Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері
КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау жүргізудің мәні мен кезеңдері
Орындаған: Орақбай А
Тобы:402
Мамандығы: 0111000 "Негізгі орта білім"
Біліктілігі:0111083 "Шет тілі мұғалімі"
Ғылыми жетекшісі:Сарсекова Г. К
педагогика пәнінің оқытушысы
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
МАЗМҰНЫ
I. ТӘРБИЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ
1.1 Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері ... ... ...
1.2 Тәрбие қорытындысын бағалау мен есепке алу формалары ... ... ..
II. СЫНЫПТАҒЫ ОҚУ - ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау жүргізудің мәні мен кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Тәрбие жұмысының мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау жүргізу ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі - ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - адамзат баласының асыл мұраты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Нұрлы жол - болашаққа бастар жол Қазақстан халқына Жолдауында: Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол Қазақстан-2050 Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы, − деп атап көрсеткен болатын Mәңгілік Ел жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың іргетасы білім беру ұйымдарында қалануы тиіс. Бұл үшін мектепте сапалы білім берумен қатар мақсатты түрде саналы тәрбие жұмысын жүргізу қажет. [https:nao.kzfilesblogs1437652 429313.pdf].
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы, кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл - күй жағдайын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілікке және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтыққа тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі. Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Алайда сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмыстарындағы рөлі екендігі даусыз.
Зерттеу жұмысының болжамы: Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу - тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпты оқушылар ұжымын ұйымдастыра оытырып, осыған сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата - аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Зерттеудің мақсаты:
- сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау;
-сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету;
- оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту;
- сыныпта қолайлы, жайлы моральдық - психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды: Курстық жұмыс міндеті негізінен, сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін қамтиды. Тәрбиеші - педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын объект - тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет.
Ұжымды ұйымдастыру және дамыту - сынып жетекшісінің назарындағы екінші обеъектісі мен міндеті.Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау - сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс - тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу.
Зерттеу обьектісі: сынып жетекшінің құралдары
Зерттеу пәні: Тәрбие тероиясы мен әдістемесі
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Педагогтардың әдіснама және теория ойлары
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: тақырыбыңа байланысты маңызын ЖББМ байластыру
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: мемлекеттік іс тәжірибемен байланыстыру
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
- сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесін бақылау;
- сыныпта оқу - тәрбие жұмысының талдау нәтижесін анықтауға арналған сауалнама жүргізу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, іс - тәжірибелік бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымша.
Зерттеу жұмысының базасы:"Блял Тналин атындағы Берсуат орта мектебі" КММ
I. ТӘРБИЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ
1.1 Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері
Тәрбие жұмысының табыстылығы, оның қорытындысына дұрыс баға берумен байланысты. Тәрбие қорытындысын анықтап оған баға беру үшін тұлғаны және ұжымды жан - жақты зерттеу, оның ішкі дүние әлеміне ену, тәрбиешіге тәрбие жұмысының әдістері мен формаларын таңдауға, шығармашылықпен қарауға мүмкіндік береді. Мектепте іске асырылатын жалпы тәрбие міндеттері бірдей болғанымен, оны орындау жолдары, әдістері, формалары әр түрлі болады. Оқытушылар оқушының тәрбиелік деңгейін білмесе, тәрбие жұмысында қателіктер жібереді, оқуышының шамасы келмейтін, жоғары талап қояды немесе қойылатын талап төмендетіледі. Тәрбие міндеттерін нақты шешу үшін әрбір оқушыны зерттеп, тәрбиелік деңгейін анықтау керек.
Тәрбие қорытындысын дұрыс бағалау үшін де, оқушының тәрбиелік деңгейін білуіміз керек. Тәрбие қорытындысы оқушының тәрбиелік деңгейімен, тұлғаның санасындағы, тәртібіндегі нақты өзгерістермен анықталады. Кей жағдайда тәрбие жұмысының қорытындысы өткізілген тәрбиелік шаралар қорытындысымен анықталады. Әрине, шаралар өтілуі қажет, бірақ ол оқушының дамуына, санасына, тәртібіне қалай әсер етті, қандай сапалық қасиеттер қалыптасқанына көңіл аударуымыз қажет. Мұны анықтау шараларды өткізуге қарағанда қиын. Тәрбиелік іс - әрекет қорытындысына нақты көңіл аударуымыз қажет. Мұны анықтау шараларды өткізуге қарағанда қиын. Тәрбиелік іс - әрекет қорытындысына нақты баға беру үшін, оқушының тәрбиелік деңгейінің өзгерісі туралы нақты білуіміз керек. Әсіресе оқушылардың тәртібін өлшеу мен бағалау өте қиын. Ол үшін олардың әдет дағдыларын есепке алған дұрыс.
П. П. Блонский "Ғылыми психология очерктері" деген еңбегінде "Адамның тәртібін өлшеуге болады. Барлық нәрсе өзгереді, сондықтан қанша өзгергендігін өлшеу керек", - деді. Оқушының тәрбиелік деңгейі күн сайын, сағат сайын тексеріледі. Оқушының әрбір іс - әрекеті, тәртібі, үлкендермен қарым - қатынасы тәрбиелік деңгейін сипаттайды. Оқушының тәрбиелік деңгейіне дұрыс баға беру үшін оның әр түрлі өмірдегі, сабақтағы, сабақтан тыс кездегі, қоғамдық пайдалы іс - әрекеттегі тәртібіне нақты баға беру керек. Ол үшін ұзақ уақыт және әр түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалану қажет. [2. 160]
Тәрбие нәтижелерін дұрыс, объективті түрде бағалау үшін оқушылардың тәрбиелік дәрежесі дегенді қалай түсіну керектігін және осы дәрежені бағалау өлшемдері қандай екендігін талдап білуіміз қажет. Өйткені тәрбие нәтижелері оқушылар тәрбиелілігінің дәрежесінен, олардың бойында белгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуынан, олардың санасымен тәртібінде болып жатқан өзгерістерден нақты көрініс табады. Тәрбие нәтижелері туралы көбінесе тек өткізілген тәрбие шараларының саны бойынша әңгімелер, кештер, жиналыстар, диспуттар жындарының саны бойынша жеңіп алынған жүлделі орындардың және басқа да көрсеткіштер бойынша ғана пікір айтылады. Бұл, әлбетте, дұрыс емес. Әрине, мұның бәрін есептеуіміз керек, бірақ мұның жеке адамның дамуына қалай әсер еткенін, сана мен мінез - құлықта қандай өзгерістер болғанын, қандай қасиеттер қалыптасқанын анықтау одан әлдеқайда маңызды. Мұны анықтау оңай емес, әңгімелер, жиналыстар, диспуттар санын есептеуден әлдеқайда қиын. Бірақ тәрбие жұмысының нәтижелерін объективті түрде бағалау, оның жеке адам дамуына жасағанын анықтау үшін оқушылардың тәрбиелілігі дәрежесіндегі, олардың санасы мен мінез - құлқындағы өзгерістер туралы анық білу керек. Сондай - ақ тәрбиелік ықпал нәтижесінде олардың мінез - құлқында алдағы уақытта қандай өзгерістер болатынын, тәрбиенің формалары мен тәсілдері неғұрлым тиімді болып шыққанын, қайсысынан бас тартып немесе жетілдіру керек екенін анықтау маңызды. Мұнсыз өткізілген тәрбие жұмысының тиімділігі мен сапасын, оның оқушылар коллективі мен әрбір оқушыға жасаған ықпалын объективті түрде бағалау мүмкін емес.
Белгілі бір қасиеттің даму дәрежесін бағалау кезінде сандық қатынасты қолдану жеткіліксіз. Бұл тұста тәрбиелілік дәрежесін сипаттап беретін сапалық көрсеткіштер керек. Адамгершілік тәрбиелілігінің дәрежесін бағалаудың біртұтас өлшемдерін талдап жасау мектептердің практикалық қызметкерлеріне оқушылардың моральдық өзгерістерді барынша барынша бірлікпен айқындауына көмектеседі. Сонымен бірге мұның өз педагогикалық басшылық жүйесін оқушылардың адамгершілік жағынан дамуымен дер кезінде және нысаналы үйлестіруге жәрдемдеседі.
"Тәрбиелілік дәрежесі" ұғымын анықтау. Тәрбиелілік дәрежесі дегенді тәрбие саласындағы жинақталған біліміді, осы білімді күнделікті мінез - құлықта пайдалану жөніндегі тұрақты әдеттер мен дағдылар деп түсіну керек. Мұның бәрі шәкірт болмысын сипаттайды және сонымен бірге педагогикалық оқушылар коллективтерінің тәрбиелік қызметінің нәтижелерін көрсетеді.
Тәрбиелілік дәрежесі ең алдымен мінез - құлықтың тұрақты дағдыларынан, оқушылардың қылықтары мен әрекеттерінен, олардың өмірлік позициясынан көрініс табады. Сондықтан тәрбие жұмысының нәтижелерін есептеген және бағалаған кезде мінез - құлықтың дағдыларын, бейімділігін және әдеттерін анқытау маңызды. Әрине, тәрбие саласындағы білімін де анықтаған жөн. Бірақ ең бастысы бұл емес. Оқушы оқушыға арналған ережені, негізгі талаптарды жақсы білуі, бірақ оларды орындамауы мүмкін. Сырттан қарағанда ілтипатты, сыпайы, құрметшіл оқушыларды жиі кездестіруге болады. Бірақ бұл сырт көзге ғана, мұның ар жағында өзімшілдік, дарашылдық, адамгершілік жағынан қуыс кеуде жасырынып жатуы мүмкін. Сондықтан оқушылардың ішкі жан дүниесін, олардың ынтасы мен тілектерін, мінез - құлықтарының шын себептерін түсіну маңызды.
Оқушыны жақсы зерттеп, түсіну үшін тікелей бақылаудан оның мінез - құлқының кейде көзге іліне бермейтін ішкі себептерін білу керек. Бұлар оның өзін белгілі бір қалыпта ұстауға итермелейді. Бірқатар жағдайда сыртқы мінез - құлық ішкі жағдайды білдіре бермейді. Кейде ол шынайы тебіреністен керісінше болып жатады. Мәселен, жеткіншектер мен жасөспірімдер өздері іштей ұнататын оқушы қыздарға шектен тыс дөрекілік көрсетіп, әділетсіздікке жол береді. Сондықтан тәрбиелілік дәрежесі туралы сыртқы көріністер бойынша емес, басқа адамдармен қарым - қатынасының нәтижелері бойынша бағалау қажет. Әрине, оқушының ішкі дүниесіне үңілу, олардың ақыл - ойы мен жүрегінде, санасы мен сезімінде не болып жатқанын білу өте қиын. Бірақ соны білуге ұмтылу керек. Тәрбиелілікті бағалаудағы біржақты көзқарасқа жол бермеу маңызды.[6. 206]
1.2 Тәрбие қорытындысын бағалау мен есепке алу формалары
Оқушылар тәрбиелілігін анықтайтын кешенді диагностика. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау үшін кешендік диагностика әдісі қолданылады. Оқушылармен жүргізілетін диагностика негізіне ата - аналар, оқытушылар және оқуышының өзі үшін ашық құжат - оқушы тәрбиелілігінің картасы жатады. Бұл құжатты бастауыш сыныпта сынып жетекшісі толтырады.
Бастауыш сыныпта бала бойында сана, адамгершілік сезімі, ерік - жігер сияқты қасиеттер негізі қалыптасуы қажет. Бұл құжат жылма - жыл толтырылуы қажет, ата - ана, ұстаздар біріге отырып, бір жыл ішінде қандай өзгеріс болғандығын анықтап, әрі қарай жүргізілетін жұмыстарды белгілейді. Ал төртінші сынып соңында жаңа тағайындалған сынып жетекшіге беріледі. Жоғары сыныптарда картаны ата - ана, сынып жетекшісі қатынаса отырып, оқушылардың өздеріне де толтыртуға болады. Бұл баланың өзін - өзі тәрбиелеуіне, үлкендердің кеңес талаптарын жауапкершілікпен орындауға мүмкіндік береді.
7 -8 сыныптарда картаны толтырғанда сынып белсенділерінің көмегіне сүйенуге болады. Балалардың өзін - өзі бағалауы баланың дамуы үшін өте маңызды. Тәрбиелік картасын толтыру бірте -бірте сынып жетекшіден оқушылардың өзіне ауыса бастайды, бұл оқушылардың өзін - өзі басқаруына мүмкіндік береді. Сынып жетекшісі әр оқушы туралы мәліметті жақсы білуі керек, осылардың қорытындысынан бүкіл сынып ұжымының тәрбилілік деңгейіне мінездеме береді. Ол үшін ұжымшылдық, ұйымшылдық, еңбекқорлық сияқты интегративті сапалық қасиеттерді анықтайды.
Мысалы: оқушылардың қарапайымдылық қасиеті қалыптасқан, бірақ қоғамдық, жанашырлық, белсенділік деңгейі нашар. Онда сынып жетекшісі өзінің тәрбие жоспарына нашар қалыптасқан қасиеттерді дамыту үшін, нақты міндеттер енгізеді. "Тәрбиелілік карта" бойынша жұмысты жоспарлау сынып жетекшісіне саналы түрде аз шығын жұмсай отырып, тиімді мақсатты жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Картаның сыртқы бетінде сынып жетекшісінің ата - аналарға арналған отбасында баланың іс - әрекетін ұйымдастыру туралы кеңесі және баланың өзін - өзі тәрбиелеуге арналған тапсырма беріледі. Тапсырма 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге беріліп, міндетті түрде тексеріледі.
"Тәрбиелік карта" - ата - ана, ұстаздар, оқушылар белсенділерінің біріккен іс - әрекетінің негізі оқушының өзіне - өзі баға беруі, баланы тәрбиелеу бағдарламасы, педагогикалық диагностикалық құжат.
"Тәрбиелік картаның" бірінші бетінде бала туралы мәліметтер беріледі. ең күрделі - бөлімі баланың сапалық қасиеттерін толтыру. Баланың сапалық қасиеттерін анықтау және тәрбиелеу бірге жүргізіледі. Мысалы: өз бетімен жұмыс істеу білу бұл жинақылықтың бірінші белгісі, оны күн тәртібі арқылы отбасында, мектепте тәрбиелейміз; сапалық қасиеттің тағы бір белгісі - орындаушылық, бұл баланың тәртібін қадағалау және баланың өзін - өзі бақылауы арқылы іске асады.
Бастауыш мектеп оқушысының тәрбиелік картасы:
1. Аты - жөні, мектеп, сынып, қашаннан оқиды?___________________
2. Ата - анасының аты - жөні:______________________________ _____
3. Ата - анасының кәсібі:____________________________ ___________
1. Қоғамдық бағыты ___________________________________ ______
2. Оқу үлгерімі ___________________________________ ____________
3. Өмірлік тәжірибесі ___________________________________ ______
Ұжымшылдық және адамгершілігі:
1. Өз мүддесінен қоғам мүддесін жоғары қояды.
2. Қамқорлығы.
3. Мейірімділігі.
4. Қайрымдылығы.
Шыншылдығы:
1. Өз сөзіне тұрақтылығы.
2. Сенгіштігі.
3. Ақкөңілдігі.
4. Адалдығы.
Еңбексүйгіштігі:
1. Ақылдылығы.
2. Жомарттығы.
3. Өзіне - өзі қызмет көрсете білуі.
4. Үлкендерге көмек көрсете білуі.
Сезімталдығы:
1. Байқағыштығы.
2. білімін өмірде қолдана алуы.
3. Оқуға ынталылығы.
4. Тапқырлығы.
5. Ойланғыштығы.
Балалардың қабілетін анықтау әдісі
Жалпы мінездеме
Бұл әдіс баланың мінезі, қызығушылығы және қабілеті туралы алғашқы хабар алу мақсатында қолданылады. Бұл әдіс - "қызығушылық картасы" және "тәуелсіз сарапшылар" әдісіне көмекші әдіс. Бұл әдіс бойынша бала туралы алынған мәлімет психологиялық түзету міндеттерін шешуге, бұл жұмысты ата - аналармен бірлесіп жүргізуге көмектеседі.
Баланың қызығушылығы мен қабілетін анықтауға басқа психодиагностикалық әдістер сияқты күрделі іс. Баланың қабілетін анықтау әдісін қоладана отырып мұғалім өзінің баланың қызығушылығы туралы түсінігін жүйелейді, ата - аналардан бала қызығушылығы, қабілеті туралы мәліметтер алады.
Балалардың қабілетін және қызығушылығын анықтау үшін сұрақ парағын береміз. Сұрақ парағында қасиет балаға тән болмаса сәйкес торға (-), балаға тән қасиет болып, бірақ айқын болмаса (+), бала қасиеті айқын, ол сонымен басқалардан ажыратылса (++) қоямыз.
Екінші кезеңде сұрау ата - аналарға жүргізіледі. Оны жеке немесе ұжымдық түрде жүргізуге болады. Сұраққа жауап беруге 12 - 15 секунд жеткілікті.
Ата - аналарға арналған нұсқау:
Балаларыңыздың қабілетін дамытуда нақты кеңес беру үшін өз балаңыздың қабілетін білуіңіз керек, сізге 30 сұрақ беріледі, оған жауап беру кезінде балаңыздың қабілетін кемітіп, не көтермеуіңіз сұралады. жауап парағына өзіңіздің және балаңыздың ата тегін жазыңыз, сұрақта айтылатын жайт сіздің балаңызға тән болмаса (-) қойыңыз, ал тән бірақ айқын болмаса (+), ал осы қасиетімен басқалардан айқын ажыратылса (++) қойылады.
Баланың қабілетін 6 салаға бөліп қарастыруға болады:
1. Зерделілік деңгейі.
2. Академиялық жетістіктері.
3. Шығармашылық, өнімді ойлауы.
4. Қарым - қатынас, лидерлік қабілеті.
5. Көркемөнерге бейімділігі.
6. Қимыл қоғалыстық қабілеті.
Қалай бағалаймыз?
5 балдық жүйе бойынша бағаланады.
"5" - жеке тұлғаның дамуы өте жақсы, ол әртүрлі іс - әрекет тәртібінен көрініс табады.
"4" - өзіндік ерекшелігі бар, бірақ үнемі көрінбейді.
"3" бағаланатын және оған қарсы жеке тұлға ерекшеліктері айқын байқалмайды.
"2" - бағаланатын қасиеттерінен гөрі оған қарсы ерекшеліктері айқын байқалады.
"1" - тұлғаның тәртібінде, іс - әрекетінде бағаланатын қасиеттерге қарсыерекшеліктер айқын болады.
"0" - бағаланатын қасиеттер мәліметі мүлдем жоқ.[2.161]
II. СЫНЫПТАҒЫ ОҚУ - ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ
НӘТИЖЕСІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау жүргізудің мәні мен кезеңдері
Бұл сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешіп қабылдап, түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады. Ол сынып жұмысының мақсат - міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да сынып жетекшісі үшін, оны атқарудың маңызы ерекше.
Талдау жұмысының мақсаты - оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата - аналармен және пән мұғалімдерімен атқарылатын оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады.
Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қорытындысында, педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және бірыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді.
Оқу жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты да мәліметтер және тоқсандық оқу - тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізуге қарағанда, жылдық талдау көлемі сипаты жаңғынан күрделі болып келеді.
Дегенмен де оқу жылының нәтижесіне кең көлемде талдау жүргізудің өзіндік қиындықтары болады. Ол үшін, ондағы негізгі атқарылған жұмыстарды топтап, соның ішінде басымдық танытатын және жоспарда көрсетілген міндеттерге сай оқушылар ұжымының оқу - танымдық, тәрбиелік әрекеттерін тұтастай қамтитын көлемді бөлігін бөліп, көрсету қажет. Мұндай талдау жұмыстары негізінен 3 кезеңде атқарылуы мүмкін.
1. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (оқу - тәрбие жұмыстары).
2. Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау (қоғамдық - пайдалы әрекеттері. Мысалы, сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру, жалпы мектеп аралық істерге қатысу, оқушылардың сыеыптағы өзін - өзі басқаруын дамыту, т.с.с.).
3. Жеке оқушымен жұмыс нәтижесін талдау.
Жоғарыда көрсетілген бөлімдерге сәйкес, талдауға қатысты мәселелер оқу жылының басында белгіленген міндеттерді ескере отыра, сынып жетекшісінің басшылығымен анықталады.
Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысына талдау жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарының шартты түрде алған жоспары:
1. Талдау жұмыстарының мазмұны мен формасын белгілеу үшін оқушылар және ата- аналар белсенділерінің отырысын ұйымдастыру.
2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының нәтижесін анықтау үшін "срез" тәсілін жүргізу.
3. Сынып ұжымымен талдау жұмысының әдістемесін ойластыру.
4. Оқушылардың және ата - аналармен, пән мұғалімдерімен бірлесіп ұжымдық талдау жұмыстарын жүргізу.
5. Талдау жұмыстарының материалдарын өңдеу (сараптау, сызбалар сызу, т.с.с).
6. Оқушылар және ата - аналар белсенділерімен талдау жұмысының нәтижесін жазбаша қорыту.
Әрине, мұндай жұмыстарды атқару сынып жетекшісінен шығармашылық пен төзімділікті, орасан зор жігерді қажет етеді. Сондықтан талдау жұмысын қорытындылау барысында, оған қатысты барлық материалды ой елегінен өткізіп, негізгі кезеңдер мен шешімдерді бөліп көрсетіп, болашақта сыныпта атқарылатын жұмыстарды сипатын, мазмұнын анықтауға пайдалы болмақ.
Талдау жұмысының нәтижесінде сол сыныпта жұмыс істейтін барлық пән мұғалімдері таныс болуы керек. Себебі, олар болашақта атқаратын педагогикалық әрекеттерін жоспарлауда оның нәтижесін ескеруі тиіс.
Сынып жетекшісі оқу жұмысына талдау жұмысын ұйымдастыруда бірнеше қиындықтарға тап болады. Солардың ішінде талдау сызбасы мен оның құрылымын анықтау. Ол көбінесе талдаудың мақсаты және міндеттеріне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты анықталады. Сондықтан, әрбір атқарылған іс - шара соңында ұжым болып талдау жұмысын атқарып отырған пайдалы.
Бүгінде мектеп тәжірибесінде қолданып жүрген талдау жұмысының әр түрі бар. Олар көбінесе нысанаға (нендей нәрсе талданады), субъектіге (кімдер талдайды), талданып отырған мәселенің мазмұны мен уақытқа сәйкестігіне байланысты қарастырылады. Дегенмен де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай жағдайда сынып жетекшілері нақты жұмыс формаларына сай талдауды жүргізеді. [4.274]
Сынып жетекшісінің оқу жылына талдау жұмыстарының шартты түрде алынған үлгісі
І. Сыныптағы жалпы педагогикалық жұмысты талдаудың жалпы нәтижесі:
1.1. Оқушылардың тәрбиелік және әлеуметтік өзгеру сапасы (әлеуметтік маңызы бар сапасының дамуы, мінез - құлқы, әрекеті, белсенділігі тағы сол сияқты).
1.2. Оқушылар ұжымының даму деңгейі, ұжымдағы оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың және ата - аналар мен оқушылардың өзара қарым - қатынасының сапалық көрсеткіші.
1.3. Педагогикалық тәсілдерді қолдану нәтижесі.
ІІ. Сынып алдында қойылған міндеттердің орындалуына талдау:
2.1. Бүгінгі күн тұрғысында өткен оқу жылындағы міндеттердің дұрыстығы, өз уақытында қойылуы, уақытпен сәйкестілігі.
2.2. Оқу жылының ішінде қандай міндеттер нәтижелі атқарылды? Оның көрсеткіші қандай?
2.3. Қандай міндеттер орындалмады және оның себебі?
Олай болса, сынып жетекшісі педагогикалық процестің нәтижесін талдау барысында анықтайды:
- сынып ұжымы мен өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін;
- сыныпта атқарылған педагогикалық жұмыстың мақсатқа сәйкестілігін;
- нәтижеге қол жеткізудің факторларын, қозғаушы күштерін, себептерін,
- пайдаланылған педагогикалық құралдардың нәтижелілігін және сынып жұмысының нәтижесіне олардың ықпал ету дәрежесін;
- педагогикалық әрекеттердің жетістіктері мен кемшіліктерін және олардың себебін;
- пайдаланбай қалған педагогикалық құралдары мен мүмкіндіктерін болашақта сынып жұмысын жетілдірудің қосымша көздерін қарастыруды т.б.
Сынып жетекшісінің күнделік дәптері.
Бұл - сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды қажетті буыны. Себебі, сынып жетекшісінің күнделігі оқу - тәрбие жұмысының орындалуы мен нітижесіне талдау жүргізу, оған түзетулер енгізіп, бағыт - бағдарын нақтылап отыруды жүйелеп атқаруға мүмкіндік туғызады.
А. С. Макаренко мұғалімнің тәрбие жоспарына сай күнделік жүргізу қажеттілігіне ерекше мән беріп: "Жақсы тәрбиеші міндетті түрде өз жұмысының күнделігін жүргізуі тиіс. Онда тәрбиеленушілерінен байқағандарын, белгілі бір адамды сипаттайтын жайларды, олармен болған әңгімелерді, тәрбиеленушілердің ілгерілеуін жазып отырады, әрбір жаста балаларда болатын дағдарыстарды немесе күрт өзгерістерді талдап отырады", - дейді.
Сынып жетекшісінің күнделігі сол сыныптың шежіресі іспеттес. Онда жалпы сынып жайлы және жекелеген оқушылардың өміріндегі елеулі оқиғалар, деректер және атқарған істері, жетістіктері мен кемшіліктері туралы мағлұматтар жазылып, талданып әрі олар күнделікті педагогикалық процесті жетілдіру оған түзетулер енгізіп отыруда пайдаланылады.
Педагогикалық процесті бұлай ұйымдастыру, атқарылған іс - шаралардың есебін жүргізіп, оны бағалап отыруға дағдыландырады, сонымен қатар сынып ұжымында жақсы дәстүрлердің қалыптасуына да оң ықпалын тигізеді.
Оқу жылының соңында сынып жетешісі мектеп әкімшілігіне сыныпта атқарылған тәрбие әрекеттеріне қатысты кең көлемде есеп жұмыстарын тапсырады. Бұл есебінде ол оқу - тәрбие жұмысына талдау жасап, сынып ұжымының даму дәрежесі мен көңіл - күйін баяндайды. Осының бәрі сынып жетекшісінің күнделігінде қорытылып, оған қатысты жалпы мағлұматтар жүйеленеді. Мұндай жүйелі жұмыс болашақта атқарылатын педагогикалық әрекеттің дұрыс ұйымдастырылып, жоспарлануына және тәрбие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz