамгершілік білім беру мазмұнын жетілдіруде жаңа идеяларды ұсынуға мүмкіндік туындатады, себебі олар білім беру кеңістігінде жас ұрпақтың толықтай дамуына және жеке тұлға ретінде қалыптауына көмектеседі.
Курстық жұмыстың теориялық маңызы: Курстық жұмыстың қорытындысын өзін - өзі тану, әдістеме және т.б. пәндерді оқытуда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: мазмұны, кіріспе, екі тараудан, қосымша, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттен және сілтемелерден тұрады.

І ТАРАУ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Өзін-өзі тану сабағында жағымды ойлаудың рөлі
Әдістемелік тәсілдер шаттық шеңбері, сергіту сәті, тыныштық сәті, сабақ дәйексөзі (жағымды айту), топпен өлең айту және музыка т.б. адамда тұрақты адамгершілік-рухани құндылықтардың қалыптасуына және бірінші кезекте жағымды ойлауға бағытталған. Психологтар жағымды ойлау үрдісі кезінде адам келеңсіз жаман ойдан арылады, стресстен, әр түрлі қиын мәселелерді ұмытады деп айтады. Өз кезегінде келеңсіз жаман ойлар біздің істерімізге, мінез-құлқымызға, көңіл-күйімізге, өмір сүру әдебімізге, жалпы бәріне де әсер етеді. Ішкі дауысқа құлақ аса отырып, адам әр түрлі мәселелерге психологиялық тұрақтылықты табады. Қорытындысында жағымды көңіл-күйдің қолдауымен дұрыс ойлау қалыптасады, ол адамда қоршаған дүние мен өзінің үйлесім табуына әкеледі. Жан тыныштығының үйлесімділігіне қол жеткізу үшін ақылды тазартып, тыныштандыру қажет.[3] Жағымды ойлау бұл - адамның жақсыны ең басына қоя отырып, жақсы мен жаманды айыра білуі. Жаман жағдаяттардан сабақ, тәжірибе алып, аулақ болу, өз ойына келеңсіз жаман ойларды жинамау. Әлемнің шексіз кең екенін түсіну, солай бола тұра бізге қалай қарайтындығы, қандай жағдайда болсаңызда тек қана сізге байланысты. Жақсыны қабылдай білу және өзіңнен жамандықты шегіндіре білу, жағымды көңіл-күйдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Ал жағымды көңіл-күйдің әдістемелік тәсілдері тезірек жағымды ойлауға және өз өмірінің тұтас үйлесімділікке өтуіне мүмкіндік жасайды. Жағымды көңіл-күй әдістерін кейде кейбір рухани тәжірибе әдістерімен - медитациямен шатастырып, Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістерінің ерекшеліктері деп есептейді. Психологтармен оларды салыстыру талдаулары жасалған. Медитация жағдайында шоғырландыру тіршілік етудің анағұрлым нәзік деңгейіне өтеді, нүктесіне жеткенше ойлаудың және сезімнің нәзік құрылымын жеңіп шыққанша медитацияланушы ішкі тыныштыққа ешқандай мақсатқа бағытталмай мөлдір таза санаға батады. Ол транценденттік жағдайға енеді немесе уақытты ешқандай да бір түйсінбей таза санада болады. Біршама уақыттан соң, бір сәттен соң ойлау атқылап жаңадан басталады. Медитацияға жалпылама анықтама - сезім мүшесінің қатысуынан тыс әлде ненің пісіп жетілуі. Медитация уақыты шектелмеген , сананың толық өшуі деп саналады. Медитация аяқталғаннан кейін талқыланбайды. Ішкі жағымды көңіл-күйдің әдістемелік тәсілі эмоциялық қоздыру жағдайын жеңіп шығуға бағытталған, танымдық және физикалық күштен кейін (егер оқушылар өзін-өзі тану сабағына математика немесе дене тәрбиесі сабағынан кейін келсе, оларды тынышталдырып, жағымды көңіл-күй келтіру керек). Осы тәсілдерді қолдану кезінде шоғырлану тек қана өз-өзінде қалады. Оқушылардың шындықты қабылдаулары жаттығуды барлық кезеңінде бірдей сақталады. Жағымды көңіл-күй туғызуға 2 минуттан 5 минутқа дейінгі уақыт беріледі. Бұл уақыт ішінде терең транс жағдайына кіру мүмкін емес, бірақ жағымды ойлауға көңіл-күйді келтіруге сананы тыныштандырып, оны тазалауға болады. Жағымды көңіл-күйдің әдістері кейбір кездерде арнайы берілген тақырыптарды көрсету үшін қолданылады. Мысалы: Маған қай жерде жақсы, жайлы орын бар? Бұл образды ойлауды елестете білуді сол сияқты бәрінің шығармашылығын дамытады, содан соң баланың жағымды образды елестетуден кейін жаңағы Маған қай жерде жақсы, жайлы орын барды суретке салу ұсынылады. Ары қарай салынған сурет талқылынады. Оқушының бірде бір сұрағы жауапсыз қалдырылмайды. Мұғалімнің ішкі жағдайы жайлы атмосфера тудыру үшін басты рөл атқарады. Егер біз оқушыларға ішкі тыныштық жағдайын меңгерткіміз келсе, ал біздің санамыз бұл уақытта әлде бір нәрсе тепе-теңдікте болмаса, біздің осы жағдайымыз оқушыға беріледі, бізге бұл қолма-қол кері байланыс ретінде қайта беріледі. Сондықтан маңыздысы жағымды көңіл-күйді қабылдау мұғалімнің де тәжірибесі болады, егер біз оны оқушылардың адамгершілік-рухани дамуы болсын десек. Тәжірибе көрсеткендегідей белсенді психологиялық ойындарды, тәсілдерді қолданғанда өте сақ болу керек, белсенді қимылдан кейін ақыл және сезімнің шапшуы, осыған дейінгіден де жоғары болады. Өз сабағыңда оқушылардың зейінін оның тыныштыққа енуіне аудару керек, сондықтан олардың назарын сыртқы әлемге аударатын әдістерді қолданбай-ақ қойған жөн. . Біздің сабағымыз жүректен-жүрекке арқылы жүреді, маңыздысы соған икемдену, яғни біздің табиғи рухани ақиқатымыз болып табылатынына, бізге бір уақытқа көргендерімізден басқа бізде өзгешелік бар екенін білуге көмектеседі. Бізге бұл мақсатқа қалай жетуге болады? Біздің жүрегімізге жақындауымызға, онымен бірге қол жеткізуге, осы жолда қандай кедергілер күтеді. Бұл біздің денемізге байлаулы болуымызбен, біздің тілегімізбен және қиналысымызбен тығыз байланысты, қай кезде бір нәрсеге қол жеткізгіміз. Бізді барлық осы байлаулылығымыз бен тілегіміз тығыз материяға ұқсаса, ол біздің жүрегімізді жауып оның жарқырауын көрсетпейтін сияқты.[4] Сабақ барысында жағымды көңіл-күй туғызу әдістерін қолдану төмендегідей оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі: * Тәртіп * Өзін-өзі бақылау * Денсаулық * Сананың тепе-теңдігі * Жады * Шоғырландыру білу * Интуиция * Досына деген қарым-қатынаста сүйіспеншіліктің пайда болуы * Ішкі жан тыныштығы1.2 Оқушыларды терең рухани-адамгершілік әңгіме үрдісіне тарта білу әдісі Аңыз (әңгіме) әңгімелерді айта білу өнері оқушыларды терең рухани- адамгершілік әңгіме үрдісіне тарта білу әдістерінің бірі. Ерте уақытта аңыздар ұрпақтан ұрпаққа ақпараттарды жеткізетін құрал ретінде болған. Ертеде жазу, кітап болмаған уақыттарда мінез- құлықтың дамыту мен оқытудың басты әдісі аңыздарды әңгімелеу, оны тарату болған. Батырлық, адалдық және әділеттілік сияқты құндылықтар аңыздардың сюжетінде бірге өріліп, балаларға үлгі- өнеге берген . Сабақтың үстінде әңгімелеу үлкен роль атқарады және әрбір адамның ішкі құндылықтарына әсер етуде маңызы зор. Өмір бізге әр түрлі өте көп аңыздар мен әңгімелерді туғызғызады. Адамгершілік тақырыбына арналған әңгімелер өте көп. Өз сабағында аңыз әңгімелерді қолдана отырып , өте әсерлі суреттеп , адамгерщілік құндылықтарды жан-жақты тәжірибелік жағын беруге болады . Қазақстан түп- тамырымен біздің мәденитіміз және дәстүрімізге енген, өзінің адамгершілік тереңімен кез- келген сабақты әрлейтін аңыздар, әңгімелер, ертегілер қазынасына өте бай.
Әңгімені талдау.Керекті әңгімені таңдай отырып , оқушылардың нені сүйеді , нені сүймейтінін , жас ерекшелігін және жынысын да ескеруіміз керек. Ұл балаларды көбінесе қызықты оқиғалар мен фантастикалық әңгімелер қанағаттандырады. Ал қыздарға романтикалық және жағымды , мейірбанды эстетикалық сапасымен ерекшеленетін әңгімелер ұнайды . Қыздар - сол сияқты бақытты оқиғамен аяқталатын әңгімелерді қалайды. Дегенмен барлық жағынан алып қарасақ, балалардың бір - бірінен айырмашылығы бар және талғамдары да әр түрлі болып келеді. Және бір факторға мұғалім мұқият қарауы керек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгіме - эпикалық шығарма
Әңгіме жанрымен тереңірек танысу
Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау
Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері
Әңгіме жанры туралы түсінік
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Курс жұмысының зерттеу әдістері
Әдебиетте әңгіме жанрының оқыту маңызы
Әңгіме жанрының ерекшеліктері
Пәндер