Демократиялык саяси режим



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Реферат

Тақырыбы: Саяси режимдер және олардың мемлекеттің саяси жүйесімен байланысы

Орындаған: Ербосынова Аида
ДПП-001С

Семей-2020

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе

Негізгі бөлімі:

1.Демократиялык саяси режим
2.Тоталитарлык саяси режим
3.Авторитарлык саяси режим
4.Қазақстандағы саяси режим, оның дамуы. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялану үдерісі
5. Сайлау

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Режим - үстемдік етуші кластың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру әдістері мен құралдар жиынтығы. Саяси режим қоғамда саяси мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің, тәсілдер мен құрылыстарының жиынтығын, саяси бостандық дәрежесін, қоғамда жеке адамның заңға сүйенген жайын және сол елдің саяси жүйесінің белгілі типін анықтайды.

саяси режим

Қазіргі жаһандану кезеңінде мемлекеттің гүлденуінің ең басты алғышарттарының бірі болып ресми биліктің мемлекеттің ішкі мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануына саяды. Бұған куә көршілес елдердегі және Еуропадағы ішкі қақтығыстарды шешуде биліктің іс-әрекеттері болып табылады.Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды
Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:
- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;
- жеке адамның бостандығының кепілділігі;
- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;
- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;
- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;
- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;
- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған формадан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатурасы болса, оның формасы шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де өзгеріске шалдығады.
Саяси режим мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.
Демократиялық режим барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.
Демократиялық емес режим халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.
1. Тоталитарлық (латын сезінен totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
3. Бір идеология ғана жарияланады.
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.
Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді бұқаралық қозғалыстың диктатурасы деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда .
2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
3. Аристократиялық (грек сөзі aristokratia) қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.
4. Фашистік (италия сөзі (fascismo) бірлестік, байлау) бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.
5. Либералдық (латын сөзі liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.

Демократиялық саяси реждимнің белгілері:

Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.

Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.

Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:

Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;

Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.

Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.

Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.

Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.

Демократиялык саяси режим

Демократия - сөзі (гр. demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни "халық билігі" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Тоталитарлык саяси режим

Тоталитаризм (лат. totalіs - тұтастай, түгелдей) - деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Саяси режим түсінігі
Саяси режимдердің жіктелуі жайында
Саяси режим түсінігі және түрлері
Саяси режим түсініктері
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Саяси режимдер
Пәндер