Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары


Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері . . .
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары . . .
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру . . .
2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру әдістемесін эксперимент арқылы зерттеу . . .
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру әдістемесі . . .
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдарын эксперимент арқылы зерттеу нәтижесі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Глоссарий . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында:
«
Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке кірудегі бірден - бір дара жолы - білім. Орта мектеп - білім жүйесінің ең алғашқы тобы. Орта мектепте қаланған білім жүйесі оқушының келешегіне бағыт береді.
Бүгінгі күннің басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның дүние жүзілік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында » - деген болатын [
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан
] .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан - жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер тобы. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу қызметіндегі оң себептер мен іскерлік шеберліктерін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқу, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғысынан өзін - өзі көрсету, мінез - құлық мәдениеттің қарапайым дағдыларын дамытуға арналған [2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 546 Қаулысы] .
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз білімі жоғары елге айналуымыз қажет. Қазіргі кезде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы бәріне белгілі. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау жолдарын меңгеруге дайын болуы керек. Сондай - ақ болашақ ұрпақтың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да жақсы көңіл бөлу қажет. Артымыздан ерген балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы елімізге тигізер маңызы зор [3. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014] .
Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаттарының бірден - бір жүйесі жаңа әлеуметтік - экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республикамызды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндетін қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде ең маңызды рөлдерді атқарады [4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы] .
Қызығу адамның күнделікті өмірі мен іс - әрекетінде маңызды орын алады. Адам өз өмірінің мәні мен болмысын бойныда қызығу бар кезде ғана сезінеді. И. П. Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс - әрекет етуге итермелейді. Сондықтан, қызығушылықпен және ынтамен істелінген жұмыс тез орындалады, нәтижелі болады. Қызығудың дамуы әрекет үстінде белсенділік, дербестік көрсетуден айқын көрінеді.
Балалардың қызығуы - танымдық қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес, қажеттілік керек нәрсені белгілейді, ал қызығу адамның белгілі бір объектіге немесе бір іс - әрекетке қатынасын көрсетеді. Балалардың қызығушылықтары танымдық әрекеттің қозғаушы күші болады. [5. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас . . . А., 1987 ж., 29 бет] .
Оқушы белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек жəне моральдік белсенділік дəрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау - мұғалімінің басты әрекеті. Белсенділік деп адамның іс - əрекетінің үстіндегі жағдайын айтады. Ф. Энгельстің айтуынша, «белсенділік - тіршілік иесінің бəріне тəн өз бетімен жауап беру қабілеті». Тіршілік жəне іс - əрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным жəне өзін - өзі тəрбиелеу белсенділігін дамытады.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формаларының көрінісі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділіктің бірі. Балалардың жас ерекшеліктеріне сəйкес басқа адамдар мен қарым -қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың əрекеттеріне қызыға қарап, үйренеді және сондай адам болғысы келеді.
Адамзаттың қоғамдық тəжірибесін меңгеруге баланың əрекеті мен мінезің бағыттайтын белсенді үрдіс оқыту деп атаймыз. Оқыту белсенділігі жағдайларындағы дидактиктер: В. Ф. Шмаргун, Л. П. Аристова, Н. А. Плотникова, Р. А. Низамовтың еңбектерінде түрлі бағыттарда түсіндіріледі [6 Саданова Ж. К., Макшиева Г. К., Сейтахметова Ж. М. Оқу үдерісіндегі дамыта оқытудың мəселелері // Вестник КАСУ. - 2006. - № 1. ] .
Ж. Аймауытұлы балалар ынтасы туралы былай дейді: Оқытушының сөйлегенінен де, істегені баланың ынтасын көбірек аудартады. Мұғалім бір тәжірибе істеп болғанша, әйтпесе сурет салып болғанша, балалар ілтипат қойып, тыныш тыңдап отырады, қалай сөйлейді, қимылдай бастайды. Жанды, қозғалатын нәрселер - бұлар балалардың ынтасын тудырады.
Оның пайымдауынша, оқыту тәжірибе арқылы, жанды әңгіме, тақтайға сызған сурет арқылы көрнекті болуы қажет [Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология А., 1995ж. 144 бет] .
Жас және педагогикалық психологияның оқыту процесінде, ең алдымен, оқушыларға білім беруде танымдық іс - әрекет мәселесін Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин, С. Л. Рубинштейн, Г. И. Щукина, П. М. Якобсон терең зерттеген [7. Тоқсанбаева Н. Қ. Танымдық іс - әрекетке кіріспе / Н. Қ. Тоқсанбаева. - Алматы: Қазақ университеті, 2018. - 162б ] .
Зерттеудің өзектілігі бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдарын ғылыми - әдістемелік жағынан қарастырылды. Бұл бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін және оқуға деген қызығушылығын арттыру қажеттілігін білдіреді. Сондықтан зерттеу тақырыбы «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары» негізінде құрылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын теориялық негіздеу.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдарын бақылау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетіне белсенді оқыту әдістерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етсек, онда оқушыларда оқу іс - әрекетінде қызығушылық, шығармашылық белсенділік қалыптасып, білім, білік және дағдыларының сапалық деңгейлері көтеріліп, білім берудің тәрбиелілік маңыздылығы артады, өйткені белсенді оқыту әдістері білім беру мен тәрбиелеудің таптырмас құралы болып табылады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру арқылы баланың білімге деген қызығушылығын оятуға болады.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдарын айқындау;
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдіс- тәсілдерін ұйымдастыру;
- Оқушыларға белсенді оқытудың белсенді әдістерін пайдалану;
- Оқушылардың танымдық белсенділігін теориялық негіздеу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: зерттеуде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары жайлы ғылыми - әдістемелік, физиологиялық, педагогикалық, психологиялық, әдебиеттер оқу құралдары негізінде алынды.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық салыстырмалы, индуктивті - дедуктивті талдау, педагогикалық озық іс - тәжірибелерді жинақтау, тәжірибелік - әдістемелік жұмыстарды жүргізу, әдістері қолданылды.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, алдыңғы қатарлы педагогтардың іс- тәжірибесі, педагог ғалымдардың ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастауыш мектепте сабақтардың сапасын арттыру жолдарына қатысты және оқу - әдістемелік кешендер, бастауыш білім беру стандарты, бағдарламалар, оқу құралдары, оқулық, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
Зерттеу жұмыстың жаңалығы: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары қарастырылып оны тәжірибе жүзінде қолдану жұмысы жүргізілді.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Таным - адамның басындағы ақиқат шындықтың бейнеленуі. «Диалектикалық материализмнің таным теориясынан негізгі алатыны - сыртқы дүниені және адам ойында оның бейнеленуін мойындау», яғни таным соңғы құбылыс және де адам санасындағы қиындықтың бейнеленуі болып табылады.
Расында да оқушыларды оқыту процесінде таным процестері жүріп жатады. Бірақ, таным - оқушылардың іс - әрекетінің бір көрінісі. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен тіршілік әрекеті - оқыту - олардың қалыптасқан түрі. Ал «Адамдардың болмысы - олардың тіршілігінің нақты процесі». Оқыту, танымына қарағанда, оқушының немесе мұғалімнің басында емес, мектепте сыныпта өтеді. Мұғалім мен оқушы үшін де жан - жақты тәжірибелік іс - әрекетінде жүргізіледі. [Құсайынов Ғ. М. Оқытудың жаңа технологиясы: теориялық және практикалық негіздері: Әдістемелік құрал. - Астана: РҒПО «Оқулық», 2012. - 64 б. 6 - 7б. б]
В. И. Селиванова оқу - танымдық әрекеттің мақсатын қоюдың үш нұсқасын бөліп көрсеттеді, олар ерік күшінің түрлі әсерін анықтайды:
- оқу - танымдық әрекет мақсатын оқытушы қояды (оқушылармен бірге қоюы мүмкін) ;
- оқытушы тапсырманы немесе танымдық тақырыпты хабарлайды, осыған сәкес оқу - танымдық әрекетті жүзеге асыруға болады, содан осы негізінде оқушы оның мақсатын өзі немесе оқытушымен бірге айқындайды;
- оқушы өзінің оқу - танымдық әрекетінің мақсатын өз бетінше жұмыс істеумен көрсетеді.
Танмыдық оқу іс - әрекеті барысында жалпы әлеуметтік негізі де өзгереді. Ол көбінесе адамдардың бір - бірімен пікір алысуы, ортақ мәселе келуі мен әңгімелесу, тілдесу арқылы жүзеге асады. Л. В. Выготскийдің де мына пікірі ой салады: «адамның белгілі бір жағдайға белсенді кірісуі, оның белсенді рөлі, жүріс - тұрысы оған жаңаша өмірді көрсетеді».
Жас және педагогикалық психологияның оқыту процесінде, ең алдымен, оқушыларға білім беруде танымдық іс - әрекет мәселесін Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин, С. Л. Рубинштейін, Г. И. Щукина, П. М. Якобсон кеңінен зерттеген.
Зерттеушілердің көбі оқыту процесінің негізігі екі тобын белгілі түрде бөліп көрсетті, олар оқыту процесінің түрлі мазмұнына немесе оның түрлі компоненттеріне бағыттау негізінде танымдық іс - әрекет деңгейлерін талдап әзірлейді;
- жаңа білімдерді игеруге бағытталумен сипатталатын ауқымды танымдық іс - әрекет;
- білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталумен сипатталатын танымдық іс - әрекет;
- білімге қол жеткізу тәсілдерін үнемі жеткізуге бағытталумен ерекшеленетін өз бетінше білім лау процесі.
«Оқыту процесіндегі субъектілердің қарым - қатынасында мағыналардың өзгеруі біріккен іс - әрекеттің мотивтері мен мақсаттарының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оқыту процесінде ескеру біріккен танымдық іс - әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды», - деп жазды С. М. Жақыпов.
Қазақстандық психологтар В. К. Шабельниковтың, С. М. Жақыповтың, Ә. Алдамұратовтың жұмыстары оқыту барысында танымдық іс - әрекетті қалыптастыру мәселесіне арналған.
Танымдық іс - әректтің қалыптасуы осы концепцияларға сүйене отырып, дамудың негізін табады. Мұндағы басты рөлді оқушының психикалық дамуы, ақыл - ой және қоршаған орта ықпалы.
Оқыту баланың мүмкіндігіне және белгілі даму деңгейіне сәйкес келу керек. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқыту барысында жаңа, одан жоғары деңгейдегі келесі мүмкіндіктер туындайды. «Бала тәрбиелену мен оқытуда дамиды», - деп жазған С. Л. Рубинштейін. Танымдық іс - әрекет оқу процесінің құрамына кіріп, арнаулы оқу орындарында қалыптасатын күрделі психологиялық білім.
Танымдық іс - әрекет арнай ыұйымдастырылған мектептік оқытуда құрылады, күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту үрдісінің өзімен қоса оқытылады. Міне, сонымен танымдық іс - әрекет қиындығы түсіндіріліп, ерекше психологиялық феномен болып табылады.
Егер оқыту үрдісінің негізгі белгілері танымдық оқытудың маңызды формаларының бірі болса, онда мектептегі әлеуметтік мағынасы жағынан ұқыпты іске асырудың үш түрлі қажеттілікке бөлуге болады:
- танымдық қажеттіліктер, мәселені шешу тәсілі немесе оқыту процесінде жаңа мағлұматтар алуды қанағаттандыру;
- әлеуметтік қажеттіліктер, «мұғалім - оқушы» және «оқушы - оқушы» қарым - қатынастары негізінде оқыту іс - әрекетінің барысы немесе қатынасын және оқыту іс - әрекетіне байланысты оның шешімін қанағаттандыру;
- «мен» - ге байланысты қажеттілік, жетістікке жету қажеттілігі, оқу тапсырмаларының негізіг деңгейін арттыру.
Мұндай негізгі қажеттіліктерге өту мәселелік оқыту барсында танымдық белсенділіктің көкейкестілігін көрсетеді. А. М. Матюшкин былай деп тоқталады: берілген ситуация мәселелік болып теориялық сұрақ ретінде ған емес, ол үшін мәселелікке айналғанда байқаймыз. Мұндай жағдайларда оқыту үрдісі, бірінші жағынан, оқушының қажеттілігін өтеуге ұйымдастырылса, екіншіден, оқушының оқуға деген ынтасын тудырып отыратын танымдық әрекеттің қозғалысын көресетеді [Тоқсанбаева Н. Қ. Танымдық іс - әрекетке кіріспе/ Н. Ққ Тоқсанбаева. -Алматы: Қазақ университеті, 2018. -162б 6-21б. б] .
Оқыту үрдісі материалдық өзара іс - әрекеттегі құбылыс, белгі бір үлгіде ұйымдастырылып, бағытталуы қажет. Оқыту үрдісін ұйымдастыру формасыз, оқытуды жүргізу мүмкін емес. Қазіргі дидактиканың негізгі міндеттерін шешу, сабақты ұйымдастыру формаларына байланысты жүзеге асады:
- оқушылардың оқу белсенділігі;
- оқушылардың әлеуметтік белсенділігін көтеру деңгейі;
- ұжымдық және жеке - дара оқытудың үйлесімділігі;
- оқушы жеке басының дамуы, оның қабілетімен қызығушылығымен, қажеттілігімен сәйкес келеді;
- оқытуды даралау мен саралау;
- оқу - тәрбие үрдісінің сапасы мен нәтижесін көтеру.
Оқытуды ұйымдастырудың кең және нақтылы бір - бірімен ерекшеліктерімен көзге түсетін оқыту формалары беріледі:
- оқушылар құрамы;
- өткізу орны (сынып, аудитория, оқу бөлмелері, оқу шеберханасы, тәжірибе жүргізу орындары т. б) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz