Смогтың түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Смог және оның пайда болу шарттары

Орындаған: Маратов Қазыбек

Тексерген:Ильясова Нарқыз

Смог және оның пайда болу шарттары

Мазмұны:

I. Кіріспе

1. 1. Мақсаты мен барысы

II. Негізгі бөлім

2. 2. Тарихы

2. 3. Смогтың түрлері

2. 5. Құрамы

2. 6. Адам денсаулығына әсері

2. 7. Табиғи смог

2. 8. Алматыдағы смогтың себебі

ІІІ. Қорытынды

I. Кіріспе

Алғаш рет 1905 жылы доктор Генри Антуан де Воның «Тұман және түтін (Fog and Smoke) » мақаласында «Smog» деген терминді қолданды. 1905 жылы 26-шілдеде лондондық Daily Graphic газеті жаңа терминнің пайда болғандығы жайлы және келесі күні доктор Генри Антуан де Воның қоғам үшін үлкен еңбек атқарғанын жазды. Доктор Во тілге тиек еткен түтін Лондон қаласында пайда болған тұманды түтін болатын.

Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі.
Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000-2500 м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады.

доктор Генри Антуан де Вон ағылшын ғалымы

Тақырыптың өзектілігі

Зерттеу мақсаты:

Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады .

II. Негізгі бөлім

2. 2. Тарихы

Смог сөзі ағылшынша «smoke» - түтін, «fog» - тұман деген сөздердің бірігуінен шыққан. Смог - түтіннен, тұманнан және шаң-тозаңнан тұратын аэрозоль, улы түтін. Мұндай смогтар үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында жиі болады. Алғашында, Смог ұғымы деп көп мөлшерде көмірді жаққанда пайда болатын түтін мен күкірт диоксиді қосылысын түсінетін. 1950 жылдары смогтың жаңа түрі жайлы сипаттама пайда болды. Ол - фотохимиялық смог болатын. Смог үлкен қалалар мен индустриялық өндіріс орталықтарында кез-келген ауа-райы жағдайында пайда болады. Оған себеп - ауаның ластығы.

Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді.

2. 3. Смогтың түрлері

Құрғақ смог (лос-анджелестік смог) - күн радияциясының әсерінен қалдық газдарда болатын фотохимиялық реакцияның салдарынан пайда болатын смог. Тұмансыз, ауаның түсі көкшілдеу түске боялып, ауада улы газдар тарайды.

Ылғалды смог (лондондық смог) - табиғи тұманның өндіріс орындарынан шыққан газдар мен түтіндерге араласуынан пайда бол-ған смог. Бұндай смог тұманды Лондонға тән.

Радиациялық тұман - жердің беті радиациялық процесс бойынша салқындағанда тұман пайда болады. Оған қоса шықтың (шөптердің бетіндегі шық) бойындағы ылғалдылық бар болып, екеуі тұман түзеді. Ондай тұман жердің беткі қабатындағы жылы ауа массасын жоғарыға жібермей ұстап қалады. Ал ол дегеніміз өндіріс орталықтарында смог түзеді деген сөз.

2. 5. Құрамы

Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді. Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді

Азот оксиді.

Мысалы: азот диоксиді; тропосфералық (жерге жақын) озон; ауада ұшып жүрген органикалық қосылыстар. Мысалы, бензиннің, бояудың, еріткіш- тердің булары: азот қышқылдарының тотығы

2. 7. Табиғи смог

Смог табиғи жолмен де пайда болады. Мысалы, жанартаулар атқылаған кезде ауаға көтерілетін күкіртті газ көбейіп, атмосферада смог түзіледі. Мұндай жанартаулық смогты ағылшынша Vog (Vulcan fog) деп атайды. Табиғи смог Индонезияда да орын алады. Онда өртке оранған орманнан шыққан смогқа ұқсас түтін Индонезиядан бөлек Тайландқа, Филиппинге, Сингапурға және Малайзияға жетеді.

2. 6. Адам денсаулығына әсері

Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді Үлкен қалаларда басты мәселеге айнал-ған смог балаларға, жасы ұлғайған адамдар- ға, және жүрек, тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Смог демікпеге, тыныс алудың қиындауы мен тоқтауына, бас ауруларына, тұмауға себеп болады. Сонымен қатар көздің, мұрынның және жұтқыншақтың мөлдір сұйық қабаттарының зақымдануын тудырады, иммунитетті әлсіретеді. Смог пайда болған кезде ауруханаға түсетіндердің саны артады, аурудан толық сауыққан адамдардың аурулары қайта қозады, тыныс алу жолдары ауруларымен және жүрек ауруларымен ауыратын науқастардың өлімі көбейеді.

Мысалы демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Демікпемен ауыратындар өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын заттардан аулақ болуға тиіс. Қазақстандағы демікпемен ауыратын адамның саны 1999-2007 ж. ж. (100 мың адамға) 60 мың адамға тең болды. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза болуы керек көшеге шыққанда арнайы маскаларды киген жөн.

Аллергия - организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан Аллергиялық ауру пайда болады. Әсіресе көшеде жүрген уақытта шаң улы түтін әсерінен аллергияның қозу жылдамдығы артады. Қыста отын көліктердің түтіні адам төзгісіз.

2. 8. Алматыдағы смогтың себебі

Смог үлкен қалалар мен индустриялық өндіріс орталықтарында кез-келген ауа-райы жағдайында пайда болады. Оған себеп - ауаның ластығы. Смог жаздың ыстық күндері, желсіз күндері қауіптірек болады. Өйткені ауаның жоғарғы қабаты қатты ысып кеткен-діктен ластанған ауаны жоғары жібермей ұстап қалады. Мұндай жағдай таудың тасасы мен сайлы аймақтарда орналасқан қалаларда жиі болады. Оған мысал ретінде Алматы қаласын атауға болады. Алматының ауасы қысы-жазы түтінді әрі тұманды болып тұрады. Бір рет пайда болған смог тезірек тарай қоймайды. Оның басты себебі - Алматының шетіндегі биік таулар мен қаладағы құмырсқадай қаптаған автокөліктер. Әлемдегі халқы көп қалалардың ішінде смогтан ең көп зардап шегетін қалалардың қатарына мыналарды жатқыза аламыз: Лондон, Лос-Анджелес, Мехико, Афины, Гонконг, Пекин және Москва. Гонконгтағы смогтан биік ғимараттардың басы көрінбейтіндей жағдайға жетеді. Мұндай жағдайлар Қытайдың өндірісті және халқы көп шоғарланған аймағында байқалады. Ресейде жыл сайын смогтың кесірінен 300 мың адам көз жұмады екен. Ал БҰҰ-ның деректері бойынша әлемде 1 млрд. -тан астам адам лас ауамен тыныс алса, жыл сайын 3 миллион адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады.

Алматыдағы ауаның ең жоғарғы дәрежеде ластануы 2007 жылы тіркелген. Ол жылы ауаға 185 мың тонна ауаны ластағыш заттар қосылған. Оның 161, 3 мың тоннасы қаладағы автокөліктердің еншісіне тиеді. Ал автокөліктерді алып қарасақ, олардың басым бөлігі шет елдерден әкелінген «қоқыс» жеңіл автокөліктер болып табылады. Жеңіс автокөліктерден бөлініп шығатын зиянды газдар 161, 3 мың тоннаның 78% құрайды. Ал қоғамдық көліктер 14%, жүк көліктері 8%. Шет елдерден әкелінетін көліктерге қатаң бақылау орнатылмаса, Алматыда іске қосыл- ғалы отырған метро ауа тазалығын жақсартуға көмектесе алуы өте қиындау.

Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне енді

"Бұл қала - арман қала, жап-жасыл орман қала" - деп әнге қосқан, апортымен әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасыменде танымал бола бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың брендіне айналды десек артық айтқандық емес.

Әрине, бұған көп қөп үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған жарты милионға жуық көлік екені кім-кімгеде түсінікті.

Алматы қаласы орналасқан тау беткейінің климат жағдайларының өте қолайлы екендігіне қарамастан қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі дәрежеде, бұнымен қатар атмосфераны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

Қоршаған орта ауасының тазалығы бойынша үнемі мониторинг жүргізу арқылы, антропогенді әсерден болатын ластаушылардың күйін, мөлшерін, шығу көздерін білуге болады.

Алматы қаласы 2011 жылғы Казгидрометтің бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан. Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр.

Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі - автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді.

Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп -кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.

Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т. с. с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т. б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары - бензапирен, альдегидтер) бар.

Олардың ішінде зиянсыздары - азот, оттек, сутек, су булары, зияндылары - көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а) пирен, күйе, күкіртті түтін т. б. Бұл физикалық-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды. Ластаушылар автомобильді қыздырған кезде және аз жылдамдықпен жүрген кезде ауаға тез тарайды.

Машина тоқтаған уақытта көмірсутегі мен көміртек оксиді, ал жүргенде азот оксиді шығады. Дизельді моторлы машиналар құрамында CO, NO заттары бар болғандықтан бензинді пайдаланатын машиналарға қарағанда кемшілігі мол. Себебі, олар түтінді көп шығарады, адам денсаулығына зиянды әсері жоғары. Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін жетеді.

2 миллион халқы бар Алматы ауасы бұлайша ластанып жатқанда, 20 миллион халқы бар ірі қалалар қандай күй кешуде дейтіндерде табылады арамыздан. Жоқ, ластану көрсеткіші жағынан қаламыз 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико, 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, 10-15 миллионның аралығында халқы бар Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Лондон, Ыстамбұл, Токио мен Мәскеу сияқты қалалардың алдында тұр. Олардың қасында аядай Алматының экологиясын жақсарта алмай жүргеніміз ұят.

ІІІ. Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Смог (түтінді тұман)
Смог
Лондон қаласындағы смог мәселесі
Қышқыл жауын-шашындар мен фотохимиялық смог
Тіршілік қауіпсіздігін қорғау. Экологиялық проблемалар
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары және экологиялары
Қышқылдық жаңбыр
Қышқылдық жауынның пайда болу механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz