Абайдың лирикалық өлеңдерінің тілі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Бисенғалиева Мейірім Дәуірханқызы
Филология: қазақ тілі, 4 курс
Абайдың лирикалық өлеңдерінің тілі
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В050200 - "Филология: қазақ тілі " мамандығы
Нұр-сұлтан 2021ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ...
1 АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ПОЭЗИЯЛЫҚ ҚЫРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
Ақын поэзиясының жанрлық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
Абайдың лирикалық өлеңдерінің жазылу сыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТІҢ ЛИРИКАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Абайдың махаббат лирикасындағы тілдік ерекшеліктері ... ... ... ...
2.2 Абайдың табиғат тақырыбында жазған өлеңдерінің тілі ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінің даму процестерінде болсын, өз әдебиетіміздің терең тарихында болсын Абай Құнанбаевтің орны өте ерекше екенін жұртышылығымыз білетіні анық. Жалпы қазақ халқының әдебиетінде басқа ақын-жазушылар бір төбе, Абай ақын бір төбе. Өйткені ақын өзіне дейінгі, өз кезеңіндегі, және болашақтағы ой-сананың ғана асқар шыңа болған жоқ, сонымен қатар қазақ әдебиеті тарихының әдеби стилі, өлең құрылысы, поэтикалық тілінің асқар шыңы болғаны анық. Абай Құнанбаевтан кейінгі қазақтың төл әдебиеті ақын бастаған жаңа жолға, жаңа арнаға түсті. Бұл дегеніміз, Абайды білу және тану, толықтай қазақ әдебиетін тану, XIX ғасырдағы қазақ халқының ой - санасын ұғынумен тең болады. Сондықтан Абай еңбегін, шығармашылығын, әсіресе оның тілін зерттеу - тарихымыз үшін маңызы зор істердің бірі болмақ. Бұл еңбекте Абай шығармашылығының тек қана бір жағы, яғни поэзия жанры алынатын болады. Дәлірек айтсақ, ақынның лирика жанрында жазылған өлеңдеріне тоқталамыз. Яғни, әңгіменің көлемі осы поэзия жанрының төңірегінде болмақ. Ал егер де ақын шығармаларының басқа да жанры сөз етілетін болса, ол тек зерттеу еңбегі ретінде алынған поэзия жанрының қырлары мен сырларын ашып, жанрын айқындау үшін ғана айтылмақ.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі мен өзектілігі:
Негізгі алынған тақырып - Абайдың лирикасы делінді, ал бұлай шек қоюымыздың басты бірнеше себебі бар: біріншіден, ақынның жиырма жылда жазған еңбегінің көбісі өлең екенін білесіздер. Қарасөздері салыстырмалы түрде аз. Және олардың өзі көркем сипатта жазылған қара сөз емес, - публицистикалық стильде, әр түрлі өмір заңдылықтары мен ой толғаныстарының философиялық түрде жеткізілген трактаттары.
Екіншіден, бұл жұмыстың өзектілігі Абай Құнанбаевті неліктен қазақтың әдебиет саласындағы тілдік дәстүрдің негізін салушы дейміз, оның нендей себептері бар, Абай қазақ әдебиетінің тіліне не берді, қандай жаңалықтар енгізді, және оның жолдары қандай? - деген секілді мәселелердің бетін ашып, жауабын білу болғандықтан, әлбетте бұл жайттар, Абайдың алдындағы ауыз әдебиетін, оның тарихын, және ақын тұсындағы әдебиетте ненің бар екенін, ненің жоқ екенін айқындап алған соң, олармен салыстыра зерттеуді талап етеді. Ал Абайдың лирикалық өлеңдерін салыстыру үшін алынып отырған жырлар, ауыз әдебиеті мен жырларының барлығы да - өлең.
Біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігі де осы.
Зерттеу нысаны.
Диплом жұмысының мақсаты:
Бұл диплом жұмысының мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтің шығармаларын оқи отырып, дәл лирикалық өлеңдеріне тоқталып, олардың өлең құрылысын зерттеп, қазақ ауыз әдебиетіне енгізген жаңалықтарын анықтап, қысқасын айтқанда дана ақынның еңбектерін әр қырынан тану, әр түрлі сезімнің берілу жолдарын сараптап, ғылыми баға беруге күш салатын боламыз. Сонымен қатар бұл еңбек Абай Құнанбаевтің поэзиясын басқа да ақын-жазушылардың еңбегімен салыстыра зерттеу арқылы жасалды.
Зерттеудің міндеттері. Аталған мақсаттарға қол жеткізу жолында мынадай міндеттер басшылыққа алынды:
Абай поэзиясының жанрлық қырын ашып, өлеңдерін жалпы сипатта талдау
Лирикалық өлеңдерінің жазылу сырын анықтап, ғылыми-теориялық шолу жасап, тұжырым шығару;
Абай өлеңдерінде тілдік тұрғыда қолданылған жаңалықтарды анықтап, саралап, салыстыру.
Лирикалық өлеңдерде қолданылған тілдік құралдарды анықтап, маңызын түсіндіру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері
(Жазу керек)
Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізі:
Бітіру жұмысының теориялық, методолгиялық негізі ретінде Абайтану саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ғалымдар: А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, Қ. Мұхамедханұлы, З. Ахметов, Т. Кәкішев, Ш. Елеукенов, М. Мырзахметұлы, Р. Сыздықова, С. Қирабав, Қ. Жұмалиев және т.б. ғалымдардың пікірлері негізге алынды.
Диплом жұмысының зерттеу әдісі:
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтің шығармаларын салыстыру, талдап, жинақтау, аудару және де оны түсіндіру түрінде зерттеу негізгі нысана ретінде алынды.
Диплом жұмысының құрылымы:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ҚЫРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Ақын поэзиясының жанрлық сипаты
Абай - қазақтың поэзия әлеміндегі сөзсіз бір асқақ белі әрі биік тұлғасы. Ол қазақ поэзиясына тұйықтан келіп, нағыз поэзияның тұңғыш есігін ашты десек болады. Әдебиет тарихының поэзия жанрындағы ұзақ жолын басынан қалап берді. Ол жолдың қазіргі күнге дейін сайрап жатқанын жақсы білеміз. Жалпы Пушкинге дейін орыс әдебиеті мен поэзиясы халық әдебиетінен етек алып шыға алмаған болса, Пушкин өз халқындағы үлгілі өлең әлемінің кілтін бұрады. Тетігі табылып, кілті бұралғандықтан, поэзия еркін құлашын жая алды. Абай ақын Пушкинмен бір заманда өмір сүрмегенімен, Пушкин әдебиеті Абай заманына сәйкес келеді. Іргесі берік қаланған феодалдық қоғамда сауда капиталының шет жағы көріне бастаған дәуірдегі жағдай Пушкин заманында Ресейде кезі келсе, қазақтардың жағдайында Абаймен кезі келді. Сол себепті Абайдың Пушкинмен пікірі бірлесіп, олардан көбірек оқи да, ала да білген. Ал сол сәттерде өзімен тұспа - тұс жақын болған Салтыков, Некрасовтардан алмаған. Не себепті десеңіз, Некрасовтар капитализм дәуірі өсіп, белеңін ала бастаған уақыттағы бұқарашыл ағын болатын. Абай ақын бұдан мүлдем алыста болды. Қазақ поэзиясында Абай ақын Пушкин секілді үлкен төңкеріс жасай алды ма? Әрине солай болды. Және өз поэзиясына жаңадан өріс, дем іздеумен болды. Ол жаны қамала беретін тұйықтан құлашын жайып, қанаты талмастай жазыққа құлаш жайды десек қате айтпағанымыз болар. Абай шыңнан аспанға қарай емес, жазықтан аспанға қарай өрмелеген ақын. Жазықтан поэзия әлеміне сара жол салып аспандаған ақын. Сол себепті Абай қазақ әдебиетінің нағыз көркем поэзиясы үшін бастар жол десек дұрыс болар.
Енді Абай ақынның поэзия жанрында қалаған еекшеліктеріне тоқтала кетейік. Абайдың өлеңдеріне оған дейінгі болған ауыз әдебиеті түгелдей кіретінін білеміз. Ауыз әдебиетімізде бар 11 буынды қара өлең, жыр, тақпақ, терме, мысал, толғау, арнау, мысалдау, даттау, ақыл - нақыл, үгіт, жоқтау, жұмбақ және мақалдау секілді өлең түрлерінің бәрі де бар, Біз бұл жағынан қарайтын болсақ, Абай ақын қазақ халқының нағыз әдебиетінің жуандай түскен ортасында қайырылады. Халқымыздың бұрыннан келе жатқан поэзиясының жиілігі 11 буынды өлең болса, Абай ақынның да өлеңдері көбіне 11 буынды болып келеді.
Абайдың ең жақсы деген поэмалары да, өлеңдері де осындай өлшеумен жазылғаны көрініп тұр. Абай ақындағы өлеңдердің екінші өлшеуі - тақпақтар, жырлар, термелер соның бір мықты қағылған қазығы секілді көрінеді. Халқымыздың әнге келтіріп айтатын өлеңдерінің көбі осы - 11 буынды өлеңдер. 11 буынды өлең құрылымын Абай ақын қара өлеңдерінде көп қолданған. Абай ақында өлеңнің 16 өлшемі бар болса, бірінші орынды осы 11 буынды алады. Ақынның жалпы алғанда 210 өлең бар. Оның 84 өлеңі 11 буынды етіп жазылған. Сонымен қатар Абай өлең ұйқасын төрт жолдан соң қайырып, басқасына көшпеген. Бір ұйқаспен бастап, 30-32 қатарға дейін апарған. Мысалға айтар болсақ: Қалың елім қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың - деген үйлеспен бастап, қатарын жазбай отырып: Пыш - пыш демей қала ма? Ол да астыртын! - дейді де, 30-жолда бір аяқтайды. Бұдан байқайтынымыз, Абай ақын өлең жазу кезінде еркін, сөзден мүлдем қысылмай, айтайын деген ойын бір кестелі ұйқасымен түк іркілмей айтатынын көрсетеді. Егер де Абай өлеңдерін үгіт түріндегі және нағыз лирикалық өлеңдер деп екіге бөлер болсақ, үгіт жырлары осындай жыр, тақпақ түрінде айтылатын болады.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Бұл терменің үгіт түрінде жазылғаны.
Мұнда байқағанымыздай жырдың сыртқы дәлдігі, тармақтардың бірдей қатар келуі, ұйқастарының бірдей болуын Ақын ескермей, басты мақсат ретінде айтатын ойын көпке жеткізу еткен.
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол - арсыздық белгісі.
Бұл тақпақ үлгісінде жазылған даттау жыры. Абай сол уақытта өзіне жақпаған теріс қылық пен адам әрекеттерін әшкерелеп, даттап отыр. Ал Әбдірахман өлгенде жазылған жоқтау жырлардың бұрынғы ауыз әдебиетімізде бар жырлардан айырмасы аз.
Арғы атасы қажы едi
Бейiштен татқан шәрбәттi.
Жарықтықтың өнерi
Айтуға тiлдi тербеттi.
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермептi.
Мал түгiл жанға мырза едi,
Әр қиынға сермептi.
Мұңды, шерлi, жоқ-жiтiк
Аңсап алдын кернептi.
Осы секілді ретпен қайталап келе береді. Абайдың жыр өлеңдері әдетте жеті буыннан аспаған. Жыр түрінде жазған өлеңдерінің жалпы саны - отыз алты. (Жаз, Антпенен тарқайды деген секілді өлеңдер бұған кірмейді). Ендігі кезекте Абай ақынның Жаз өлеңі жайлы айтсақ дейміз. Дана Абайға дейінгі халқымыздың әсем әдебиетінде осы Жаздай шебер жазылған өлең жоқ. Бұл өлеңінде ақын сөзді ойпатып, оқырманды ырғағына билетіп, дауыс толқындары да мұхиттың суындай біркелкі әсемделіп келіп, ұйқасында ешқанда олқылық білінбей, нағыз жорға аттың жүрісіндей ырғалып, тайпалып отырады.
Мына бір:
Жаздыгүн шілде болғанда
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.-деген өлең жолдарын бастап оқыған сәттен сені өзгеше бір леппен ерітіп, еліктіріп алады. Жүрісті жорғаның үстіне мініп, қамшыңды салғанда, тізгінін қаққызбай, желіп жөнеле кетеді. Тізгініңді тежей отырып, астыңдағы аттың жүрісіне сүйсініп, жаның бір жай тапқандай сезімде боласың. Өзің деттеп, қалаған жеріңе бармай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz