Балалар мен жасөспірімдердің туризмінің қалыптасу кезеңдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Балалар-жастар туризмі және оның дамуы жағдайы
Реферат
5В090200 - «Туризм» мамандығы
Орындаған: Куралбек Н.
Қабылдаған: Жолманова Н.
Түркістан 2020
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Балалар мен жасөспірімдердің туризмінің қалыптасу кезеңдері
2. Балалар-жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы
3. Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Туризм-әлем экономикасындағы жоғары табысты салаларының бірі. Қазақстан - туристік нарықта өзіндік орны бар. Қазақстанда осы заманғы инфрақұрылым салаларының, соның ішінде туризмге де үлкен мән беріледі. Туризм бүтіндей ел аймақтарының экономикасының дамуына үлкен әсер етеді. Туризм саласында шаруашылық субъектілердің жұмыс жасауы жол көлік, халықаралық сауда, коммуналдық-тұрмыстық, мәдениет, медициналық қызмет салаларымен тығыз байланысты. Қазақстанда танымдық, сауықтыру, этнографиялық, экологиялық, орнитологиялық, балалар және жасөспірімдер туризміне қызмет ете алатын жағдайда.
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында балалар мен жасөспірімдер туризмі-ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторлардың бірі делініп, оған көп көңіл бөлінген. Бұл бағдарлама бойынша балалар және жасөспірімдер туризмі басқа туризм түрлеріне қарағанда тәрбиелік мәні жоғары, педагогикалық тәрбиелік жұмыстарда орны ерекше. Бала жастан туризмнің әр түрімен айналысу азаматтық сезімге, туристік мәдениетке және қонақжайлылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді, іске асыру кезінде туризм экономиканың пәрменді секторы ретінде табиғат пен қоғам үшін ең төмен салдарлар әкеле отырып: -өскелең ұрпақты табиғатпен байланыстыру арқылы оны салауатты өмір салтына баулуға, жігер мен руханилыққа тәрбиелеуге, туған өлкені іс-жүзінде тануға, қоршаған ортамен, тарих жіне мәдениет ескерткіштерімен танысуға ықпал етеді. Балалар мен жасөспірімдер (мектеп жасындағы) туризмін дамытуды мектептік білім беру жүйесіндегі он жылдықта жойылған мектептен тыс балалар мен жасөспірімдер мекемелерін қалпына келтіру, көптеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын уақыт талабына сай жаңарту арқылы кешенді түрде жүргізу қажет:
Оқу бағдарламаларын тақырыптық жоспарларына туристік техникамен дайындық, Қазақстанның тарихи объектілерін, бірегей табиғи ескерткіштері білімдерін, жерді бағдарлау және карта бойынша бағдарлау дағдыларын қалыптастыру жөнінде сабақтар енгізу арқылы туристік білімнің жалпы білім беру деңгейін жетілдіру;
Балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс туристік мекемелерінің желісін: балалар мен жасөспірімдер туризмі станцияларын республикалық буыннан аудандық буынға дейін, туристік клубтарды, балаларға арналған туристік базаларды қалыпқа келтіру және кеңейту.
1. Балалар-жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
Балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетану жаңа уақыттың (өмірдің) әлеуметтік құбылысы сияқты өнеркәсіп революциясының бел баласы(детище), Батыс Еуропада буржуазиялық қатынастың пайда болуы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне жаңа талаптар тудырды. Тарих сахнасына Қайта өркенедеу дәуірінде құрылымның жан-жақты дамыған тұлғасы шықты. Ең бірінші туристік жорықтарды тәрбиелік және білім беру мвқсатында пайдалануға әрекет жасаған «Ойын үйінде»(в Дом игр) ұйымы болды-мектепте, 1425 жылы Мантуедегі (Солтүстік Италия) Витторин да Фельте. Сол жердің тәрбиеленушілері Альпі тау бөктеріне бір күндік және көп күндік жорыққа шықты. Туристік жорықтарды физикалық тұрғыдан тәрбие беру мен білім беру мақсатында пайдалануға қолданған белсенділер мыналар:И. Меркуриалис, Э. Роттердамский, Х. Л. Вивес, Т. Мор, Ф. Рабле, М, Монтель.
XVII ғасырдың аяғы, XVIII ғасырдың басында Англия, Франция, Германия, Австрия, Швейцария және тағы басқа елдердің мектептерінде мұғалімдер жеке пәндерді оқытуда жаяу серуендеу мен өңірлерге баруды қолданды. Мұндай саяхаттың қарапайым түрлері экскурсия деген атқа ие болды. Сонымен қатар оқушының зерттеу қабілетін дамыту қажеттілігін көптеген танымал педагогтар мойындады. Я. А. Коменский, Ж-Ж. Руссо, И. Г. Пестолоцци, А. Дистервег өз жұмыстарына білім беру процесінде көрнекілік, зерттеу әдістерінің маңыздылығын бірнеше реет сызып көрсетті. Жаңа типтес мектептерде-қатысушылар өлкетанумен тығыз байланысты болып шықты. Бұрыңғы ауылдар, қалалар жіне облыстар мәліметтері жергілікті және жалпы орыстар шежіресіне енді. XVII ғасырдың соңында С. У. Ремизов орысша ең бірінші этнографиялық және археологиялық атлас жасады.
Балалар-жасөспірімдер туризмінің XVIII ғасырдағы дамуы
Ең алғашқы өлкетанулық зерттеулер XVIII ғасырдың құрылу дәуіріне жатады және де 13 ақпан 1718 жылғы I-Петрдің жарлығымен бацйланысты, онда барлық қызықты табылған жаңалықтар мен олжаларды патшаға баяндау, соларды тапқандарды-марапаттау жайында бұйрық берілген. Сонымен қатар кімде-кім патшаның көңіліненен шығатындай қандай да көне заттарды тапса, нақты айтатын болсақ; бұрын-соңды көрмеген тастар, адамның немесе малдың, балықтың немесе құстың сүйектері, сонымен бірге қандай да тастағы, темірдегі немесе мыстағы ескі жазулар, не болмаса таңқаларлық, бұрын көрмеген мылтық, ыдыс-аяқ немесе тағы басқа сол сияқты заттар алып келуге тиіс болды.
Халықтың көп бөлігін өлкетанулық зерттеулерге жұмылдырып, көңілін аударуға белсенді атсалысқан В. И. Татищев болды. Ол 1734 жылы «Ресейдің ежелгі замандағы тарихына» жеке аумақтары бойынша мәліметтер жинау туралы 198 сұрақтан тұратын анкетасын таратты.
М. В. Ломоносов 1760 жылы Академиялық анкетаны жан-жаққа таратып, жауабын ғылым Академиясына жіберуін өтінді. Ал өзі «кіші жастағы шаруа балаларын белгісіз кен орындарын, қымбат металл мен тастарды іздеу жұмыстарына тартуға тырысты».
Жалпы туристік іс-әрекет Ресей мектептері мен мектептен тыс мекемеклерде жан-жақты талдаудан өтіп педагогика мен психология саласындағы негізгі зерттеулерге байланысты баспасөз беттерінде және ғылыми журналдарда жарық көре бастады.
2. Балалар-жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы
Бірінші жаппай үйрену экскурсиялары 1892 жылы одессиялық арнайы оқу орнынын оқушыларына Қырымдық таулы клубымен өткізілді. XX ғасырдың басында кейбір есептеулер бойынша экскурсиялық жұмыстар жүргізген 100ге жуық ұйым болды. Осы кезеғде Ресейдің барлық жерінде үлкен көлемде ерікті қоғам құрыла бастады, олардың басты мақсаты-туған өлкелерін тану және зерттеу, таеу-білім беру экскурсияларын жәнек елдің әр түрлі түкпірлерінек ғылыми саяхаттар ұйымдастыру болды. Сонымен қатар экскурсияға қатысушылар табиғаттың сұлулығын және тарихи-мәдени ескерткіштерді сырттай тамашалап ғана қоймай. Практикалық бақылаулар өткізді. Тәжірибелер жасады, олардың нәтижелері оқу орындарының баспа басылымдарында белгіленіп, жарияланды.
Осы кезде құрылған қоғамның ең танымалы жіне өзі жайында жақсы жағынан есте қалғандар мыналар деп айтуға болады:Тбилисидегі Кавказдық альпілік клуб, Одессадағы таулы Қырымдық-Кавказдық клуб, таулы Владикавказдық клуб, Кезеңде құрылған қоғамның ең танымалы және өзі жайында жақсы жағынан есте қалғандар мыналар деп айтуға болады:Тбилисидегі Кавказдық альпілік клуб, Одессадағы таулы Қырымдық - Кавказдық клуб, таулы Владикавказдық клуб, Мәскеулік сауаттылар қоғамы, Тверлік оқушылардың мектептен тыс даму қоғамы. Курсктегі арнайы оқу орнында құрылған қатысушылардың экскурсияларына жәрдем көрсету қоғамы, Л. А. Римск - Корсаков атындағы Тверлік әйелдер гимназиясындағы қатысушылардың саяхатын ұйымдастыру қоғамы, Ярославтық ерлер гимназичсындағы физико-математикалық үйірме, Санкт Петербургтегі Тенищев училищесіндегі ғылыми қоғам және т. б. Бұл қоғамдардың бағыттары әр түрлі болды.
XIX ғасырдың аяғына қарай ұстаздық қызметті туристік-экскурсиялық қызметке қарай көңіл аударту үшін көп нәрсе жасалды. Ел бойынша көп күндік маршруттарбелгіленді: екеуі Қырымға, үшеуі Солтүстік бойынша, алтауы Кавказ бойынша және біреуі Орал бойынша. Бұл аудандар бүгінгі таңда да балалар туризміне танымал аудандар. Таяуда Пятигорскте 1907 жылы 119 топ өтті.
Оқушылардың мұндай белсенді жұмыстары өкімет тарапынан елеусіз қалған жоқ. Сонымен Халыққа Білім беру Министрлігі 1910 жылы оқу бағдарламасына экскурцияны сауықтыру-зерттеу қызметінің бір түрі ретінде қосуды ұсынды. Жол қызметі министрлігі 1899 жылы жазғы маусым кезінде барлық темір жолдарға жалпы жеңілдік тарифын енгізді. Бұл тариф бойынша 50 шақырым қашықтыққа дейін төменгі оқу орындарындағы оқушыларға және тәрбиешілерге 3-класстық тариф бойынша тегін жүруге құқық берілді.
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің революция кезінде және Кеңес үкіметі кезіндегі дамуы .
Туристік-өлкетанулық қызмет 1918 жылдан 1928 жылға дейінгі кезеңдерде мектептен тыс мекемелерде шоғырланды және көп күндік экскурция түрінде (6-10 күн) өткізілді, ол «түнемелі жорықтар» деп аталды.
Соғыстан бұрынғы жылдары бірқатар шаралар балалар арасында туристік өлкетанулық жұмыстарды нығайту мүмкіндігін туғызды. 1932 жылы РСФСР Халыққа Білім беру Орталығының алқалары: «Балалар арасындағы жоғағы сатыдағы экскурциялық-туристік жұмыстарды өлкелік, облыстық, аудандық бөлімдердің халін біліп берудегі балалармен бірігіп коммунистік ұйыммен барлық шараларды қалаларда, жұмыс жіне маңызды колхоздық аудандарда экскурциялық-туристік станциялар мен солардың базаларында әдістемелік жұмыстарды өткізу» қаулысын қабылдады. 1937 жылы Бүкілресейлік пионерлер мен оқушыларға минералды шикізатқа жорық ұйымдастырылғандығы жарияланды.
1940 жылы РКФСР Халыққа Білім беру Орталығы «Балалар туризмі туралы» бұйрық шығарды. 1940 жылда жорықтарға қатысуға 261 мың оқушы жұмылдырылды. 1941 жылдың басында Бүкілресейлік пионерлер мен оқушылар азамат соғысы болған жерлер мен кішкене өзендерді зерттеу экспедициясы жарияланды.
Отызыншы-елуінші жылдардың басында балалар туристік-экскурциялық станциялары құрылды, олар туристік, өлкетанулық және экскурциялық жұмыстардың нұсқаулы-әдістемеләк және ұйымдастырылған орталықтары болды. Олардың үйірмелерінде оқушылар туристік-өлкетанулық қызметтегі зерттеу әдісін кең көлемде дамытуға мүмкіндік алды. Жас туристер станцияларының үйірмелері мен птонерлер үйінің жұмыстарын талдай отырып С. Истомин былай деп жазды: «Мектеп туризміндегі іздеу-зерттеу жұмыстарының түрлері мен әдістерінің көп қырлығы сонша, әр жастағы мектеп оқушыларының қызығушылығын қанағаттыра алады». 1992 жылы Ресей Федерациясында «Менәі Отаным - СССР (Моя Родина - СССР) » экспедициясының орнына туристік - өлкетанулық қозғалыстың «Атамекен» бағдарламасы жүзеге асырылады.
3. Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы кеңестік өкіметтің алғашқы декреттерінен бастау алып, олардың орындалуы үшін тұңғыш мектептен тыс мекемелер ашылған болатын. 1918 жылдың желтоқсанында елдегі күйзелістерге, ашаршылыққа, жалғасып жатқан азамат соғысына қарамастан Н. К. Крупскаяның ұсынысы бойынша оқушылардың дұрыс демалуы үшін және көмек есебінде Ресей Федерациясы Халық ағарту комиссариаты мектеп экскурсияларының орталық бюросын ұйымдастырды. Осы кезеңде жас туристердің, натуралистер мен техниктердің стансиялары жұмыс істей бастады.
Қазақстанның мектептері мен мектептен тыс мекемелеріндегі өлкетану және экскурсиялық-туристік жұмыстары түрлі сипат алып, өрісін кеңейтті. Мектеп жұмыстарына сабақта пайдаланылатын материалдарды экскурсияларда жинау ісі енгізіле бастады. Ауылдардың немесе қалалардың маңайына жорықтар мен экскурсиялар жасалды.
Республикада алғаш рет 1924 жылдың 24-31 тамыз аралығында Семей қаласына өлкетанушы мұғалімдердің өлкелік конференциясы болып, оған Семей губерниясынан барлық уездерінен өкілдер жиналды. Орынборда, Алматыда, Талдықорғанда, Қызылордада мектеп өлкетанушының мұғалімдер үйірмесі құрыла бастады.
1950 жылы Қазақстанның ең төмен деп саналатын мектептерінде ең жақсы үйірмелер болды: Орал қаласындағы 13 мектеп, Шымкенттегі 7, Өскемендегі В. И. Ленин атындағы мектеп, Семей облысы Ұржар ауданындағы Ириновская, Алматыдағы 4. 15, 22 мектептер. Сол кезеңде облыстардың әрбір мектебінде, әрбір ауданында жас туристер мен өлкетанушылардың экскурсия және саяхат ұйымдарының жұмысы қажетті міндетке айналды, туризм мен өлкетану барлық мектептерде жаппай дамыды. Жылына 10 мыңдаған, 100 мыңдаған оқушы белгілі бір білім қорынсыз, дайындықсыз-ақ өз беттерінше туристік саяхаттар жасады.
Жас туристердің алғашқы стансиясы 1951 жылдың ақпанында Қостанайда ұйымдастырылды. 1960 жылға қарай Қазақстанда жас туристердің 13 облыста станциялары ашылып, өз жұмыстарын істеді. Алматы облысының балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы ресми түрде 1968 жылы 18 наурызда ашылды. Облыстық балалар экскурсиялық станциясының бірінші директоры Еңбекші қазақ ауданы Түген ауылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М. Б. Әлиев болды.
1960 жылға дейін әрбәр облыстық станция өз қалауларынша жұмыс істеді, әдістемелік материалдарды кейде Москвадан алдартып отырды. Бұл, әрине, жеткіліксіз болды.
Қазақстанда басқа одақтас республикалардағыдай мектептен тыс мекемелер құру қажет болды. Қазақстан балалардың туризмі бойынша мектептен тыс мекемені соңғы болып құрған республика болды.
Республикалық балалар экскурсиялық-туристік станция 196 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ КСР-і Министрлік кеңесінің 1060 қаулысынан кейін ғана ашылды. Осы құжаттың негізінде Оқу минимтрлігі отырысында 1960 жылы 28 маусымда Қазақ КСР-ындағы балалардың мектептен тыс мекемесі туралы ережені бекітті. Бұл ережелерге облыстық, өлкелік және республикалық балалардың экскурсиялық-туристік станциялары туралы ереже жасалып, оған Қазақстан комсомолы орталық комитетінің хатшысы К. Құнантаев және Оқу министрі Ә. Шәріпов қол қойды. Станциялардың негізгі жұмысы балалар ұжымдарымен жұмыс істеу, яғни мектепте, тұрғылықты жерлерде, уақытша туристік лагерьлерде, станцияларда үйірмелік жұмыстардың жүйесін құру және ұйымдастыру болды. Үйірмелердегі барлық тәрбие жұмыстарын педагогтар жүргізді, олар станцияларды өздерінің негізгі жұмыстарынан бөлек нұсқаушылық әдістемелік іспен, оқушылардың туристік белсенділерін, значкистерін, разрядшыларын, экспедициялар мен жорықтардың жетекшілерінің көмекшілерін дайындады. 1960 жылғы станциялар туралы Ереже Қазақстан балалар туризмінің негізге аларлық құжаты ретінде 30 жыл қызмет етті. 1960-1990 жылдар аралығында осы құжатты басшылыққа алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz