Ерасыл мейрамханасының құрылымы



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындығы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Агротехнологиялық факультеті
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі кафедрасы

6В07201
Оқу бөлімі
Тобы
Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
күндізгі
ТПП-17-1к
Өндірістік тәжірибе 3 жөнінде есеп беру

Орындаған: Еркінбек Ұ.А
Қабылдаған: Иль Д.Е

Петропавл қаласы
2021ж
Мазмұны

КІРІСПЕ
I. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Ерасыл мейрамханасының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Ерасыл мейрамханасының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
II. Мейрамхананың қауіпсіздік ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.1. Өндірістік санитария және гигиена ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 7
III. Мейрамхананың құрылысы мен орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...10
3.1. Құрал-жабдықтарға қысқаша сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10
3.2. Жеке тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

КІРІСПЕ

Мейрамханалар адам қоғамында маңызды рөлге ие. Мейрамхана - бұл керемет сезімін тудыру үшін біздің барлық сезім мүшелеріміздің жұмыс істейтін жер бетіндегі аздаған мекендердің бірі. Дәм сезу, көру, есту және иіс сезу сезімдері бірігіп, тамақты, қызмет көрсетуді және мейрамхана атмосферасын бағалайды. Бұны мейрамхананы ұйымдастыру мен қонақтарды күту барысында ескерген жөн. Бастысы мейрамхананы тұрғызу емес, оған келетін қонақтарды дұрыс қарсы алу болып табылады. Мекеменің барлық ұйымдастырушылық деңгейлері мейманның ойынан шығу үшін, кейде тіпті асып түсу үшін жұмылдырылуы тиіс.
Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі Арыс қаласында қызмет көрсету саласы, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді.
Үш-төрт жылдың ішінде көптеген мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді.
Мейрамханалар қоғамда маңызды роль атқарады. Мейрамханаларға бару маңызды әлеуметтік функция болып табылады.
Адамдар тек тойынуға ғана емес, сонымен қатар бір бірімен қарым-қатынас орнатуға мұқтаж.
Сонымен мейрамхана - қонақтарына тағамдардың, сусындардың, кондитерлік өнімдердің, оның ішінде фирмалық және қиын әдіспен дайындалатын тағамдардың кең ассортиментін ұсынатын тамақтандыру кәсіпорыны. Мейрамханалардағы қызмет көрсету деңгейі жоғары маманданған аспаздар, даяшылар, метротельдермен қамтамасыз етіліп, демалыс пен сауықтандыруды ұйымдастырумен үйлеседі.
Тәжірибе дегеніміз - теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын өндірістік тұрғыда нығайтқым келеді. Осы себептен мен тәжірибие толықтыру мақсатында Түркістан облысы Арыс қаласында Ерасыл мейрамханасында өндірістік тәжірибеде өттім.
Тәжірибедегі ең басты мақсатым - білімімді шыңдап мейрамханадағы техникалық құрал-жабдықпен жұмыс істеуді үйрену, мейрамхананың тарихымен танысу болды.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ЕРАСЫЛ МЕЙРАМХАНАСЫ

Ерасыл мейрамханасы 2008 жылдың 13 сәуірінен бастап қазіргі Түркістан облысы Арыс қаласында алғашқы жұмысын бастады. Ұйымдастырушылық құқықтық формасы - жеке кәсіпкер (ИП)
Ерасыл мейрамханасы - ұлттық тағамдардың ең танымал тағамдарымен қоса, мұнда сіз классикалық ресейлік тағамдар, итальяндық және шығыс Азия тағамдарының кең ассортиментін, сонымен қатар шарап-сусын және кондитерлік өнімдерді тұтынушыларға ұсынатын қоғамдық тамақтандыру кәсіп орны.
Ерасыл мейрамханасында банкеттік қызмет көрсету, отбасылық мерекелерді, туған күн кештерін және кішігірім той кештерді өткізу ұйымдастырылады. Ерасыл мейрамханасының мекен-жайы: Арыс қаласы, М.Мақатаев 9А көшесі. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі тұтынушылардың демалысын ұйымдастырумен үйлеседі.
Мейрамхана өнімінің ассортименті өте кең. Ас мәзірінде балық, ет, көкөністен даярланған суық жеңіл тағамдар, ыстық жеңіл тағамдар, түрлі көжелер, екінші ыстық тағамдар, тәтті тағамдар, ыстық және суық сусындар, кондитерлік өнімдер қамтылған.
Мейрамхана қонақтарына даяшылар қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсетудің түрі мен сипатына қарай тамақтанатын үстелдерге түрлі сервировка қолданылады. Ерасыл мейрамханасында қонақ тұтынған өнімін даяшы және администратор ұсынған шот бойынша қолма-қол ақшамен және банк картасымен төлей алады. Және мейрамхананың жұмыс істеу уақыты 11:00-ден бастап қонақ кеткенге дейін жұмыс атқарады. Мекеменің басшысы - Айтбаев Мұрат Умбетович
Ғимарат құрамында: өндірістік бөлмелер, әкімшілік бөлмелер, персоналға арналған тұрмыстық бөлмелер, сауда залы және фойе. Өндірістік бөлмелердің құрамында: ыстық цех, суық цех, көкөніс цехы, ыдыс-аяқты жууға арналған орын, ыдыс-аяқты сақтау орны.
Әкімшілік орындарға директор кабинеті, бухгалтерия, өндіріс меңгерушісінің кабинеті жатады. Мейрамхана кіре берісінде фойе орналасқан. Фойе ішінде киім ілгіш, дәретхана бөлмелері, күзет орны қарастырылған.
Мейрамхананы басқару процесі жұмыс күшінің, материалдық және қаржылық ресурстардың оптималды қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған өзара байланыс пен әрекеттердің жиынтығы болып табылады.

1.2 ЕРАСЫЛ МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мейрамхананы басқару құрылымы - белгілі бір функцияларды атқаратын өзара байланысқан ұйымдасқан бірліктер мен бөлімдердің жиынтығы. Төменде Ерасыл мейрамханасының басқару құрылымы көрсетілген.

Директор

Бас есепші
Администратор
Шаруашылық жөніндегі орынбасар

бас аспазшы
Даяшы

Күзетші
Техперсонал
аспазшы
Жүргізуші

Кесте 1 - Мейрамхананың құрылымы

II МЕЙРАМХАНАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

2.1 Барлық мамандық жұмысшылары үшін өндірістік санитария
I. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру.
1. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.
2. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек және уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерге жұмысқа жіберілмейді.
4. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсізігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.

II. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтары
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына;
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй - жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;
3. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;
4. Өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;
5. Денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
6. ҚР Заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажет білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
7. Жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) немесе қауіпті өндірістік фокторлардың әсерінен қорғау шаралары туралы дәйекті ақпарат алуға;
8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтауда тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
9. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар;
10. Өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері сондай - ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға.

2.2 ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ ЖӘНЕ ГИГИЕНА ЕРЕЖЕЛЕРІ

Еңбек гигиенасы -- қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз.
Еңбек гигиенасы санитарлық - гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару.
Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін.
Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай-ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі. СЭТ өндірістік объектілерді жобалау (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. бұйрығында).
Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.
Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді.
Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорындардың арасындағы ара қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық - қорғайтын аймақ деп атайды.
Барлық өнеркәсіп кәсіпорындары олардың технологиялық процесстер және зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа бөлінеді.
Кәсіпорындарды санитарлық топтастыру, өндірістердің және объектілерді технологиялық процесстермен, өндірістегі зиянды заттардың қайнар көзі болып табылады.
Шаңның, шуылдың және басқа да өндірістік зиянды заттардың болуы кезінде, шаң ұстайтын қондырғы қолдану қажет, арнайы тазалайтын құрылғыларды құрастыру, учаскілерге бөлу, мұнда шуыл деңгейі жоғары болған кезде қолданылады.
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды жазықтықты жоспарлау кезінде санитарлық және от пен жарылуларға қарсы қажетті талаптарды қамтамасыз ету қажет. Құрылыс алаңдарының тиісті аумақтары нормаға сәйкес биіктікті тігінен жоспарлау кезінде алынады.
Өндірістегі аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдар қамтамасыз етілуі қажет, адамдардың өту және автокөліктердің ғимараттарға өту жолын қамтамасыз ету, өндіріс мақсаттары үшін ғана емес, сонымен қатар өрт сөндірушілерге де немесе әр - түрлі апаттардың алдын алу шаралары кезінде де қолайлы болуын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын аумақтарында кем дегенде екі шығатын жол болу керек. Өндірістік бөлмелердің микроклиматы - бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға әсер ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиясы
Sansara мейрамханасының операциондық қызметін талдау
Molte Denaro ресторанының имиджін бағалау
Rafe мейрамханасына талдау
Мейрамхана қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Керемет мейрамханасында қызметкерлерді үздіксіз оқытуды ұйымдастыру, қызметкерлердің адалдығы
Аура мейрамханасы
КАРВОН мейрамханасы бизнесінің даму перспективалары
Қабанбай батыр өмірі
Әуе ұшақтарындағы мейрамханалар
Пәндер