Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық Құқық
Тақырыбы: Мұрагерлік түсінігі мен түрлері
Мамандығы: Құқықтану

Орындаған: күндізгі
оқу бөлімінің
П-31К топ студенті
Назарбаев Е.М.
Тексерген оқытушы:
Әбілдина А.С.

Қарағанды 2020

Жоспар
Кіріспе
3

І. Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
5
0.1 Мұрагерлік туралы жалпы түсінік және оның түрлері
5
0.2 Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның элементтері
7
0.3 Мұрагерлік туралы жалпы ережелер
10

ІІ. Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтың қалыптасуы және дамуы
13
2.1 Мұрагерлердің құқықтарының пайда болу мәселелері
22
2.2 Қазақ қоғамындағы мұрагерлік құқық
23
2.3 Өсиет бойынша мұрагерлік ережелері және оның орындалуы
27

Қорытынды
32
Пайдаланған әдебиеттер
33



Кіріспе
Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады. Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің, соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу қажеттілігінің әлдеқашан пісіп жетілгенін байқатты. Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1,2 тармақтары), сонымен қатар т.б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз. Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.
Кез келген қайта құру түрі, ең алдымен идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық тәсілдер мен қағидалардан көрініс табады және көптеген сұрақтардың туындауына алып келеді. Оның бірі әрі қарай дамудың жолы қалай болмақ, қоғамдық өмірдің қайта құруы қандай мақсатта жасалмақ деген әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық-қатынастар, әдет-ғұрып, діни негіз дәстүрлері әсерінен қалыптасқан қоғам дамуының ерекшеліктерін ескерместен өмір сүре алмайды. Мемлекет экономиканы реформалау барысында монополиядан бас тартып, жеке меншікке ауысуы Қазақстанның экономикалық реформасының маңызды бағытына айналды және ол мұрагерлік құқық институтына әсерін тигізді.
Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі, -деп көрсетіліп, бекітілген. Яғни, азаматтардың мұрагерлік құқығы заң жүзінде танылады және сақталады.
Жалпы мұрагерлік құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.
Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.
Жоғарыда айтылған мәселелер және теориядағы мұрагерлікке қатысты өзге де мәселелер, заңдар мен тәжірибелер ғылыми-теориялық зерттеулерге мұқтаж. Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу және т.б. мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мәселелерді өңдеу және оған баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін дамыту мәселелерінің мәнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды және сот тәжірибесінде азаматтардың мұрагерлік құқығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелердің онды жолдарын табу қажет.
Демек, зерттеу жұмысының өзектілігі мұрагерлік туралы жан-жақты және терең теориялық зерттеу қажеттілігінің алдын ала анықтау, сонымен қатар осы салада пайда болған құқықтық мәселелерді кешенді шешу болып табылады.
Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша курстық жұмыстың мақсаты мұрагерлік құқықтың даму тенденциясын білу болып табылады, яғни мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері жан-жақты талдап зерттеледі.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
-- Мұрагерлік құқықтың тарихын зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап, олардың өзекті мәселелерін анықтау;
-- Кез келген қайтыс болған адам мұра қалдырушы болмайды, яғни азаматтың тірі кезінде оған тиесілі болған мүліктің мұрагерлеріне ауысуын қарастыру;
-- Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау;
-- Өсиет қалдырушының өсиетті құруға байланысты пайда болатын мәселелеріне талдау жүргізу,
-- Мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру ерекшеліктеріне талдау жүргізу;
-- ҚР-ның мұрагерлік құқық туралы қазіргі қолданыстағы заңнамалар бойынша сот тәжірибесіндегі істерді саралау және оны зерттеп білу.
Курстық жұмыс кіріспені, екі тарау мен қорытындыны қамтиды.

І. Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
3.1 Мұрагерлік туралы жалпы түсінік және оның түрлері

Мұра туралы әңгіме қозғалғанда адамдардың осы мәселе төңірегінде әлі де болса түсінбеушілік орын алуда. Кей жағдайларда халықтың басым көпшілігі мұра туралы ешнәрсе білмейді. Себебі, әсіресе қазақ халқында мұра тек қара шаңырақтың иесі кенже балаға қалады. Шамасы келгендер балаларына тиесілі мұрасын бөліп қалдырып кетеді. Ал, қазіргі нарық заманында мұраға қызығушылық артып келеді. Оның ішінде тұрғын үй жөнінде.
Ал, осы мұрагерлік деген не. Оны қалай қабылдайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1038-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға)-мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Мұраның құрамына не кіреді. Осы кодекстің 1040-бабында көрсетілгеніндей, мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді. Мұраның құрамына: егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы; өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы; алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер; зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы; заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар, кірмейді.
Кодекстің 1042-бабына сай, мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұрагерлер болып Кодекстің 1044-бабында көрсетілгеніндей мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
Осы арада туындайтын басты мәселе мұраны қабылдау. Кодекстің 1072-1-бабында мұраны қабылдау мұра ашылған жердегі нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды адамға мұрагердің мұраны қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін беру арқылы жүзеге асырылады.
Бірақ мұраны қабылдау үшін заңда белгіленген мерзімді сақтау керек. Бұл мерзім туралы азаматтар білмейді. Яғни, Кодекстің 1072-2-бабына сәйкес мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабалдануы мүмкін. Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда мұра қалдарушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешімінде өзге күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкін. Осы алты ай мерзімді азаматтар өткізіп алып жатады. Бұндай жағдайда нотариус мұраға құқық беру туралы куәлікті беруден бас тартуы мүмкін.
Алайда, Кодекстің 1072-4-бабына сай егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты ай ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады. Әрине мерзімді қалпына келтіру сотпен тек мерзім дәлелді себептермен өткізілген жағдайда ғана жасалуы мүмкін. Дәлелді себеп, ұзақ мерзімге командировкаға кету, емделу орнында болу т.б. мән-жайлар болуы мүмкін.
Азаматтарға айтар мәселе, мұраны қабылдауға белгіленген алты ай мерзімді дәлелсіз себептермен өткізбеу керек. Себебі, мерзім дәлелсіз себептермен өткізілген жағдайда сот бұл мерзімді қалпына келтіруден бас тартуы мүмкін. Олай болған жағдайда мұра қабылданбай қалады.

1.2 Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның элементтері

Заң ғылымында құқықтық қатынас күрделі жүйе ретінде қарастырылады, ол жеке-жеке үш элементтерден тұрады. Олар: субъект, объект (пән) және мазмұн (субъективтік құқық пен міндет).
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі мұрагерлік құқықтық қатынасқа қатысушы тұлғалар, яғни мұра қалдырушы мен мұрагер болып табылады.
Мұрагерлік құқықтық қатынастың объектісі мұрагерлік құқықтың негізіне сәйкес, мұра қалдырушының мүліктік жиынтықтарының (соның ішінде мүліктік құқығы мен міндеті) бірыңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлеріне ауысуы болып табылады.
Өсиеттік бас тартылушылар (легаттар) дербес субъект бола алмайды.
Нотариус қатысты субъект болып табылады.
Мұрагерлік құқықтық қатынас құрамының үшінші элементі мазмұн болып табылады. Мұрагерлік құқықтық қатынастың мазмұны ҚР-ның АК-де белгіленген мұрагерлік құқыққа қатысушы тараптардың құқығы мен міндетінің жиынтығы.
Мұрагерлік құқық субъектілердің одан әрі қарай заңдық қатынастарда тағдырын анықтау, осы қатынасқа құқығы бар тұлғаларды анықтау үшін тұлғаның қайтыс болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың сипатын сараптауымыз қажет. Революциядан бұрын орыс цивилистері заңдық қатынастарды (қазіргі құқықтық қатынас) субъективтік құқық деп түсінген, яғни өзге тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырған, ол екі тұлға арасындағы байланыс сияқты, өзара талаптар мен міндеттерді белгілеген. Қазіргі уақытта құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын айтуға болады. Осыдан мұрагерлік құқықтық қатынасты түсіндіруге болады. Яғни, қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамдарға (мұрагерлерге) ауысуына байланысты реттейтін қоғамдық қатынастар.
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъективтік құрамын сипаттаған кезде, сонымен қатар осы субъектілердің құқықтық қатынастарымен, олардың құқықтық статусы туралы айтатын болсақ, ең алдымен ҚР-ның АК-дегі осы субъектілердің нақты нормаларда қалай аталатынына тоқталайық. Мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүлік иесінің аталуы әртүрлі. Бір жерде қайтыс болған азамат ҚР-ның АК-нің 1038 бабында, кейбір жерде мұра қалдырушы ҚР-ның АК-нің 1040 бабы, 1042 бабы, 1043 бабы, 1044 бабы, 1045 бабы және т.б., кейбір жерде өсиет қалдырушы ҚР-ның АК-нің 1046 бабы, 1047 бабы, 1048 бабы және т.б. деп көрсетілген. Бір баптың өзінде екі түрлі атаумен де аталатын ержелер кездеседі. Мәселен, ҚР-ның АК-нің 1046 бабында өсиет қалдырушы және мұра қалдырушы деп көрсетілген. Бұл жағдайлар құқық қолдану кезінде бірдей талқылауда кедергі жасауы мүмкін. Әрине бұл сөздер бір тұлғаға қатысты екені түсінікті, дегенменде құқық қолдану органдардың, әсіресе соттардың шешімі кезінде, мұндай жағдайларды жібермеу керек. Өйткені азаматтық заңның өзінде бұл келеңсіздікке қатысты арнайы бап қарастырылады. ҚР-ның АК-нің 6 бабына сәйкес, Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөдердің дәлме-дәл меніне сәйкес түсінілуі тиіс. Заң қалыптарының мәтінінде қолданылған сөздерді әр түрлі түсінуі мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституцияның ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2 бабында баяндалған негізгі қағидаттарына сай келетін түсінікке басымдық беріледі деген.
Қайтыс болған азамат, мұра қалдырушы, өсиет қалдырушы ұғымдарын бірыңғай түсіндірсек. ҚР-ның АК-нің 1046 бабында, қайтыс болған азаматты, 2 ұғымда көрсетсек, яғни мұра қалдырушы және өсиет қалдырушы.
Нақты тоқталып өтсек, ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 6 тармағында, мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес деген. Мұнда мұра қалдырушы ұғымы тектік мағынада айтылады. Себебі, қайтыс болған азамат өсиет қалдырғанымен, оны қайта өзгертуге болады деген сөз, қайтыс болған азамат өсиет қалдырмауы да мүмкін дегенді білдіреді.
Өсиет қалдырушы ұғымы тек өсиет қалдырған азаматқа қатысты айтылады, мұраға қатысты түрлі ұғымда айтылып тұр. Өсиет қалдырмай, қайтыс болған адамды немесе мұра заңды мұрагерлік негізде жүзеге асатын болса, қайтыс болған азаматты өсиет қалдырушы деп айта алмаймыз.
ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 7 тармағына сәйкес, мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік еті міндетін жүктеуге болады, деген. Мұнда мағынасына қарай түрлі ұғымға қатысты айтылғандықтан мұра қалдырушы ұғымын өсиет қалдырушы ұғымына ауыстыру ұсынылады. Себебі, мұнда тек өсиетке қатысты, өсиет бойынша туындайтын құқықтық қатынастар туралы айтылып тұр.
Бұл жерде Мұра қалдырушы тектік ұғымда, ал өсиет қалдырушы, қайтыс болған азамат және т.б. түрлі ұғымда айтылады.
Тектік ұғым жалпы түп негізін кең ауқымды түсіндіретін ұғым. Түрлі ұғым тектік ұғымның белгілі бір бөлігі ретінде түсіндіріледі.
Сонымен, мұрагерлік құқықтық қатынастардың субъектілеріне қатысты Мүра қалдырушы ұғымы өсиет қалдырушы, қайтыс болған азамат және т.б. ұғымдарына қарағанда тектік мағынада берілген.
Бұл бөлімшеде, сонымен қатар мұраның ашылуы, мұраның ашылу орны, лайықсыз мұрагер мәселелері қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты келесі мән-жайларды айтуға болады. Біріншіден, мұрагерлік мүліктік құқықтық қатынастардың жиынтығы нақты заңды фактілерге байланысты - мұра қалдырушының өлімі. Екіншіден, мұраның ашылу уақытына анықтама бере отырып, заң шығарушылар коммориенттерге қатысты ережелерде бірнеше мәселелердің шешуін тапқан, мысалы, бір күнде қайтыс болған адамдар бірінен кейін бірі мұрагер бола ала ма жоқ па немесе мұраның ашылу орны бойынша жаңа критерийлер ұсынылған. Үшіншіден, бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің заңдарына қарағанда лайықсыз мұрагер деп танылған тұлғаларға қатысты ережелер нақты, түсінікті және олардың кінәлары анықталынған. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету үшін ниет негіз болып табылады.

1.3 Мұрагерлік туралы жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі АК) 1042-бабына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуы мүмкін азаматтар бір мезгілде немесе бір күнтізбелік тәулікте, бірақ түрлі сағатта қайтыс болса, онда олар бірінен кейін бірі мұрагер болмайды және мұрагерлікке олардың әрқайсысының мұрагерлері шақырылады.
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері мұраның ашылу орны болып табылады.
АК-нің 16-бабына сәйкес азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына сәйкес, азаматтарды тіркеу тұрақты тұратын орны бойынша жүзеге асырылады. Әдетте, мұра қалдырушының соңғы тұрған жері тұрақты тұрған жеріне сәйкес келеді.
Егер Қазақстан Республикасының аумағында мүлкі болған мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса немесе оның аумағынан тыс жерде болса, Қазақстан Республикасында мұраның ашылу орны деп осындай мұрагерлік мүліктің орналасқан орны (жылжымайтын мүлік орналасқан жер, жылжымалы мүлік тіркелген жер, мұра қалдырушының шоты ашылған банк орналасқан жер және т.б.) танылады. Егер көрсетілген мұра әртүрлі жерлерде орналасқан болса, оның құрамына енетін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, ал жылжымайтын мүлік болмаған кезде - жылжымалы мүліктің немесе оның неғұрлым құнды бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.
Мұра қалдырушының тұрған жері мұрагерлерге белгілі болып, бірақ олар оны қандай да бір себептер бойынша құжаттармен дәлелдей алмаған жағдайларда, сот мұрагердің арызы бойынша мұраның ашылу орнының заңдық фактісін белгілеуі мүмкін.
АК-нің 1072-бабының 1-тармағына сәйкес мұраны алу үшін заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер оны қабылдауы тиіс. Мұраны қабылдау тәсілі мұра ашылған кезде қолданыста болған заң бойынша айқындалады.
Мұраны іс жүзінде қабылдау деп мұрагердің мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін соңғының мүлкін иеленуін және пайдалануын кәуландыратын әрекеттері, оның мүлкін ұстау мен сақтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыруы, мұрагерлік мүлікке байланысты оның қарыздары мен салықтарын төлеуі не мұрагерлік массаға енгізілуге жататын мүліктік сипаттағы мұра қалдырушыға тиесілі төлемдерді, құндылықтарды алуы түсіндіріледі.
Мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе мұрагерді мұраны қабылдаудан шеттету салдарынан мұрагерлік туындайтын басқа тұлғалар, олардың мұрагерлікке құқықтары туындаған күннен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдауға құқылы.
Белгіленген тәртіппен қабылданған мұра, ол ашылған күннен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады. Сондықтан мұра алу құқығы туралы куәлікті алу мұрагердің міндеті емес, құқығы болып табылады, көрсетілген куәліктің болмауы мұрагерлік құқықты жоғалтуға негіз бола алмайды.
Мұрагер мұраны іс жүзінде қабылдаған, бірақ мұра алу құқығы туралы куәлікті алу үшін нотариусқа қажетті даусыз дәлелдемелерді келтіре алмаған және оларды өзге де жолмен алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда мұрагер мұраны қабылдаудың заңдық фактісін белгілеу туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Мұрадан бас тарту туралы арыз мұрагер мұрагерлікке шақырылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра ашылған орны бойынша нотариусқа мұрагердің жеке өзі келіп беруі немесе пошта арқылы берілуі мүмкін. Арыз пошта арқылы жіберілген кезде арызға қойылған қол куәландырылуы тиіс.
Жасы он төртке келмеген кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері (олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары), сондай-ақ белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың қорғаншылары сенімхатсыз әрекет етеді. Алайда, мұрадан бас тарту үшін олар қорғаншылық және қамқоршылық органынан рұқсат алуы қажет.
Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, соттың шешімімен әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар өздерінің ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының келісімімен мұрадан бас тартуға құқылы. Соңғылар қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсатымен ғана келісім бере алады.
Егер мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар мұрагер заңда белгіленген мерзімде өзінің міндетті үлесін алу құқығынан бас тартса, онда мүліктегі оның үлесі өсиет бойынша мұрагерлерге ауысады. Міндетті үлеске құқық мұрагердің жеке басына байланысты болады, сондықтан міндетті үлестегі мұрадан басқа адамдардың пайдасына бас тартуға жол берілмейді.
Мұра қалдырушы барлық мүлікті өзі тағайындаған мұрагерлерге өсиет етсе, онда мұрадан қандай мұрагерлердің пайдасына бас тартқанын көрсетпеген, мұрадан бас тартқан немесе шығын қалған мұрагерге тиесілі мұра бөлігі өсиет бойынша қалған мұрагерлерге ауысады және өсиетте өзгеше көзделмегендіктен, олардың үлестеріне бара-бар бөлінеді.
АК-нің 1044-бабына сәйкес мұра ашылған кезде көзі тірі болған, сондай-ақ мұра қалдырушының көзі тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагер болуы мүмкін.
Заң бойынша мұрагерлер АК-нің 1061-1064-баптарында көзделген кезектілік тәртібімен мұрагерлікке шақырылады. Заң бойынша мұрагерлердің әрбір келесі кезегі мұрагерлердің алдыңғы кезегі болмаған жағдайда мұра алу құқығын иеленеді.
Мұра қалдырушының асырауында болған еңбекке жарамсыз адамдар, егер олар мұра ашылған кезде еңбекке жарамсыз болып, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болса, олар ашылған мұрадан үлестерін алуға құқылы.
Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін және кірмейтін бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғалар мен мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.
Өсиет қалдыру құқығы әрекетке қабілеттілігі бар азаматтарға ғана тиесілі болады.

ІІ. Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтың қалыптасуы және дамуы

Алдымен мұрагерлік құқыққа тоқталмас бұрын мұрға жалпы сипаттама бере кетсек. Мұра дегеніміз -- бұл мүліктік немесе басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің қайтыс болған адамның мұрагерлеріне заңды түрде қалуы. Ал, Мұрагерлік құқық дегеніміз -- қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға беріледі. Көптеген әдебиеттерде мұра алғаш рет Ежелгі Римде hereditas, -- деп аталып, қолданылатын болған деген пікірлер бар [1. 10-11].
Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды. Азаматтардың меншік оның ішінде жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады.
Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет қорғайды. Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді. Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі.
Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Қазақ отбасындағы көп балаларының ішінен кенже баласын ата-анасы қолында қалдырып, шаңырақ иесі деп есептейді.Осы кенже баланың тұратын үйін Қара шаңырақ, деп атайды. Басқа балалары үйленіп, жеке отау тіккенде қара шаңырақтан енші алады. Қара шаңыраққа қазақ даласының жазылмаған заңы бойынша, әрқашанда үйдің кенжесі ие болып қалған. Отбасының үлкен балалары бөлінген еншіге көңілі толмай өкпелеуге барғанмен, қара шаңыраққа мұрагер болуға таласпаған. Салт бойынша кенже бауырын ата-аналарымен бірге қалдырып, өздері бөлек отау құрған. Бірақ жастары үлкен екендігіне қарамастан кенже бауырлары ие болып отырған қара шаңырақты ешқашан аттап өтпеген, әрліберлі жол жүргенде, алыс сапарға шыққанда қара шаңырақтан дәм татып, бата жасаған. Қазақтың бұл салты ағайын арасындағы мүлікке таласулардың, алауыздықтың болмауына бағытталған. Керісінше, ынтымақтастыққа, бірлік-берекеге шақырып, ауызбіршілікке тәрбиелейді. Қазақтың бұл салты біршама өзгергенмен, қазір де сақталған. Бұрынғы заманда әкесі көзі тірісінде балаларына енші бөліп, салт-дәстүр бойынша реттеп отырса, енді атадан балаға қалатын мирасты Азаматтық кодекстің баптары бойынша рәсімдеп, мұраға қалдыратын болды. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады. [2. 9-10].
Мұрагерлік құқық жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұрагерліктің негізгі объектісі - мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік, азаматтардың жеке меншігі. Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік - бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егер де азамат қайтыс болған жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен мұрагерлік құқық қайтыс болғанның мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым-қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыс та өзгереді. Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көзқарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып келеді, жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына.
Мұра қалдыру және өзге де қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір экономикалық құрылыстың өзі өндірістік күштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына соның ішінде мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әр түрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы басқалар.
Азаматтық кодесінің 1040-бабына сәйкес мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер кірмейді:
1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi [3. 18-19].
Заң бойынша азаматтардың меншік құқығының объектілері: интеллектуальдық және материалдық қызмет өнімдері, кәсіпорындар, өндіріс құрал-жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақша, тұрғын үйлер, пәтер, саяжай, бау-бақша, өндірілген өнім, одан алынған кіріс және басқа да болып табылады. Өзіне пайдалануға берілген пәтер, саяжай, гараж, өзге де мүліктерге өзінің үлесті жарнасын толық өткізген тұрғын үй құрылыс кооперативінің мүшесі сол мүлікті меншіктену құқығына ие болады. Сонымен қатар пәтерді жалдап алушы адам немесе оның отбасы мүшелері осы пәтерді иемдену құқығына ие болады. Егер ол азамат осы пәтерді сатып алатын болса, онда пәтерді өз қалауынша пайдалануға, сатуға, уақытша жалға беруге, мұрагерлікке қалдыруға және басқа да келісімдер құқығы болады.
Меншік құқығының мазмұнын -- меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер (элементтер) құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген жеке меншік құқығының объектілері азаматтың мұрагерлік мүлкінің құрамына кіреді, ал азамат қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагерлеріне өтеді.
Мұраға ие болу кезектегі мен үлестеріне қарамастан, кәдімгі үй жиһаздары мен бұйымдары мұра қалдырушы ол өлгенге дейін кемінде бір жыл бойы бірге тұрған мұрагерге көшеді. Үй жиһаздары мен бұйымдарына күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттар, мысалы: жиһаз, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек кіреді. Мұра қалдырушы азаматтың теңге, алтын, күміс, хрусталь бағалы металдар мен қымбат тастар және інжуден жасалған бұйымдары мұрагерлік мүліктің құрамына кіріп, заң бойынша мұрагерлерге тең үлеспен бөлініп беріледі.Ал, автомашина, мотоцикл және басқа да транспорт түрлері қайтыс болған адамның меншігінде болып, сол адамның атына тіркелесе ғана мұрагерлік мүлік болады [4. 15-16].
Көп жағдайда тұрғын үй отбасы мүшелеріне ортақ мүлік болып есептеледі. Сондықтан қазіргі күші бар заң бойынша, кәмелетке жастары толған бірнеше баласы бар отағасы баспананы балаларының біріне мұрагерлікке қалдыра алмайды. Өйткені ол ортақ мүлік болып саналады. Отбасына ортақ меншікке қатысы бар адамның қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда мұра қайтыс болған адамның ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде үлестің құнына қатысты белгіленеді. Отағасы қайтыс болғаннан кейін ортақ мүліктегі өз үлесіне өсиет қалдыруға құқылы .Мұрагерлік мүліктің ең көп тарағаны-тұрғын үй. Егер мұралық мүліктің құрамына тұрғын үй болса, нотариус үйдің мұра қалдырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжатты, техникалық инвентаризация бюросының анықтамасын талап етеді. Сондай-ақ, тұрғын үй орналасқан жердегі нотариалдық кеңсесінің құжаттары бойынша үйден айыруға тыйым салынғандығын немесе мекен-жайдың бар жоқтығын тексереді. Егер тыйым салыну сауда алуға байланысты болса, нотариус сауда берген мекемеге сауда алушының мұрагерлеріне мұрагерлік құқық куәлік берілгендігін хабарлайды. Тұрғын үйдің мұра қадырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжат техникалық инвентаризация бюросында міндетті түрде тіркелуі қажет.
Мұраға ауысу - жер учаскесіне жеке меншік, ұзақ мерзімді жер пайдалану және уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының (егер уақытша жер пайдалану шартында басқаша көзделмесе) басқаға ауысуы. Мұраның құрамына мұраға берушіге тиесілі, оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылмайтын, құқықтар мен міндеттер де кіреді. Мұра қалдырушының барлық құжаттары мұрагерлік арқылы беріле бермейді. Мысалы, мұра қалдырушының отбасылық некелік қатынасқа жататын мүліктік емес құқықтары адам қайтыс болысымен жойылады. Мұрагерлік бойынша қайтыс болған адамның жеке басымен байланысты құқықтары немесе өзіндік меншік құқығы заң бойынша заңды мұрагерлеріне өтеді. Мысалы қайтыс болған адамның авторлық және өнер табыс қатынастарынан туындайтын құқықтары мұрагерлеріне мұралық жолмен ауысады. Авторлық құқыққа қысқартылған мерзім қолданылған күнде, онда авторлық құқық мерзімінің қалған бөлігі мұрагерлерге заң бойынша ауысады.
ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңынын 30-бабына сәйкес авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет бойынша ауысады. Шығарманы бастырып шығарғанда шығарманың өзіне, оның атына және автордың атын көрсеткенде де автордың ризалығынсыз қандай да болсын өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Автор өлгеннен кейін оның шығармаларын басқалардың қол сұғуынан қорғауды оның мұрагерлері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 982- бабына сәйкес, авторлық құқық автордың бүкіл өмір бойына және ол өлгеннен кейін автор өлген жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап 50 жыл бойына күшінде болады. Осы уақыт өткеннен кейін кейбір шығармалар сатып алу арқылы мемлекет қарауына жатқызылуы мүмкін [5. 10-11].
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1080-бабы бойынша мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажетті шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға, өсиетті орындауға, содай-ақ өсиетті орындаушыға немсе мұраны сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеу туралы талаптар ол мұрагерлер арасында бөлінгенге дейін мұра есебінен қанағаттандырылуға тиіс. Бұл талаптар барлық басқа, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етілген талаптардың алдында мұраның құнынан басымдықпен қанағаттандырылуға тиіс. Ал, мұра қалдырушының кредит берушілері өздерінің мұра қалдырушының міндеттемелерінен туындайтын талаптарын өсиет орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен бсқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлік құнының шегінде ортақ борышқорлар ретінде жауап беретін мұрагерлерге қоюға құқылы.
Заң бойынша қайтыс болған адамның жұмыс орнындағы жалақысы қайтыс болған күнге дейін алынбаса, онда жалақы қайтыс болған адамның бірге тұрған отбасы мүшелеріне беріледі. Егер жұмысшы немесе қызметкерге қайтыс болғанға дейін уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төленетін болса, онда ол мұралық мүліктің құрамына кірмейді. Бұл жәрдемақы қайтыс болған адамның бірге тұрған отбасы мүшелеріне немесе қарауында болған адамдарға төленеді.
Азаматтық кодекстің 1044-бабына сәйкес мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Егер қайтыс болған адам құқық және міндеттерінің өлімінен кейінгі тағдырын белгілеп кеткен болса оған, өсиет қалдырушы дейміз. Осы орайда анықтай кететін жәйт, қайтыс болған, деп жарияланған соттың шешімі де адам өлімі салдарын (зардабын) туғызғандықтан осылай жарияланған жеке тұлғалар да мұра қалдырушы болады. Мұрагер болудың ендігі шарты лайықсыз мұрагер болмауы керек. Бұны мұрагерлік құқығымыз мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету тақырыбымен Азаматтық кодекстің 1045-ші бапта белгілеген. Аталған баптың 3-бөлігінде балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны заң бойынша алуға құқығы жоқ екені анықталған. Осы мән-жайлар соттың растауын қажет етпейді және бұл үшін балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылу фактісінің өзі жеткілікті болып соттар лайықсыз мұрагерлердi мұрадан шеттету мәселелерін реттейтін АК-нің 1045-бабының нормаларын негізінен дұрыс қолданады. Лайықсыз мұрагерлерге өсиет бойынша да, сондай-ақ, заң бойынша да мұрагерліктен шеттетуге болатын, мұра қалдырушыны немесе мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған, мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруына кедергi келтірген және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдарды жатқызуға болады. Бұл мән-жайлар сот арқылы расталуы тиіс 6. 25-26].
Мұра қалдырушыны күту жөнінде заң күшімен жүктелген міндеттер орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ (ҚРАК-тің 1045 бабының 3-тармағы). Ата-аналардың балаларына қарсы міндеттері Неке және отбасы туралы Заңның 62-64-ші баптарда, ал кәмелетке толған балалардың ата-аналарына қарсы міндеттері аталған заңның 131-ші бабында айтылған. Осы және тағы басқа заңдарда айтылған міндеттерді орындамағандар жоғарыдағы тәртіппен заңды мұрагер бола алмауы әбден мүмкін. ҚР АК-тің 1045 бабында айтылған лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттеу ережелері міндетті үлесі бар мұрагерлерге де қолданылады.Құқығымызда сол сияқты, заңды мұрагерлерді мұра қалдырушы өсиетімен еш себебін көрсетпестен мұрадан айыруы мүмкін. Мұнда міндетті үлесі бар мұрагерлер міндетті үлесін талап ете алады. Бұлайша мұрадан айыру, өсиетте өзгеше көзделмесе, негізгі заң бойынша мұрагердің ұсыну құқығы бойынша мұрагерлерінің мұрадағы құқына әсер етпейді. Бірақ мұра қалдырушы мұрадан айыру өсиетінде мұрадан айрылған мұрагердің үлесіне өсиет бойынша мұрагер тағайындаса немесе мұрадан айрылған заңды мұрагердің ұсыну кұқығы бар мұрагерлерінің де мұрадан айрылғандығын айтса ұсыну құқы бар мұрагерлер де мұрагер бола алмайды.
Біздің мұрагерлік қүқығымызда заңды мұрагер мұра қалдырушыдан бұрын қайтыс болғанда ғана ұрпағы ұсыну құқығы бойынша мұрагер бола алады (ҚР АК 10671). Яғни заңды мұрагер лайықсыз, шеттетілген, бас тартқан мұрагер болса, оның ұсыну құқығы бар балалары ұсыну құқығы бойынша мұрагер бола алмайды. Себебі біздің мұрагерлік құқығымызда балалары негізгі мұрагерді ұсынғандықтан, негізгі мұрагер мұра қалдырушыға мұрагер болу құқығын жойса оның баласының оны (мысалға әкесін) мұрада ұсыну құқынан сөз етуіміз мүмкін емес. Мүның тек айрықша жағдайы, мұрагерлерді мұрадан айыру (ҚРАК 10464), осылайша мұра қалдырушының өсиетінен өзгеше туындамаса, ұсьну құқы бар мұрагерлер, негізгі мұрагерді ұсынып мұрагер бола алады.
Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес, мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қалдырушының тұрған жерін анықтау кейіннен мұрагерлердің мұраға құқығы туралы куәлігін алу үшін қажет. ҚР мұрагерлік кұқығымыз мұраның ашылу уакытында күнді негіз алғаны кейбір қиыншылыктарға себеп болуда. Күн жоғарыда айтылғандай 00:00 сағаттан басталып 24:00 сағат толуымен бітеді. Күн дегеніміз белгілі бір уақыт жиынтығы (сағат, минөт, секундтар жиынтығы) болғандықтан, мұрагерлердің өздеріне тиесілі үлесіне қай мезеттен бастап ие болатындығын (АК-тің 1072- бабы) немесе бір күннің ішінде мұрадағы затта ортаға шыққан пайда, зиянның салдары мен зардабын кім шегетіндігін (АК-тің 123), мұраның құрамын белгілеуде көптеген қиындыктар туғызады (АК-тің 1040) [7. 35-36].
Мұраның ашылу уақыты өлімнен басқа Азаматтық кодекстің 31-ші бабында айтылған жағдайларда сот адамды өлді деп жариялауы мүмкін. Осылай жариялау өлімнің салдарын туғызады. Бұл жерде талқыланатыны, адамды өлді деп жариялағанда мұраның ашылу уақытын анықтау. АК-тің 1042 бабының екінші тармағы сот шешімінде баска күн белгіленбесе, сот шешімінің күшіне енген күні мұраның ашылу уақыты болатындығын айкындайды. Айтылған баптың сот басқа күн белгілемесе деп нені айтқысы келгендігі. Бұған жауапты азаматтық кодексіміздің 31-ші бабының үшінші тармағының екінші сөйлемі, егер адам өлім қатері төнген немесе жазатайым окиғада каза тапты деп жорамалдауға негіз болатындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Мұрагерлік құқық, одан бас тарту. Түрлері
Азаматтық құқық объектілері туралы
Мамандықтың пәндер каталогы
Азаматтық құқық қатынастарының түсінігі және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік қатынастарды реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелері
Пәндер